Жаңалықтар

Қазақ күресінен ІІ Әлем кубогы, VIII Азия Чемпионаты және Қазақстан Республикасының Абсолюттік Чемпи

16-18 желтоқсан аралығында Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында қазақ күресінен ІІ Әлем кубогы, VIII Азия Чемпионаты және Қазақстан Республикасының Абсолюттік Чемпионаты өтті. Дүбірлі додада ел намысын Қазақстан Ұлттық Құрама командасының еліміздің әр өңірінен жинаған 25 спортшысы қорғады. Сонымен қатар Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Латвия, Литва, Армения, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Беларусь, Польша, Ирак, Йемен, Палестина, Пәкістан және Греция елдерінің командалары қатысты. - Біз қазақ күресінен Әлем кубогына қатысқандарыңызды ұлттық күресімізге деген құрметтеріңіз деп түсінеміз. Сондай-ақ Әлем кубогының Қазақстанда, оның ішінде Қарағандыда тұңғыш рет өткізіліп отырғаны да біз үшін үлкен мақтаныш екендігін айта кеткім келеді, - деді облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов байрақты бәсекенің ашылу салтанатында. II Әлем Кубогында Қазақстан спортшылары 5 медальды олжалады, оның 3-і алтын, 1 күміс және 1 қола. Асылхан Бәрменов (Қарағанды облысы), Ардак Құлжанов (Тараз қ.) және Қуаныш Мұратов (Шығыс Қазақстан облысы) алтын медальды қанжығасына байласа, биылғы жылы Қазақстан барысы атанған жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев күміс, қарағандылық Бауыржан Әбілқас қола медальды жеңіп алды. III Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын және 6 қола медальға қол жеткізді. Медет Әдіханов пен Бекзат Ахметбеков (екеуі де Қарағанды облысынан), Ғұсман Қырғызбаев (Алматы), Қуаныш Искаков пен Бекзат Манасбаев (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан), Бегімхан Әділбеков (Жамбыл облысы) және Максим Герберт (Қостанай облысы) алтын медальдың иегері атанды. Ал, қола медаль Талғат Шегенов (Қостанай облысы), Ғани Келдыкұлов (Алматы қ.), Бақдәулет Төлегенов (Кызылорда облысы), Ерлан Естек (Астана қ.), Еркебұлан Нұрахметов пен Мұхит Тұрсыновтарға (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан) бұйырды. Белдесу барысында қазақ күресінің бүкіләлемдік федерациясының президенті Серік Төкеев қазақ күресін дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов пен Қарағанды облысының қазақ күресі федерациясының президенті Виктор Лимге алтын орден тапсырды. Ал, Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі Агенттігінің өкілі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Виктор Лимді арнайы төсбелгімен марапаттады. Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызмет
19.12.2012 10:10 3570

16-18 желтоқсан аралығында Қарағандыда Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында қазақ күресінен ІІ Әлем кубогы, VIII Азия Чемпионаты және Қазақстан Республикасының Абсолюттік Чемпионаты өтті.

Дүбірлі додада ел намысын Қазақстан Ұлттық Құрама командасының еліміздің әр өңірінен жинаған 25 спортшысы қорғады. Сонымен қатар Үндістан, Ресей, Ұлыбритания, Германия, Латвия, Литва, Армения, Тәжікстан, Моңғолия, Қытай, Иран, Қырғызстан, Беларусь, Польша, Ирак, Йемен, Палестина, Пәкістан және Греция елдерінің командалары қатысты.

- Біз қазақ күресінен Әлем кубогына қатысқандарыңызды ұлттық күресімізге деген құрметтеріңіз деп түсінеміз. Сондай-ақ Әлем кубогының Қазақстанда, оның ішінде Қарағандыда тұңғыш рет өткізіліп отырғаны да біз үшін үлкен мақтаныш екендігін айта кеткім келеді, - деді облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов байрақты бәсекенің ашылу салтанатында.
II Әлем Кубогында Қазақстан спортшылары 5 медальды олжалады, оның 3-і алтын, 1 күміс және 1 қола.
Асылхан Бәрменов (Қарағанды облысы), Ардак Құлжанов (Тараз қ.) және Қуаныш Мұратов (Шығыс Қазақстан облысы) алтын медальды қанжығасына байласа, биылғы жылы Қазақстан барысы атанған жамбылдық Бейбіт Ыстыбаев күміс, қарағандылық Бауыржан Әбілқас қола медальды жеңіп алды.
III Азия Чемпионатында қазақстандық спортшылар 7 алтын және 6 қола медальға қол жеткізді.
Медет Әдіханов пен Бекзат Ахметбеков (екеуі де Қарағанды облысынан), Ғұсман Қырғызбаев (Алматы), Қуаныш Искаков пен Бекзат Манасбаев (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан), Бегімхан Әділбеков (Жамбыл облысы) және Максим Герберт (Қостанай облысы) алтын медальдың иегері атанды.
Ал, қола медаль Талғат Шегенов (Қостанай облысы), Ғани Келдыкұлов (Алматы қ.), Бақдәулет Төлегенов (Кызылорда облысы), Ерлан Естек (Астана қ.), Еркебұлан Нұрахметов пен Мұхит Тұрсыновтарға (екеуі де Шығыс Қазақстан облысынан) бұйырды.
Белдесу барысында қазақ күресінің бүкіләлемдік федерациясының президенті Серік Төкеев қазақ күресін дамытуға қосқан сүбелі үлестері үшін Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов пен Қарағанды облысының қазақ күресі федерациясының президенті Виктор Лимге алтын орден тапсырды. Ал, Қазақстан Республикасының спорт және дене тәрбиесі Агенттігінің өкілі спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Виктор Лимді арнайы төсбелгімен марапаттады.

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызмет

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға