Жаңалықтар

Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға ешкімнің хақысы жоқ – Президент

Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.  «Қазір біз – көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Жалғыз ұлтты мемлекет болмайды. Бұл әлемдік үрдіс, еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ», - деп басып айтты Елбасы.  Мемлекет басшысы ескеріп өткендей, барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықты ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды», - деп қосты Президент. Дереккөзі: www.bnews.kz
14.12.2012 10:41 3879

Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында Қазақстан халқына Жолдауын таныстырған кезде мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі. 

«Қазір біз – көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Жалғыз ұлтты мемлекет болмайды. Бұл әлемдік үрдіс, еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ», - деп басып айтты Елбасы. 

Мемлекет басшысы ескеріп өткендей, барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.

«Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықты ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды», - деп қосты Президент.


Дереккөзі: www.bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға