Жаңалықтар

Әлеуметтіктің орнауы кооперативтің дұрысталуында

  Бүгін 3 июль бүкіл дүниедегі кооперативтің мейрамдайтын күні. Нелер үлкен қалаларда талай салтанатты жиналыстар, көрнекті мәжілістер жасалып кооперативтің егжей-тегжейін кездеген нысанасын баяндайтын, істеген істерінен есеп беретін күн. Кооперативтің мәнісі бірлік. Біріккен елдің жететіні әлеуметтік."Біз бұл жерде кооператив ұйымының қашан басталып қай патшалықта қалай жүріп жатқанын айтпақшы емеспіз жалғыз-ақ басқалар мен біздегі (кеңестер Одағындағы) айырмасын көрсетіп қазақ арасындағы маңызынан ғана біраз сөйлеп етпекпіз. Көптеген «қонақ аттандырады», «коп түкірсе көл» дегендей көп біріккен ұйымының, (кооперативтің) қолынан келмейтін іс жоқ. Елдің керегін арзанға тауып нәрсесін бұлдап сату үшін кооперативтің жабайы ғана санайтын жұмысы. Оның істейтіні жеке мүшелерінің шаруасын түзеуден асып жалпыға пайдасы тиетін істі майданға шығару: мектеп, клуб салдыру, арық жүргізіп, трактор алу, электр орнату т.т. Өнерлі жұрттардағы кооператив ұйымының ішінде жоғарғы айтқандарды істеп отырғаны да бар (бірақ біздің қазаққа оның ісі ертегі сияқты) сөйтсе де әлі күнге капиталшы мемлекеттерде кооператив ісіне кедергілер көп болып отыратындықтан олардағы кооператив ұйымдарының дегендеріне толық жете алмай келе жатқандығы бар. Ал Біздің Кеңестер Одағының бетіне кооператив нысанасы дәл келетін болғандықтан біздегі кооперативке үкімет жәрдемші, жәрдемші ғана емес әлеуметтікке кооператив арқылы жетеміз деп отыр. Соның үшін бүгінгі мейрамды барлық дүние кооперативтері бір есе әспеттесе Кеңестер Одағы екі есе әспеттейді. Кеңес топырағындағы елдердің, правосы бірдей болғанмен әр елдің ол праводан пайдалануы шаруа мәдениет жүзіндегі тұрған сатысына қарай, мәселен, біздің қазақ арасында әлі күнге «ой пәле-ой» дерлік бір кооператив басында жүргендердің көбі кооперацияның таза мақсат ұйымын естіген жоқ шығар. Әлі күнге ел ішіндегі кооп. тын былғаумен келеді. Даладағы құлқынның құлы надан қазақты қояйық, қаладағы ақтан қара танығандардың өздері кооперативтің нысанасын орындай алмай жүр. Кооперативке кірсең бұлдап сатасың, арзан аласың десе іс жүзінде оған қарсы шығып отырған жерлер көп. Рас алғашқы кездегідей осы күнде аздап болса да жалмауыздар маймаңдап басуға (қаққы кере бастаған соң) айналып келеді. Дегенмен әлде болса, қазақ, кооперативінің маңайында ебін тапқан ептілер жүр. Оның үстіне қазақтық қандай жеріне кооперативтің қай түрлі қолайлы келетіндігі істеліп керу түгіл шешіліп те болған жоқ. Ендігі біздің мейрам жағдайыменен ететін үмітіміз қосшы ұйымы арқылы ел кедейі менен орташалар кооператив! жандандыруға кіріссін. Орынсыз шығынның неғұрлым аз болу жағын кездеп қалта қамқорымен аянбай алыссын. Жалпы бұқараның саңлауы ашылып санасы көтерілсе ғана, кооператив жұмысы дұрысталады. Әлеуметтіктің орнауы кооперативтің дұрысталуында. 1924. 23- Сәбит Дөнентаев  
08.12.2012 06:06 2980

 

Бүгін 3 июль бүкіл дүниедегі кооперативтің мейрамдайтын күні. Нелер үлкен қалаларда талай салтанатты жиналыстар, көрнекті мәжілістер жасалып кооперативтің егжей-тегжейін кездеген нысанасын баяндайтын, істеген істерінен есеп беретін күн.

Кооперативтің мәнісі бірлік. Біріккен елдің жететіні әлеуметтік."Біз бұл жерде кооператив ұйымының қашан басталып қай патшалықта қалай жүріп жатқанын айтпақшы емеспіз жалғыз-ақ басқалар мен біздегі (кеңестер Одағындағы) айырмасын көрсетіп қазақ арасындағы маңызынан ғана біраз сөйлеп етпекпіз. Көптеген «қонақ аттандырады», «коп түкірсе көл» дегендей көп біріккен ұйымының, (кооперативтің) қолынан келмейтін іс жоқ. Елдің керегін арзанға тауып нәрсесін бұлдап сату үшін кооперативтің жабайы ғана санайтын жұмысы.

Оның істейтіні жеке мүшелерінің шаруасын түзеуден асып жалпыға пайдасы тиетін істі майданға шығару: мектеп, клуб салдыру, арық жүргізіп, трактор алу, электр орнату т.т.

Өнерлі жұрттардағы кооператив ұйымының ішінде жоғарғы айтқандарды істеп отырғаны да бар (бірақ біздің қазаққа оның ісі ертегі сияқты) сөйтсе де әлі күнге капиталшы мемлекеттерде кооператив ісіне кедергілер көп болып отыратындықтан олардағы кооператив ұйымдарының дегендеріне толық жете алмай келе жатқандығы бар. Ал Біздің Кеңестер Одағының бетіне кооператив нысанасы дәл келетін болғандықтан біздегі кооперативке үкімет жәрдемші, жәрдемші ғана емес әлеуметтікке кооператив арқылы жетеміз деп отыр.

Соның үшін бүгінгі мейрамды барлық дүние кооперативтері бір есе әспеттесе Кеңестер Одағы екі есе әспеттейді.

Кеңес топырағындағы елдердің, правосы бірдей болғанмен әр елдің ол праводан пайдалануы шаруа мәдениет жүзіндегі тұрған сатысына қарай, мәселен, біздің қазақ арасында әлі күнге «ой пәле-ой» дерлік бір кооператив басында жүргендердің көбі кооперацияның таза мақсат ұйымын естіген жоқ шығар. Әлі күнге ел ішіндегі кооп. тын былғаумен келеді. Даладағы құлқынның құлы надан қазақты қояйық, қаладағы ақтан қара танығандардың өздері кооперативтің нысанасын орындай алмай жүр.

Кооперативке кірсең бұлдап сатасың, арзан аласың десе іс жүзінде оған қарсы шығып отырған жерлер көп. Рас алғашқы кездегідей осы күнде аздап болса да жалмауыздар маймаңдап басуға (қаққы кере бастаған соң) айналып келеді. Дегенмен әлде болса, қазақ, кооперативінің маңайында ебін тапқан ептілер жүр. Оның үстіне қазақтық қандай жеріне кооперативтің қай түрлі қолайлы келетіндігі істеліп керу түгіл шешіліп те болған жоқ. Ендігі біздің мейрам жағдайыменен ететін үмітіміз қосшы ұйымы арқылы ел кедейі менен орташалар кооператив! жандандыруға кіріссін. Орынсыз шығынның неғұрлым аз болу жағын кездеп қалта қамқорымен аянбай алыссын. Жалпы бұқараның саңлауы ашылып санасы көтерілсе ғана, кооператив жұмысы дұрысталады.

Әлеуметтіктің орнауы кооперативтің дұрысталуында.

1924.

23- Сәбит Дөнентаев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға