Жаңалықтар

Ел мекемелері еңсесін көтеру керек

  Елдің ілгері басуына жол басшы, кейін қалғандарына күзетші ел мекемелері (волисполком, ауылдық советтер) екендігі, олардың елдегі әрбір іске жауапты бақылаушы екендігі талай жазылып, талай сөйленіп келе жатқан әңгіме. Бірақ бұл уақытқа дейін өздерінің міндетін біліп атқарып келген ел мекемелері санаулы деуге болады. Ауылдық совет тұрсын, волисполком мүшелері қаладан келген милиционердің етігін салып, зыр жүгіріп жүретінін көресің. Болысқа келген қызметкердің кім екендігінде жұмыстары жоқ, мандатын да сұрамайды. Тек аузын ашса айтқанын істей беруді білетін де отыратын. Ал өздерінің ел ішінде қызмет атқару жағына келсек, кей жерде бет алды ұлықтық көрсетіп, қабағын түйіп, көрінгенді боқтап, ақырғанды әдет қылып, ылау болса, қосақтатып, салық болса, айдатып алдыруды закон қылып тұтынды. Кей жерде жалпақ шешей, жағымды жігіт боламын деп, заңды жұмысты өзінің бір керегіне жарататындай, көрінгенге жалбақпен күнін өткізді. Осынын, бәрі өз правосын білмегендіктен туып отыр. Өзі ештеңе білмеген соң, бір жерден жазалы болып қалам ба деп, жоғарғы орыннан келген қызметкердің көрінгенінің қобызына билейтіні сол. Қызмет жөнінде қатаң болған тәуір, болмаса, көрінген басынып кетеді дегенді есітіп, кез келгенді ақырып, боқтайтыны да сол, әм елге жаға білмесең, еліңді шошытпай, үркітпей қызмет қылмасаң болмайды. Біреуге ұлықтық көрсету совет өкіметінің заңында жоқ дегенді есітіп, көрінгенге жалбаңдап жүретін де сол. Тегінде өз міндетінің анық не екенін біліп тұрған қызметкер орынсыз қатты болып, халықты бездірмек емес те, орынсыз жалбақ болып өзін басындырмақ емес. Онан соң шеттен келген қызметкердің кебін жөніне қарай өз қобызына билетпек. Совет үкіметі орнағалы 5 жыл болғандықтан, ел мекемелерінің түгел есі кірмесе де, әр түрлі жоба-нұсқалардың елесін керіп жүр деуге болады. «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болады» дегендей, бірсыпыра ысылып қалған орындар да бар шығар. Бірақ жалпы алғанда, баяғы шылықтан әлі шыға алғанымыз жоқ. Оның себебі білмегеніміздің үстіне білуге ынтамыздың жоқтығы. Ежелгі жасқаншақ, қорғаншақтығымыз. Жуырдағы газеттердің сөзіне қарағанда, волисполкомдар мен ауылдық совет туралы закон жобасы заң болып бекілмек. Ол жобаның көрсетілуінше жергілікті мекемелердің правосы бұрынғыдан зораймақ. Болыстар үлкейгендіктен, волисполкомдардың инабаты мен міндеті уезден аз-ақ төмен саналмақ. Ол жоба бойынша төменгі мекемелер бұрынғыдан көрі де ел керегіне лайықты болып құрылып, әрдайым ел мұңымен есептесетін болып отырмақ. Бір болыстың жерінде отырған қандай мекеме, нендей қызметкер болса да, жаңа жоба бойынша жергілікті" волисполкомдар алдында есеп беріп отыруға міндетті. Егер де толық себебі болған уақытта волисполкомдардың болыстағы қызмет адамдарын уезд әм губерна арқылы болыстан қудыруға да правосы болмақ. Жаңа жобада бұлардан басқа да әртүрлі өзгерістер бар. Мәселен қаулы, штраф әм басқалар. Бұған қарағанда ел мекемелерінің правосы бұрынғыдан да зорайып, міндеті бұрынғыдан да көбеймек. «Алаған қолым береген» деп олардың енді еңсесін көтеретін уақыты жетті.  
08.12.2012 06:04 3711

 

Елдің ілгері басуына жол басшы, кейін қалғандарына күзетші ел мекемелері (волисполком, ауылдық советтер) екендігі, олардың елдегі әрбір іске жауапты бақылаушы екендігі талай жазылып, талай сөйленіп келе жатқан әңгіме. Бірақ бұл уақытқа дейін өздерінің міндетін біліп атқарып келген ел мекемелері санаулы деуге болады.

Ауылдық совет тұрсын, волисполком мүшелері қаладан келген милиционердің етігін салып, зыр жүгіріп жүретінін көресің. Болысқа келген қызметкердің кім екендігінде жұмыстары жоқ, мандатын да сұрамайды. Тек аузын ашса айтқанын істей беруді білетін де отыратын. Ал өздерінің ел ішінде қызмет атқару жағына келсек, кей жерде бет алды ұлықтық көрсетіп, қабағын түйіп, көрінгенді боқтап, ақырғанды әдет қылып, ылау болса, қосақтатып, салық болса, айдатып алдыруды закон қылып тұтынды. Кей жерде жалпақ шешей, жағымды жігіт боламын деп, заңды жұмысты өзінің бір керегіне жарататындай, көрінгенге жалбақпен күнін өткізді.

Осынын, бәрі өз правосын білмегендіктен туып отыр. Өзі ештеңе білмеген соң, бір жерден жазалы болып қалам ба деп, жоғарғы орыннан келген қызметкердің көрінгенінің қобызына билейтіні сол. Қызмет жөнінде қатаң болған тәуір, болмаса, көрінген басынып кетеді дегенді есітіп, кез келгенді ақырып, боқтайтыны да сол, әм елге жаға білмесең, еліңді шошытпай, үркітпей қызмет қылмасаң болмайды. Біреуге ұлықтық көрсету совет өкіметінің заңында жоқ дегенді есітіп, көрінгенге жалбаңдап жүретін де сол. Тегінде өз міндетінің анық не екенін біліп тұрған қызметкер орынсыз қатты болып, халықты бездірмек емес те, орынсыз жалбақ болып өзін басындырмақ емес. Онан соң шеттен келген қызметкердің кебін жөніне қарай өз қобызына билетпек.

Совет үкіметі орнағалы 5 жыл болғандықтан, ел мекемелерінің түгел есі кірмесе де, әр түрлі жоба-нұсқалардың елесін керіп жүр деуге болады. «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болады» дегендей, бірсыпыра ысылып қалған орындар да бар шығар. Бірақ жалпы алғанда, баяғы шылықтан әлі шыға алғанымыз жоқ. Оның себебі білмегеніміздің үстіне білуге ынтамыздың жоқтығы. Ежелгі жасқаншақ, қорғаншақтығымыз. Жуырдағы газеттердің сөзіне қарағанда, волисполкомдар мен ауылдық совет туралы закон жобасы заң болып бекілмек. Ол жобаның көрсетілуінше жергілікті мекемелердің правосы бұрынғыдан зораймақ. Болыстар үлкейгендіктен, волисполкомдардың инабаты мен міндеті уезден аз-ақ төмен саналмақ. Ол жоба бойынша төменгі мекемелер бұрынғыдан көрі де ел керегіне лайықты болып құрылып, әрдайым ел мұңымен есептесетін болып отырмақ.

Бір болыстың жерінде отырған қандай мекеме, нендей қызметкер болса да, жаңа жоба бойынша жергілікті" волисполкомдар алдында есеп беріп отыруға міндетті. Егер де толық себебі болған уақытта волисполкомдардың болыстағы қызмет адамдарын уезд әм губерна арқылы болыстан қудыруға да правосы болмақ.

Жаңа жобада бұлардан басқа да әртүрлі өзгерістер бар. Мәселен қаулы, штраф әм басқалар.

Бұған қарағанда ел мекемелерінің правосы бұрынғыдан да зорайып, міндеті бұрынғыдан да көбеймек. «Алаған қолым береген» деп олардың енді еңсесін көтеретін уақыты жетті.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға