Жаңалықтар

Президент жүктеген міндеттерді жүзеге асыруда халық жауапкершілігі өте қажет – Нұрбақ Рүстемов

Қазақстан Республикасының Ирандағы бұрыншы елшісі Нұрбақ Рүстемов Елбасының Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда халықтың жауапкершілігі өте қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Біз Елбасы жыл сайын өз Жолдауын қаңтар, ақпан немесе наурыз айында жариялайды деп үйреніп қалғанбыз. Бүгін барлығы дәл Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жарияланғанына ойланды. Елбасы бүгін тағы бір мәрте жаһандық деңгейдегі көшбасшы екенін дәлелдеп, еліміз бен ұлтымыз үшін маңызды мәселелерді алға тартты», - деді Н.Рүстемов. Ол сондай-ақ Елбасының 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын орындау туралы айтқанын тілге тиек ете отырып, отандастарын әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруде аянбай еңбек етуге шақырды. «Елбасы бұған қол жеткізу керек екенімізді айтты. Бұл біздің қолымыздан келеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда қазақ халқының жауапкершілігі аса қажет», - деді Н.Рүстемов.
14.12.2012 16:02 3365

Қазақстан Республикасының Ирандағы бұрыншы елшісі Нұрбақ Рүстемов Елбасының Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыруда халықтың жауапкершілігі өте қажет екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Біз Елбасы жыл сайын өз Жолдауын қаңтар, ақпан немесе наурыз айында жариялайды деп үйреніп қалғанбыз. Бүгін барлығы дәл Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жарияланғанына ойланды. Елбасы бүгін тағы бір мәрте жаһандық деңгейдегі көшбасшы екенін дәлелдеп, еліміз бен ұлтымыз үшін маңызды мәселелерді алға тартты», - деді Н.Рүстемов.

Ол сондай-ақ Елбасының 2030 стратегиясын мерзімінен бұрын орындау туралы айтқанын тілге тиек ете отырып, отандастарын әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруде аянбай еңбек етуге шақырды.

«Елбасы бұған қол жеткізу керек екенімізді айтты. Бұл біздің қолымыздан келеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда қазақ халқының жауапкершілігі аса қажет», - деді Н.Рүстемов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға