Жаңалықтар

Ескеруі керек

  Газетіміздің өткен санында тілшілер ұйымдары туралы әм оларды құрудың қазіргі мезгілдегі қиын жақтары жазылып өтті. Қашан сол ұйымдардың құрылуын күтіп қаладағы, даладағы тілшілеріміз газетке хабар жазбай, әрине, қарап отырмақ емес. Сондықтан әр уезден хабар жазатын тілшілердің басын қосып, болмаса газеттен көріп (бірінің жазғанын бірі) мүмкін болғанша белгілі бір бағытқа түсіреді. Ол үшін уездердегі міндетті қызметкерлер тілші болулары керек, бірсыпыралары бұрыннан тілші). Олар газетке кеп жазса: бірінші жұмысының анығы айнаға түседі, екінші былайғы тілшілерге үлкен үлгі сабақ болады, өйткені жай тілшілер міндетті қызметтегі тілшілердің не кемшілігін толықтырып қана, не қисынын түзетіп қана отырады. Біздіңше әрбір міндетті қызметкерлердің тілші болуының керектілігі елге қандай зор болса өздеріне онан да зор деуге болады. Елге керектігі: пәлен мекеме қандай жұмыс атқарып отыр, қандай кедергілерге ұшырап отыр? Әлбетте мұндай мәселелерге ел құлағын түрмейді деуге болмайды. «Ел білмесе білмесін, білгеннен залал шықпаса пайда жоқ» дейтін мінезді ұстанатын уақыт еткен. Енді неғұрлым ел білсе, көпшілік ұғынса, жұмыс сонда ілгері баспақ. Әрбір қызметкер әлеуметтің алдында есеп беруге міндетті екенін жақсы білетін мезгіл жетті. Міндетті қызметкерлердің жиналыс сайын баяндама жасауы, есеп беруі, өздері үшін қандай борыш саналса, алып бара жатқан жұмыс, ұстанып отырған бағыты туралы баспасөз жөнінде жариялап отыруы сондай борыш болып саналарға керек. Өйткенде қызметкерлер іс-төрінен көпшілікке есеп беріп, міндеттерінен бір құтылса, жақсы ісінен басқаларға үлгі беруі азаматтық борыш. Оның үстіне шеше алмаған жұмбағын көптің талқысына салып, оңайлатып алуға мүмкін. Сондықтан қаладағы, даладағы міндетті қызметкерлеріміз әрқайсысы газетке тілші болулары керек әм жұмыстарының бет алыстарынан үзбей жазып тұрулары керек. Егер де бір себеппен өздері хабар жаза алмаған қызметкерлер маңайындағы газеттің арнаулы тілшілеріне толық мағлұмат беріп тұрулары керек. Көбінесе жай тілшілер елдегі мекемелермен шәлкем-шалыс келіп отырады. Оның себебі де тілшілердің көбірек жазатыны қызметкерлеріміздің міндеттері болғандықтан араларында қырын қабақтық туып қалып отырады. Бұндай жерде біз қызметкерлердікін теріс дейміз. Сондықтан оларға тапсыратынымыз міндетін атқарған тілшіге дұшпан болғанша бойындағы мініңді түзегенің жөн. Онан соң орынсыздан соқтыққан тілшінің жаласынан жолды тәртіппен ағарып шық. Тегінде біздің міндетті қызметкерлеріміз не ездері тілшілік қызметін атқармай, не тілшілерге жәрдемде болып отыратын болмай істеліп отырған. жұмыстардың анығы төтесінен айнаға түсіп отырады деуге мүмкіндігі жоқ. Мәдениетті марқа елдің тілшілері ұйымдастық түгіл, жиылыс құрып жатқанда, қазақ тілшілерінің көбі әлі күнге міндеттерін ұғына алмай жүргендігін біздің жауапты қызметкерлеріміз ескерулері керек. Тілшілік жұмысының өркендеуі де жоғарғы айтқандай солардың жәрдемдесуіне байлаулы. Әсіресе төменгі кеңес орындары ауыл тілшілеріне көмек көрсетуге міндетті екенін естерінен шығармаулары жөн.  
08.12.2012 06:10 3018

 

Газетіміздің өткен санында тілшілер ұйымдары туралы әм оларды құрудың қазіргі мезгілдегі қиын жақтары жазылып өтті. Қашан сол ұйымдардың құрылуын күтіп қаладағы, даладағы тілшілеріміз газетке хабар жазбай, әрине, қарап отырмақ емес. Сондықтан әр уезден хабар жазатын тілшілердің басын қосып, болмаса газеттен көріп (бірінің жазғанын бірі) мүмкін болғанша белгілі бір бағытқа түсіреді. Ол үшін уездердегі міндетті қызметкерлер тілші болулары керек, бірсыпыралары бұрыннан тілші). Олар газетке кеп жазса: бірінші жұмысының анығы айнаға түседі, екінші былайғы тілшілерге үлкен үлгі сабақ болады, өйткені жай тілшілер міндетті қызметтегі тілшілердің не кемшілігін толықтырып қана, не қисынын түзетіп қана отырады. Біздіңше әрбір міндетті қызметкерлердің тілші болуының керектілігі елге қандай зор болса өздеріне онан да зор деуге болады.

Елге керектігі: пәлен мекеме қандай жұмыс атқарып отыр, қандай кедергілерге ұшырап отыр? Әлбетте мұндай мәселелерге ел құлағын түрмейді деуге болмайды. «Ел білмесе білмесін, білгеннен залал шықпаса пайда жоқ» дейтін мінезді ұстанатын уақыт еткен. Енді неғұрлым ел білсе, көпшілік ұғынса, жұмыс сонда ілгері баспақ. Әрбір қызметкер әлеуметтің алдында есеп беруге міндетті екенін жақсы білетін мезгіл жетті.

Міндетті қызметкерлердің жиналыс сайын баяндама жасауы, есеп беруі, өздері үшін қандай борыш саналса, алып бара жатқан жұмыс, ұстанып отырған бағыты туралы баспасөз жөнінде жариялап отыруы сондай борыш болып саналарға керек. Өйткенде қызметкерлер іс-төрінен көпшілікке есеп беріп, міндеттерінен бір құтылса, жақсы ісінен басқаларға үлгі беруі азаматтық борыш.

Оның үстіне шеше алмаған жұмбағын көптің талқысына салып, оңайлатып алуға мүмкін.

Сондықтан қаладағы, даладағы міндетті қызметкерлеріміз әрқайсысы газетке тілші болулары керек әм жұмыстарының бет алыстарынан үзбей жазып тұрулары керек. Егер де бір себеппен өздері хабар жаза алмаған қызметкерлер маңайындағы газеттің арнаулы тілшілеріне толық мағлұмат беріп тұрулары керек. Көбінесе жай тілшілер елдегі мекемелермен шәлкем-шалыс келіп отырады. Оның себебі де тілшілердің көбірек жазатыны қызметкерлеріміздің міндеттері болғандықтан араларында қырын қабақтық туып қалып отырады. Бұндай жерде біз қызметкерлердікін теріс дейміз. Сондықтан оларға тапсыратынымыз міндетін атқарған тілшіге дұшпан болғанша бойындағы мініңді түзегенің жөн. Онан соң орынсыздан соқтыққан тілшінің жаласынан жолды тәртіппен ағарып шық.

Тегінде біздің міндетті қызметкерлеріміз не ездері тілшілік қызметін атқармай, не тілшілерге жәрдемде болып отыратын болмай істеліп отырған. жұмыстардың анығы төтесінен айнаға түсіп отырады деуге мүмкіндігі жоқ. Мәдениетті марқа елдің тілшілері ұйымдастық түгіл, жиылыс құрып жатқанда, қазақ тілшілерінің көбі әлі күнге міндеттерін ұғына алмай жүргендігін біздің жауапты қызметкерлеріміз ескерулері керек. Тілшілік жұмысының өркендеуі де жоғарғы айтқандай солардың жәрдемдесуіне байлаулы. Әсіресе төменгі кеңес орындары ауыл тілшілеріне көмек көрсетуге міндетті екенін естерінен шығармаулары жөн.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға