Жаңалықтар

Н.Назарбаев: Біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік

Тәуелсіздіктің 21 жылғы бигіне көз жүгіртетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүгін мен Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарламасын дәл осы ғимартта жариялауды жөн көрдім. Бабалардан қалған «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген қанатты сөз бар. Тәуелсіздіктің 21 жылғы бигіне көз жүгіртетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы Тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай болғанда, қазақ деген халықтың бар-жоғын бірі біліп, бірі білмеді. Оны барлығымыз білеміз. Бүгінде бүкіл әлем таныған, күллі дүниежүзі таныған Қазақстанның 21 жылдығындағы жағдайы дәл осындай болады дегенге сенудің өзі шындығында қиын еді», - деп атап өтті Елбасы. «Бірақ, бұл барлығымыз куә болған ақиқатты мәселе. Содан бері қандай табыстарға қол жеткізе алдық десек, ел дамуының берік іргетасы қаланды, Ата Заңымыз қабылданып, жаңа заңнамалық жүйе қарастырылды. «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылданып, дамуының ақтық жолын айқындадық. Әлемдік тәжірибеде өзіміз керегін екшей алдық», - деп толықтырды Н. Назарбаев. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміз ешкімге ұқсамайтын дербес даму жолын – Қазақстанның жолын тапты. Ұлтаралық татулық пен діни келісімді қамтамыз ете білдік. «Тәуелсіздіктің төл перзенті, барлығымыз таңданатын Астанамызды салдық. Осының бәрі қазақстандықтардың жаны таза, дені сау, білімі кемел жаңа буынын қалыптастырды. Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап жаңа белеске шықты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деп түйіндеді Елбасы.
14.12.2012 10:03 3124

Тәуелсіздіктің 21 жылғы бигіне көз жүгіртетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүгін мен Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарламасын дәл осы ғимартта жариялауды жөн көрдім. Бабалардан қалған «өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» деген қанатты сөз бар. Тәуелсіздіктің 21 жылғы бигіне көз жүгіртетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы Тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай болғанда, қазақ деген халықтың бар-жоғын бірі біліп, бірі білмеді. Оны барлығымыз білеміз. Бүгінде бүкіл әлем таныған, күллі дүниежүзі таныған Қазақстанның 21 жылдығындағы жағдайы дәл осындай болады дегенге сенудің өзі шындығында қиын еді», - деп атап өтті Елбасы.

«Бірақ, бұл барлығымыз куә болған ақиқатты мәселе. Содан бері қандай табыстарға қол жеткізе алдық десек, ел дамуының берік іргетасы қаланды, Ата Заңымыз қабылданып, жаңа заңнамалық жүйе қарастырылды. «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылданып, дамуының ақтық жолын айқындадық. Әлемдік тәжірибеде өзіміз керегін екшей алдық», - деп толықтырды Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміз ешкімге ұқсамайтын дербес даму жолын – Қазақстанның жолын тапты. Ұлтаралық татулық пен діни келісімді қамтамыз ете білдік. «Тәуелсіздіктің төл перзенті, барлығымыз таңданатын Астанамызды салдық. Осының бәрі қазақстандықтардың жаны таза, дені сау, білімі кемел жаңа буынын қалыптастырды. Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап жаңа белеске шықты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», - деп түйіндеді Елбасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға