Жыл үздіктері марапатталды
20.12.2012 09:35
3882
Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар саяси тұлғалар мен қоғам және мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етіп, әр саладағы үздіктерді атап өткен еді. Сондай-ақ Президент Жарлығымен Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай ел руханияты мен ақпарат саласына қосқан айрықша үлестері үшін бір топ азаматты арнайы құттықтады. Біз бүгін өнер мен мәдениетіміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ел еркелеріне ерекше тоқталғанды жөн көрдік.
Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің профессоры, Домбыра кафедрасының меңгерушісі, күйші Жанғали Жүзбаев Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қолынан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алды.
Арқа, Қаратау күйлерін көзінің қарашығындай қорғап, жинап, насихаттаушы, шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаев өткен жылы ердің жасы елуге толған болатын. «Атақ деген де ажал сияқты. Біреуге ерте, біреуге кеш келеді деген екен Шәмші Қалдаяқов. Сол кісі айтпақшы, мен де шәкірттеріммен бірге атақ алып жатырмын» деп әуелі күліп алған ағамыз, әңгімесін әрі қарай жалғастырды. «Ешкімге өкпем жоқ. Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай менің өнерімді, еңбегімді бағалап, осы атаққа лайық деп ұсынған еді. Үлкен ризашылығымды білдіремін, ел-жұртқа разымын» дейді күйші.
Мұндай мәртебелі марапатқа көпшіліктің көзайымына айналған «МузАрт» тобының әншісі Мейрамбек Бесбаев та ие болды.
Ел алдына бала жасынан бозторғайдай шырылдап шыққан Мейрамбек жиырма жылдан астам уақыт сахнада тер төгіп келеді. Оның аттай он жылы «МузАРТ» ансамблінің арбасын өрге сүйреумен өткені белгілі. Бұдан бөлек, домбыраның құлағында еркін ойнайтын әнші продюсер ретінде «Тарту» тобын қолға алып, аяғынан тұрғызды. Сондай-ақ тоқсаныншы жылдардың басында белгілі режиссер Қанымбек Қасымбеков түсірген «Қоштасқым келмейді», былтырғы жылы продюсер Баян Есентаева түсірген «Ғашық жүрек» фильмдеріне түсіп, актерлық қырынан танылды. «Сегіз қырлы, бір сырлы» өнерпазға бір кездері «Халық артисі» атағын беру туралы ұсыныс та көтерілген еді. Бірақ бұл бастамаға берер жыл бұрын «Мәдениет қайраткері» атағын берумен нүкте қойылған-тын. Енді міне, халықтың тілегі орындалып, жоғары наградалардың бірімен марапатталған Мейрамбектің мерейі тағы бір өсіп, абыройы аспандап отыр.
Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, бал бармақ күйші Нұркен Әшіров те Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбайдың қолынан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алып, қуанышқа бөленді. Естеріңізге сала кетсек, Нұркен - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әдебиет пен өнер саласын дамытуға айрықша үлес қосып жүрген жастарға тағайындайтын Мемлекеттік стипендия иегері. Қазақтың күйшілік мектебін бүге-шігесіне дейін тұтас білетіндігімен ерекшеленеді. Бүгінгі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы. Сондай-ақ
А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка мектеп-интернатының білікті ұстазы. Мейрамбек Бесбаев жетекшілік ететін «Тарту» тобының мүшесі. Домбыраны білекпен емес, жүрекпен тартатын күйші биылғы жылы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда шығармашы-лық кеш өткізіп, қырғыз қызы Перизат Ибраевамен күй тартысқан еді. Қомыз бен домбырада қатар ойнап, нағыз шеберліктің үлгісін көрсетіп, көпшілікті тәнті еткен.
- Жаһандану заманында дүниенің дүрмегіне ілесіп жұтылып кетпей, ұлттық құндылықтарымызды жоғалтып ал-мау мақсатында мемлекет тарапынан көптеген іс-шаралар қолға алынды. Тіл, дін мәселесі болсын, ән-күйімізге болсын, айрықша көңіл бөлініп, биліктің назарынан тыс қалған емес. Соның ішінде күй өнерін дамыту үшін «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» сияқты жобалар қолға алынып, көптеген жоғары деңгейлі концерттер, бағдарламалар жүзеге асырылды. Бұл игілікті істерді атқаруға жастарға да мүмкіндік беріліп, кәсіби шеберлігімізді шыңдауға, ізденуге жағдай жасалынды. Қазақтың қара домбырасын асынып, шетелдерде өнер көрсетуге жол ашылды. Мұның барлығы Елбасының кемеңгер саясатының арқасы, Тәуелсіздіктің жемісі деп білемін. Кішкентай ғана еңбегіміз еленіп, үлкен дәрежеге лайық деп танылып жатқаны - мен үшін үлкен мәртебе. Ел ағаларының барлығына шынайы алғысымды айтқым келеді. Менің жасым қазір бар болғаны 28-де. Халыққа бергенімнен, берерім көп. Осы жолда бұл атақтың маған үлкен шабыт, серпін берері сөзсіз. Елбасының, халықтың, тыңдарманның сенімін ақтауға тырысамыз. Қара домбырам қолдан түскенше ұлттық өнерімізге қызмет етемін деп уәде беремін! - дейді Нұркен Әшіров.
Жас әнші Дилназ Ахмадиева, Қазақ Ұлттық өнер университеті қобыз және орыс халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі Әлқуат Қазақбаев, республикалық-халықаралық байқаулардың лауреаты, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының со-лисі Жан Тапин, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының классикалық және эстрадалық вокал бөлімінің жеке орындаушысы, Халықаралық байқаулардың лауреаты Бибігүл Жанұзақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ән-би ансамблінің балетмейстері Эльмира Баққали, К.Байсейітова атындағы опера және балет театрының балет солисі Рүстем Сейітбеков, республикалық конкурстардың лауреаты Ерболат Мұстафаев
та - ендігі жерде «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері». Біз барлық қуаныш иелерін шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!

Бетті дайындаған Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ, Айқын
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға