Жаңалықтар

Прокурорлардың жаңа ұрпағын дайындау және таңдауда Жолдауда көрсетілген өлшемдерді қатаң басшылыққа

Прокурорлардың жаңа ұрпағын дайындау және таңдауда Жолдауда көрсетілген өлшемдерді қатаң басшылыққа алатын боламыз. Бұл туралы кеше ғана Елбасы тұсауын кескен алдағы 38 жылға арналған даму бағдарламасы – «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірген ҚР Бас Прокуратурасының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті. «Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында біздің Президентіміз өзінің Жолдауында елдің одан әрі даму перспективаларын анықтап, қалыптасқан Қазақстанның жаңа саяси бағытының негізін қалады. Бұл еліміздің және әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды оқиға болып отыр. Әрқайсысымыздың алдымызға кең ауқымыды міндеттер қойылып отыр», - деген Бас Прокурордың орынбасары осыдан 15 жыл бұрын қойылған мақсаттарға Қазақстан мерзімінен бұрын қол жеткізгенін сөз етті. «15 жыл бұрын біздер Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес өркендеген болатынбыз, ал енді қазіргі таңда біздің Президентіміздің данышпан саясатының арқасында ол көптеген өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалып отыр. Бұл дамудың тек бастамасы болатын», - деді ол. Андрей Кравченко атап өткендей, Президент құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы ретінде белгілеген прокуратура органдары мемлекеттілікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды қуанышпен қарсы алды. «Олардың ішінде құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау және дамыту қарастырылған. Осы бастамаларды біздер тұтастай қолдай отырып, басшылыққа алдық және олардың жемісті жүзеге асуына бар күш-жігерімізді саламыз. Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін құруы тиіс. Осы мазмұнда прокуратура органдарының бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша жүргізіп отырған жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуының алдын алуға бағытталатын болады», - деген А.Кравченко алдағы жылдары Елбасының құқық қорғау жүйесіне жүктеген міндеттеріне тоқталып өтті. «Посткеңестік заңнамалар негізінде дайындалған негізгі кодекстер бүгінде ескіріп қалды, енді біздің алдымызға Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы 4 негізгі кодексті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жауапты міндет қойылып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, осы негізгі заңнамалық актілерді қабылдау қылмыстық сот өндірісін түбегейлі жаңартады және қазіргі біздің құқықтық жүйемізді заман талабына сәйкесінше жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа сапалық деңгейге көтереді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және тиісті занамалық базаны жетілдіру мемлекет дамуының маңызды бағыттары ретінде айқындалған. Мемлекет басшысы сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді одан әрі реформалау жөніндегі жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Президенттің бастамасымен өткізілген барлық күш құрылымдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелерін есепке ала отырып, Жолдауда құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлінген. Осыған орай Президент Құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді, сондай-ақ осы мәселелерді шешу үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құруды, Құқық қорғау және арнайы органдар жетекшілерінің Президентік резервін қалыптастыруды тапсырды. Осы және өзге де жаңалықтар алдағы жылда дайындалатын Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасында көрініс табатын болады», - деді Бас Прокурордың орынбасары. Сондай-ақ, оның айтуынша, көзделген межеге қол жеткізу жолында Президент жастарға ерекше орын береді. Қазақстандықтардың жаңа прогрессивті ұрпағын тәрбиелеу үшін бүгінгі таңда көп жұмыстар жүргізілуде. Сапалы білім алуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енді бағдарламалық құжат – Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы дайындалатын болады. «Осыған орай, біздер прокурорлардың жаңа ұрпағын дайындау және таңдауда осы өлшемдерді қатаң басшылыққа алатын боламыз», - деп қорытты құқық қорғау қызметінің өкілі. BNews.kz
15.12.2012 13:02 2568

Прокурорлардың жаңа ұрпағын дайындау және таңдауда Жолдауда көрсетілген өлшемдерді қатаң басшылыққа алатын боламыз. Бұл туралы кеше ғана Елбасы тұсауын кескен алдағы 38 жылға арналған даму бағдарламасы – «Қазақстан 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына қатысты пікір білдірген ҚР Бас Прокуратурасының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында біздің Президентіміз өзінің Жолдауында елдің одан әрі даму перспективаларын анықтап, қалыптасқан Қазақстанның жаңа саяси бағытының негізін қалады. Бұл еліміздің және әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды оқиға болып отыр. Әрқайсысымыздың алдымызға кең ауқымыды міндеттер қойылып отыр», - деген Бас Прокурордың орынбасары осыдан 15 жыл бұрын қойылған мақсаттарға Қазақстан мерзімінен бұрын қол жеткізгенін сөз етті.

«15 жыл бұрын біздер Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясына сәйкес өркендеген болатынбыз, ал енді қазіргі таңда біздің Президентіміздің данышпан саясатының арқасында ол көптеген өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалып отыр. Бұл дамудың тек бастамасы болатын», - деді ол.

Андрей Кравченко атап өткендей, Президент құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы ретінде белгілеген прокуратура органдары мемлекеттілікті одан әрі нығайту жөніндегі бастамаларды қуанышпен қарсы алды.

«Олардың ішінде құқық қорғау жүйесін одан әрі реформалау және дамыту қарастырылған. Осы бастамаларды біздер тұтастай қолдай отырып, басшылыққа алдық және олардың жемісті жүзеге асуына бар күш-жігерімізді саламыз. Президент атап көрсеткендей, мемлекеттік аппарат бизнес-қауымдастықпен өзара іс-қимылдың жаңа жүйесін құруы тиіс. Осы мазмұнда прокуратура органдарының бизнесті заңсыз араласудан қорғау бойынша жүргізіп отырған жұмыстары кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуының алдын алуға бағытталатын болады», - деген А.Кравченко алдағы жылдары Елбасының құқық қорғау жүйесіне жүктеген міндеттеріне тоқталып өтті.

«Посткеңестік заңнамалар негізінде дайындалған негізгі кодекстер бүгінде ескіріп қалды, енді біздің алдымызға Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық, Қылмыстық-атқарушылық және Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы 4 негізгі кодексті адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіру жөніндегі жауапты міндет қойылып отыр. Мемлекет басшысы атап өткендей, осы негізгі заңнамалық актілерді қабылдау қылмыстық сот өндірісін түбегейлі жаңартады және қазіргі біздің құқықтық жүйемізді заман талабына сәйкесінше жауап беруге мүмкіндік беретін жаңа сапалық деңгейге көтереді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және тиісті занамалық базаны жетілдіру мемлекет дамуының маңызды бағыттары ретінде айқындалған. Мемлекет басшысы сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерді одан әрі реформалау жөніндегі жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Президенттің бастамасымен өткізілген барлық күш құрылымдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың нәтижелерін есепке ала отырып, Жолдауда құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлінген.

Осыған орай Президент Құқық қорғау органдарының Кадр саясаты тұжырымдамасын әзірлеуді, сондай-ақ осы мәселелерді шешу үшін Жоғары аттестаттау комиссиясы базасында құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін құрылым құруды, Құқық қорғау және арнайы органдар жетекшілерінің Президентік резервін қалыптастыруды тапсырды.

Осы және өзге де жаңалықтар алдағы жылда дайындалатын Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту бағдарламасында көрініс табатын болады», - деді Бас Прокурордың орынбасары.

Сондай-ақ, оның айтуынша, көзделген межеге қол жеткізу жолында Президент жастарға ерекше орын береді. Қазақстандықтардың жаңа прогрессивті ұрпағын тәрбиелеу үшін бүгінгі таңда көп жұмыстар жүргізілуде. Сапалы білім алуға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енді бағдарламалық құжат – Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы дайындалатын болады.

«Осыған орай, біздер прокурорлардың жаңа ұрпағын дайындау және таңдауда осы өлшемдерді қатаң басшылыққа алатын боламыз», - деп қорытты құқық қорғау қызметінің өкілі.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға