Жаңалықтар

Қазақтың "арландары" ағылшынның "арыстандарын" тас-талқан етті

Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінде ел намысын қорғап жүрген "Астана арландары" командасы топтық кезеңдегі үшінші кездесуін кеше Ұлыбританияның «British Lionhearts» командасымен өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған жекпе-жекте "Арландар" ағылшынның "Арыстан жүректілерін" тас-талқан етті. Есеп: 5-0! Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арландары» командасы биылғы маусымның алғашқы жекпе-жегін 17 қарашада «Украин атамандары» командасымен өткізді. Украина астанасында болған өте тартысты жекпе-жекте арландар жергілікті команданы 3-2 есебімен тізе бүктірді. Екінші кездесу 23 қарашада елордада өткен. Ол күні біздің жігіттер «АҚШ нокаутшылары» командасын 5-0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Сол қарқынын жоғалтпаған команда осы жолғы айқаста да көңіл тоярлық өнер көрсетті. 54 келіде Мирас Жақыпов – Джамаль Яфаиды (Ұлыбритания) , 61 келіде Ержан Мусафиров – Джош Тэйлорды (Ұлыбритания), 73 келіде Константин Снигур (Израиль) Эштон Браунды, 85 келіде Айнар Карлсон (Эстония) Бабакар Камараны (Швеция), 91 келіден жоғары салмақта Филипп Хргович (Хорватия) Мохаммед Арджауиді (Марокко) ұпай айырмашылығымен ұтып, командаға кезекті жеңісті алып берді.
09.12.2012 05:07 3194

Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінде ел намысын қорғап жүрген "Астана арландары" командасы топтық кезеңдегі үшінші кездесуін кеше Ұлыбританияның «British Lionhearts» командасымен өткізді, деп хабарлайды BAQ.kz. Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған жекпе-жекте "Арландар" ағылшынның "Арыстан жүректілерін" тас-талқан етті. Есеп: 5-0!

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Арландары» командасы биылғы маусымның алғашқы жекпе-жегін 17 қарашада «Украин атамандары» командасымен өткізді. Украина астанасында болған өте тартысты жекпе-жекте арландар жергілікті команданы 3-2 есебімен тізе бүктірді.
Екінші кездесу 23 қарашада елордада өткен. Ол күні біздің жігіттер «АҚШ нокаутшылары» командасын 5-0 есебімен ойсырата ұтқан еді.

Сол қарқынын жоғалтпаған команда осы жолғы айқаста да көңіл тоярлық өнер көрсетті.

54 келіде Мирас Жақыпов – Джамаль Яфаиды (Ұлыбритания) , 61 келіде Ержан Мусафиров – Джош Тэйлорды (Ұлыбритания), 73 келіде Константин Снигур (Израиль) Эштон Браунды, 85 келіде Айнар Карлсон (Эстония) Бабакар Камараны (Швеция), 91 келіден жоғары салмақта Филипп Хргович (Хорватия) Мохаммед Арджауиді (Марокко) ұпай айырмашылығымен ұтып, командаға кезекті жеңісті алып берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға