Жаңалықтар

Нығматулин: Стратегия-2050 ел тарихында жаңа дәуірді бастайды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған Қазақстан-2050 стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиыннан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Бұл шынымен де маңызды тарихи құжат болып табылады. Ол еліміздің тарихында жаңа дәуірді бастап берді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезең-кезеңмен елімізді, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әл-ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға бастайды», - деді палата басшысы.  «Бүгінгі күні Қазақстан – қалыптасқан, геосаяси маңызы зор жас мемлекеттің жетістіктері мен оның бастамаларын әлем қауымдастығы мойындап отыр. Ең бастысы, біздің еліміз үлкен даму әлеуеттеріне және басымдықтарына ие. Және Ұлт көшбасшысы саясаткер ретінде, есімін әлем таныған тұлға ретінде бүгін өз халқына соншалықты ауқымды және нақты, бір жылға немесе он жылға ғана арналмаған, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын іс-әрекеттер жоспарын ұсынды. Бұны, өз кезегінде, келесі ұрпаққа арналған даму бағдары деп қарастыруға болады. Осының негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығына, көрегендігіне және стратегиялық ой-өрісінің тереңдігіне тағы бір мәрте көз жеткізуге болады. Қазірдің өзінде осынау іс-әрекеттер жоспары қарышты қадаммен қызметіне көшіп, қазақстандықтарға өзінің және бала-шағаларының болашағына нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретіні анық», - деп қосты Нығматулин. Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыс барысында Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Дереккөзі: www.bnews.kz
14.12.2012 13:07 2827

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев таныстырған Қазақстан-2050 стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Бұл туралы Тәуелсіздіктің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиыннан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Бұл шынымен де маңызды тарихи құжат болып табылады. Ол еліміздің тарихында жаңа дәуірді бастап берді. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезең-кезеңмен елімізді, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әл-ауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға бастайды», - деді палата басшысы. 

«Бүгінгі күні Қазақстан – қалыптасқан, геосаяси маңызы зор жас мемлекеттің жетістіктері мен оның бастамаларын әлем қауымдастығы мойындап отыр. Ең бастысы, біздің еліміз үлкен даму әлеуеттеріне және басымдықтарына ие. Және Ұлт көшбасшысы саясаткер ретінде, есімін әлем таныған тұлға ретінде бүгін өз халқына соншалықты ауқымды және нақты, бір жылға немесе он жылға ғана арналмаған, мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын іс-әрекеттер жоспарын ұсынды. Бұны, өз кезегінде, келесі ұрпаққа арналған даму бағдары деп қарастыруға болады. Осының негізінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығына, көрегендігіне және стратегиялық ой-өрісінің тереңдігіне тағы бір мәрте көз жеткізуге болады. Қазірдің өзінде осынау іс-әрекеттер жоспары қарышты қадаммен қызметіне көшіп, қазақстандықтарға өзінің және бала-шағаларының болашағына нық сеніммен қарауға мүмкіндік беретіні анық», - деп қосты Нығматулин.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына арналған салтанатты жиналыс барысында Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған 2050 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын ұсынды.

Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға