Жаңалықтар

Ақын даңқы

    Биылғы жыл – туысқан Украина халқы үшін, бүкіл прогресшіл адамзат үшін торқалы той жылы. Ұлы ақын Тарас Шевченконың туғанына 150 жыл толды. Жуырда Киевте ұлы кобзарьдің мүшел тойына арналған бүкіл дүние жүзілік форум өтті. Онда үнді жазушысы Сунити Кумар Чаттерджи, итальян жазушысы Джанкарло Вигорели, поляк жазушысы Ярослав Ивашкевич, американ жазушысы Рокуэл Кенттермен бірге қазақ ақыны Тайыр Жароков сөз сөйледі. Төменде сол сөзді кейбір қысқартулармен жариялап отырмыз.   Мен, ақын, суретші, революционер, демократ, ойшыл, гуманист Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына 150 жыл толуына арналған ұлы форумда сөйлеп тұрғаныма өте қуаныштымын.   Тарас жері, Украина елі, мен сендерге сонау бір дара жамылған қапас жылдарда сенің дана ұлың он жыл өмір сүріп, солдаттың сабылма қиын қызметінен кейін ойланған толғанған мекені – қазақ жерінің, қазақ елінің атынан иіліп тәжім етемін.   Менің халқым оның атын өз ұлындай аялап, ез ұлындай ардақтайды.   Тарас болған жер тым ажарсыз еді. Құлазыған ду дала, қуарған сұр тастар, қу, жантақ пен сілті жусан.   Ол кезде менің халқым да жыртық-жабық жарлы еді. Бірақ Тарас өгей атанған жоқ. Менің жерімнен ол ая да, сая да тапты.   Ол менің есесі кеткен халқымды елжірей сүйді. Менің халқым оның махаббатына махаббатпен жауап берді.   Оны қазақтар Таразы ақын атады. Таразы – қазақша да, терезы – украинша, екеуінің мағынасы бір. Менің халқым Таразыдай әділ ақын жайлы талай-талай аңыз айтады.   Патшадан тек тартқан ауыр жазаны, Ақын Тарас құлағымда сазы әлі... Күңіреніп толқынымен Каспийдің Қуғын көріп, мәлім шеккен азабы. Маңғыстауға қуылып кеп жүрсе де, Сүйген оны қырдың далың қазағы.   Оны менің бір кезде езгідегі елім сүйді. Бүгін азат елім атын ардақтап аспанға көтереді. Оның айдауда болған жерінде ақын атындағы – Форт Шевченко даласы бар, республика көркемсурет галереясы, қалаларымыздың сан көшелері, колхоздарымыз бен совхоздарымыз, мектептеріміз бен кітапханаларымыз соның есімімен аталады.   Мен Маңғыстауда болдым. Қайғы-қасірет түбегі қазір қазына түбегіне айналды. Кешегі елсіз түзде көкке мұнай шапшып, жада далалар бой түзеуде.   Мен Тарас Шевченко жүрген жерді аралағанда қасымда Ұлы Кобзарьдің өзі келе жатқандай сезімде болдым. Оған халқымның қайта оралған бақыты жайлы жырлағым келіп кетті.   Украинаның ақын бұлбұл Тарасы, Оянып бір Маңғыстауға қарашы! Тасты жара, тасқын ата мұнайы Құлпырып-ақ кетті қазақ даласы. Сенің отты өлеңің қол бұлғап бір, Кең даламның үстінде күй толғап тұр. Абай жырын тыңдағандай Днепр, Тарас жырын кәрі Каспий тыңдап тұр.   Мен Шевченконың күйлі-сазды, ойлы-сырлы өлеңіне бала жасымнан ғашықпын. Менің республикамда оған өлең арнамаған ақын бар ма екен, сірә. Осында отырған ақын Әбділда Тәжібаев бұдан отыз жыл бұрын «Тараспен әңгіме» деген өлең жазды. Жуырда ақын Хамит Ерғалиев Тарас жайлы дастан бітірді.   Бірде қазақтың аса көрнекті жазушысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Әуезов: «Тарас Шевченко өз халқының өткен тарихының жарқын қорытындысы, оның ертеңге деген өрен дәмесі мен жасампаздық қуатының айғағы бола білген адамзаттық санаулы презенттерінің қатарына жатады...   Өткен заманның ең бір қасіретті кезеңінде біздің туысқанымыз, досымыз, Ұлы Кобзарьдің үнімен жырланған украин халқы аса бақытты», – деп еді.   Шевченко тірі, ол біздің көп тілді өлеңімізбен бірге, еркін, азат өлкемізде жүр. Даңқы арта берсін оның!!!   «Лениншіл жас» газеті, 21 июнь, 1964 жыл.    
08.12.2012 06:27 4152

 

 
Биылғы жыл – туысқан Украина халқы үшін, бүкіл прогресшіл адамзат үшін торқалы той жылы. Ұлы ақын Тарас Шевченконың туғанына 150 жыл толды. Жуырда Киевте ұлы кобзарьдің мүшел тойына арналған бүкіл дүние жүзілік форум өтті. Онда үнді жазушысы Сунити Кумар Чаттерджи, итальян жазушысы Джанкарло Вигорели, поляк жазушысы Ярослав Ивашкевич, американ жазушысы Рокуэл Кенттермен бірге қазақ ақыны Тайыр Жароков сөз сөйледі. Төменде сол сөзді кейбір қысқартулармен жариялап отырмыз.
 
Мен, ақын, суретші, революционер, демократ, ойшыл, гуманист Тарас Григорьевич Шевченконың туғанына 150 жыл толуына арналған ұлы форумда сөйлеп тұрғаныма өте қуаныштымын.
 
Тарас жері, Украина елі, мен сендерге сонау бір дара жамылған қапас жылдарда сенің дана ұлың он жыл өмір сүріп, солдаттың сабылма қиын қызметінен кейін ойланған толғанған мекені – қазақ жерінің, қазақ елінің атынан иіліп тәжім етемін.
 
Менің халқым оның атын өз ұлындай аялап, ез ұлындай ардақтайды.
 
Тарас болған жер тым ажарсыз еді. Құлазыған ду дала, қуарған сұр тастар, қу, жантақ пен сілті жусан.
 
Ол кезде менің халқым да жыртық-жабық жарлы еді. Бірақ Тарас өгей атанған жоқ. Менің жерімнен ол ая да, сая да тапты.
 
Ол менің есесі кеткен халқымды елжірей сүйді. Менің халқым оның махаббатына махаббатпен жауап берді.
 
Оны қазақтар Таразы ақын атады. Таразы – қазақша да, терезы – украинша, екеуінің мағынасы бір. Менің халқым Таразыдай әділ ақын жайлы талай-талай аңыз айтады.
 
Патшадан тек тартқан ауыр жазаны,
Ақын Тарас құлағымда сазы әлі...
Күңіреніп толқынымен Каспийдің
Қуғын көріп, мәлім шеккен азабы.
Маңғыстауға қуылып кеп жүрсе де,
Сүйген оны қырдың далың қазағы.
 
Оны менің бір кезде езгідегі елім сүйді. Бүгін азат елім атын ардақтап аспанға көтереді.
Оның айдауда болған жерінде ақын атындағы – Форт Шевченко даласы бар, республика көркемсурет галереясы, қалаларымыздың сан көшелері, колхоздарымыз бен совхоздарымыз, мектептеріміз бен кітапханаларымыз соның есімімен аталады.
 
Мен Маңғыстауда болдым. Қайғы-қасірет түбегі қазір қазына түбегіне айналды. Кешегі елсіз түзде көкке мұнай шапшып, жада далалар бой түзеуде.
 
Мен Тарас Шевченко жүрген жерді аралағанда қасымда Ұлы Кобзарьдің өзі келе жатқандай сезімде болдым. Оған халқымның қайта оралған бақыты жайлы жырлағым келіп кетті.
 
Украинаның ақын бұлбұл Тарасы,
Оянып бір Маңғыстауға қарашы!
Тасты жара, тасқын ата мұнайы
Құлпырып-ақ кетті қазақ даласы.
Сенің отты өлеңің қол бұлғап бір,
Кең даламның үстінде күй толғап тұр.
Абай жырын тыңдағандай Днепр,
Тарас жырын кәрі Каспий тыңдап тұр.
 
Мен Шевченконың күйлі-сазды, ойлы-сырлы өлеңіне бала жасымнан ғашықпын. Менің республикамда оған өлең арнамаған ақын бар ма екен, сірә. Осында отырған ақын Әбділда Тәжібаев бұдан отыз жыл бұрын «Тараспен әңгіме» деген өлең жазды. Жуырда ақын Хамит Ерғалиев Тарас жайлы дастан бітірді.
 
Бірде қазақтың аса көрнекті жазушысы, Лениндік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Әуезов: «Тарас Шевченко өз халқының өткен тарихының жарқын қорытындысы, оның ертеңге деген өрен дәмесі мен жасампаздық қуатының айғағы бола білген адамзаттық санаулы презенттерінің қатарына жатады...
 
Өткен заманның ең бір қасіретті кезеңінде біздің туысқанымыз, досымыз, Ұлы Кобзарьдің үнімен жырланған украин халқы аса бақытты», – деп еді.
 
Шевченко тірі, ол біздің көп тілді өлеңімізбен бірге, еркін, азат өлкемізде жүр. Даңқы арта берсін оның!!!
 
«Лениншіл жас» газеті, 21 июнь, 1964 жыл.
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға