Жаңалықтар

Газет иесіне берілсін

  Елдегі газет алдырушылардың ішінде газетіміз уақытымен тимейді, яки мен пәлен номерден бері газет алғаным жоқ деп қыңқылдайтындарды әр жерде, әруақытта ұшыратуға тура келеді. Егер де газет көрсеткен адрес бойынша жаздырған жерге тура бармай қалса, ол уақытта жіберілу мен поштадан болған кемшілік деуге болады. Еңбекшілдер үкіметі өткен жылдық аяғында пошта конторларын газет тасу жұмысын өте құнтақты түрде орындап отыруға міндетті қылды. Күні бітіп яки адресі қисық жазылған газет болмаса, жіберілу жағынан да салақтық болады деп түсіндіруге орын жоқ. Ал, енді әңгіменің кебі газет баратын орындарда. Елдің волисполком арқылы болмаса, басқа газет алдыратын орны жоқ деуге болады. Ал, волисполкомдердің ішінде газетті жаздырған иесіне қолма-қол тиюін көздеп отыратындары да шамалы. Мекемелерін тәртіпке қойып, жұмыссыз кісі кіргізбей, кіргендерді, келе бұқжамасын астан-кестенін шығаратын кемпірдің ерке немересі құсатып кимелетпей отыратын қазақтық қай волисполкомы бар. Озды волисполком маңындағылардың өздері газет алдырмайтындықтарынан (тегін газет оқитын болған соң, не қылсын), қалды күндізгі келген еріккендердің еркелеп ала жөнелетіндіктерінен, «ертең беремін, оқып берейін» сияқты үмітті ой, жылы сөздермен кеңседен бір шыққан газет иесіне қош айтады дағы. Газеттің дұрыс тарауы туралы губисполкомның жергілікті мекемелерге талай нұсқау жарлықтары болған, әлі де болмақ. Бірақ қамшыламай жүрмейтін шабан ат сыяқтанып ылғи жоғарыдан бұйрық күтіп, соны ғана орындап отыруға үйреніп (жазалы болмайтын болса, онда да селсоқтау болып) отырғанына да, еңбекшілерге пайдасы бар жұмысты өз бетімен атқарып, еңбекшілердің қызметкері немен борышты екенін, не қылғанда ол атқарылатынын жақсы біліп отыру әрбір кеңес азаматтарының міндеті. Сондықтан, елдегі әрбір мекеме иелеріне жолдастық жөнінен беретін кеңесіміз: сіздер арқылы баратын газеттер жаздырған иелеріне тапсырылатын болмай, кеңседен шықпайтын болсын! Ол үшін тұрмыс жағдайларына қарай белгілі тәртіп қолданылып алуларыңа болады. Мәселен: газет алдырушылардың, бір қағазға тізімін жасап, газет келген сайын, қай номердің, қашан келгендігінен белгі қойылып, жақындағыларының не өзі, не тапсырған кісісі алғанша кілтке салынып сақталуы керек. Онан соң алыстағыларға тапсыру үшін ауылдық кеңес бастықтарын міндетті қылуға керек. Газетті иесіне түзу тапсыру туралы қандай шара қолданылатын болса да, иелерінің ұнатуымен болсын. Тегінде бір есте болатын жұмыс: газетті кім алатын болса да (тапсыруға болсын, иесі болсын) белгілі қағазға қол қойып алатын болсын. ' Міне осы сияқты мекеме иелері газет тапсыру жөнінде белгілі тәртіп қолданбаса, газетті де иелеріне жөндеп тапсыра алмақ емес, заң алдында да күнәдан құтыла алмақ емес. Ауылдық кеңес азаматтарының да газетті иесінің қолына беру жөнінде қатты сақ болуы шарт. Асса жанындағы борышын атқарып, қалса заң жолымен зерттелгенде кінәлы болмайын десе, газетті бергендігіне олардың қолын қойғызып алып отырулары керек болады. Газетті болыстық кеңседен әкеле жатып, шай ішкен жерінде: «Ауылнай! газетің бар ма?» — деген жуанға, киіз сумкадан бобыратып лақтырып тастауды қоймаған совет бастығы — советтің қызметкері емес. Осы күнге шейін газетті алдырушылардың көбеймеуінің бір себебі ел қызметкерінің салақтығынан. Біреудің газетін біреу ойық ен салып мініп алатын әдетті тастамағандығынан. Бұл қалып бұдан былай жойылу керек. Газет иесіне берілсін!  
08.12.2012 05:56 3233

 

Елдегі газет алдырушылардың ішінде газетіміз уақытымен тимейді, яки мен пәлен номерден бері газет алғаным жоқ деп қыңқылдайтындарды әр жерде, әруақытта ұшыратуға тура келеді.

Егер де газет көрсеткен адрес бойынша жаздырған жерге тура бармай қалса, ол уақытта жіберілу мен поштадан болған кемшілік деуге болады.

Еңбекшілдер үкіметі өткен жылдық аяғында пошта конторларын газет тасу жұмысын өте құнтақты түрде орындап отыруға міндетті қылды. Күні бітіп яки адресі қисық жазылған газет болмаса, жіберілу жағынан да салақтық болады деп түсіндіруге орын жоқ.

Ал, енді әңгіменің кебі газет баратын орындарда.

Елдің волисполком арқылы болмаса, басқа газет алдыратын орны жоқ деуге болады.

Ал, волисполкомдердің ішінде газетті жаздырған иесіне қолма-қол тиюін көздеп отыратындары да шамалы. Мекемелерін тәртіпке қойып, жұмыссыз кісі кіргізбей, кіргендерді, келе бұқжамасын астан-кестенін шығаратын кемпірдің ерке немересі құсатып кимелетпей отыратын қазақтық қай волисполкомы бар.

Озды волисполком маңындағылардың өздері газет алдырмайтындықтарынан (тегін газет оқитын болған соң, не қылсын), қалды күндізгі келген еріккендердің еркелеп ала жөнелетіндіктерінен, «ертең беремін, оқып берейін» сияқты үмітті ой, жылы сөздермен кеңседен бір шыққан газет иесіне қош айтады дағы.

Газеттің дұрыс тарауы туралы губисполкомның жергілікті мекемелерге талай нұсқау жарлықтары болған, әлі де болмақ. Бірақ қамшыламай жүрмейтін шабан ат сыяқтанып ылғи жоғарыдан бұйрық күтіп, соны ғана орындап отыруға үйреніп (жазалы болмайтын болса, онда да селсоқтау болып) отырғанына да, еңбекшілерге пайдасы бар жұмысты өз бетімен атқарып, еңбекшілердің қызметкері немен борышты екенін, не қылғанда ол атқарылатынын жақсы біліп отыру әрбір кеңес азаматтарының міндеті. Сондықтан, елдегі әрбір мекеме иелеріне жолдастық жөнінен беретін кеңесіміз: сіздер арқылы баратын газеттер жаздырған иелеріне тапсырылатын болмай, кеңседен шықпайтын болсын! Ол үшін тұрмыс жағдайларына қарай белгілі тәртіп қолданылып алуларыңа болады. Мәселен: газет алдырушылардың, бір қағазға тізімін жасап, газет келген сайын, қай номердің, қашан келгендігінен белгі қойылып, жақындағыларының не өзі, не тапсырған кісісі алғанша кілтке салынып сақталуы керек. Онан соң алыстағыларға тапсыру үшін ауылдық кеңес бастықтарын міндетті қылуға керек.

Газетті иесіне түзу тапсыру туралы қандай шара қолданылатын болса да, иелерінің ұнатуымен болсын. Тегінде бір есте болатын жұмыс: газетті кім алатын болса да (тапсыруға болсын, иесі болсын) белгілі қағазға қол қойып алатын болсын. '

Міне осы сияқты мекеме иелері газет тапсыру жөнінде белгілі тәртіп қолданбаса, газетті де иелеріне жөндеп тапсыра алмақ емес, заң алдында да күнәдан құтыла алмақ емес.

Ауылдық кеңес азаматтарының да газетті иесінің қолына беру жөнінде қатты сақ болуы шарт. Асса жанындағы борышын атқарып, қалса заң жолымен зерттелгенде кінәлы болмайын десе, газетті бергендігіне олардың қолын қойғызып алып отырулары керек болады.

Газетті болыстық кеңседен әкеле жатып, шай ішкен жерінде: «Ауылнай! газетің бар ма?» — деген жуанға, киіз сумкадан бобыратып лақтырып тастауды қоймаған совет бастығы — советтің қызметкері емес. Осы күнге шейін газетті алдырушылардың көбеймеуінің бір себебі ел қызметкерінің салақтығынан.

Біреудің газетін біреу ойық ен салып мініп алатын әдетті тастамағандығынан. Бұл қалып бұдан былай жойылу керек. Газет иесіне берілсін!

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға