Жаңалықтар

Қарашаұлы Молдахметтің сөзінен

    (Жаркент оязы, Тұзкөл болысы, Құрмаш ауылының Албаны) Көріп келді бұқара Қытайдың Күре, Құлжасын. Қырғыз-қазақ қырылып, Қалмақ алған олжасын. Қатын, бала шуылдап, Сонда көрдік түрмесін. Көтеріп жаяу жан бақты Қазанымен тұлғасын. Ішуге тамақ таппады, Қытай алып жорғасын. Не манаптар шойрылған Жеуге таппай жармасын. Мынау ауқат болар деп Беліне түйіп қармасын. Бірінші, тапқан азығы Таусылып құртты айласын. Өзі жаяу, қарны аш, Енді қайда барасың. Шошқа қалмақ қайтейін, Өз етін өзі жегенде, Неге талап аласың. Басында бүлік шығарған Казак-орыс оңбасын. Өлік басып, қан толған Шаты, мұзарт, даласын. Көмбей кеткен күн болған Атасы мен анасын. Тастап кеткен анасы Көтере алмай баласын. Осылай аштан қырылған Шайқап бір жұрттың шарасын. Ақырын Алла оңдасын. ... Комиссиялар жасалып, жер-жерден қашақтарды тамақтандыратын пункттер ашты. Қазақстаннан жиналған жәрдемді жеткізуге, үлестіруге делдалдық қылды. Мұндай қашақтарды қарсылайтын пункттердің үлкені қырғыздар үшін Қарақолда ашылды. Бірақ сол 1917 жылда да қазақ- қырғыз шығынының есебі алынған жоқ. Қазан айының ішінде Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин Жетісуға келді. Куропаткин Жетісудағы көтерілісті басу туралы тығыз ретте жетісулықтарын, әскер күштерін өзі нұсқап тұрған болатын. Аяғында Жетісуға ол өзі келді. Ол жүргенде жолшыбай орыс халқы нан-тұз алып шығып, оның аяғын құшып жылады, қоңырау қағып құрмет қылды. Куропаткин оларға «уағыз» сөйледі. Қазақтар алдынан үй тігіп, ат алып шығып, «жарым патшамыз» деп табаннан тіге тұрып құрмет етті. Қол қусырып кешірім сұрады. Сондай Куропаткиннің алдынан шыққан, Қалқамыс еліндегі Қасқарау руының бір ақсақалы (атын ұмыттым) былай дейді: «Күрепетке жандарал келе жатыр деген соң үш болыс елдің «бас көтерері» үй тігіп, ат алып Қордайдан алдынан шықтық. Алматыдағы Палбауом да Қордайдан алдынан шыққан екен. Бізге Қалқамыс пен Қордай арасында жолықты. Аптамабелмен келіп, бекетке түсті. Қасында Тынышпайын деген Найман жігіт бар екен. Бекетке біраз тоқтады. Үш болыс елдің сабағы түгелімен жиналған еді, қалың қарақұрық кісі болды. Адам сөйлеп, жұбап қатуға жарамады. Сонда Күрепетке тұрып «Не айтасыңдар?!» — деді. Сонда мен тұрып: «Тақсыр! Ұлығымыз! Патшаға қарсылық қылғандар қашып-пысып жүр. Қалған жұртыңыз «құдай бір, ақ патша» деп қарап тұрмыз», — дедім. «Жақсы» кісі екен. «Ия, патшаға қарсылық қылған бұзықтардың қатты жазасын береміз, сендер бүлінбей жігіттеріңді бере беріңдер!», — деді де жүріп кетті» дейді. Куропаткин келіп Жетісудағы көтерілісті зерттеу, оның түбінен қалдығын жоғалту туралы жинақы кірісті. Оның жалпы бір жиынға сөйлегенде былай деп сөз бастағаны бар: «Қасқырлардың бастықтарын ұстау өте керекті, а, қалған қойдың көпшілігінің күнәсін кешсе де болады... осы жөнде мен патшаға білдіремін, бірақ бұл рақым орыстың қанын тойғанша ішкен Қарақол және Пішпектің қырғызына болмайды. Оларға болыстары (елі) түгелімен ауыр жаза бұйырылады. Ыстықкөлдің барлық өңірлері, Кебен өлкесі түгелімен қырғыздан алынады. Тентек қырғыздар Нарын өлкесіне айдалады. Бұл ауыр жаза — көтерілісшілерді жерден мақрұм қалдыру, оларға үлкен сабақ болады. Қайбір көтеріліс аса күшті болмаған жерлерде онда апатшылықты қолдан істеп қоқырақтай беруге болмас. Жетісуды басқан қайғы үлкен-ақ. Бірақ шатақты көбейтіп, оны молайта берудің керегі жоқ», — деген. Куропаткин Алматыда тұрып жігіттің жылдам алынуына, әскерді тәртіптеу туралы, қазақ-орысты жайластыру, шабылған орыстарға тез жәрдем беру, өкімет ісін реттеу, қазақ-қырғыздың көңілін басу, көтеріліске қатысқан қазақ-қырғызды жазалау, сондай жалпақ елдерді қоныс аудару, көтерілістің қалған сарқыншақтарын түптеп құрту туралы мықтап шара қолданды. Жоғарғы өзі айтқандай, Қарақолдың оязынан (Ыстықкөл алабы) қырғыз түгел сүріліп Нарын өлкесіне жер аударылып, жеке Нарын оязы жасалды. Қарақол оязы Ертіс орыс оязы болатын болды. Пішпек оязының тау арқасы қырғыздары сүріліп, бұрынғы мекені Кебендердің өлкесі орысқа алынды. Жаркент оязынан Шалкөде, Текес өлкесі алынып, онда казак-орыстар отырғызылатын болды. Әр жерлерде казак-орыс қалалары күшейтіліп, жаңадан салынып, приставтардың тұратын учаскелері қайта жобаланды. Қазанның 16-сында Алматыда болған Куропаткин бастатқан шенеуніктер мәжілісі Жетісуда көтерілістен кейін жер алу, жаңа үйез жасау сияқты бірқатар жоба жасады. Бұл жобаны Петроградтағы жер министріне жіберіп бекіттіріп алды. Ол мәжілістің тоқтамын түгелімен көрсетеміз: Протокол * 1916 жылы қазанның 16-сы күні Түркістан аймағының генерал-губернаторы генерал-адъютант А.Н.Куропаткиннің төбе-ағалығымен ашылған мәжіліс. Шатақ шығарған қазақ-қырғызды Қарақол оязындағы Ыстықкөл маңайынан, Пішпек оязындағы Кебен және Шу бойының біраз жерінен, Жаркент оязындағы 'Текес, Шал көдеден жер аудару туралы. 2.         Тентек қырғыздарды Нарын аймағына орналастырып, өз алдына Нарын оязын жасау туралы. 3.         Жер аударылған тентек қырғыздардан алынған жерлерге орыс отырғызып, өңкей орыстан Қарақол оязын жасау туралы. 4.         Алматы оязының казак-орыстарын жерге жайластыру туралы. Мәжіліске қатысқандар: Жетісу оязының соғыс жандаралы М.А.Соколов-Соколовский, мемлекет мүлкін басқарушының міндетін атқарушы және Жетісудағы келімсек жұмысын басқарушы Б.А.Антонов, Жетісу әскер басқармасының міндетін атқарушы Н.С.Щербаков, әскер агрономы Б.Ф.Баудер, әскер басқармасының советнигі Л.П.Соловьев, келімсек аудандарында инженер-гидротехник I:.А.Смирнов, казак-орыс жерге жайласуының инженер-гидротехнигі В.В.Банишников, келімсектер басқармасының санақ басқарма сушысы А.Л.Бурхин, казак-орысты жерге орналастыратындықтың жұмыс жүргізушілері М.Ф.Вейшбиллер, Н.Н.Теплов және әскер землемері — Б.Г.Грунков. I. Ыстықкөл маңынан және басқа жерлерден тентек қазақ-қырғызды жер аудару туралы мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан 10 шақырымды масштабты жер картасы қарауға тапсырылды. Онда көтерілісші қазақ-қырғыздардың қыстау, жайлауларының шекаралары, басқа жаққа көшірілетін шаруа мөлшері көрсетілген. Генерал-губернатор картаны қарағаннан кейін: «қазақ-қырғыздан Текес бойы сияқты жерлердің барлығы алынуы керек. Көтерілген қырғыз-қазақ 1000-нан аса үйді өртеп, 2000-дай орысты өлтіріп кетті. Сол себепті осы жерлердің түгелімен қазақ-қырғыздардан тартып алынып, орысын отырғызуға тиістілігі жөні кеп тұрған нәрсе. Бірақ мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан алуға көрсетілген жердің картадағы шекаралардың жетпеген жері көп. Қазақ-қырғыздан әдет-ғұрып, салт жағынан ғана бөлектемей, жер жөнінен іргесі аулақ жатқан тұтас орыс жерін жасауға талпыну керек», — деді. Сондықтан жандарал: «Ыстықкөлдің оң тұстық және сол тұстық жағындағы шекара таудың басымен жүрсін, сол сықылды Жаркент оязындағы тентек Албан қазақтарының бауырындағы Текес бойы тұтасымен, Шалкөде жалпағымен, Қарқара жайлауы тегіс алынсын. Пішпек оязынан Кебен бойы, Шу бойының бірқатар жері қырғыздан алынып орысқа берілсін» деп ұсыныс қылды. Барлық Пішпек, Жаркент, Қарақол оязынан 37355 қазақ-қырғыз шаруасы (түтіні) 2 510361 десе жерден ажырап қоныс аударылуға ұйғарылды. Осы есепті жасауға негізгі дерек болған П.П.Румянцевтің санағы болды. II. Тентек қазақ-қырғыздан тартып алынған жерге орыс отырғызу турасында мәжіліс Ыстықкөлдің екі жағына 5 казак-орыс қаласын (станица) орнатуды мақұл көрді. Әр казак-орыс станицасында 60 үйден аз болмасын делінді. Қала салынатын жерлер: 1. Өріктіде. 2. Құрымда. 3. Бұрынғы дүңген қаласы Маріннің орнында. 4. Бұрынғы орыс қаласы Гоголевка жанында. 5. Олақолда. Одан қалған жердің тәуіріне орыс отырғызылсын да, тіпті отыруға жарамайтын жерлер әзірге қазына қарауына беріле тұрсын. Барлық Текес, Шалкөде өлкесіне кілең казак-орыс отырғызылсын. Тіпті Қытаймен қатыса қалған күнде осы жерде бір мықты күшіміз болатын болсын. Текестегі поселкелерде тұрған келімсектер (мұжықтар) болса, олар казак-орыс ретінде жазылсын. Егер оған көнбейтін болса, басқа жерлерге орналастырылсын. Сөйтіп, мәжіліс алуға лайықты тапқан Ыстықкөл бойынан, Текес, Шалкөде, Қарқараны қоса бұрынғы Столыпин қаласына шейін кілең орыс отырғызылған айрықша Қарақол оязы жасалсын. Ол оязда 2 пристав учаскесі болсын: бірі бұрынғы Столыпин қаласына, казак-орыстың Охотничьий деген қаласына орнығатын болсын. Егер Столыпин қаласында пристав тұратын болса, қырғыздың тепкінінен кетір қалған қаланың бұрынғы тұрғын орыстары қайта отырғызылсын. Онда ұдайы әскер қарауылы қойылсын. III. Қарақол оязының, Пішпек оязының бірқатар көтерілген Атеке, Сарбағыштан басқа болыстарын Нарын аймағына орналастыру керек. Ол жақта Румянцевтің санағы бойынша: 57126 десе егістік жер, 46288 десе шабындық жер, 1.836.300 десе жайылым-қыстаулық жер. Сыртты қосқанда 2.815.400 десе жайлаулық жер, барлығы 4.755.114 десе жер бар. Көтерілген қазақ-қырғызды апарамыз деп отырған жерлерде осы күнде Қарақол оязында 9325 үй, Пішпек оязында 384 үй қырғыздар тұрады. Бұлардың үстіне көшірілетін 37355 қырғыз-қазақ үйлерін қосқанда барлығы әлгі айтылған ауылдарда 50526 үй болады. Бұл есеппен әрбір қазақ-қырғыздың түтініне 1,1 десе егістік жер. 0,9 десе шабындық жер,36,3 десе қыстау, 55,7 десе жайлау Сырттан, ал барлық түтінге 94 мың десе жер келеді. Осы жердің барлығынан өз алдына Нарын оязын жасау керек. Оның ояздық қаласы Жұмғал бойындағы Атайке қаласында болып, онда екі пристав тұрады. Жандарал... приставтың тұратын жерін ояздық қаладан гөрі де кіндігірек болатын қылып, әбден ойласып белгілеу керек дегенді ұсынды. Осы күнгі Нарын өлкесіндегі Атайке менен Рождественский поселкесін молайтып, кеңітіп, орныққан күшті орын қылып қалдыру керек. Бұдан басқа Атайкеде ұдайы әскер қою, не ондағы мұжықтарды казак-орыс тәртібіне өткізу керек. Нарын ар жағындағы казак-орыс поселкесін (Құланақты) үлкейту керек. Келімсек мұжықтардың Сухотоновский, Титовский, Белоцарский ... және хуторларын Қарақол оязындағы келімсектер отырған ауданның біріне көшіру керек. Тоғыз тарауға, болмаса Қашқар шекарасының бір жеріне ұдайы тұратын әскер қою керек. Нарыннан алынған учаскенің барлығын да оборонный штабтар ретінде қазыналық етіп бекіту керек. Жергіліктілердің Атбашы, Нарын қыстақтарында тұратындары әзірге тұрып қала тұрсын. Пішпек оязының аса көнесі Сарбағыш, Атеке болыстарын басқа болыстарға, ауыл-ауылға приговормен бытыратып жіберу, не Балқашқа көшірілсін. Текес, Шалкөде, Жаркент оязындағы Албан руын жер аудару туралы генерал-губернатор әзірге оларға дайын тұрған қоныс болмаған соң, әзірге олардың шаруасын бүлдіріп алмай қоныстандыра тұруды ұсыныс етті. IV. Алматы оязына казак-орысты жайластыру туралы генерал-губернатор 1914 жылғы 3 шілдедегі мөлшерге жетпеген жерді кесіп алу туралы шыққан законның орындалу жөніндегі Алматы оязындағы жұмыстың барысымен танысқаннан кейін келімсек жайластыратын мекеменің жоспары бойынша Алматы оязындағы казак-орыстардың станицаларына төңірегіндегі қазақ жерлерінен кесіп беру мүмкін деп тапты. Қыстауы, жоңышқасы, бақшалары алынып кеткен қазақтарға осы жөнмен алынған 947310 сом ақшадай көмек көрсетілсін және казак-орысқа алынып кеткен жерлерде қазақтар әлгіндей қыстаусыз лажсыз қалса, бес жылға шейін қала тұрсын. Мініс жануардан басқа соғыс біткеннен соң бір жыл мезгілге шейін алынған көмек үшін осы мәселе туралы соғыс министрі мен жер министрінің арасында болған келісім бойынша казак-орыстарға ешнәрсе төленбесін. Су басқаратын мекеме мен казак-орыстарды жерге иелендіретін келімсек басқарушы мекемелер жылдам қаражат қарызын сұрап алып, осы уақытта қазаққа керекті жер мөлшерін алынған жермен бірге суландыруы тиіс. Түбіріне тиістi қолдар қойылған. Түбірдің дұрыстығына хатшының міндетін атқарушы: (қолы танылмады). Жоғарғы тоқтамда қазақ-қырғыздан қанша жер алынбақ болғандары, қай жерге қандай халық отырғызылмақ болғаны айтылған. Бұл қамға өкімет сол жылы күзден бастап-ақ кірісті. Қыстай шұбап келіп жатқан қырғыздарды Нарын тасына иіре берді. Одан басқа ескі қонысына қайтқан қырғыз-қазақты жергілікті көрші орыстар талап, шауып, өлтіріп, оз бетімен екім қылып жатты. Бұрынғы мекеніне жолатпады. Қазақ-қырғыздың өз қонысына қонғаны 1917 жылдың жазында болды. Ал енді көтеріліс кезінде шыққан орыс шығынына келелік. Әрине, мұнда есеп-қисап болды. Әдейі науқан жүргізілді. Келімсектерді жайластыратын мекеме дәлдеп тұрып санақ алды. Санақ мекемесінен әдейі адамдар жіберілді. Жер-жердегі қала қауымдары жаланы қазақ-қырғызға жаба беріп, әрине асырып мағлұмат бермеді деуге және болмайды. Ондайлар да болған шығар. Кей жерде бүлінген нәрсені ақшаға шаққанда көтеріңкі бағамен де бағаланған жерлері болды. Көтерілістен бұрын жоғалған малдар да көтерілістің шығынына есептелген. Өкімет тарапынан жоғары науқан жүргізіліп, қыстай есеп алынумен болды. Есепке қатысқандар өте қиыншылық көрді. Пошта аттары таланған. Стансалар таланған. Телеграфтар үзілген. Қатынас ауыр. Сондай қиыншылықтар орыс арасындағы есеп алу жұмысын 1917 жылдың көкек айына дейін созақтатты. Сондағы алынған санаққа қарағанда: Ояздар Шығындадым деп берілген арыздар Ақшаға шығын шаққанда мөлшері Жалпы сомаға пайыз жағынан   Қарақол Пішпек Жаркент Алматы 5665 3118 698 511 2073268 6785007 4238711 218052 6,49 2,12 1,33 0,05 Барлығы 9992 13315038 9,9   Бұл шығындарды топқа бөлгенде мынадай: Топтар Шығындадым деп берген арыздар Шығынның мөлшері (сом) Келімсек мұжықтар Казак-орыс Тұрғын мұжықтар Түрлі шендер 5204 575 3767 446 14696635 15598981 14822075 1182788 Барлығы 9992 46300479   Бұл санаққа қарағанда көтерілісте аса шашылған Қарақол оязының келімсектері көрінеді. Адам шығыны да Қарақол оязында өзге ояздардан ерекше. Мұны төмендегі цифр көрсетеді. Ояздар       Қарақол Пішпек Жаркент Алматы Өлгендер Жан   Ауыр жаралы Жеңіл жаралы Тұтқынға алынғ. Дерексіз жоғалғ Жан   Ерк Ұрғ Ерк Ұрғ Ерк Ұрғ Ерк Ұрғ 1088 174 37 16 702 36 19 – 1790 210 56 16 29 12 6 – 49 6 7 – 16 31 5 – 18 12 5 – 302 116 22 2 550 121 24 24 852 237 46 3 Барлығы 1315 757 2072 47 62 52 36 442 719 1138   Ұрыстан өртенген үйлер: Ояздар   Өртенген үйлер Өртенген үйлердің, жалпы зиянның пайызбен салғасы Қарақол Пішпек Жаркент Алматы 1554 468 264 – 42,1 14,9 57,8 — Барлығы 2286     Алматы оязындағы орыс қалаларында үйлердің өрті болмады. Өртенгенде шабылған шөптерден болған. Барлық облыста өртенген, бүлінген, үріккен елдің тастап кеткен қыстауларының барлығын санақ мекемесі: 18453 қора дейді. Оның бағасы: 341948825 сом деп шағады. Ояздар   Бүлінген үйлер саны Қанша сома тұрады   Қарақол Пішпек Жаркент 13243 2916 2294 254376715 56681205 30890905   Барлығы 18453 341948825     Сол жалпы бүлінген үйдің 1721-і казак-орыс крестьяндарының тұрған үйлері. Мұның шағылған бағасы 20739385 сом. Бұл жалпы бүлінген үйдің шағылған сомасының 6,06 пайызы. Санақ мекемесі тарапынан көтерілістің зиянына орыстан төмендегі малдар көрсетілген: Ояздар   жылқы сиыр Ұсақ мал Барлығы Жалпы санының пайыз салмағы (орыс) Жалпы малдан Алматы Жаркент Пішпек Қарақол 236 3791 3797 22678 637 7588 16642 46368 294 24940 24272 112930 1167 36250 44711 181976 0,97 70,3 32,09 100,0 0,08 4,38 2,21 11,13 Барлығы 30502 71235 162436 264104 57,1 4,45   Сонда Жетісудың жалпы мал саны мынадай боп шықты: Көтеріліске шейін: Жылқы Сиыр Ұсақ мал Басқалар Барлығы 1082294 900551 7316707 105564 9414116   Көтерілістен кейін: 644849 572249 4314306 72930 5604334   Осы санақтарға қарағанда шашылған орыс малы төрт ояз дуанындағы жалпы орыс малының 87,1 пайызын, барлық облыстағы жалпы орыс малының 33 пайызын, барлық қазақ-қырғызбен қосқанда жалпы мал санының 45 пайызын алады. Орыстан шашылған малдың ояздарға бөлінгендегі сомалары мынадай: Қарақол оязынан Пішпектен Жаркенттен Алматыдан 6148377 сомдық мал 1946044,1 ... 1581446 ... 76659... Барлығы 9752526,1   Осы шығындалған малды топтарға бөлгенде мынандай: Топтар Таланған, жоғалған мал саны Жалпы мал санын шаққанда пайыздық мөлшері Тұрғын мұжықтан Келімсектен Түрлі шендерден Казак-орыстан 122530 87394 35437 18809 46,4 33,0 13,4 7,2 Барлығы 264170     Орыстан бүлінген пішен саны: Ояздар Жоңышқа Шоп    Сомасы Қарақол Пішпек Жаркент Алматы 82692 пұт 1465376 851375 40 2111060 пұт 81764 666976 28930 78115,2 370717,6 1872199,0 14662,0 Барлығы 2399483 2888735 2338693,8     Клеттен таланып, шашылған астық: Қарақолдан Пішпектен Жаркенттен 2532125,95 сомдық 289119,54 113942,65 Барлығы 2.935188,14   Орыстардан жоғалған, бүлінген ауыл шаруа жабдығы жалпы ақшаға шаққанда 1224848 сом 97 тиын болды дейді санақ. Орыстан әсіресе бүлінген егін болды. Өйткені көтеріліс уағында даладағы егінді орыстар қорғай алмады. Жауыққан қазақ-қырғыз малын жауып жіберді. Кей жерде өртеп те кетті. Әсіресе Жетісу орыстары 5-теп, 10-дап малай ұстап, егінді мол салатын еді. Көтеріліс ұшқындарда-ақ ел толқысымен орыста малай қалмай, қашып кетті. Орыс егіндері иесіз далада қалды. Алуға мұршасы келмеді. Мезгілімен орыстар астығын да ала алмады. Көп астық алынбай, қар астында қалды. Бұл туралы цифр былай дейді: Жаркент оязында бүлінген астық Алматы оязында Пішпекте Қарақолда 3135 десе 694... 1700... 10816... Барлығы 16346 десе   Көтеріліс себебінен алынбай қалған астық: Жаркент оязында Алматы оязында Пішпек оязында Қарақол оязында 1448 десе 119 десе 7838 десе 29952 десе Барлығы 39357 десе   Ал бұған ана бүлінгенді қосқанда 55722 десе. Мұның сомасы мөлшермен 6069532 сомдай болады. Әлбетте мұнда бүлінген қазақ-қырғыз астығының есебі жоқ. Мұнда айтылып келе жатқан санақтың бәрі орысқа тиісті. Мұнда да Лeпci мен Талдықорған оязындағы бүлінген астықтың есебі кірмеген. Ал расында қаладан малай қашып, талай қаланың астығы жауын-шашында қалып бүлінуі көзбен көрген нәрсе. Орыстардың үй-ібірлерінің шашылғанынан санақ мынаны көрсетеді. Ояздар Ақшаға шаққанда Қарақол оязынан Пішпектен Жаркенттен Алматыдан 4102931 сомдық 1433030 ... 241203 ... 35049 Барлығы 5812213 сомдық   Көтеріліс жасаған қазақ-қырғыздан қырылған қара басты кісінің есебі алынбаған да, Жетісудағы орыстың жоғалған қаз-тауығының да есебі қалмай алынған. Оның санағы былай: Қарақол оязында Пішпекте Жаркентте Алматы 95565 сомдық құс 20508,8 ... 1424635 ... 107 ... Барлығы 1540815,8 сомдық   асыранды құс көтеріліс «сойқанынан» шығын болыпты. Жоғарғы саналып келген санақты қорытып келгенде әр үйдегі орыстардың шығынданған шаруасы орта есеппен жеке басына мынандайдан тиеді: Жаркент оязында Пішпек оязында Қарақол оязында Алматы оязында 3660 сом 2176 сом 6068 сом 427 сом   Көтерілістен зиян тапқан орыс халқына үкімет тарапынан жәрдем шу дегеннен-ақ берілді. Жер-жерде жәрдем комитеттері ұйымдастырылып, қазынадан ақша, киім, тамақ берілді. Таланған қазақ-қырғыздың малы оларға үлестірілді. Қазақ-қырғыздың қалған егіндерін оларға жиып алуға ерік берілді. Сауын сиыр, атарба, егін жабдығы үлестірілді. Бұл жәрдем 1917 жылдың жазына шейін беріліп жатты. Қыстай қазақ-қырғыздан лаушы айдап алып барып қарда қалған астықты орыс «шабылғандарына» алғызып беpiп тұрды. Бұл жәрдемді басқаратын облыстан бастап аудандарға шейін айрықша комитет жасалды.
08.12.2012 06:06 4083

 

 

(Жаркент оязы, Тұзкөл болысы, Құрмаш ауылының Албаны)

Көріп келді бұқара

Қытайдың Күре, Құлжасын.

Қырғыз-қазақ қырылып,

Қалмақ алған олжасын.

Қатын, бала шуылдап,

Сонда көрдік түрмесін.

Көтеріп жаяу жан бақты

Қазанымен тұлғасын.

Ішуге тамақ таппады,

Қытай алып жорғасын.

Не манаптар шойрылған

Жеуге таппай жармасын.

Мынау ауқат болар деп

Беліне түйіп қармасын.

Бірінші, тапқан азығы

Таусылып құртты айласын.

Өзі жаяу, қарны аш,

Енді қайда барасың.

Шошқа қалмақ қайтейін,

Өз етін өзі жегенде,

Неге талап аласың.

Басында бүлік шығарған

Казак-орыс оңбасын.

Өлік басып, қан толған

Шаты, мұзарт, даласын.

Көмбей кеткен күн болған

Атасы мен анасын.

Тастап кеткен анасы

Көтере алмай баласын.

Осылай аштан қырылған

Шайқап бір жұрттың шарасын.

Ақырын Алла оңдасын.

... Комиссиялар жасалып, жер-жерден қашақтарды тамақтандыратын пункттер ашты. Қазақстаннан жиналған жәрдемді жеткізуге, үлестіруге делдалдық қылды. Мұндай қашақтарды қарсылайтын пункттердің үлкені қырғыздар үшін Қарақолда ашылды. Бірақ сол 1917 жылда да қазақ- қырғыз шығынының есебі алынған жоқ.

Қазан айының ішінде Түркістан генерал-губернаторы Куропаткин Жетісуға келді. Куропаткин Жетісудағы көтерілісті басу туралы тығыз ретте жетісулықтарын, әскер күштерін өзі нұсқап тұрған болатын. Аяғында Жетісуға ол өзі келді. Ол жүргенде жолшыбай орыс халқы нан-тұз алып шығып, оның аяғын құшып жылады, қоңырау қағып құрмет қылды. Куропаткин оларға «уағыз» сөйледі. Қазақтар алдынан үй тігіп, ат алып шығып, «жарым патшамыз» деп табаннан тіге тұрып құрмет етті. Қол қусырып кешірім сұрады. Сондай Куропаткиннің алдынан шыққан, Қалқамыс еліндегі Қасқарау руының бір ақсақалы (атын ұмыттым) былай дейді: «Күрепетке жандарал келе жатыр деген соң үш болыс елдің «бас көтерері» үй тігіп, ат алып Қордайдан алдынан шықтық. Алматыдағы Палбауом да Қордайдан алдынан шыққан екен. Бізге Қалқамыс пен Қордай арасында жолықты. Аптамабелмен келіп, бекетке түсті. Қасында Тынышпайын деген Найман жігіт бар екен. Бекетке біраз тоқтады. Үш болыс елдің сабағы түгелімен жиналған еді, қалың қарақұрық кісі болды. Адам сөйлеп, жұбап қатуға жарамады. Сонда Күрепетке тұрып «Не айтасыңдар?!» — деді. Сонда мен тұрып: «Тақсыр! Ұлығымыз! Патшаға қарсылық қылғандар қашып-пысып жүр. Қалған жұртыңыз «құдай бір, ақ патша» деп қарап тұрмыз», — дедім. «Жақсы» кісі екен. «Ия, патшаға қарсылық қылған бұзықтардың қатты жазасын береміз, сендер бүлінбей жігіттеріңді бере беріңдер!», — деді де жүріп кетті» дейді.

Куропаткин келіп Жетісудағы көтерілісті зерттеу, оның түбінен қалдығын жоғалту туралы жинақы кірісті. Оның жалпы бір жиынға сөйлегенде былай деп сөз бастағаны бар:

«Қасқырлардың бастықтарын ұстау өте керекті, а, қалған қойдың көпшілігінің күнәсін кешсе де болады... осы жөнде мен патшаға білдіремін, бірақ бұл рақым орыстың қанын тойғанша ішкен Қарақол және Пішпектің қырғызына болмайды. Оларға болыстары (елі) түгелімен ауыр жаза бұйырылады. Ыстықкөлдің барлық өңірлері, Кебен өлкесі түгелімен қырғыздан алынады. Тентек қырғыздар Нарын өлкесіне айдалады. Бұл ауыр жаза — көтерілісшілерді жерден мақрұм қалдыру, оларға үлкен сабақ болады. Қайбір көтеріліс аса күшті болмаған жерлерде онда апатшылықты қолдан істеп қоқырақтай беруге болмас. Жетісуды басқан қайғы үлкен-ақ. Бірақ шатақты көбейтіп, оны молайта берудің керегі жоқ», — деген.

Куропаткин Алматыда тұрып жігіттің жылдам алынуына, әскерді тәртіптеу туралы, қазақ-орысты жайластыру, шабылған орыстарға тез жәрдем беру, өкімет ісін реттеу, қазақ-қырғыздың көңілін басу, көтеріліске қатысқан қазақ-қырғызды жазалау, сондай жалпақ елдерді қоныс аудару, көтерілістің қалған сарқыншақтарын түптеп құрту туралы мықтап шара қолданды. Жоғарғы өзі айтқандай, Қарақолдың оязынан (Ыстықкөл алабы) қырғыз түгел сүріліп Нарын өлкесіне жер аударылып, жеке Нарын оязы жасалды. Қарақол оязы Ертіс орыс оязы болатын болды. Пішпек оязының тау арқасы қырғыздары сүріліп, бұрынғы мекені Кебендердің өлкесі орысқа алынды. Жаркент оязынан Шалкөде, Текес өлкесі алынып, онда казак-орыстар отырғызылатын болды. Әр жерлерде казак-орыс қалалары күшейтіліп, жаңадан салынып, приставтардың тұратын учаскелері қайта жобаланды.

Қазанның 16-сында Алматыда болған Куропаткин бастатқан шенеуніктер мәжілісі Жетісуда көтерілістен кейін жер алу, жаңа үйез жасау сияқты бірқатар жоба жасады. Бұл жобаны Петроградтағы жер министріне жіберіп бекіттіріп алды. Ол мәжілістің тоқтамын түгелімен көрсетеміз:

Протокол *

1916 жылы қазанның 16-сы күні Түркістан аймағының генерал-губернаторы генерал-адъютант А.Н.Куропаткиннің төбе-ағалығымен ашылған мәжіліс.

Шатақ шығарған қазақ-қырғызды Қарақол оязындағы Ыстықкөл маңайынан, Пішпек оязындағы Кебен және Шу бойының біраз жерінен, Жаркент оязындағы 'Текес, Шал көдеден жер аудару туралы.

2.         Тентек қырғыздарды Нарын аймағына орналастырып, өз алдына Нарын оязын жасау туралы.

3.         Жер аударылған тентек қырғыздардан алынған жерлерге орыс отырғызып, өңкей орыстан Қарақол оязын жасау туралы.

4.         Алматы оязының казак-орыстарын жерге жайластыру туралы.

Мәжіліске қатысқандар: Жетісу оязының соғыс жандаралы М.А.Соколов-Соколовский, мемлекет мүлкін басқарушының міндетін атқарушы және Жетісудағы келімсек жұмысын басқарушы Б.А.Антонов, Жетісу әскер басқармасының міндетін атқарушы Н.С.Щербаков, әскер агрономы Б.Ф.Баудер, әскер басқармасының советнигі Л.П.Соловьев, келімсек аудандарында инженер-гидротехник I:.А.Смирнов, казак-орыс жерге жайласуының инженер-гидротехнигі В.В.Банишников, келімсектер басқармасының санақ басқарма сушысы А.Л.Бурхин, казак-орысты жерге орналастыратындықтың жұмыс жүргізушілері М.Ф.Вейшбиллер, Н.Н.Теплов және әскер землемері — Б.Г.Грунков.

I. Ыстықкөл маңынан және басқа жерлерден тентек қазақ-қырғызды жер аудару туралы мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан 10 шақырымды масштабты жер картасы қарауға тапсырылды. Онда көтерілісші қазақ-қырғыздардың қыстау, жайлауларының шекаралары, басқа жаққа көшірілетін шаруа мөлшері көрсетілген.

Генерал-губернатор картаны қарағаннан кейін: «қазақ-қырғыздан Текес бойы сияқты жерлердің барлығы алынуы керек. Көтерілген қырғыз-қазақ 1000-нан аса үйді өртеп, 2000-дай орысты өлтіріп кетті. Сол себепті осы жерлердің түгелімен қазақ-қырғыздардан тартып алынып, орысын отырғызуға тиістілігі жөні кеп тұрған нәрсе. Бірақ мемлекет мүлкін басқарушы тарапынан алуға көрсетілген жердің картадағы шекаралардың жетпеген жері көп. Қазақ-қырғыздан әдет-ғұрып, салт жағынан ғана бөлектемей, жер жөнінен іргесі аулақ жатқан тұтас орыс жерін жасауға талпыну керек», — деді. Сондықтан жандарал: «Ыстықкөлдің оң тұстық және сол тұстық жағындағы шекара таудың басымен жүрсін, сол сықылды Жаркент оязындағы тентек Албан қазақтарының бауырындағы Текес бойы тұтасымен, Шалкөде жалпағымен, Қарқара жайлауы тегіс алынсын. Пішпек оязынан Кебен бойы, Шу бойының бірқатар жері қырғыздан алынып орысқа берілсін» деп ұсыныс қылды.

Барлық Пішпек, Жаркент, Қарақол оязынан 37355 қазақ-қырғыз шаруасы (түтіні) 2 510361 десе жерден ажырап қоныс аударылуға ұйғарылды. Осы есепті жасауға негізгі дерек болған П.П.Румянцевтің санағы болды.

II. Тентек қазақ-қырғыздан тартып алынған жерге орыс отырғызу турасында мәжіліс Ыстықкөлдің екі жағына 5 казак-орыс қаласын (станица) орнатуды мақұл көрді. Әр казак-орыс станицасында 60 үйден аз болмасын делінді. Қала салынатын жерлер: 1. Өріктіде. 2. Құрымда. 3. Бұрынғы дүңген қаласы Маріннің орнында. 4. Бұрынғы орыс қаласы Гоголевка жанында. 5. Олақолда. Одан қалған жердің тәуіріне орыс отырғызылсын да, тіпті отыруға жарамайтын жерлер әзірге қазына қарауына беріле тұрсын.

Барлық Текес, Шалкөде өлкесіне кілең казак-орыс отырғызылсын. Тіпті Қытаймен қатыса қалған күнде осы жерде бір мықты күшіміз болатын болсын.

Текестегі поселкелерде тұрған келімсектер (мұжықтар) болса, олар казак-орыс ретінде жазылсын. Егер оған көнбейтін болса, басқа жерлерге орналастырылсын.

Сөйтіп, мәжіліс алуға лайықты тапқан Ыстықкөл бойынан, Текес, Шалкөде, Қарқараны қоса бұрынғы Столыпин қаласына шейін кілең орыс отырғызылған айрықша Қарақол оязы жасалсын. Ол оязда 2 пристав учаскесі болсын: бірі бұрынғы Столыпин қаласына, казак-орыстың Охотничьий деген қаласына орнығатын болсын. Егер Столыпин қаласында пристав тұратын болса, қырғыздың тепкінінен кетір қалған қаланың бұрынғы тұрғын орыстары қайта отырғызылсын. Онда ұдайы әскер қарауылы қойылсын.

III. Қарақол оязының, Пішпек оязының бірқатар көтерілген Атеке, Сарбағыштан басқа болыстарын Нарын аймағына орналастыру керек. Ол жақта Румянцевтің санағы бойынша: 57126 десе егістік жер, 46288 десе шабындық жер, 1.836.300 десе жайылым-қыстаулық жер. Сыртты қосқанда 2.815.400 десе жайлаулық жер, барлығы 4.755.114 десе жер бар.

Көтерілген қазақ-қырғызды апарамыз деп отырған жерлерде осы күнде Қарақол оязында 9325 үй, Пішпек оязында 384 үй қырғыздар тұрады. Бұлардың үстіне көшірілетін 37355 қырғыз-қазақ үйлерін қосқанда барлығы әлгі айтылған ауылдарда 50526 үй болады. Бұл есеппен әрбір қазақ-қырғыздың түтініне 1,1 десе егістік жер. 0,9 десе шабындық жер,36,3 десе қыстау, 55,7 десе жайлау Сырттан, ал барлық түтінге 94 мың десе жер келеді. Осы жердің барлығынан өз алдына Нарын оязын жасау керек. Оның ояздық қаласы Жұмғал бойындағы Атайке қаласында болып, онда екі пристав тұрады. Жандарал... приставтың тұратын жерін ояздық қаладан гөрі де кіндігірек болатын қылып, әбден ойласып белгілеу керек дегенді ұсынды.

Осы күнгі Нарын өлкесіндегі Атайке менен Рождественский поселкесін молайтып, кеңітіп, орныққан күшті орын қылып қалдыру керек. Бұдан басқа Атайкеде ұдайы әскер қою, не ондағы мұжықтарды казак-орыс тәртібіне өткізу керек. Нарын ар жағындағы казак-орыс поселкесін (Құланақты) үлкейту керек. Келімсек мұжықтардың Сухотоновский, Титовский, Белоцарский ... және хуторларын Қарақол оязындағы келімсектер отырған ауданның біріне көшіру керек. Тоғыз тарауға, болмаса Қашқар шекарасының бір жеріне ұдайы тұратын әскер қою керек.

Нарыннан алынған учаскенің барлығын да оборонный штабтар ретінде қазыналық етіп бекіту керек. Жергіліктілердің Атбашы, Нарын қыстақтарында тұратындары әзірге тұрып қала тұрсын. Пішпек оязының аса көнесі Сарбағыш, Атеке болыстарын басқа болыстарға, ауыл-ауылға приговормен бытыратып жіберу, не Балқашқа көшірілсін.

Текес, Шалкөде, Жаркент оязындағы Албан руын жер аудару туралы генерал-губернатор әзірге оларға дайын тұрған қоныс болмаған соң, әзірге олардың шаруасын бүлдіріп алмай қоныстандыра тұруды ұсыныс етті.

IV. Алматы оязына казак-орысты жайластыру туралы генерал-губернатор 1914 жылғы 3 шілдедегі мөлшерге жетпеген жерді кесіп алу туралы шыққан законның орындалу жөніндегі Алматы оязындағы жұмыстың барысымен танысқаннан кейін келімсек жайластыратын мекеменің жоспары бойынша Алматы оязындағы казак-орыстардың станицаларына төңірегіндегі қазақ жерлерінен кесіп беру мүмкін деп тапты. Қыстауы, жоңышқасы, бақшалары алынып кеткен қазақтарға осы жөнмен алынған 947310 сом ақшадай көмек көрсетілсін және казак-орысқа алынып кеткен жерлерде қазақтар әлгіндей қыстаусыз лажсыз қалса, бес жылға шейін қала тұрсын. Мініс жануардан басқа соғыс біткеннен соң бір жыл мезгілге шейін алынған көмек үшін осы мәселе туралы соғыс министрі мен жер министрінің арасында болған келісім бойынша казак-орыстарға ешнәрсе төленбесін. Су басқаратын мекеме мен казак-орыстарды жерге иелендіретін келімсек басқарушы мекемелер жылдам қаражат қарызын сұрап алып, осы уақытта қазаққа керекті жер мөлшерін алынған жермен бірге суландыруы тиіс.

Түбіріне тиістi қолдар қойылған.

Түбірдің дұрыстығына хатшының

міндетін атқарушы: (қолы танылмады).

Жоғарғы тоқтамда қазақ-қырғыздан қанша жер алынбақ болғандары, қай жерге қандай халық отырғызылмақ болғаны айтылған. Бұл қамға өкімет сол жылы күзден бастап-ақ кірісті. Қыстай шұбап келіп жатқан қырғыздарды Нарын тасына иіре берді. Одан басқа ескі қонысына қайтқан қырғыз-қазақты жергілікті көрші орыстар талап, шауып, өлтіріп, оз бетімен екім қылып жатты. Бұрынғы мекеніне жолатпады. Қазақ-қырғыздың өз қонысына қонғаны 1917 жылдың жазында болды.

Ал енді көтеріліс кезінде шыққан орыс шығынына келелік. Әрине, мұнда есеп-қисап болды. Әдейі науқан жүргізілді. Келімсектерді жайластыратын мекеме дәлдеп тұрып санақ алды. Санақ мекемесінен әдейі адамдар жіберілді. Жер-жердегі қала қауымдары жаланы қазақ-қырғызға жаба беріп, әрине асырып мағлұмат бермеді деуге және болмайды. Ондайлар да болған шығар. Кей жерде бүлінген нәрсені ақшаға шаққанда көтеріңкі бағамен де бағаланған жерлері болды. Көтерілістен бұрын жоғалған малдар да көтерілістің шығынына есептелген.

Өкімет тарапынан жоғары науқан жүргізіліп, қыстай есеп алынумен болды. Есепке қатысқандар өте қиыншылық көрді. Пошта аттары таланған. Стансалар таланған. Телеграфтар үзілген. Қатынас ауыр. Сондай қиыншылықтар орыс арасындағы есеп алу жұмысын 1917 жылдың көкек айына дейін созақтатты.

Сондағы алынған санаққа қарағанда:

Ояздар

Шығындадым деп берілген арыздар

Ақшаға шығын шаққанда мөлшері

Жалпы сомаға пайыз

жағынан

 

Қарақол

Пішпек

Жаркент

Алматы

5665

3118

698

511

2073268

6785007

4238711

218052

6,49

2,12

1,33

0,05

Барлығы

9992

13315038

9,9

 

Бұл шығындарды топқа бөлгенде мынадай:

Топтар

Шығындадым деп берген арыздар

Шығынның мөлшері (сом)

Келімсек мұжықтар

Казак-орыс

Тұрғын мұжықтар

Түрлі шендер

5204

575

3767

446

14696635

15598981

14822075

1182788

Барлығы

9992

46300479

 

Бұл санаққа қарағанда көтерілісте аса шашылған Қарақол оязының келімсектері көрінеді.

Адам шығыны да Қарақол оязында өзге ояздардан ерекше. Мұны төмендегі цифр көрсетеді.

Ояздар

 

 

 

Қарақол

Пішпек

Жаркент

Алматы

Өлгендер

Жан

 

Ауыр жаралы

Жеңіл жаралы

Тұтқынға алынғ. Дерексіз жоғалғ

Жан

 

Ерк

Ұрғ

Ерк

Ұрғ

Ерк

Ұрғ

Ерк

Ұрғ

1088

174

37

16

702

36

19

1790

210

56

16

29

12

6

49

6

7

16

31

5

18

12

5

302

116

22

2

550

121

24

24

852

237

46

3

Барлығы

1315

757

2072

47

62

52

36

442

719

1138

 

Ұрыстан өртенген үйлер:

Ояздар

 

Өртенген үйлер

Өртенген үйлердің, жалпы зиянның пайызбен салғасы

Қарақол

Пішпек

Жаркент

Алматы

1554

468

264

42,1

14,9

57,8

Барлығы

2286

 

 

Алматы оязындағы орыс қалаларында үйлердің өрті болмады. Өртенгенде шабылған шөптерден болған.

Барлық облыста өртенген, бүлінген, үріккен елдің тастап кеткен қыстауларының барлығын санақ мекемесі: 18453 қора дейді. Оның бағасы: 341948825 сом деп шағады.

Ояздар

 

Бүлінген үйлер саны

Қанша сома тұрады

 

Қарақол

Пішпек

Жаркент

13243

2916

2294

254376715

56681205

30890905

 

Барлығы

18453

341948825

 

 

Сол жалпы бүлінген үйдің 1721-і казак-орыс крестьяндарының тұрған үйлері. Мұның шағылған бағасы 20739385 сом. Бұл жалпы бүлінген үйдің шағылған сомасының 6,06 пайызы. Санақ мекемесі тарапынан көтерілістің зиянына орыстан төмендегі малдар көрсетілген:

Ояздар

 

жылқы

сиыр

Ұсақ мал

Барлығы

Жалпы санының пайыз салмағы (орыс)

Жалпы малдан

Алматы

Жаркент

Пішпек

Қарақол

236

3791

3797

22678

637

7588

16642

46368

294

24940

24272

112930

1167

36250

44711

181976

0,97

70,3

32,09

100,0

0,08

4,38

2,21

11,13

Барлығы

30502

71235

162436

264104

57,1

4,45

 

Сонда Жетісудың жалпы мал саны мынадай боп шықты: Көтеріліске шейін:

Жылқы

Сиыр

Ұсақ мал

Басқалар

Барлығы

1082294

900551

7316707

105564

9414116

 

Көтерілістен кейін:

644849

572249

4314306

72930

5604334

 

Осы санақтарға қарағанда шашылған орыс малы төрт ояз дуанындағы жалпы орыс малының 87,1 пайызын, барлық облыстағы жалпы орыс малының 33 пайызын, барлық қазақ-қырғызбен қосқанда жалпы мал санының 45 пайызын алады.

Орыстан шашылған малдың ояздарға бөлінгендегі сомалары мынадай:

Қарақол оязынан

Пішпектен

Жаркенттен

Алматыдан

6148377 сомдық мал

1946044,1 ...

1581446 ...

76659...

Барлығы

9752526,1

 

Осы шығындалған малды топтарға бөлгенде мынандай:

Топтар

Таланған, жоғалған мал саны

Жалпы мал санын шаққанда пайыздық мөлшері

Тұрғын мұжықтан

Келімсектен

Түрлі шендерден

Казак-орыстан

122530

87394

35437

18809

46,4

33,0

13,4

7,2

Барлығы

264170

 

 

Орыстан бүлінген пішен саны:

Ояздар

Жоңышқа

Шоп   

Сомасы

Қарақол

Пішпек

Жаркент

Алматы

82692 пұт

1465376

851375

40

2111060 пұт

81764

666976

28930

78115,2

370717,6

1872199,0

14662,0

Барлығы

2399483

2888735

2338693,8

 

 

Клеттен таланып, шашылған астық:

Қарақолдан

Пішпектен

Жаркенттен

2532125,95 сомдық

289119,54

113942,65

Барлығы

2.935188,14

 

Орыстардан жоғалған, бүлінген ауыл шаруа жабдығы жалпы ақшаға шаққанда 1224848 сом 97 тиын болды дейді санақ.

Орыстан әсіресе бүлінген егін болды. Өйткені көтеріліс уағында даладағы егінді орыстар қорғай алмады. Жауыққан қазақ-қырғыз малын жауып жіберді. Кей жерде өртеп те кетті.

Әсіресе Жетісу орыстары 5-теп, 10-дап малай ұстап, егінді мол салатын еді. Көтеріліс ұшқындарда-ақ ел толқысымен орыста малай қалмай, қашып кетті. Орыс егіндері иесіз далада қалды. Алуға мұршасы келмеді. Мезгілімен орыстар астығын да ала алмады. Көп астық алынбай, қар астында қалды. Бұл туралы цифр былай дейді:

Жаркент оязында бүлінген астық

Алматы оязында

Пішпекте

Қарақолда

3135 десе

694...

1700...

10816...

Барлығы

16346 десе

 

Көтеріліс себебінен алынбай қалған астық:

Жаркент оязында

Алматы оязында

Пішпек оязында

Қарақол оязында

1448 десе

119 десе

7838 десе

29952 десе

Барлығы

39357 десе

 

Ал бұған ана бүлінгенді қосқанда 55722 десе.

Мұның сомасы мөлшермен 6069532 сомдай болады.

Әлбетте мұнда бүлінген қазақ-қырғыз астығының есебі жоқ. Мұнда айтылып келе жатқан санақтың бәрі орысқа тиісті. Мұнда да Лeпci мен Талдықорған оязындағы бүлінген астықтың есебі кірмеген. Ал расында қаладан малай қашып, талай қаланың астығы жауын-шашында қалып бүлінуі көзбен көрген нәрсе.

Орыстардың үй-ібірлерінің шашылғанынан санақ мынаны көрсетеді.

Ояздар

Ақшаға шаққанда

Қарақол оязынан

Пішпектен

Жаркенттен

Алматыдан

4102931 сомдық

1433030 ...

241203 ...

35049

Барлығы

5812213 сомдық

 

Көтеріліс жасаған қазақ-қырғыздан қырылған қара басты кісінің есебі алынбаған да, Жетісудағы орыстың жоғалған қаз-тауығының да есебі қалмай алынған. Оның санағы былай:

Қарақол оязында

Пішпекте

Жаркентте

Алматы

95565 сомдық құс

20508,8 ...

1424635 ...

107 ...

Барлығы

1540815,8 сомдық

 

асыранды құс көтеріліс «сойқанынан» шығын болыпты. Жоғарғы саналып келген санақты қорытып келгенде әр үйдегі орыстардың шығынданған шаруасы орта есеппен жеке басына мынандайдан тиеді:

Жаркент оязында

Пішпек оязында

Қарақол оязында

Алматы оязында

3660 сом

2176 сом

6068 сом

427 сом

 

Көтерілістен зиян тапқан орыс халқына үкімет тарапынан жәрдем шу дегеннен-ақ берілді. Жер-жерде жәрдем комитеттері ұйымдастырылып, қазынадан ақша, киім, тамақ берілді. Таланған қазақ-қырғыздың малы оларға үлестірілді. Қазақ-қырғыздың қалған егіндерін оларға жиып алуға ерік берілді. Сауын сиыр, атарба, егін жабдығы үлестірілді. Бұл жәрдем 1917 жылдың жазына шейін беріліп жатты. Қыстай қазақ-қырғыздан лаушы айдап алып барып қарда қалған астықты орыс «шабылғандарына» алғызып беpiп тұрды. Бұл жәрдемді басқаратын облыстан бастап аудандарға шейін айрықша комитет жасалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға