Жаңалықтар

Астанада Тәуелсіздік күніне орай зергерлік өнер көрмесі ашылады

Бүгін Астанада сағат 12:00-де «Назарбаев орталығының» Күміс залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орайластырылған зергерлік өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.  14 желтоқсан – 15 қаңтар аралығында өтетін зергерлік өнер көрмесіне бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар ұсынылып отыр. Зергерлік өнер қазақ халқының мұрат-мақсаттарын, оның даму ерекшеліктерін, шығармашылық пен материалдық құндылықтарды қабылдау деңгейін көрсетіп, Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алатындығы белгілі. Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының залдарында өтетін зергерлік өнер хас шеберлерінің көрмесі Б. Әлібай, Е. Даубаев, Н. Жээренчиев және У. Сейдалиев сынды Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің өткені мен бүгінгісін тұтастырып, өрнектердің құпия сырлары мен металдың пластикасын паш етеді.  Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алтын және бағалы металдар мұражайы», «Назарбаев орталығы». Көрмеге қатысты мәліметтерді мына телефондарға хабарласып білуге болады: 8 (7172) 443-266, 442-799 Дереккөзі: www.mk.gov.kz
14.12.2012 03:47 3433

Бүгін Астанада сағат 12:00-де «Назарбаев орталығының» Күміс залында ҚР Тәуелсіздігі күніне орайластырылған зергерлік өнер көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

14 желтоқсан – 15 қаңтар аралығында өтетін зергерлік өнер көрмесіне бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдар ұсынылып отыр.

Зергерлік өнер қазақ халқының мұрат-мақсаттарын, оның даму ерекшеліктерін, шығармашылық пен материалдық құндылықтарды қабылдау деңгейін көрсетіп, Қазақстан мәдениетінде ерекше орын алатындығы белгілі.

Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының залдарында өтетін зергерлік өнер хас шеберлерінің көрмесі Б. Әлібай, Е. Даубаев, Н. Жээренчиев және У. Сейдалиев сынды Еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлерінің өткені мен бүгінгісін тұтастырып, өрнектердің құпия сырлары мен металдың пластикасын паш етеді. 
Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алтын және бағалы металдар мұражайы», «Назарбаев орталығы».
Көрмеге қатысты мәліметтерді мына телефондарға хабарласып білуге болады: 8 (7172) 443-266, 442-799

Дереккөзі: www.mk.gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға