Жаңалықтар

Роза Бағланова атындағы Мәдениет үйі ашылды

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың қатысуымен Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде Халық қаһарманы, КСРО-ның Халық әртісі, даңқты әнші Роза Бағланованың атындағы жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді. Жалпы құны 268 миллион теңге болатын жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды. 300 орындық екі қабатты ғимаратта концерттік залмен қоса, тренажерлық зал, стол теннисі, балалардың сурет салу үйірмесі, кітапхана, кітап қорын сақтау мұрағаты және мәдениет қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар. Айта кетейік, Р. Бағланованың туылғанына - 90 жыл. Жыл сайын апамыздың құрметіне өзі туып-өскен өңірде республикалық «Ақмаңдайлым» атты әншілер байқауын өткізу дәстүрге айналатын болады.   Салтанатты шараға Алматыдан әншінің ұлы Тәжен Бағланов қатысып, өз ризашылығын білдірді. Қонақтар аудандық Мәдениет үйін аралап көріп, әншілердің республикалық «Ақмаңдайлым» байқауын тамашалады.   Дереккөзі: http://madeniet.kaztrk.kz/
09.12.2012 05:13 4282

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың қатысуымен Қазалы ауданының орталығы Әйтеке би кентінде Халық қаһарманы, КСРО-ның Халық әртісі, даңқты әнші Роза Бағланованың атындағы жаңа Мәдениет үйі пайдалануға берілді.

Жалпы құны 268 миллион теңге болатын жоба облыстық бюджет есебінен қаржыландырылды. 300 орындық екі қабатты ғимаратта концерттік залмен қоса, тренажерлық зал, стол теннисі, балалардың сурет салу үйірмесі, кітапхана, кітап қорын сақтау мұрағаты және мәдениет қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар.

Айта кетейік, Р. Бағланованың туылғанына - 90 жыл. Жыл сайын апамыздың құрметіне өзі туып-өскен өңірде республикалық «Ақмаңдайлым» атты әншілер байқауын өткізу дәстүрге айналатын болады.
 
Салтанатты шараға Алматыдан әншінің ұлы Тәжен Бағланов қатысып, өз ризашылығын білдірді. Қонақтар аудандық Мәдениет үйін аралап көріп, әншілердің республикалық «Ақмаңдайлым» байқауын тамашалады.
 
Дереккөзі: http://madeniet.kaztrk.kz/
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға