Жаңалықтар

Қазақ қыз-келіншектерінің 24 пайызы басшылық қызметте

Еліміздегі әйелдердің 24 пайызы басшылық қызметте, немесе іскерлік ортада жоғары лауазымда.   Жалпы әлем бойынша, Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыруда 33-ші орынға тұрақтады. Отбасы ұйытқысы ғана болып қоймай мекемеге немесе кәсіпорынға басшылық етіп жүрген діні берік қазақ қыздары аз емес. «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен оқушы және студент қыздар іскер әйелдермен кездесті. Өзара пікір алмасу кезінде табысқа жету жолдары талқыланды. Бақытжан Сәмиева, облыстық мәслихат депутаты, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы: Мемлекеттік жұмыста, бизнесте, саясатта көтерілу керек. Біздің облыста, біздің жерімізде 26 пайыздан асты саясатта. Сабина Жақыпова, «Нұр Ару» жастар гендерлік клубының мүшесі: "Дөңгелек үстелдің мақсаты - іскер әйелдерді тыңдап, өзімізге тәжірибе жинақтау. Мен осы гендерлік клубта өткен жылдан бері мүшемін. Маған өте ұнайды". Дереккөзі: BAQ.kz  
12.12.2012 03:37 3942

Еліміздегі әйелдердің 24 пайызы басшылық қызметте, немесе іскерлік ортада жоғары лауазымда.  
Жалпы әлем бойынша, Қазақстан гендерлік саясатты жүзеге асыруда 33-ші орынға тұрақтады. Отбасы ұйытқысы ғана болып қоймай мекемеге немесе кәсіпорынға басшылық етіп жүрген діні берік қазақ қыздары аз емес. «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен оқушы және студент қыздар іскер әйелдермен кездесті. Өзара пікір алмасу кезінде табысқа жету жолдары талқыланды.

Бақытжан Сәмиева, облыстық мәслихат депутаты, облыстық Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:
Мемлекеттік жұмыста, бизнесте, саясатта көтерілу керек. Біздің облыста, біздің жерімізде 26 пайыздан асты саясатта. Сабина Жақыпова, «Нұр Ару» жастар гендерлік клубының мүшесі: "Дөңгелек үстелдің мақсаты - іскер әйелдерді тыңдап, өзімізге тәжірибе жинақтау. Мен осы гендерлік клубта өткен жылдан бері мүшемін. Маған өте ұнайды".

Дереккөзі: BAQ.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға