Жаңалықтар

Тіл тағдырына ұшыраған бөбектер

  Қазақ тілі қоғамы қалалық ұйым басқармасының балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру мәселесіне арналған отырысы болды. "Оған басқа да қарамағында балабақшалары бар мекемелермен қатар 16 балабақша иесі "Мұнай - газ өндіру басқармасының" маман бөлімінің бастығы Қонарбаев Аманқос, бастық орынбасары Өтесінов Аманжан, Маңғыстау мұнай-газ құрылысы жалгерлік кәсіпорынға қарасты "Балдырған" балабақшасының инспекторы Лилиян В.С. пен меңгерушісі Джагилова С.М. шақырылды. Отырысқа қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Оңғарова Гүлжамал қатысып,сөз сөйлеп, өз пікірін ортаға салды. Отырыстың күн тәртібіне басқа емес, балабақша мәселесінің қойылуы әркімге түсінікті болар. "Тілдер туралы Заңды" айтпағанның өзінде, Қазақ ССР-інің осы мәселе жөніндегі Бағдарламасында Жаңаөзеннің мемлекеттік тілге көшу мерзімінің тұсында 1992 жылдың қаңтары тұр. Ал күні бүгін осы қызмет жөнінде Қалалық Атқару комитетінің 1991 жылғы 16 шілдеде шыққан 256 шешімі орындалмай жатыр. Ол "шешім" бойынша осы жылы Мұнай - газ өндіру басқармасының орыс тілінде істеп жатқан 13 балабақшасының 10-ы мемлекеттік тілге көшуі тиіс. Отырыста ана тілдің маңызы мен оның алатын орнын әсіресе балдырғандар үшін төралқа мүшесі Байтілеуов Аманқос жақсы айтып өтті. - Біздегі сыңаржақ тәрбие нәтижесінде 11-ді бітірген бала Абайды суретші дегенін естідім. Ал Пушкин шығармаларын атап берді. Ұлт араздығының түп төркінінің де бір бұтағы осында жатқан жоқ па? Мысалы, әзірбайжандар мен армяндардың қантөгісі. Басқа халықтар, орыс балабақшаларындағы басқа тілді тәрбиешілер біздің ұлт тағдырын неге түсінбейді? Ал қаракөздерді орысша оқытып-тәрбиелеп, ана тілінен қақас ұстап отырған "Мұнай-газ өндіру басқарма" басшылары қайда қарап отыр, - деді ол. Шынында да айтса айтқандай. Осы басқармадағы 13 орыс балабақшасының көрсеткіштеріне көз жүгіртейікші: 13 балабақшадан күні бүгінгі 2283 бүлдіршіннің 1813-і қазақтар.Басқа тілдісі -470 қана. Былайша айтқанда 2 балабақшаға жетер-жетпес. Енді тәрбиешілерге назар аударыңыз: Бұлардағысы - 180. Оның қазағы-52 ғана. Сонда күні бүгін оларды мемлекеттік тілге аудара қоямыз дегеннің өзінде 1813 балаға 52 тәрбиеші жұғын да болмас. Ал "ұлы" тілмен төсеп келе жатқан 128 тәрбиешінің тағдыры да бізді ойлантпайды емес. Бірақ бардан жоқ құрап, қазақша балабақша үшін балапанын қорғаған торғайдай шырылдап жүрген инспектор Маңдайлы құр қол келмеген екен. Ол тәрбиеші мамандарды өз жігіне қарай орналастырып, жақында №12 балабақшаны қазақшаға аударуға Оспанов жолдасқа бұйрық шығартып қойғанын хабарлап, еңсемізді тіктетті. "Бірақ бұдан арғы тағдыр дау-дамайға ұласар түрі бар", - деді ол. - Себебі күні бүгін "Айгүлді" аударуға толық жағдай бар - 24 тәрбиешінің - 13-і қазақ. Басқа тілділерінің кейбіреуінде арнайы білімі жоқ. Ал мамандарды басқа орыс балабақшасына аударуға мүмкіндік бар. Соңғы сөз Өтесінов жолдаста,- деп бітірді сөзін Қашаубаева. Әрине біздің бұл қызметкерден күтеріміз көп. Оған айтқызсаң, басшылар оң қабақ танытса, №7,8,9 балабақшаларды да мемлекеттік тілге көшіруге талпынуға болады. Біз бүлдіршіндердің тіл тағдырына жанымыз аши отырып, басқарма тарапынан тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен басқа тілділерді қазақ балалар арасынан алып, өздерімен келісе отырып,басқа жұмысқа ауыстыру, жаңа мамандыққа оқыту, т.б. жұмыстардың өте сылбыр күйіне куә болдық. Әйтпесе қысы-жазы бірде-бір "ұлы" тілділердің мамандық ауыстырмауын "қазақша топ ашу керек" деген Маңдайлыға №6 орыс балабақша меңгерушісі Чернова Валентина Васильевнаның: "Попробуй только идти на этот риск", - деп қорқытуын немен түсіндіруге болады? Біз отырыста сөйлеген төралқа мүшелері Қарамбетов Тынымбай, Ауланұлы Түгелбайдың: -Мәселе төтесінен қойылуы керек. Балабақша түгелімен ана тіліне көшірілуі тиіс. Басқа тілділерді топтастырып, 1,2 таза орыс балабақшасы ашылсын. Немесе орыс топтары ашылып, іс қағаздары түгел мемлекеттік тілде жүргізілетін болсын. Маман даярлау ісіндегі Қонарбаев, Өтесінов жолдастардың немқұрайлылығы осы отырысқа олардың ауылда бола тұра қатыспағанынан да көрініп тұр. Олардың бұл ниетін қала, облыс әкімшіліктеріне тапсыру керек, - деп ашына айтқан лебіздеріне құлақ қоймау қиын. Дұрысын айтсақ, басқа тілді тәрбиешілердің неше жыл бойы қаймағы бұзылар емес. Егер "балабақша оқуын бітірді,оларды қозғамайық" деп, қол қусырып отыра берсек, онда ол ағайындардың зейнетақыға шығу мерекесін күтеміз дағы. Оған берісі 10 жыл, әрісі 20 жыл кідіру керек. Ал қазақ балғындар тағдырын кім ойлайды сонда? Біз маман бөлімінің бастығы Қонарбаев Аманқостың қызметіндегі сылбырлық пен "өзім білемін" мінезін қостай алмаймыз. Оның балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі бағдарламасының жоқтығын айтпағанның өзінде, балабақша инспекторы Қашаубаевамен бірігіп істеуге еш құлқы жоқ. Балабақшадағы тәрбиешілердің ауысуы, орналасуы Маңдайлымен келісілген жағдайда ғана шешілуі керек.Бұл жолдас соңғы кезде қазақыландыра алмай жүрген "Айгүл" балабақшасына астыртын түрде тағы да екі арнаулы білімі жоқ тәрбиеші жіберген. Аманқостың маңайындағылар оның жұмыс "әдісіне" наразы. Жақындағы бір кездесуде оған кәсіподақ ұйымының төрағасы Иманов Қуаныштың реніш білдіріп отырғанына куә болдық. Айтпақшы, бұл ұжым іс қағаздарын ана тілімізде жүргізуді бастаған бірден-бір кәсіподақ ұйымы болып отыр. Отырыста балабақшалардағы әдемілікті түсіну мен эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі музыка маманының тапшылығы орынды әңгіме болды. Бұл жөнінде қала мәдениет бөлімінің меңгерушісі Оңғарова Гүлжамал: - Ізеттілік пен иманжүзділік көбіне музыканы, өлеңді түсінуден басталады. Ал бөбектерді әзірге рухы да, кәсібі де, дәстүрі де, тіпті әуендері де бөтен музыкамен тәрбиелеудеміз. Музыка маманы мемлекеттік тілді білуі шарт. Ана тіліміздегі өлең, әндерді үйреткенде, менше, фортепьянада ойнай білу шарт емес. Бүлдіршіндер өмірінен домбырамен орындайтын, баянмен, аккардеонмен қостайтын репертуарларға көңіл аудару керек. Ол үшін жергілікті музыка мектебімен келісіп, 1 жылдық оқу ашу керек, - деді. Отырыста бұлардан басқа "Мұнай газ өндіру басқармасының" "Қазақ тілі" біріккен комитетінің төрағасы Қоңқашев Жексен, мәдениет қызметкері Сүлейменов Ізбасар, төралқа мүшесі, бұрғылау жұмыстары басқарма қызметкері Телеғұсов Өмірзақ сөз алып, өз балаларының ана тілінде оқып-тәрбиеленуін бүкіл ата-ана сарыла күтіп отырғанын, бұл істе жалтақтыққа енді төзуге болмайтынын, сонымен қатар мамандығы бар басқа тілді тәрбиешілерді де тағдыр талапайына қалдырмай, жұмысқа орналастыруды да ұмытпау қажеттігін тілге тиек етті. КОРЫТА АЙТАРЫМЫЗ: Қаламыздағы сүйенеріміз де, сиынарымызда "Мұнай - газ өндіру басқармасы" десек, ондағы балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру жұмысы сын көтермейтінін мойындағанымыз абзал. Алматыда оқып жатқан 20 адам мен жамап-жасқап жасап отырған 20 тәрбиеші 130 басқа тілді мамандарды алмастыра алмақ емес. Ал облыстық колледжде оқып жатқан 20-30 қыз қашан оқуын бітіріп келеді деп күтіп отыру да сен болмас. Одан да әрбір мүмкіндікті пайдалану лезім. Күні бүгін тағыда 20 қызды оқытып алуға, не осы жазда бітіретін тәрбиеші мамандарды институттарға барып,"сатып" алуға қаржы жағы қинататын құсайды. Ал істің анығы: Жаңаөзенде осы жазда колледж мұғалімдерін шақырып,жергілікті бастауыш мектеп ұстаздарын пайдаланып,100 ге жуық тәрбиеші даярлау қажет. Бұл мәселеге қалалық оқу бөлімі де қол ұшын беруі тиіс. Қысқасы, қала, облыстағы осы міндетке қатысым бар дейтін әкімшілік, кеңсе қызметкерлері балабақша мамандарын дайындауда бір қозғалыс жасауы керек сияқты. Ана тілінен сусындай алмаған әр бүлдіршіннің әр күні мен сағаты ұрпақ алдындағы күнәмізді ауырлата түсетінін ұмытпайық. Тіл тағдырына ұшыраған бөбектерді құтқарайық. 13.06.1992.    
08.12.2012 06:00 4039

 

Қазақ тілі қоғамы қалалық ұйым басқармасының балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру мәселесіне арналған отырысы болды. "Оған басқа да қарамағында балабақшалары бар мекемелермен қатар 16 балабақша иесі "Мұнай - газ өндіру басқармасының" маман бөлімінің бастығы Қонарбаев Аманқос, бастық орынбасары Өтесінов Аманжан, Маңғыстау мұнай-газ құрылысы жалгерлік кәсіпорынға қарасты "Балдырған" балабақшасының инспекторы Лилиян В.С. пен меңгерушісі Джагилова С.М. шақырылды. Отырысқа қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі Оңғарова Гүлжамал қатысып,сөз сөйлеп, өз пікірін ортаға салды.

Отырыстың күн тәртібіне басқа емес, балабақша мәселесінің қойылуы әркімге түсінікті болар. "Тілдер туралы Заңды" айтпағанның өзінде, Қазақ ССР-інің осы мәселе жөніндегі Бағдарламасында Жаңаөзеннің мемлекеттік тілге көшу мерзімінің тұсында 1992 жылдың қаңтары тұр. Ал күні бүгін осы қызмет жөнінде Қалалық Атқару комитетінің 1991 жылғы 16 шілдеде шыққан 256 шешімі орындалмай жатыр. Ол "шешім" бойынша осы жылы Мұнай - газ өндіру басқармасының орыс тілінде істеп жатқан 13 балабақшасының 10-ы мемлекеттік тілге көшуі тиіс. Отырыста ана тілдің маңызы мен оның алатын орнын әсіресе балдырғандар үшін төралқа мүшесі Байтілеуов Аманқос жақсы айтып өтті.

- Біздегі сыңаржақ тәрбие нәтижесінде 11-ді бітірген бала Абайды суретші дегенін естідім. Ал Пушкин шығармаларын атап берді. Ұлт араздығының түп төркінінің де бір бұтағы осында жатқан жоқ па? Мысалы, әзірбайжандар мен армяндардың қантөгісі. Басқа халықтар, орыс балабақшаларындағы басқа тілді тәрбиешілер біздің ұлт тағдырын неге түсінбейді? Ал қаракөздерді орысша оқытып-тәрбиелеп, ана тілінен қақас ұстап отырған "Мұнай-газ өндіру басқарма" басшылары қайда қарап отыр, - деді ол.

Шынында да айтса айтқандай. Осы басқармадағы 13 орыс балабақшасының көрсеткіштеріне көз жүгіртейікші:

13 балабақшадан күні бүгінгі 2283 бүлдіршіннің 1813-і қазақтар.Басқа тілдісі -470 қана. Былайша айтқанда 2 балабақшаға жетер-жетпес. Енді тәрбиешілерге назар аударыңыз: Бұлардағысы - 180. Оның қазағы-52 ғана. Сонда күні бүгін оларды мемлекеттік тілге аудара қоямыз дегеннің өзінде 1813 балаға 52 тәрбиеші жұғын да болмас. Ал "ұлы" тілмен төсеп келе жатқан 128 тәрбиешінің тағдыры да бізді ойлантпайды емес. Бірақ бардан жоқ құрап, қазақша балабақша үшін балапанын қорғаған торғайдай шырылдап жүрген инспектор Маңдайлы құр қол келмеген екен. Ол тәрбиеші мамандарды өз жігіне қарай орналастырып, жақында №12 балабақшаны қазақшаға аударуға Оспанов жолдасқа бұйрық шығартып қойғанын хабарлап, еңсемізді тіктетті. "Бірақ бұдан арғы тағдыр дау-дамайға ұласар түрі бар", - деді ол.

- Себебі күні бүгін "Айгүлді" аударуға толық жағдай бар - 24 тәрбиешінің - 13-і қазақ. Басқа тілділерінің кейбіреуінде арнайы білімі жоқ. Ал мамандарды басқа орыс балабақшасына аударуға мүмкіндік бар. Соңғы сөз Өтесінов жолдаста,- деп бітірді сөзін Қашаубаева. Әрине біздің бұл қызметкерден күтеріміз көп. Оған айтқызсаң, басшылар оң қабақ танытса, №7,8,9 балабақшаларды да мемлекеттік тілге көшіруге талпынуға болады.

Біз бүлдіршіндердің тіл тағдырына жанымыз аши отырып, басқарма тарапынан тәрбиеші мамандар тәрбиелеу мен басқа тілділерді қазақ балалар арасынан алып, өздерімен келісе отырып,басқа жұмысқа ауыстыру, жаңа мамандыққа оқыту, т.б. жұмыстардың өте сылбыр күйіне куә болдық. Әйтпесе қысы-жазы бірде-бір "ұлы" тілділердің мамандық ауыстырмауын "қазақша топ ашу керек" деген Маңдайлыға №6 орыс балабақша меңгерушісі Чернова Валентина Васильевнаның: "Попробуй только идти на этот риск", - деп қорқытуын немен түсіндіруге болады?

Біз отырыста сөйлеген төралқа мүшелері Қарамбетов Тынымбай, Ауланұлы Түгелбайдың:

-Мәселе төтесінен қойылуы керек. Балабақша түгелімен ана тіліне көшірілуі тиіс. Басқа тілділерді топтастырып, 1,2 таза орыс балабақшасы ашылсын. Немесе орыс топтары ашылып, іс қағаздары түгел мемлекеттік тілде жүргізілетін болсын. Маман даярлау ісіндегі Қонарбаев, Өтесінов жолдастардың немқұрайлылығы осы отырысқа олардың ауылда бола тұра қатыспағанынан да көрініп тұр. Олардың бұл ниетін қала, облыс әкімшіліктеріне тапсыру керек, - деп ашына айтқан лебіздеріне құлақ қоймау қиын.

Дұрысын айтсақ, басқа тілді тәрбиешілердің неше жыл бойы қаймағы бұзылар емес. Егер "балабақша оқуын бітірді,оларды қозғамайық" деп, қол қусырып отыра берсек, онда ол ағайындардың зейнетақыға шығу мерекесін күтеміз дағы. Оған берісі 10 жыл, әрісі 20 жыл кідіру керек. Ал қазақ балғындар тағдырын кім ойлайды сонда?

Біз маман бөлімінің бастығы Қонарбаев Аманқостың қызметіндегі сылбырлық пен "өзім білемін" мінезін қостай алмаймыз. Оның балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі бағдарламасының жоқтығын айтпағанның өзінде, балабақша инспекторы Қашаубаевамен бірігіп істеуге еш құлқы жоқ. Балабақшадағы тәрбиешілердің ауысуы, орналасуы Маңдайлымен келісілген жағдайда ғана шешілуі керек.Бұл жолдас соңғы кезде қазақыландыра алмай жүрген "Айгүл" балабақшасына астыртын түрде тағы да екі арнаулы білімі жоқ тәрбиеші жіберген. Аманқостың маңайындағылар оның жұмыс "әдісіне" наразы. Жақындағы бір кездесуде оған кәсіподақ ұйымының төрағасы Иманов Қуаныштың реніш білдіріп отырғанына куә болдық. Айтпақшы, бұл ұжым іс қағаздарын ана тілімізде жүргізуді бастаған бірден-бір кәсіподақ ұйымы болып отыр.

Отырыста балабақшалардағы әдемілікті түсіну мен эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі музыка маманының тапшылығы орынды әңгіме болды. Бұл жөнінде қала мәдениет бөлімінің меңгерушісі Оңғарова Гүлжамал: - Ізеттілік пен иманжүзділік көбіне музыканы, өлеңді түсінуден басталады. Ал бөбектерді әзірге рухы да, кәсібі де, дәстүрі де, тіпті әуендері де бөтен музыкамен тәрбиелеудеміз. Музыка маманы мемлекеттік тілді білуі шарт. Ана тіліміздегі өлең, әндерді үйреткенде, менше, фортепьянада ойнай білу шарт емес. Бүлдіршіндер өмірінен домбырамен орындайтын, баянмен, аккардеонмен қостайтын репертуарларға көңіл аудару керек. Ол үшін жергілікті музыка мектебімен келісіп, 1 жылдық оқу ашу керек, - деді. Отырыста бұлардан басқа "Мұнай газ өндіру басқармасының" "Қазақ тілі" біріккен комитетінің төрағасы Қоңқашев Жексен, мәдениет қызметкері Сүлейменов Ізбасар, төралқа мүшесі, бұрғылау жұмыстары басқарма қызметкері Телеғұсов Өмірзақ сөз алып, өз балаларының ана тілінде оқып-тәрбиеленуін бүкіл ата-ана сарыла күтіп отырғанын, бұл істе жалтақтыққа енді төзуге болмайтынын, сонымен қатар мамандығы бар басқа тілді тәрбиешілерді де тағдыр талапайына қалдырмай, жұмысқа орналастыруды да ұмытпау қажеттігін тілге тиек етті.

КОРЫТА АЙТАРЫМЫЗ:

Қаламыздағы сүйенеріміз де, сиынарымызда "Мұнай - газ өндіру басқармасы" десек, ондағы балабақшаларды мемлекеттік тілге көшіру жұмысы сын көтермейтінін мойындағанымыз абзал. Алматыда оқып жатқан 20 адам мен жамап-жасқап жасап отырған 20 тәрбиеші 130 басқа тілді мамандарды алмастыра алмақ емес. Ал облыстық колледжде оқып жатқан 20-30 қыз қашан оқуын бітіріп келеді деп күтіп отыру да сен болмас. Одан да әрбір мүмкіндікті пайдалану лезім. Күні бүгін тағыда 20 қызды оқытып алуға, не осы жазда бітіретін тәрбиеші мамандарды институттарға барып,"сатып" алуға қаржы жағы қинататын құсайды. Ал істің анығы: Жаңаөзенде осы жазда колледж мұғалімдерін шақырып,жергілікті бастауыш мектеп ұстаздарын пайдаланып,100 ге жуық тәрбиеші даярлау қажет. Бұл мәселеге қалалық оқу бөлімі де қол ұшын беруі тиіс.

Қысқасы, қала, облыстағы осы міндетке қатысым бар дейтін әкімшілік, кеңсе қызметкерлері балабақша мамандарын дайындауда бір қозғалыс жасауы керек сияқты. Ана тілінен сусындай алмаған әр бүлдіршіннің әр күні мен сағаты ұрпақ алдындағы күнәмізді ауырлата түсетінін ұмытпайық. Тіл тағдырына ұшыраған бөбектерді құтқарайық.

13.06.1992.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға