2030 – стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстанның жетістіктері біздің мемлекет үшін сенім ұяла
2030 – стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстанның жетістіктері біздің мемлекет үшін сенім ұялатады, деп мәлімдеді Железин ауданы «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.
«2030 – стратегиясын жүзеге асырудағы Қазақстанның жетістіктері біздің мемлекет үшін сенім ұялатады: Қазақстан халықаралық бастамалардың көшбасшысы атанды, әлемнің қарқынды дамып келе жатқан елдерінің қатарына енді. Бұның барлығы 2050-стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етеді», - деп мәлімдеді «Жас Отан» ЖҚ белсенділері.
«ХХІ ғасырдың жаһандық қауіптеріне қарсы шығу үшін біздің жастар білім алып, жаңа білім-ғылым салаларын игеруі керек. Біз тек тұрақты қоғамда ғана үлкен мақсаттарға жететінімізді түсінеміз және президенттің біздің республикамызда ұлтаралық келісім мен бейбіт өмірді сақтаудағы әрбір азаматқа жүктеген жеке жауапкершілігінің маңызын түсінеміз.
Біз Республика Президенті қойған міндеттердің барлығының орындалатынына сенеміз», - деп атап өтті Железин ауданы «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшылары.