«2050 стратегиясы» - болашақ ұрпақтың жоғары бағасына ие болатын зор еңбек – Болга
«Қазақстан–2050» стратегиясы - бұл болашақ ұрпақтың жоғары бағасына ие болатын зор еңбек. Осылай Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050»: дамыған мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы жаңа жолдауына София Университетінің оқытушысы Пламен Димитров пікір білдірді.
«Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, көпұлтты және көпконфессиялы қоғамның жетістігінің негізін жаңа қазақстандық патриотизм қамтамасыз етеді. Бұл шын мәнінде, болашақ ұрпақ үшін үлкен бағыт-бағдар. Осы арқылы Президенттің даналығы, көрегендігі мен стартегиялық ойлауын байқауға болады. Қазіргі таңда жаңа әрекеттер бағдарламасы қазақстандықтарға болашаққа үлкен сеніммен қарауға мүмкіндік беретіні анық», - деді Пламен Димитров.
«Қазақстан–2050» стратегиясы - бұл болашақ ұрпақтың жоғары бағасына ие болатын зор еңбек»,- деп ойын қорытындылады ол.
BNews.kz