Жаңалықтар

Елбасы биылғы Жолдауында жаңа кадр саясаты жайлы сөз қозғады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсіздігігің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында жаңа кадр саясаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет», - деді Елбасы. «Мұнымен бір мезгілде халықаралық еңбек бөлінісінен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, біздің жаңа бағытымыздың бірқатар міндеттерін іске асыру үшін аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы ең үздік шетел мамандарын тартуға және оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз. Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл - біз үшін жаңа тәжірибе», деп атап Мемлекет басшысы.
14.12.2012 16:01 3012

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсіздігігің 21 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында жаңа кадр саясаты жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрлар арқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет», - деді Елбасы.

«Мұнымен бір мезгілде халықаралық еңбек бөлінісінен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, біздің жаңа бағытымыздың бірқатар міндеттерін іске асыру үшін аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарын тартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы ең үздік шетел мамандарын тартуға және оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз.

Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл - біз үшін жаңа тәжірибе», деп атап Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға