Жаңалықтар

Мен өзім жерді әпергеніне ризамын

Қадау мұғалім Б. болысына келгелі 10 шақты күн болып қалды. Мектеп әлі ашылған жоқ. Былтыр Темірбайдың үйі тар болған соң, биыл арнап үй салдырамыз деп бірсыпыра жүрсе де, волисполкомның уақыттары болмады ма, салақтық қылды ма, әйтеуір, жұрт жайлауға барғаннан кейін, айтып жүргендерін де қойып кеткен. Биыл қыс баланы қайда оқыту туралы дұрыстап бас қосып сөйлесуге сайлау даярлығы келіп қалды. «Әне-міне» мен қол тиіңкіремей жүр. Мұғалім: «мектепті қайтеміз» деп күнде барады. «Ертең келіңіз» бен 3-4 рет жіберсе де, мұғалім келуін қоймаған соң, жайды айтып, мектеп жабдығына өзін жұмсауға тура келді. 3-4 күндей қайта-қайта барып жүріп волисполкомның ұнатуымен айы бір тайынша, Қайрамбайдың екі бөлмелі үйін алмақшы болған. Кешеден бері әркімде кеткен саймандарын жинап жүр. Бүгін 8 шақырымдағы Қуатбек аулындағы парталарды алып келуге езің бармасаң бажылдай береді деген соң, Қадау мұғалім түйе сұрауға Тәшімдікіне келді. Бай үйінде қора түзетіп жүр екен. Амандасып, хал-жайды білгеннен кейін, мұғалім жұмысын айтты. Тәшекең төмен қарап біраз жерді шұқып тұрды да: — Қап, енді сізге бермесе болмас, япырай басқа біреуге жіберсе болмай ма екен, түйемен тезекке кетіп еді, үйге түсіп шай ішкенше келер,— деп үйіне қарай аяндай бастады. Үйге келіп: — Шай қойып жібер!—деп Ұлжанға бір айқайлады да, шешініп орнына отырды. Атын байлап мұғалім де үйіне кірді. Отырысымен-ақ мұғалімнің қай ел, аты кім, жасы нешеде, әке-шеше, қатыны барлығы, қайда оқығандығы бірі артынан бірі сұралып жатыр. Біраз әңгімелескеннен кейін шай келді, құман, шіләпшін даярланды. Тәшім Қадауға қарап: — Мұғалімі қол жуасыз ба, әлде коммунистер қол жумайтын шығар,— деп ырсиды. Ол екі арада мұғалім қолын жуып жатып «мен коммунист емеспін, бірақ коммунистер тазалықты неге жек көрсін?» — деп қолын сүртіп шайға отырды. — Айтпақшы, осы коммунистер орнағалы неше жыл болды,— деді, Тәшім бір мезгілде. Қадау: — Биыл жаңаша 7 ноябрьде 8 жыл толады. Тәшім: — Апырай, осыны алғашқыда әне кетеді, міне кетеді деп жүруші еді жұрт, ақыры-ақ орнығып қалды-ау. — Ойбой, ақсақал, сіз орнығуды айтасыз, орнығу түгіл, совет өкіметі қазірде барлық дүниеге беделін жүргізуге қарай келе жатқан жоқ па? Жер жүзінде еңбекші жұмыскерден кеп жан жоқ. Мұның жоқтайтыны солардың мұны болған соң, соңынан ерушілердің саны күн санап көбейіп отырғандағысы сол. Бұдан сегіз жыл бұрын советті осы халге келеді дегенге кім нанар еді? Енді 8 жылда көрерсіз, қандай өзгеріс туғызып, шаруаға жана түр енгізгенін,— деп бір тоқтаған кезде, Тәшім: — Рас, рас, бұларға өлім жоқ, өздері бір пәле көрінеді, жұрттың күдер үзуге айналған пұлын тауып берген соң-ақ, мен бұларға ден қоюды қойдым. Қадау бұрынғыдан қызайын деді. Кеңес өкіметінің әр-бір келелі саясатын білгенінше бажайлап түсіндірмекші болды. Ішкі, сыртқы хәлдерің қысқаша шолып өтіп, жаңа үнем саясатын да жайғастырып береді. Ең аяғында ұлт әңгімесіне тіреліп, қазақтың бұрын өз алдына өкімет құру түгіл, өз тілінде бала оқытуға да ерік бермегендігін, қазақты ел бар деп есептеуші болмағандығын, осы күні елдігін теңеп жерге бірдей қылып ез билігін өзіне беріп отырған кешегі Октябрь төңкерісін жасаушы жұмысшылар екендігін — бастан-аяқ сөйледі. Тәшім басын шұлғып тыңдады да отырды. Мұғалім тоқтағаннан кейін: — Я, я, бәрі рас, өзгеден бұрын мен езім советтің, орыстармен талай соттасып ығын-шығынына ұшырап, Heше рет айрылып қалып жүрген Сары-қопа деген жерімді өзіме әпергеніне қатты риза болдым,— деген кезде, әйнектен бақ еткен түйенің даусына мұғалім елен ете қалған соң Тәшім сөзін тоқтатты. Мұғалім шайын тезірек ішіп төңкерді де түйені алып жөнелудің қамын қарастыра бастады.   
08.12.2012 06:45 3053

Қадау мұғалім Б. болысына келгелі 10 шақты күн болып қалды. Мектеп әлі ашылған жоқ. Былтыр Темірбайдың үйі тар болған соң, биыл арнап үй салдырамыз деп бірсыпыра жүрсе де, волисполкомның уақыттары болмады ма, салақтық қылды ма, әйтеуір, жұрт жайлауға барғаннан кейін, айтып жүргендерін де қойып кеткен. Биыл қыс баланы қайда оқыту туралы дұрыстап бас қосып сөйлесуге сайлау даярлығы келіп қалды. «Әне-міне» мен қол тиіңкіремей жүр. Мұғалім: «мектепті қайтеміз» деп күнде барады. «Ертең келіңіз» бен 3-4 рет жіберсе де, мұғалім келуін қоймаған соң, жайды айтып, мектеп жабдығына өзін жұмсауға тура келді. 3-4 күндей қайта-қайта барып жүріп волисполкомның ұнатуымен айы бір тайынша, Қайрамбайдың екі бөлмелі үйін алмақшы болған. Кешеден бері әркімде кеткен саймандарын жинап жүр. Бүгін 8 шақырымдағы Қуатбек аулындағы парталарды алып келуге езің бармасаң бажылдай береді деген соң, Қадау мұғалім түйе сұрауға Тәшімдікіне келді. Бай үйінде қора түзетіп жүр екен. Амандасып, хал-жайды білгеннен кейін, мұғалім жұмысын айтты. Тәшекең төмен қарап біраз жерді шұқып тұрды да:

— Қап, енді сізге бермесе болмас, япырай басқа біреуге жіберсе болмай ма екен, түйемен тезекке кетіп еді, үйге түсіп шай ішкенше келер,— деп үйіне қарай аяндай бастады. Үйге келіп:

— Шай қойып жібер!—деп Ұлжанға бір айқайлады да, шешініп орнына отырды.

Атын байлап мұғалім де үйіне кірді. Отырысымен-ақ мұғалімнің қай ел, аты кім, жасы нешеде, әке-шеше, қатыны барлығы, қайда оқығандығы бірі артынан бірі сұралып жатыр. Біраз әңгімелескеннен кейін шай келді, құман, шіләпшін даярланды. Тәшім Қадауға қарап:

— Мұғалімі қол жуасыз ба, әлде коммунистер қол жумайтын шығар,— деп ырсиды. Ол екі арада мұғалім қолын жуып жатып «мен коммунист емеспін, бірақ коммунистер тазалықты неге жек көрсін?» — деп қолын сүртіп шайға отырды.

— Айтпақшы, осы коммунистер орнағалы неше жыл болды,— деді, Тәшім бір мезгілде. Қадау:

— Биыл жаңаша 7 ноябрьде 8 жыл толады.

Тәшім:

— Апырай, осыны алғашқыда әне кетеді, міне кетеді деп жүруші еді жұрт, ақыры-ақ орнығып қалды-ау.

— Ойбой, ақсақал, сіз орнығуды айтасыз, орнығу түгіл, совет өкіметі қазірде барлық дүниеге беделін жүргізуге қарай келе жатқан жоқ па? Жер жүзінде еңбекші жұмыскерден кеп жан жоқ. Мұның жоқтайтыны солардың мұны болған соң, соңынан ерушілердің саны күн санап көбейіп отырғандағысы сол. Бұдан сегіз жыл бұрын советті осы халге келеді дегенге кім нанар еді? Енді 8 жылда көрерсіз, қандай өзгеріс туғызып, шаруаға жана түр енгізгенін,— деп бір тоқтаған кезде, Тәшім:

— Рас, рас, бұларға өлім жоқ, өздері бір пәле көрінеді, жұрттың күдер үзуге айналған пұлын тауып берген соң-ақ, мен бұларға ден қоюды қойдым.

Қадау бұрынғыдан қызайын деді. Кеңес өкіметінің әр-бір келелі саясатын білгенінше бажайлап түсіндірмекші болды. Ішкі, сыртқы хәлдерің қысқаша шолып өтіп, жаңа үнем саясатын да жайғастырып береді. Ең аяғында ұлт әңгімесіне тіреліп, қазақтың бұрын өз алдына өкімет құру түгіл, өз тілінде бала оқытуға да ерік бермегендігін, қазақты ел бар деп есептеуші болмағандығын, осы күні елдігін теңеп жерге бірдей қылып ез билігін өзіне беріп отырған кешегі Октябрь төңкерісін жасаушы жұмысшылар екендігін — бастан-аяқ сөйледі. Тәшім басын шұлғып тыңдады да отырды. Мұғалім тоқтағаннан кейін:

— Я, я, бәрі рас, өзгеден бұрын мен езім советтің, орыстармен талай соттасып ығын-шығынына ұшырап, Heше рет айрылып қалып жүрген Сары-қопа деген жерімді өзіме әпергеніне қатты риза болдым,— деген кезде, әйнектен бақ еткен түйенің даусына мұғалім елен ете қалған соң Тәшім сөзін тоқтатты. Мұғалім шайын тезірек ішіп төңкерді де түйені алып жөнелудің қамын қарастыра бастады. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға