Жаңалықтар

Маңғыстау энциклопедиясы

  Деректі органдар назарына: Түбекте туризмді дамытуға болады.   Облыс экономикасы негізінен мұнай, газ, минералды шикізат өндірумен, жартылай мал шаруашылығымен дамытылып келе жатқаны баршаға аян. Сонымен бірге соңғы жылдары баспасөз беттерінде көп жазылып жүргендей, өлкеде туризм индустриясын өркендету де болашағы бар іс дер едік.   Кей ретте туризмді тек курортта емделіп, демалу деп түсінетін жайлар бар. Расында да, туризмді бұл іспен сабақтастыра жүргізудің де орны бар. Ералиевтегі және Ақтау маңындағы сулар, Қияқты (Бозашыда) жеріндегі балшық ресурсы, Шопан Ата тұзы (аталған қорымның шығыс жақ бетінде 14 шақырым жерде) пайдаланылып та жүр. Бірақ Маңғыстауда туризмді дамыту үшін басты мәселе бұл ғана емес. Ол − жердің өзі, сол жердің бетіндегі табиғат, адамзат тарихымен сабақтасқан ескерткіштер мен объектілер.   Әр жер өзіндік бір әсемдікке ие. Көркем табиғатты жер қашан да адамға жақсы әсер етеді, оның миын тынықтырады, ойына күш беріп, шабыттандырады. Осыған орай қазіргі кезеңде ғылыми әдебиетте «шабыттандырушы ресурстар» (вдохновляющие ресурсы) деген термин қолданылып жүр. Оны эстетикалық ресурстар деп те атайды. Маңғыстау жері де осындай қасиеттен кенде емес. Өз территориясына шөл дала бедерінің барлық түрі − саз топырақты, шөлді, сорлы, тастақты, құмды алқаптар орналасқан Маңғыстауда күн, жел, судың әсер етуімен пайда болған төрткүл таулар, «ақтаулық қапылар», Үстірт шыңдары, тас мүсіндер, сондай-ақ үңгірлер мен кеуектер, оқшау жартастар, балшық шашатын вулкан − патлауықтар да кездеседі. Бұлардың түрінің, санының, мөлшерінің алуан түрлілігі Маңғыстау өлкесінің теңдессіз екендігін, яғни табиғи уникум екендігін дәлелдейді. Табиғат егерде көркем болса, газ бен мұнай сияқты экспорттық товарға айнала алады. Ол үшін тек туристік индустрияны өркендету керек. Маңғыстаудың Қазақстанның басқа шөлді аймақтарынан артықшылығы − теңізбен шектес болуы, жер бедерінің көп түрлілігі және тарихи ескерткіштердің көптігі. Қазақстанда тіркелген 25 мың ескерткіштің 10 мыңға жуығы Маңғыстауда, олар өте көп өзгеріске де түспеген. Маңғыстау мәдени жертарабының (культурный ландшафт) табиғи қабаты шөл даланың элементтерінен: өсімдіксіз жалаңаш жер бетіндегі шоқылардың, ойпаттардың, сорлар мен құмдардың, тік қабырғалы шыңдардың, сонымен қатар теңіз жағалауынан, үңгірлерден, төрткүлдерден, бұлақтардан тұрады. Ал мәдени қабатының негізін зираттар мен құдықтар, мешіттер мен ескі қорғандар, тас обалар, жеке молалар, археологиялық ескі қоныстар құрайды.   Құдық пен зират − көшпелі дүниенің негізгі тарихи «оқулығы». Халықтың тарихы, басынан өткен оқиғалары, әдебиеті мен аңыз-ертегілері негізінен осы құдықтарға, молаларға, бұлақтарға байланысты. Тіпті Маңғыстаудағы жер-су атауларының басым көпшілігі де осыларға байланысты. Мәдени жертарап тек қана жер бетінде бар ғана дүниелер емес, ол − адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынастың қазіргі процесі. Маңғыстау қазақтарының қазіргі мәдениеті ертедегі дай, ортағасырлық оғыз-түрікмен, қалмақ, ноғай, орыс мұраларымен бірге «туған жертараптық» (родной ландшафт) негізін құрап отыр, сонымен қатар бұған жаңа мәдениет те кіреді. Өлкеде «мекен еткен жеті жұрт» құдықтар мен зираттардан басқа да өздерінің «елестерін» қалдырып кеткен. Атап айтқанда: маңызды оқиғалар мен шайқас болған жерлер, атақты адамдардың (ақын-жыраулар, батырлар, билер) өміріне байланысты орындар және аңыз-әңгімелер мен ертегілерге арқау болған жерлер, керуен жолдары мен көш соқпақтары, көне жұрт орындары, құдықтар мен су бастары, төбелер, сайлар т.б.   Сонымен айтарымыз, біріншіден, тізіліп айтылған объектілерді түгелдей − үлкенді-кішілігіне, керекті-керексіздігіне, алыс-жақындығына, маңызды-маңызды еместігіне қарамастан есепке алып, олар төңірегінде өрбіген тарихи жәйттерді жинақтап, зерттеп, реті келсе, қалпына келтірген жөн. Екіншіден, бұлардың жинақталған сипаттарына (маңызы, сапасы, түрі, т.б.) қарай ресми мәртебе беру керек. Ол дегеніміз «мемлекеттік қорық», «тарихи ескерткіш» сияқты әртүрлі дәрежедегі (мемлекеттік, аймақтық, жергілікті) қорғауға алынған жерлер мен объектілер. Маңғыстау облысында құрылған осындай төрт объект − Үстірт қорығы, Ақтау − Бозашы және Қарағия − Қаракөл заказниктері, Маңғыстау − Үстірт тарихи ескерткіштерінің музей-қорығы өлкенің табиғи жағдайларын, тарихи мұраларын толық қамтымайды және оларды жекелей ашып көрсете алмайды, яғни жұртшылыққа бұл өңірді кеңінен насихаттай алмайды. Сондықтан облысқа да, республикаға да осындай объектілердің ұлттық жүйесі керек. Қарапайым тілмен айтқанда, Маңғыстау табиғатының әсем бұрыштары мен жеке табиғи денелерін, мәдени, археологиялық тарихын, сәулет өнері ескерткіштерін қорғауға алудың жергілікті, облыстық және жалпыұлттық деңгейдегі жаңа категориялары керек. Бұл іске шетелдердің, әсіресе, АҚШ-тың тәжірбиесін үлгі етуге болар еді. Құрама Штаттарда «ұлттық парктен» бастап, «ұлттық зират», «ұлттық мемориал», «ұлттық тарихи жер», «ұлттық шайқас болған жер», «ұлттық тарихи жол», «ұлттық теңіз жағалауы», «тарихи ескерткіш» сияқты тағы да басқа жиырмадан аса категорияларды біріктіретін жүйелер қалыптасқан. Міне, осы бағытпен Маңғыстауда да ұлттық дәрежеде тұтастық табатын объектілерді ұйымдастыруға әбден болар еді.   Халық арасында айтылып жүргеніндей, «түбекте 362 әулие бар екен». Мәселе олардың дәл санында емес, олардың бар екендігінде. Сондықтан осындай объектілер жөнделіп, қорғауға алынса, аса маңыздылары, құндылары облыстық, ұлттық деңгейде мәртебеге ие болса қандай керемет! Мәселен, Шақпақ Ата, Шопан Ата, Қараман Ата, Қаңға Баба, Дәніспан сияқты тарихи ескерткіштер өздерінің сәулеті жағынан да, тарихи құндылығы жөнінен де республикалық дәрежеге әбден лайық. Өйткені осылардың шығу тегінің өзі бірнеше жұрттың және бүкіл Түркістанның атақты адамы − Ахмет Ясауи есіміне байланысты. Бұларға «ұлттық тарихи ескерткіш» мәртебесін алып берсе, өте орынды болар еді. Ал «ұлттық зират» ретінде де төрт объектіні атар едік: Бейнеудегі Бекет Ата, Оғыландыдағы Бекет Ата, Шетпедегі Қамысбай, Үстірттегі Сейсем Ата. Алғашқы екеуі қазақ-адай халқы үшін қасиетті орын. Қамысбай − бүкіл қазақтың сәулет өнерінің ескерткіші, ал Сейсем Ата Маңғыстаулық қазақтардың өзіндік «пантеоны», яғни халықтың игі жақсылары жерленген орын. Осы зиратта батырлар, жыршы-ақындар, билердің біразы жерленген.   Жалпы айта кететін жайт, дүниежүзі елдерінде «қасиетті орындарда», яғни Мекке, Рим, Иерусалим, Лурд, Агра және басқа да көптеген орындарда жылына 200 миллион адам болып қайтады. Демек, бұл жерде басы ашық нәрсе «діни туризмнен» түсіп отырған табыстың өзі тау құрайды. Ал Маңғыстаудың «киелі жерлерін» қалыпқа келтіріп, жөндеп, қонақүй, талапқа сай жол салып, насихаттаған жағдайда, жүздеген мың турист пен «қажыны» қабылдауға толық мүмкіндігі бар-ау деген ой туындайды. Ендігі тоқталатынымыз − Маңғыстаудағы «ұлттық тарихи жерлер». Бұл мәртебеге «үміткер» үш жер бар − Қаратөбе, Дәніспан, Шерқала. Қаратөбеде 1918 жылдың 18 қыркүйегінде Ә. Жангелдиннің шақыруымен Маңғыстау халқы өкілдерінің жиыны өткен және осы маңда халық батыры Досан Тәжіұлының бейіті орналасқан. Ал Дәніспан тауы да бір үлкен жиылыстың өткізілген жері. Ол жиын белгілі азамат Тобанияз Әлниязовтың басшылығымен болған көрінеді. Аталған жерлердің әрқайсысының маңызы бар. Әрине, мұндай тарихи жерлер тізімі осымен бітіп қалмайды деп ойлаймыз.   Қырғынсай, Үшауыз, Босаға жерлерін де Маңғыстау қазақтары қасиетті жерлер деп есептейді. Өйткені бұл жерлерде ел тағдыры үшін бірнеше батырлардың қаны төгілген. Қырғынсайда (10 разъезд төңірегінде) 1832 жылдың қараша айында қазақтар мен хиуалық хан қолының арасында үлкен шайқас болған. Сүйінқара батыр бастаған сарбаздардың тең жарымы қаза табады. Сүйінқараға көмектескеннің ішінде Қаратоқай Беріш Құлбарақ батыр да бар. Түбек халқының тағдырына тікелей қатысы бар бұл жердің тарихы, біздіңше, кеңінен насихатталуы тиіс. Босаға да − үлкен шайқас өткен жердің бірі. Бұл шайқаста Балтеке мен Балуанияз қаза болып, осы жерге жерленген.   Маңғыстау шежіресінде Үшауыз құдығының да алатын орны ерекше. 1870 жылғы Иса, Досан, Орақ орыс отаршылдығына қарсы көтерілістің басталған жері осы. Бұл − қазақ тарихындағы Сырымнан, Исатай, Махамбеттен, Кенесарыдан кейінгі үлкен бас көтерудің бірі. Әттең, осы оқиға республикалық тарихи әдебиетте сирек насихатталады. Соның салдарынан кейінгі ұрпақ та көп білмейді. Үшауыз құдығының басында уезд приставы Рукин жасағы талқандалған. Аталмыш жер Сарытас шығанағының шығыс жағында, Таушықтың терістік шығысында 23 шақырымдай жерде.   Жалпы, өлкемізде шайқас болған жерлер көп, бірақ болған уақыты, дәл орны, қатысқан адамдар анықталмай, көбінесе ел есінде аңыз ретінде ғана сақталған. Бұған бір мысал − Шерқалаға байланысты оқиғалар. Аталған жерге «Ұлттық жергілікті шайқас даласы» мәртебесі беріліп, болашақта Куликово, Бородино, кейінгі Сапун-гора, Шипка сияқты мемориалдық кешендер салудың жолын қарастырса, үлкен игілікті шара боп шығар еді.   «Ұлттық теңіз жағалауы» мәртебесіне Кетік жағалауын, Сартас жағалауын қарастырған жөн сияқты. Маңғыстау даласында ұйымдастыруға тұрарлық шаралардың бірі − «ұлттық керуен жолы» мен «ұлттық жергілікті көш жолы» деген категорияларды енгізу. Маңғыстау арқылы Шығыс Европадан Азияға баратын ежелгі «Ұлы Жібек жолының» бір тармағы өткен. Айтылып отырған жол − қазіргі Форт-Шевченкодан Көне Үргенішке апаратын өткен ғасырда «Хиуа тракты» деп аталынған жол. Екіншісі — Түпқарғаннан Жем бойына жеткізетін «Адайдың көш жолы». Қазір осы жолдардың бойында елді мекендер, тарихи ескерткіштердің дені орналасқан және қазіргі автомобиль трассалары да ескі тарихи жолдардың біраз бөлігін басып өтіп жатыр. Тоқ етерін айтқанда, осы жолдардың керекті бөліктерін қалпына келтіріп, туристік маршруттарға пайдаланған дұрыс.   Ендігі бір тоқталатын жәйт − бұл көне «жұрттар», яғни өлкедегі қазіргі жоқ қыстаулардың, ауылдар мен колхоздардың орындары. Құрылыспен айналысып, қала салып әдеттенбеген дала көшпелілерінің ұрпағы үшін «кіндігін кескен үйдің орны» қасиетті болған. Өйткені дала адамының қалдырғаны − ата зираты мен құдықтар, сосын осы «көне» жұрт орны. Облыс қазақтарының арасында қолданылатын «жұртта қалмас» үшін өсиет етілген мұраға ие болуымыз керек. Олай етпеген күнде баяғы ауылдар: «Қызыл таң», «Жаңа еңбек», «Тоғыз балықшы» тағы басқа колхоз жұрттары мәңгі жоғалып кетуі әбден мүмкін. Түбек өңірі ертегі-аңыздарға өте бай. Ертедегі оғыз, кейінгі ноғай-түрікмен аңыздары күні бүгінге дейін жетіп жатыр. Бірақ жергілікті тұрғындар, әсіресе, 50-60-жылдардағы оқиғаларға қатысты аңыздарды тілге тиек етіп жіберген. Маната, Манашы, Күйкен ұшқан, Мерет, Құла ат, Шақпақ пен Шопан, Ақшора-Белтұран, Қаламқас, басқа да аңыздар осының айғағы. Басқалардың тәжірибелері бойынша аңыз-ертегілерді белгілі бір жерге тоқайластырудың үлкен пайдасы бар. Ол тіпті экономикалық жағынан да пайда әкеледі. Аңыздар, оған қатысты жазушылардың туындылары талай жердің атын шығарып, сол өңірді туристердің «Меккесіне» айналдыруға үлестерін қосқан. Оған мысал − ағайынды Гриммдердің «Бремені», Дюманың «Иф қамалы», Байронның «Шильон түрмесі», Джек Лондонның «Аляскасы».   Ал біздің Маңғыстау аңыздарын да солай жинақтап, керек жерінде өңдеп, аздап «қосып» (модернизациялап) алуымызға, сөйтіп, туристік мақсатқа пайдалануымызға неге болмасқа? Теңіз жағалауындағы территориялар (Сарытас пен Түпқарағаннан басқасы) тек жазғы демалыс аймақтарын ұйымдастыруға лайық. Ал Үстірттің аталған аймақтарын табиғат және тарихи ескерткіштер қорығына немесе ұлттық (жергілікті, облыстық, табиғат, жертараптық) парктерге айналдыруға болады. Таулы Маңғыстауды Сарытас пен Түпқараған учаскелерінде екі бағытта да (демалыс пен туризм) пайдалануға жарайды. Таушық — Сарытас аймағы; Дәніспан тауы, Қошақ теңіз жазығы, Апажар аңғары, Қумақапы және Тарлықапы сияқты үлкен сайлары мен жыралардан, басқа да географиялық жер бедерінен тұрады. Бұл өңірде тарихи объектілер аз емес. Мәселен, Шақпақ Ата, Кенді Баба, Дәніспан некропольдері, Таушық маңынан табылған неолит, Шақпақ Ата төңірегіндегі палеолит қоныстары (А.Г.Медоев бұларға «Шақпақ Атадағы тас ғасыры мәдениеті» деп ғылыми атау берген). Сондай-ақ теңіз жағалауынан табылған құрылыстар, т.б. Тарихи жерлер − Үшауыз бен Дәніспан да осында. Халық аңыздарына байланысты жерлер (Қошақ, Апажар) де жетерлік. 1940-50 жылдары жұмыс істеген Сарытас − Таушық тар табанды теміржолын туристік мақсат үшін қайта қалпына келтіруге болады. Сондықтан Ақтау − Бозашы заказнигінің мәртебесін өзгерту жолдарын қарастырған жөн. Доңғада мұнай өңдеу заводының салына бастайтынын ескерсек, осы аймақты туризм мақсатына пайдалануға толық мүмкіндік туады деп ойлаймыз.   Енді бір басты аймақ − Шерқала төңірегі. Шерқала, Айрақты тауларын, Батыс Қаратау сілемдерін, Көгез аңғары мен Иір Күркіреуік жазығын, Ақмыш «тарихи» бағын біріктіретін бұл аймақтың жер бедерінің формалары төрткүлдер, мұнара — таулар, үңгір — кеуектер, алып тас — шарларды пайдалануға болады.   Адамзат мұраларынан ортағасырлық Қызылқаланы және Айрақтыдан табылған оғыз қамалының орындарын, Темір-Абдал (онда аңыз бойынша, атақты Дәніспан молда жерленген) зиратын айтып өткен жөн. Айрақты тауының шығыс жақ беткейіндегі жартастағы жазуды кезінде Медоев зерттеу объектісі ретінде сипаттап жазған болатын. Осылардан басқа бұл аймақта көптеген жеке молалар бар, арасында «киелілері» де (Шілкөз әулие, Есімқұл) кездеседі. Маңғыстаудың ең көне аңыздары, әсіресе, Шерқалаға байланысты, осы жерге қатысты көбірек айтылады. Бұл жерлер, сондай-ақ Н.Андрусов, Р. Карутиц, Т. Шевченко, Б. Залесский, көріпкел Есімқұл, ақындар Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы секілді белгілі адамдардың есімдерімен тығыз байланысты. Шерқала біршама уақыт Жошы ханның резиденциясы болды-мыс деген әңгімелер де шындықтан тысқары болмаса керек.   Өрмелі аймағы, яғни 10 разъезден Сейсем Атаға дейінгі алқап − Қайдақ сорының бөлігін, Үстірттің терістік батыс кемерін, бірқатар бұлақтар (Өрмелі, Егіз бұлақ, Сарқыражантық) мен құдықтарды қамтиды. XX ғасырдың 29-30-жылдарына дейін Қайдақ сорының теңіз шығанағы болғаны мәлім. Соның әсерінен көш жолдары осы жерлерден өтіп жатқан. Тарихи жерлер мен объектілерден негізгілері − Сейсем Ата, Бүркітші зираттары. Маната маңындағы неолит аңшыларының құрылыс орындары, 1834-1846 жылдарда болған Новоалександровск бекінісінің орны және айтылып өткен Қырғынсай. Соған жақын төңіректе Уәлі зираты мен Бәйті археологиялық қонысы орналасқан. Дәл осылайша Тұщыбек, Манашы, Көкесем, Бесоқты, басқа да алқаптарға жалпы сипаттама беруге болады. Ал жан-жақты зерттеп, экономикалық негіздеуді мамандардың үлесіне қалдырайық. Туризмді дамыту үшін аталған шараларды бүкіл халық болып қолға алу керек. Халықтың ұрпақтан-ұрпаққа аманат етілген мұрасын біліп қана қоймай, оны іске жарату керек.   Француз ғалымы П. Дефер туристік ресурстардың бір тобына туристерді қызықтыратын адам ісінің барлық түрін кіргізеді. Бұл топқа адамның өзі, оның өмірі, әдет-ғұрпы, сосын шаруашылықтың ескі, жойылып бара жатқан түрлері кіреді. Бұл көне еңбек түрлерін (құдық қазу, ұсталық, мал шаруашылығына байланысты − атқа бас білдіру, қырқым, бұдан басқа киіз, ағаш, тері, сүйек, тас, темір бұйымдарынан қолөнер мен зергерлікті таныстыру, тіпті оны сахналық) жүйемен келгендерге көрсету деген сөз. Сонымен бірге осы топқа ұлттық салт-дәстүрлер, фольклор, ұлттық киімдер мен ұлттық музыка, аспаздық өнері де кіреді. Яғни сырттан туристерді тарту үшін ғасырлар бойы Евро-Азия халықтары қалыптастырған «көшпелі» стереотипін, көшпелі әлем образын жасанды түрде көрсету қажет. Қысқасы, біздің Маңғыстаудың келбетінен, туған жертарабынан дала лебі соғып тұруы тиіс. Маңғыстау республиканың басқа облыстарына қарағанда өзінің сыртқы келбетін біршама жақсы сақтай алған. Бұған жер-су атауларының көбінің сол күйінде сақталуы, жер бедерінің сыртқы пішінінің өзгермеуі дәлел. Мұндағы халықтың тұрақты болуы, сырттан келген басқа этностардың тек қалалық жерде тұруға бейімделуі жертараптық өзгерістердің соншалықты көп болмауына игі әсерін тигізуде.   Дегенмен, өлкенің өткенін жинастыру, әсемдігін көре білу, туған жердің қайталанбас табиғат туындылары мен ескерткіштерін жөндеу, ақыр аяғы Маңғыстау энциклопедиясы мен Атласын жасау − қазіргі басты міндетке айналып отыр. Жердің әдемілігі мәдениетпен бірге дамуға тиіс, ал мәдениеттің дамуы туған жердің эстетикалық байлықтарын сақтап, көбейтпейінше ешқашан мүмкін болмайды. Өйткені халық шығармашылығының қайнар көзі де, болашақ экономикалық гүлденудің негізі де − осы туған жер! Қазақ Мемлекеттік университеті география факультетінің 5-курс студенті, «Маңғыстау» газеті, 1991 жыл, 3 шілде  
08.12.2012 06:36 9761

 

Деректі органдар назарына: Түбекте туризмді дамытуға болады.
 
Облыс экономикасы негізінен мұнай, газ, минералды шикізат өндірумен, жартылай мал шаруашылығымен дамытылып келе жатқаны баршаға аян. Сонымен бірге соңғы жылдары баспасөз беттерінде көп жазылып жүргендей, өлкеде туризм индустриясын өркендету де болашағы бар іс дер едік.
 
Кей ретте туризмді тек курортта емделіп, демалу деп түсінетін жайлар бар. Расында да, туризмді бұл іспен сабақтастыра жүргізудің де орны бар. Ералиевтегі және Ақтау маңындағы сулар, Қияқты (Бозашыда) жеріндегі балшық ресурсы, Шопан Ата тұзы (аталған қорымның шығыс жақ бетінде 14 шақырым жерде) пайдаланылып та жүр.
Бірақ Маңғыстауда туризмді дамыту үшін басты мәселе бұл ғана емес. Ол − жердің өзі, сол жердің бетіндегі табиғат, адамзат тарихымен сабақтасқан ескерткіштер мен объектілер.
 
Әр жер өзіндік бір әсемдікке ие. Көркем табиғатты жер қашан да адамға жақсы әсер етеді, оның миын тынықтырады, ойына күш беріп, шабыттандырады. Осыған орай қазіргі кезеңде ғылыми әдебиетте «шабыттандырушы ресурстар» (вдохновляющие ресурсы) деген термин қолданылып жүр. Оны эстетикалық ресурстар деп те атайды. Маңғыстау жері де осындай қасиеттен кенде емес. Өз территориясына шөл дала бедерінің барлық түрі − саз топырақты, шөлді, сорлы, тастақты, құмды алқаптар орналасқан Маңғыстауда күн, жел, судың әсер етуімен пайда болған төрткүл таулар, «ақтаулық қапылар», Үстірт шыңдары, тас мүсіндер, сондай-ақ үңгірлер мен кеуектер, оқшау жартастар, балшық шашатын вулкан − патлауықтар да кездеседі. Бұлардың түрінің, санының, мөлшерінің алуан түрлілігі Маңғыстау өлкесінің теңдессіз екендігін, яғни табиғи уникум екендігін дәлелдейді. Табиғат егерде көркем болса, газ бен мұнай сияқты экспорттық товарға айнала алады. Ол үшін тек туристік индустрияны өркендету керек.
Маңғыстаудың Қазақстанның басқа шөлді аймақтарынан артықшылығы − теңізбен шектес болуы, жер бедерінің көп түрлілігі және тарихи ескерткіштердің көптігі. Қазақстанда тіркелген 25 мың ескерткіштің 10 мыңға жуығы Маңғыстауда, олар өте көп өзгеріске де түспеген. Маңғыстау мәдени жертарабының (культурный ландшафт) табиғи қабаты шөл даланың элементтерінен: өсімдіксіз жалаңаш жер бетіндегі шоқылардың, ойпаттардың, сорлар мен құмдардың, тік қабырғалы шыңдардың, сонымен қатар теңіз жағалауынан, үңгірлерден, төрткүлдерден, бұлақтардан тұрады. Ал мәдени қабатының негізін зираттар мен құдықтар, мешіттер мен ескі қорғандар, тас обалар, жеке молалар, археологиялық ескі қоныстар құрайды.
 
Құдық пен зират − көшпелі дүниенің негізгі тарихи «оқулығы». Халықтың тарихы, басынан өткен оқиғалары, әдебиеті мен аңыз-ертегілері негізінен осы құдықтарға, молаларға, бұлақтарға байланысты. Тіпті Маңғыстаудағы жер-су атауларының басым көпшілігі де осыларға байланысты. Мәдени жертарап тек қана жер бетінде бар ғана дүниелер емес, ол − адам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынастың қазіргі процесі. Маңғыстау қазақтарының қазіргі мәдениеті ертедегі дай, ортағасырлық оғыз-түрікмен, қалмақ, ноғай, орыс мұраларымен бірге «туған жертараптық» (родной ландшафт) негізін құрап отыр, сонымен қатар бұған жаңа мәдениет те кіреді. Өлкеде «мекен еткен жеті жұрт» құдықтар мен зираттардан басқа да өздерінің «елестерін» қалдырып кеткен. Атап айтқанда: маңызды оқиғалар мен шайқас болған жерлер, атақты адамдардың (ақын-жыраулар, батырлар, билер) өміріне байланысты орындар және аңыз-әңгімелер мен ертегілерге арқау болған жерлер, керуен жолдары мен көш соқпақтары, көне жұрт орындары, құдықтар мен су бастары, төбелер, сайлар т.б.
 
Сонымен айтарымыз, біріншіден, тізіліп айтылған объектілерді түгелдей − үлкенді-кішілігіне, керекті-керексіздігіне, алыс-жақындығына, маңызды-маңызды еместігіне қарамастан есепке алып, олар төңірегінде өрбіген тарихи жәйттерді жинақтап, зерттеп, реті келсе, қалпына келтірген жөн. Екіншіден, бұлардың жинақталған сипаттарына (маңызы, сапасы, түрі, т.б.) қарай ресми мәртебе беру керек. Ол дегеніміз «мемлекеттік қорық», «тарихи ескерткіш» сияқты әртүрлі дәрежедегі (мемлекеттік, аймақтық, жергілікті) қорғауға алынған жерлер мен объектілер. Маңғыстау облысында құрылған осындай төрт объект − Үстірт қорығы, Ақтау − Бозашы және Қарағия − Қаракөл заказниктері, Маңғыстау − Үстірт тарихи ескерткіштерінің музей-қорығы өлкенің табиғи жағдайларын, тарихи мұраларын толық қамтымайды және оларды жекелей ашып көрсете алмайды, яғни жұртшылыққа бұл өңірді кеңінен насихаттай алмайды. Сондықтан облысқа да, республикаға да осындай объектілердің ұлттық жүйесі керек. Қарапайым тілмен айтқанда, Маңғыстау табиғатының әсем бұрыштары мен жеке табиғи денелерін, мәдени, археологиялық тарихын, сәулет өнері ескерткіштерін қорғауға алудың жергілікті, облыстық және жалпыұлттық деңгейдегі жаңа категориялары керек. Бұл іске шетелдердің, әсіресе, АҚШ-тың тәжірбиесін үлгі етуге болар еді. Құрама Штаттарда «ұлттық парктен» бастап, «ұлттық зират», «ұлттық мемориал», «ұлттық тарихи жер», «ұлттық шайқас болған жер», «ұлттық тарихи жол», «ұлттық теңіз жағалауы», «тарихи ескерткіш» сияқты тағы да басқа жиырмадан аса категорияларды біріктіретін жүйелер қалыптасқан. Міне, осы бағытпен Маңғыстауда да ұлттық дәрежеде тұтастық табатын объектілерді ұйымдастыруға әбден болар еді.
 
Халық арасында айтылып жүргеніндей, «түбекте 362 әулие бар екен». Мәселе олардың дәл санында емес, олардың бар екендігінде. Сондықтан осындай объектілер жөнделіп, қорғауға алынса, аса маңыздылары, құндылары облыстық, ұлттық деңгейде мәртебеге ие болса қандай керемет! Мәселен, Шақпақ Ата, Шопан Ата, Қараман Ата, Қаңға Баба, Дәніспан сияқты тарихи ескерткіштер өздерінің сәулеті жағынан да, тарихи құндылығы жөнінен де республикалық дәрежеге әбден лайық. Өйткені осылардың шығу тегінің өзі бірнеше жұрттың және бүкіл Түркістанның атақты адамы − Ахмет Ясауи есіміне байланысты. Бұларға «ұлттық тарихи ескерткіш» мәртебесін алып берсе, өте орынды болар еді. Ал «ұлттық зират» ретінде де төрт объектіні атар едік: Бейнеудегі Бекет Ата, Оғыландыдағы Бекет Ата, Шетпедегі Қамысбай, Үстірттегі Сейсем Ата. Алғашқы екеуі қазақ-адай халқы үшін қасиетті орын. Қамысбай − бүкіл қазақтың сәулет өнерінің ескерткіші, ал Сейсем Ата Маңғыстаулық қазақтардың өзіндік «пантеоны», яғни халықтың игі жақсылары жерленген орын. Осы зиратта батырлар, жыршы-ақындар, билердің біразы жерленген.
 
Жалпы айта кететін жайт, дүниежүзі елдерінде «қасиетті орындарда», яғни Мекке, Рим, Иерусалим, Лурд, Агра және басқа да көптеген орындарда жылына 200 миллион адам болып қайтады. Демек, бұл жерде басы ашық нәрсе «діни туризмнен» түсіп отырған табыстың өзі тау құрайды. Ал Маңғыстаудың «киелі жерлерін» қалыпқа келтіріп, жөндеп, қонақүй, талапқа сай жол салып, насихаттаған жағдайда, жүздеген мың турист пен «қажыны» қабылдауға толық мүмкіндігі бар-ау деген ой туындайды.
Ендігі тоқталатынымыз − Маңғыстаудағы «ұлттық тарихи жерлер». Бұл мәртебеге «үміткер» үш жер бар − Қаратөбе, Дәніспан, Шерқала. Қаратөбеде 1918 жылдың 18 қыркүйегінде Ә. Жангелдиннің шақыруымен Маңғыстау халқы өкілдерінің жиыны өткен және осы маңда халық батыры Досан Тәжіұлының бейіті орналасқан. Ал Дәніспан тауы да бір үлкен жиылыстың өткізілген жері. Ол жиын белгілі азамат Тобанияз Әлниязовтың басшылығымен болған көрінеді. Аталған жерлердің әрқайсысының маңызы бар. Әрине, мұндай тарихи жерлер тізімі осымен бітіп қалмайды деп ойлаймыз.
 
Қырғынсай, Үшауыз, Босаға жерлерін де Маңғыстау қазақтары қасиетті жерлер деп есептейді. Өйткені бұл жерлерде ел тағдыры үшін бірнеше батырлардың қаны төгілген. Қырғынсайда (10 разъезд төңірегінде) 1832 жылдың қараша айында қазақтар мен хиуалық хан қолының арасында үлкен шайқас болған. Сүйінқара батыр бастаған сарбаздардың тең жарымы қаза табады. Сүйінқараға көмектескеннің ішінде Қаратоқай Беріш Құлбарақ батыр да бар. Түбек халқының тағдырына тікелей қатысы бар бұл жердің тарихы, біздіңше, кеңінен насихатталуы тиіс. Босаға да − үлкен шайқас өткен жердің бірі. Бұл шайқаста Балтеке мен Балуанияз қаза болып, осы жерге жерленген.
 
Маңғыстау шежіресінде Үшауыз құдығының да алатын орны ерекше. 1870 жылғы Иса, Досан, Орақ орыс отаршылдығына қарсы көтерілістің басталған жері осы. Бұл − қазақ тарихындағы Сырымнан, Исатай, Махамбеттен, Кенесарыдан кейінгі үлкен бас көтерудің бірі. Әттең, осы оқиға республикалық тарихи әдебиетте сирек насихатталады. Соның салдарынан кейінгі ұрпақ та көп білмейді. Үшауыз құдығының басында уезд приставы Рукин жасағы талқандалған. Аталмыш жер Сарытас шығанағының шығыс жағында, Таушықтың терістік шығысында 23 шақырымдай жерде.
 
Жалпы, өлкемізде шайқас болған жерлер көп, бірақ болған уақыты, дәл орны, қатысқан адамдар анықталмай, көбінесе ел есінде аңыз ретінде ғана сақталған. Бұған бір мысал − Шерқалаға байланысты оқиғалар. Аталған жерге «Ұлттық жергілікті шайқас даласы» мәртебесі беріліп, болашақта Куликово, Бородино, кейінгі Сапун-гора, Шипка сияқты мемориалдық кешендер салудың жолын қарастырса, үлкен игілікті шара боп шығар еді.
 
«Ұлттық теңіз жағалауы» мәртебесіне Кетік жағалауын, Сартас жағалауын қарастырған жөн сияқты. Маңғыстау даласында ұйымдастыруға тұрарлық шаралардың бірі − «ұлттық керуен жолы» мен «ұлттық жергілікті көш жолы» деген категорияларды енгізу. Маңғыстау арқылы Шығыс Европадан Азияға баратын ежелгі «Ұлы Жібек жолының» бір тармағы өткен. Айтылып отырған жол − қазіргі Форт-Шевченкодан Көне Үргенішке апаратын өткен ғасырда «Хиуа тракты» деп аталынған жол. Екіншісі — Түпқарғаннан Жем бойына жеткізетін «Адайдың көш жолы». Қазір осы жолдардың бойында елді мекендер, тарихи ескерткіштердің дені орналасқан және қазіргі автомобиль трассалары да ескі тарихи жолдардың біраз бөлігін басып өтіп жатыр. Тоқ етерін айтқанда, осы жолдардың керекті бөліктерін қалпына келтіріп, туристік маршруттарға пайдаланған дұрыс.
 
Ендігі бір тоқталатын жәйт − бұл көне «жұрттар», яғни өлкедегі қазіргі жоқ қыстаулардың, ауылдар мен колхоздардың орындары. Құрылыспен айналысып, қала салып әдеттенбеген дала көшпелілерінің ұрпағы үшін «кіндігін кескен үйдің орны» қасиетті болған. Өйткені дала адамының қалдырғаны − ата зираты мен құдықтар, сосын осы «көне» жұрт орны. Облыс қазақтарының арасында қолданылатын «жұртта қалмас» үшін өсиет етілген мұраға ие болуымыз керек. Олай етпеген күнде баяғы ауылдар: «Қызыл таң», «Жаңа еңбек», «Тоғыз балықшы» тағы басқа колхоз жұрттары мәңгі жоғалып кетуі әбден мүмкін.
Түбек өңірі ертегі-аңыздарға өте бай. Ертедегі оғыз, кейінгі ноғай-түрікмен аңыздары күні бүгінге дейін жетіп жатыр. Бірақ жергілікті тұрғындар, әсіресе, 50-60-жылдардағы оқиғаларға қатысты аңыздарды тілге тиек етіп жіберген. Маната, Манашы, Күйкен ұшқан, Мерет, Құла ат, Шақпақ пен Шопан, Ақшора-Белтұран, Қаламқас, басқа да аңыздар осының айғағы. Басқалардың тәжірибелері бойынша аңыз-ертегілерді белгілі бір жерге тоқайластырудың үлкен пайдасы бар. Ол тіпті экономикалық жағынан да пайда әкеледі. Аңыздар, оған қатысты жазушылардың туындылары талай жердің атын шығарып, сол өңірді туристердің «Меккесіне» айналдыруға үлестерін қосқан. Оған мысал − ағайынды Гриммдердің «Бремені», Дюманың «Иф қамалы», Байронның «Шильон түрмесі», Джек Лондонның «Аляскасы».
 
Ал біздің Маңғыстау аңыздарын да солай жинақтап, керек жерінде өңдеп, аздап «қосып» (модернизациялап) алуымызға, сөйтіп, туристік мақсатқа пайдалануымызға неге болмасқа? Теңіз жағалауындағы территориялар (Сарытас пен Түпқарағаннан басқасы) тек жазғы демалыс аймақтарын ұйымдастыруға лайық. Ал Үстірттің аталған аймақтарын табиғат және тарихи ескерткіштер қорығына немесе ұлттық (жергілікті, облыстық, табиғат, жертараптық) парктерге айналдыруға болады. Таулы Маңғыстауды Сарытас пен Түпқараған учаскелерінде екі бағытта да (демалыс пен туризм) пайдалануға жарайды. Таушық — Сарытас аймағы; Дәніспан тауы, Қошақ теңіз жазығы, Апажар аңғары, Қумақапы және Тарлықапы сияқты үлкен сайлары мен жыралардан, басқа да географиялық жер бедерінен тұрады. Бұл өңірде тарихи объектілер аз емес. Мәселен, Шақпақ Ата, Кенді Баба, Дәніспан некропольдері, Таушық маңынан табылған неолит, Шақпақ Ата төңірегіндегі палеолит қоныстары (А.Г.Медоев бұларға «Шақпақ Атадағы тас ғасыры мәдениеті» деп ғылыми атау берген). Сондай-ақ теңіз жағалауынан табылған құрылыстар, т.б. Тарихи жерлер − Үшауыз бен Дәніспан да осында. Халық аңыздарына байланысты жерлер (Қошақ, Апажар) де жетерлік. 1940-50 жылдары жұмыс істеген Сарытас − Таушық тар табанды теміржолын туристік мақсат үшін қайта қалпына келтіруге болады. Сондықтан Ақтау − Бозашы заказнигінің мәртебесін өзгерту жолдарын қарастырған жөн. Доңғада мұнай өңдеу заводының салына бастайтынын ескерсек, осы аймақты туризм мақсатына пайдалануға толық мүмкіндік туады деп ойлаймыз.
 
Енді бір басты аймақ − Шерқала төңірегі. Шерқала, Айрақты тауларын, Батыс Қаратау сілемдерін, Көгез аңғары мен Иір Күркіреуік жазығын, Ақмыш «тарихи» бағын біріктіретін бұл аймақтың жер бедерінің формалары төрткүлдер, мұнара — таулар, үңгір — кеуектер, алып тас — шарларды пайдалануға болады.
 
Адамзат мұраларынан ортағасырлық Қызылқаланы және Айрақтыдан табылған оғыз қамалының орындарын, Темір-Абдал (онда аңыз бойынша, атақты Дәніспан молда жерленген) зиратын айтып өткен жөн. Айрақты тауының шығыс жақ беткейіндегі жартастағы жазуды кезінде Медоев зерттеу объектісі ретінде сипаттап жазған болатын. Осылардан басқа бұл аймақта көптеген жеке молалар бар, арасында «киелілері» де (Шілкөз әулие, Есімқұл) кездеседі. Маңғыстаудың ең көне аңыздары, әсіресе, Шерқалаға байланысты, осы жерге қатысты көбірек айтылады. Бұл жерлер, сондай-ақ Н.Андрусов, Р. Карутиц, Т. Шевченко, Б. Залесский, көріпкел Есімқұл, ақындар Қашаған Күржіманұлы, Аралбай Оңғарбекұлы секілді белгілі адамдардың есімдерімен тығыз байланысты. Шерқала біршама уақыт Жошы ханның резиденциясы болды-мыс деген әңгімелер де шындықтан тысқары болмаса керек.
 
Өрмелі аймағы, яғни 10 разъезден Сейсем Атаға дейінгі алқап − Қайдақ сорының бөлігін, Үстірттің терістік батыс кемерін, бірқатар бұлақтар (Өрмелі, Егіз бұлақ, Сарқыражантық) мен құдықтарды қамтиды. XX ғасырдың 29-30-жылдарына дейін Қайдақ сорының теңіз шығанағы болғаны мәлім. Соның әсерінен көш жолдары осы жерлерден өтіп жатқан. Тарихи жерлер мен объектілерден негізгілері − Сейсем Ата, Бүркітші зираттары. Маната маңындағы неолит аңшыларының құрылыс орындары, 1834-1846 жылдарда болған Новоалександровск бекінісінің орны және айтылып өткен Қырғынсай. Соған жақын төңіректе Уәлі зираты мен Бәйті археологиялық қонысы орналасқан. Дәл осылайша Тұщыбек, Манашы, Көкесем, Бесоқты, басқа да алқаптарға жалпы сипаттама беруге болады. Ал жан-жақты зерттеп, экономикалық негіздеуді мамандардың үлесіне қалдырайық.
Туризмді дамыту үшін аталған шараларды бүкіл халық болып қолға алу керек. Халықтың ұрпақтан-ұрпаққа аманат етілген мұрасын біліп қана қоймай, оны іске жарату керек.
 
Француз ғалымы П. Дефер туристік ресурстардың бір тобына туристерді қызықтыратын адам ісінің барлық түрін кіргізеді. Бұл топқа адамның өзі, оның өмірі, әдет-ғұрпы, сосын шаруашылықтың ескі, жойылып бара жатқан түрлері кіреді. Бұл көне еңбек түрлерін (құдық қазу, ұсталық, мал шаруашылығына байланысты − атқа бас білдіру, қырқым, бұдан басқа киіз, ағаш, тері, сүйек, тас, темір бұйымдарынан қолөнер мен зергерлікті таныстыру, тіпті оны сахналық) жүйемен келгендерге көрсету деген сөз. Сонымен бірге осы топқа ұлттық салт-дәстүрлер, фольклор, ұлттық киімдер мен ұлттық музыка, аспаздық өнері де кіреді. Яғни сырттан туристерді тарту үшін ғасырлар бойы Евро-Азия халықтары қалыптастырған «көшпелі» стереотипін, көшпелі әлем образын жасанды түрде көрсету қажет. Қысқасы, біздің Маңғыстаудың келбетінен, туған жертарабынан дала лебі соғып тұруы тиіс.
Маңғыстау республиканың басқа облыстарына қарағанда өзінің сыртқы келбетін біршама жақсы сақтай алған. Бұған жер-су атауларының көбінің сол күйінде сақталуы, жер бедерінің сыртқы пішінінің өзгермеуі дәлел. Мұндағы халықтың тұрақты болуы, сырттан келген басқа этностардың тек қалалық жерде тұруға бейімделуі жертараптық өзгерістердің соншалықты көп болмауына игі әсерін тигізуде.
 
Дегенмен, өлкенің өткенін жинастыру, әсемдігін көре білу, туған жердің қайталанбас табиғат туындылары мен ескерткіштерін жөндеу, ақыр аяғы Маңғыстау энциклопедиясы мен Атласын жасау − қазіргі басты міндетке айналып отыр. Жердің әдемілігі мәдениетпен бірге дамуға тиіс, ал мәдениеттің дамуы туған жердің эстетикалық байлықтарын сақтап, көбейтпейінше ешқашан мүмкін болмайды. Өйткені халық шығармашылығының қайнар көзі де, болашақ экономикалық гүлденудің негізі де − осы туған жер!
Қазақ Мемлекеттік университеті география факультетінің 5-курс студенті, «Маңғыстау» газеті, 1991 жыл, 3 шілде
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға