Жаңалықтар

Қайрат КЕЛІМБЕТОВ, ҚР Премьер-министрінің орынбасары: Әлемдік үдерістермен үйлесім тапқан

- Мемлекет басшысы Н.На­зар­­баевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жан-жақты талқылаулармен, әлем­­­дік геосаяси және эко­номи­ка­лық үдерістермен үйлескен өте маңызды құжат болды. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында ең не­гізгі мұраттарға экономика, Ұлт­тық қауіпсіздік және саяси тұрақ­тылық сынды жауапты мәселелер қойылған еді. Оның бәрі тиянақты түрде ойластырылған жүйеге сәй­кес оңды шешiмін тапты. Расында да, Президент алты жыл алдын дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарына енуді мақсат етіп қойып, бүкіл күшті жұмылдырудың нәти­жесінде оны да бағындырдық. Биыл­ғы жылдың қорытындысына сәйкес әлемдік экономикалық фо­румның рейтингісінде 51-ор­ынға тұрақтаған Қазақстан тиісті межені толығымен игерді. Ендігі меже - отыз елдің қатарына ену. Мемлекеттің дамуына жаңа сер­пін беретін стратегияда оның да жолы ойластырылып, айқын көр­сетіліп берілген. Қазір геосая­сат өзгерді, азық-түлік, су, табиғи ре­сурстар тапшылыға кез келген елдің алдына күтпеген кедергілерді туындатуы мүмкін. Соларды ең­серудің амалдары мен қиындық­тарды қоғам болып жеңудің тың бағыттары белгіленді. Ауыл ша­р­уашылығын, өнеркәсіпті, индус­триалды-инновациялық бағдар­ла­маларды белсенді қарқынмен жүргізу, жасыл экономиканы же­делдету, ЭКСПО-ны жоғары деңгейде өткізу Үкіметке жаңа міндеттер қояды. Айқын газеті
20.12.2012 09:47 2831

- Мемлекет басшысы Н.На­зар­­баевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы жан-жақты талқылаулармен, әлем­­­дік геосаяси және эко­номи­ка­лық үдерістермен үйлескен өте маңызды құжат болды. «Қазақстан - 2030» бағдарламасында ең не­гізгі мұраттарға экономика, Ұлт­тық қауіпсіздік және саяси тұрақ­тылық сынды жауапты мәселелер қойылған еді. Оның бәрі тиянақты түрде ойластырылған жүйеге сәй­кес оңды шешiмін тапты. Расында да, Президент алты жыл алдын дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарына енуді мақсат етіп қойып, бүкіл күшті жұмылдырудың нәти­жесінде оны да бағындырдық. Биыл­ғы жылдың қорытындысына сәйкес әлемдік экономикалық фо­румның рейтингісінде 51-ор­ынға тұрақтаған Қазақстан тиісті межені толығымен игерді. Ендігі меже - отыз елдің қатарына ену. Мемлекеттің дамуына жаңа сер­пін беретін стратегияда оның да жолы ойластырылып, айқын көр­сетіліп берілген. Қазір геосая­сат өзгерді, азық-түлік, су, табиғи ре­сурстар тапшылыға кез келген елдің алдына күтпеген кедергілерді туындатуы мүмкін. Соларды ең­серудің амалдары мен қиындық­тарды қоғам болып жеңудің тың бағыттары белгіленді. Ауыл ша­р­уашылығын, өнеркәсіпті, индус­триалды-инновациялық бағдар­ла­маларды белсенді қарқынмен жүргізу, жасыл экономиканы же­делдету, ЭКСПО-ны жоғары деңгейде өткізу Үкіметке жаңа міндеттер қояды.

Айқын газеті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға