Жаңалықтар

Қазақтың киіз үйі Аляскіде қолданыста жүр

Аляскіде ешбір суыққа қарамастан Бретвуд Хигман және Эрин МакКитрик есімді жұп орман арасында күнелтіп жатыр. Оның үстіне аталмыш жұп екі бала тәрбиелеп отыр екен. Балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай түзде төртеуі жаймашуақ өмір сүріп жатыр. Бұл оқиға басқаларды елден жырақта өмір сүріп жатқандығымен таңғалдырса, қазақтарды тұрып жатқан баспанасымен елең еткізді. Өйткені, олар үйін ағаштан да емес, жұмбаздан да емес, тастан да емес, кәдімгі қазақтың киіз үйіне ұқсастырып шығыпты. Ұқсастырып емес, дәл сол үлгіде жасап шыққан.  Бретвуд Хигманның геология ғылымдарының докторы, ал әйелі микробиология маманы. Олар мұндай шешімге осыдан бірнеше жыл бұрын келген. Бірақ, Бретвуд те, Эрин де бұл қадамдары үшін өкінген емес. Оларды қатты дауыл мен бұрқ-сарқ еткен бораннан көшпелілер мәдениетінде үлкен орын алатын киіз үй іспеттес шатыр қорғап тұр. Дәлірек айтқанда, шатыр емес, киіз үй. Олар күн қолайлы сәтте тұмса табиғатқа бас ұрып, қатты дауылдарда киіз үйдің ішінде ешқайда шықпай отырады екен. Әлемде болып жатқан барлық жаңалықтар мен ақпараттарды, жұртпен байланысын ғаламтор қызметі арқылы жүргізіп отырады екен. Әжетханасын үйлеріне жақын жерде ағаштан салыпты. Бұл орманда жыртқыштар да аз емес. Кейде 5 метр қалыңдыққа дейін қар түседі. Міне, осындай сәттерде қоныс аударуға оңай болу үшін киіз үйді таңдаған. «Көшпелілер мәдениеті табиғаттан қорғануға емес, табиғатты өзіне қорған етуге негізделген» дейтін этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің сөзі бар. Міне, соның тағы бір үлгісі Аляскіде қылаң беріп жатыр. Елсіз, шетсіз далада көшіп қонып, тазалықты сақтап, ауа-райына қолайлы болу үшін ойлап тапқан көшпелілер мәдениеті Алаш төрінен озып Аляскіде қолданысқа түсіп жатыр. Қуанамыз ба, қызғанамыз ба?! BAQ.kz
20.12.2012 09:55 3592

Аляскіде ешбір суыққа қарамастан Бретвуд Хигман және Эрин МакКитрик есімді жұп орман арасында күнелтіп жатыр. Оның үстіне аталмыш жұп екі бала тәрбиелеп отыр екен. Балаларын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай түзде төртеуі жаймашуақ өмір сүріп жатыр. Бұл оқиға басқаларды елден жырақта өмір сүріп жатқандығымен таңғалдырса, қазақтарды тұрып жатқан баспанасымен елең еткізді. Өйткені, олар үйін ағаштан да емес, жұмбаздан да емес, тастан да емес, кәдімгі қазақтың киіз үйіне ұқсастырып шығыпты. Ұқсастырып емес, дәл сол үлгіде жасап шыққан. 
Бретвуд Хигманның геология ғылымдарының докторы, ал әйелі микробиология маманы. Олар мұндай шешімге осыдан бірнеше жыл бұрын келген. Бірақ, Бретвуд те, Эрин де бұл қадамдары үшін өкінген емес. Оларды қатты дауыл мен бұрқ-сарқ еткен бораннан көшпелілер мәдениетінде үлкен орын алатын киіз үй іспеттес шатыр қорғап тұр. Дәлірек айтқанда, шатыр емес, киіз үй. Олар күн қолайлы сәтте тұмса табиғатқа бас ұрып, қатты дауылдарда киіз үйдің ішінде ешқайда шықпай отырады екен. Әлемде болып жатқан барлық жаңалықтар мен ақпараттарды, жұртпен байланысын ғаламтор қызметі арқылы жүргізіп отырады екен. Әжетханасын үйлеріне жақын жерде ағаштан салыпты.
Бұл орманда жыртқыштар да аз емес. Кейде 5 метр қалыңдыққа дейін қар түседі. Міне, осындай сәттерде қоныс аударуға оңай болу үшін киіз үйді таңдаған.
«Көшпелілер мәдениеті табиғаттан қорғануға емес, табиғатты өзіне қорған етуге негізделген» дейтін этнограф-ғалым Ақселеу Сейдімбектің сөзі бар. Міне, соның тағы бір үлгісі Аляскіде қылаң беріп жатыр. Елсіз, шетсіз далада көшіп қонып, тазалықты сақтап, ауа-райына қолайлы болу үшін ойлап тапқан көшпелілер мәдениеті Алаш төрінен озып Аляскіде қолданысқа түсіп жатыр. Қуанамыз ба, қызғанамыз ба?!

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға