Жаңалықтар

Ұждан – Совесть

  Адамдағы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосын айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны істеуді ұнатады» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданың солай қылғанды ұнатады деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть — жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған шын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть — ұждан. Оны осы өмір үшін де керек қылады, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше сондай кісі деп халың мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным — сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын пәленше, жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па? тілек пе? Бұйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен, жанның сау ақылы тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді. Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай, орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын электрия қуаттарын жинайтын лаео бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе, тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен? Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, өз жанының бар-жоғын біле алмай жүргенде, оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, өлген адамның жаны тіпті жоғалмай, әр түрлі хайуан болып құбылып жүрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да, ол жан өзін-өзі мен деп біліп жүрмей ме? Аяғында жан әр түрге түсіп, дүние тіршілігіндегі ісіне қарай не рахат, не бейнетте болады деген брахман дінінің сөзі болған жоқ па? Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі — қайта айналыс жолы. Онысы бұл әлем қайта газ болып, онан сұйық болып, онан және салқындап, қатайып планета болады. Өйтіп қайта жаралғанда да жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бұл өмірдегіге тіпті ұқсамайды. Бірақ ол өзгерістерде бізден сезім жоғалғандықтан, біз түк сезбейміз дейді. Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі. Және бір дәлелі: жаратылыс жолы, онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр, білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе? Түзелуші мақсұтсыз, талапсыз түзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсұт шыға ала ма? Олардың және бір дәлелі — тұқымдастық жолы еді. Мұны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гөрі, жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Ондағы барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуаны болған. Ол заманда теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас. Хайуандар, адамдар бірі - бірінен туып, өзгерген дейді. Мұның тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бұл туралы ойымды айтайын. Ең түпкі жаратушы туралы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш cay ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрі мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды. Бұл жер, өсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мұның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сөйткен жерден өскен есімдік, хайуандар себептеріне, топырақ суы, ауасының өлшеуіне қарай біріне-бірі ұқсас, ұқсаңқыраған, тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің бұл сөзімді сынау үшін даладағы сортаңдау жердің балаусасын, сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп бұтаның бір арадағысының, ғана бірі - біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті, ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып, өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды. Бұл сөзімнің қорытындысы: тәмам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып, өзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ұқсастық бәрі бірінен-бірі туып, өзгергені жоқ. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне - бipi ұқсас не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр. Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайтa жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар. Бұл кезде бүкіл Куропа мойындап отырған сияқты, Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін. Оларға айтатыным: Дарвиннің нәсіл туралы, сайлап жоғарылау туралы айтқан сөздеріне сын жазған Германия туралы. Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан coң мені сөгулерің, қашпас деймін. Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да көбіне Еуропа ғалымдарының таласты сөздсрі болады. Оның, ішіндегі өз ойым қабылдағанын алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп өзіме өзім сенемін. Және өз ақылым ұнағанын жаңалап, қосқаным да бар. Мен пәленше-екем айтқаны дұрыс, онан асып ойлап не табамыз дегенді терең ойын құмға көміп, өз көзін өзі шұқып шығарғандық деймін. Жоғарыда магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс көру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әр түрлі жору айтқан Еуропа білімділерінің сөзі туралы менің ойым мынау, мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім: Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің, жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны. Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің, еркін билеу, түсі дәл келу — бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін. Мен жан жоқ өлген coң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген coң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатаң діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген coң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген coң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине, жанның өлген coң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек. Және ұждан-совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нана алмай, яғни ұждан — совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек. Оған (мұндай кісіге) ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны. Себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай, өстіп ұждан-совесть, жанның екі өміріне бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, зaң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы: ұждан-совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың eң зор жәрдемі. Үш анық дегенім міне осы.
08.12.2012 06:39 4733

 

Адамдағы нысап, әділет, мейірім үшеуін қосын айтқанда, мұсылманша ұждан, орысша совесть бар. Бұл не? Бұны істеп тұрған кім? Бұған жауап берушілер «адамшылық ары соны істеуді ұнатады» дейді. Менше, бұл жауап сол ұжданың солай қылғанды ұнатады деген болып шығады. Мен сол ұждан, совесть қайдан шығып тұр десем, оған жауап жоқ сияқты. Меніңше, совесть — жанның тілегі. Неге десеңіз, жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмайтын нәрсе, барған шын жоғарылайтын нәрсе. Сондықтан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады. Мәселен, таза дене, таза, толық мінез ой істерін керек қылады. Соның қатты бір керегі совесть — ұждан. Оны осы өмір үшін де керек қылады, соңғы өмір үшін де керек қылады. Себебі егер бұл өмір үшін ғана керек болса, ол не пайда, не мақтан үшін болады. Мәселен, атым қалсын, пәленше сондай кісі деп халың мені жақсы көрсін деген болады. Онан басқа жоруы жоқ. Себебі ол совестің иесі жан жоқ, артқы өмір жоқ деп отырса, соқыр табиғаттың жансыз жаратқан бір машинасы совесімен іс қылды не, қылмады не? Тәңір жарылқасын, алайын деудің де қисыны жоқ. Себебі ол тәңірі бар деп отырған жоқ. Соқыр, саңырау табиғат тәңір жарылқасынды естімейді, көрмейді. Менің таңырқайтыным — сол тәңірі жоқ деп отырғандар жасасын пәленше, жасасын пәлендей іс дейді. Бұл бұйрық па? тілек пе? Бұйрық болса кімге? Тілек болса кімнен? Менің ойымша, қанша айтып тәңіріні жоқ қыламын дегенімен, жанның сау ақылы тәңіріні мойнына салмай қоймайды. Бірақ дағдысынан оза алмай оны сезбейді. Жоғарыда жан жоқ деушілер жан миға біткен бір сипат, онан бөлінетін нәрсе емес дейді. Бұл сөз жанды таба алмай, орнын сипалаған сияқты. Себебі ми, жұлын электрия қуаттарын жинайтын лаео бөтелкесі, батарея сауыттары сияқты жанның тұрағы, ол бұзылса, электрия кеткен сияқты жан да кетеді. Жан адам өлген соң бір хайуанға кіріп, ол өлсе, тағы бір хайуанға кіріп жүреді деген сөздің дәлелі не екен?

Олай болғанда шыққан жан тағы бір денеге кіре ме? Жансыз денеге кіре ме? Егер жанды денеге кіреді десе, өз жанының бар-жоғын біле алмай жүргенде, оған тағы бір жанның не керегі бар? Егер жансызға жан болады десе, өлген адамның жаны тіпті жоғалмай, әр түрлі хайуан болып құбылып жүрген жоқ па? Қандай хайуанға жан болса да, ол жан өзін-өзі мен деп біліп жүрмей ме? Аяғында жан әр түрге түсіп, дүние тіршілігіндегі ісіне қарай не рахат, не бейнетте болады деген брахман дінінің сөзі болған жоқ па? Жан жоқ деушілердің және бір дәлелі — қайта айналыс жолы. Онысы бұл әлем қайта газ болып, онан сұйық болып, онан және салқындап, қатайып планета болады. Өйтіп қайта жаралғанда да жерде адам, хайуан, өсімдіктер болады. Ол кездегі әр нәрсеміз бұл өмірдегіге тіпті ұқсамайды. Бірақ ол өзгерістерде бізден сезім жоғалғандықтан, біз түк сезбейміз дейді. Бұл дәл діншілдердің күтіп жүрген қияметі. Және бір дәлелі: жаратылыс жолы, онысы бәрі жаратылыс себебімен жаралып жатқан соң, басқа бір жаратушы не керегі бар дегені ғой. Ол соқыр, білімсіз табиғатты біресе білімсіз ессіз қылып, біресе таңдаушы, жоғарылаушы қылып отырғанын көрдіңіз бе?

Түзелуші мақсұтсыз, талапсыз түзеле ала ма? Сезімсізден ерік, мақсұт шыға ала ма? Олардың және бір дәлелі — тұқымдастық жолы еді. Мұны жаратушы мен жан жоқ деген туралы дәлел қылудан гөрі, жаралыстың сыры туралы айту керек еді. Ондағы барша адам, хайуан, өсімдіктер басында су хайуаны болған. Ол заманда теңіз жерді орап алғандықтан, су хайуаны жерге шығып, сонан өзгерген және бір-біріне ұқсас. Хайуандар, адамдар бірі - бірінен туып, өзгерген дейді. Мұның тәңірі мен жан туралы керегі аз болса да, бұл туралы ойымды айтайын.

Ең түпкі жаратушы туралы болмаса, барша өсіп-өнгендерді түрлентіп шығарып жатқан жаралыс жолы екеніне еш cay ақыл таласпайды. Бірақ біріне-бірі ұқсағандардың бәрі мынау мынадан туып өзгерді дей беруді менің ақылым қабыл алмайды.

Бұл жер, өсімдік, хайуандар шығаруға жарарлық болғанға шейін мұның топырағы, суы барша заттарға әбден былжырақ болып араласқан, сөйткен жерден өскен есімдік, хайуандар себептеріне, топырақ суы, ауасының өлшеуіне қарай біріне-бірі ұқсас, ұқсаңқыраған, тіпті ұқсамаған болып өнген. Менің бұл сөзімді сынау үшін даладағы сортаңдау жердің балаусасын, сайдағы, өзен бойындағы өсімдік, шөп бұтаның бір арадағысының, ғана бірі - біріне ұқсағанын, ұқсаңқырағанын, тіпті, ұқсамағандарын көріп, солардың топырақ, су, ауа сияқты себептерін тексеріп қараңыз. Егер Дарвин мен Маиеннің сөзі дұрыс болса, ол өсімдіктер де бірінен бірі туып, өзгерген болып табылады. Меніңше, жылқы мен есектен қашыр туса да, екі жылқыдан қашыр тумайды. Бұл сөзімнің қорытындысы: тәмам барлықтың ата-анасы бір екені рас. Сонан туып, өзгеріп жатқаны да рас. Бірақ ұқсастық бәрі бірінен-бірі туып, өзгергені жоқ. Жаралған себептерінің ыңғайына қарай біріне - бipi ұқсас не ұқсаңқырап, не тіпті ұқсамай жаралып жатыр. Бұл сөзді маймылдан туғанға арланып айтып отырғаным жоқ, қайтa жаманнан жақсы туғанға қуанатын орным бар. Бұл кезде бүкіл Куропа мойындап отырған сияқты, Дарвин сөзіне қарсы дау айтқаныма орысша ғылым оқыған жастар тексермей, үстірт қарап, мені сөгуі мүмкін. Оларға айтатыным: Дарвиннің нәсіл туралы, сайлап жоғарылау туралы айтқан сөздеріне сын жазған Германия туралы. Дидвар Дортманның дарвинизм туралы жазған кітабын оқып, Дарвин мен Дидварды салыстырып салмақтап, сонан coң мені сөгулерің, қашпас деймін. Осы кітаптың аяқ жағында менің қай қорытындым болса да көбіне Еуропа ғалымдарының таласты сөздсрі болады. Оның, ішіндегі өз ойым қабылдағанын алып отырмын. Өз білімімше, сыңар езу болғаным жоқ деп өзіме өзім сенемін. Және өз ақылым ұнағанын жаңалап, қосқаным да бар. Мен пәленше-екем айтқаны дұрыс, онан асып ойлап не табамыз дегенді терең ойын құмға көміп, өз көзін өзі шұқып шығарғандық деймін. Жоғарыда магнетизм, спиритизм, телепатия, фахризм, лунатизм, түс көру сияқтылардың бәрі бір қуаттан шығады деп әр түрлі жору айтқан Еуропа білімділерінің сөзі туралы менің ойым мынау, мен жан да бар, жын да бар, адамның өз жанының қуаты да бар деймін. Дәлелім:

Шақырмаған жан келіп, кейде өзі пәленшенің, жаны екеніне нанарлық сөз айтатыны.

Шақырмаған кісіге бақсылық-дуаналық, фахризм, жындылық

Ұйқыда кезу, лунатизм, магнетизммен біреудің, еркін билеу, түсі дәл келу — бұл үш түрлісі үш бөлек қуаттың иесі болуға лайық. Оның бәрін бір-ақ қуаттан іздеу қате деймін.

Мен жан жоқ өлген coң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген coң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатаң діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу — ақыл ісі ме? Бір адам жанының өлген coң да жоғалмай, мұнан таза, жоғары болатынын ақылымен қабылдап нанса және бір адам жан өлген coң біржолата жоғалады деп таныса, осы екеуі өлерде есі дұрыс болып, өлерін біліп өлсе, екеуі не жаймен өледі? Әрине, жанның өлген coң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып, біржола жоғалдым-ау деп өлсе керек. Және ұждан-совесть жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай нана алмай, яғни ұждан — совесть құры ғана көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық пен қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.

Оған (мұндай кісіге) ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны. Себебі өлген соңғы жан өміріне нана алмай, өстіп ұждан-совесть, жанның екі өміріне бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, зaң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін мен жалғандық. Әйтпесе Жаратушыда білім бар, өлген coң да бір түрлі жан тіршілігі бар! Жанның екі өмірде де азығы: ұждан-совесть деумен ешкім де еш нәрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың eң зор жәрдемі.

Үш анық дегенім міне осы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға