Жаңалықтар

Алматылықтар Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды

Алматыда Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған боздақтардың рухына құрмет көрсетіліп, «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Салтанатты шара барысында Алматы қалалық ардагерлер кеңесі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар, Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, қалалық жастар ұйымдарының өкілдері Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.  «Осыдан 26 жыл бұрын біз осы жерде азаттық үшін жан алысып, жан беріскен едік. Бәрі кешегідей көз алдымда. Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының рухының биіктігін көрсетті. Қонаевтың орнына Колбиннің жайғасуы – қазақ жастарының төзімін тауысқан еді. Менің бауырым Қайрат Рысқұлбеков ҚазМСҚА студенті бола жүріп, түнімен парақша таратып, жастарды ұйымдастырумен айналысатын. Біз алаңға шыққанда, қазіргі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге келіп: «Сендерді қолдаймын. Бірақ, тарағандарың дұрыс. Әйтпесе, олар күш қолдануы мүмкін. Одан сендер мүлде жапа шегесіңдер», -дегені әлі есімде. Ол кезде көптеген басшылар біздің мұң-мұқтажымызды сұрамақ түгілі, өзімізге қарсы шығып жатқан еді. Кеңес империясының қылышынан қан тамып тұрған кездегі ол кісінің бұл әрекетін ерлікке теңеуге болар еді. Елбасының Тәуелсіздікті баянды етуде сіңірген еңбегі зор»,- деді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков.
17.12.2012 07:40 3060

Алматыда Желтоқсан оқиғасы кезінде қаза болған боздақтардың рухына құрмет көрсетіліп, «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Салтанатты шара барысында Алматы қалалық ардагерлер кеңесі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтар, Ауған соғысының ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, қалалық жастар ұйымдарының өкілдері Желтоқсан оқиғасы құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. 

«Осыдан 26 жыл бұрын біз осы жерде азаттық үшін жан алысып, жан беріскен едік. Бәрі кешегідей көз алдымда. Желтоқсан оқиғасы қазақ жастарының рухының биіктігін көрсетті. Қонаевтың орнына Колбиннің жайғасуы – қазақ жастарының төзімін тауысқан еді. Менің бауырым Қайрат Рысқұлбеков ҚазМСҚА студенті бола жүріп, түнімен парақша таратып, жастарды ұйымдастырумен айналысатын. Біз алаңға шыққанда, қазіргі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бізге келіп: «Сендерді қолдаймын. Бірақ, тарағандарың дұрыс. Әйтпесе, олар күш қолдануы мүмкін. Одан сендер мүлде жапа шегесіңдер», -дегені әлі есімде. Ол кезде көптеген басшылар біздің мұң-мұқтажымызды сұрамақ түгілі, өзімізге қарсы шығып жатқан еді. Кеңес империясының қылышынан қан тамып тұрған кездегі ол кісінің бұл әрекетін ерлікке теңеуге болар еді. Елбасының Тәуелсіздікті баянды етуде сіңірген еңбегі зор»,- деді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Рысқұлбеков.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға