Жаңалықтар

Үміттен гөрі күдік көп

  Ұзақ жылдар бойы елеусіз,ескерусіз қалған ана тіліміздің мемлекеттік дәреже алуы халқымыздың мәртебесін көтеріп, мерейін тасытты. Облыс орталықтарында, қала, аудандарда құрылған "Қазақ тілі" қоғамдары мен оның бастауыш ұйымдары туған тілдің қарышты өркендеуіне жасалған тұңғыш қадам іспеттес. Осындай азды-көпті жасалынып жатқан жанды іс біздің қаламызда да баршылық. Дегенмен алда күтіп тұрған жұмыстар, қаншама десеңізші. Жүрегі елім, жерім деп соққан әрбір қазақ азаматы өз дініне, тіліне, әдет-ғұрпына, қала берді ұрпағының болашағына немқұрайды қарамаса керек десек те, ішінара болса да тілдің келешегіне сенімсіздікпен қарап "ертеңгі күні не боп кетер екен" деп солқылдақтық таныту психологиясынан арыла алмай жүргендердің арамызда кездесіп қалатыны шындық. "Біздің қаламыз—өндірістің ошағы. Ірілі-ұсақты жүзден астам кәсіпорын, мекемелер бар. Оларда еңбек ететіндердің дені жергілікті ұлт өкілдерінен. Мысалы, Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасы, Маңғыстау газ өндіру басқармасы, №5 автотранспорт кәсіпорны сияқты еңбек ұжымдарында 90-95 процентке дейін жұмыс жасайтындар қазақтар. Демек, жиналыстарды, іс - қағаздарын қазақша жүргізуге бөгет болатын еш себеп жоқ деген сөз ғой. Бірақ бұл жерде ұшқыр ой мен жанды істің бір жерге тоғысуы қиынға түсіп тұр. Күні бүгінге дейін көпшіліктерінде бірде-бір қағаз ана тілінде жазылмайды, мемлекеттік тілге көшуді айтпағанда қос тілде жазу да қолға алынбаған. Басқарманың бір отырысында қазақша бұйрық, арыз, шағым, баяндама т.б. өз тілімізден жазуға не кедергі?- деген сұраққа №3 технологиялық транспорт басқармасының бастығы А.Қылышбаев "Мұнай газ өндіру басқармасы сияқты үлкен кәсіпорындар бастаса, біз қоштауға дайынбыз" деп жауап берген. Осы сияқты кейбір мекем басшылары жоғарыдан нұсқау күтеді. Сонда бұл не, демократия, жариялылық деген біз үшін тек қағаз жүзінде болғаны ма? Кімнің езуінен жылы емеурін көреміз деп жоғары жаққа жаутаңдамай өз халқымыздың тағдырын өзіміз шешетін кез келді емес пе? Оның үстіне тілді дамыту бүкілхалықтық іс. Біз ешкімнің де ар - намысына нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ. Еліміздің елдігін, ұрпағымыздың ертеңін ойласақ айып па?- деген ой көңіліңді мазалайды.Тіпті кейбір мекеме басшылары бастауыш ұйым құруға үзілді-кесілді қарсылықтарын білдіреді. Қоғамды тек жарна жинаушы ретінде ғана балап, жете мән бермейді. 1990 жылдың 30 шілдесінде жарияланған мемлекеттік бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласында іс қағаздарын қазақшалау 1992 жылдан бастап іске асу керек. Бұл мерзімге жарты жылдай уақыт қалды. Ал жағдайымыз сөз болғандай әлі жоғарыға қарап телміріп жүрміз. Немесе балабақша мәселесіне тоқталайық. Жартысынан көбі қазақтар болып отырған бұл қалада үлкен "жырмен" ашылған жалғыз - ақ қазақ балабақшасы бар - "Қазақ тілі" қоғамының қалалық ұйымы 1992 жылдың бірінші шілдесіне дейін қаладағы барлық балабақшаларды қазақша тәрбиеге ауыстырып,олардың ішінен орысша топтар ашуды ұсынуға қаулы етті. Бұндай шешімге негіз жоқ емес. Өзен мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты 16 балабақшаның барлығында дерлік тәрбиеленуші қазақ балалары болып отыр. Атап өтсек №2 балабақшада қазақ бүлдіршіндері 117 болса, басқа ұлт өкілдері 7-ақ, №7 балабақшада қазақтар 102 болса, өзге ұлт төртеу, ал №10 балабақшада қазақтар 168, басқа ұлттар саны сегіз. Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Міне, осы көрсеткіштерге қарап отырып, қанша баланың ана тілінде тәрбие ала-алмайтынын көруге болатын шығар. Бүгінгі жас буын ертеңгі елінің, жерінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтар азамат. Ал ана тілінен нәр алып,ана тілінің қасиеті мен құдіретін бойларына сіңіре алмаған баладан үміт күту де қиын-ау сірә. Жанды жегідей жеген осы жайды тиісті орындарға жеткізсек, кадр мәселесінің қиындығын, методикалық құралдар мен бағдарламалардың жоқтығын көлденең тартады. Жоқ деп ауызды қу шөппен сүртпей жанды іске белсене ұйтқы болған жөн. Бұл жерде істің алға басуы үшін жетпей отырған белсенділік пен ниеттің жоқтығы деп ойлаймыз. Тағы бір айта кететін нәрсе ата дәстүр, салт, туған тілімізге оралу, оларды халқымыздың тұрақты рухани қазынасына айналдыруда сан тарау харакеттер керек. Соның негізгілерінің бірі жас ұрпақты кітап оқуға, поэзиялық, прозалық және драмалық шығармалармен жақын танысуға мүмкіндіктер жасау. Бұл орайда қаладағы жалғыз кітап дүкенінің бүгінгі күнгі халі тағы да мүшкіл. Бір бұрышта жетімсіреп тұрған сөреде саусақпен санап алардай ғана қазақша кітап тұр. Бұл жөнінде талай рет мәселе көтерсек те "біз заявка береміз, бірақ толық орындалмайды, бәрі облыстық кітап саудасы бірлестігіне байланысты" деген жауап алдық. Бұл да болса тілді дамытуда кездесіп отырған кедергілердің бірі. Тілге тиек етер тағы бір кемшілігіміз, бір қалаға "Новый-Узень Жаңаөзен" деп екі айдар тағып қойғанымыз. Бұл туралы да әңгіме қозғалып, көше аттарын өзгерту туралы қаулы екі жылдан бері талқыланып келе жатыр. Бұдан да шығып жатқан нәтиже көрінбейді. Сондықтан да тілдің дамуына бүгінгі күні үміттен гөрі күдік көп басым отыр. Тілім, дінім деп ат төбеліндей ғана белгілі бір топ жандәрмен Қимыл танытқанымен қолдан келер дәнеңе де жоқ. Бірен-саран адам қиындық көріп келе жатқан туған тілдің қай жыртығына жамау болар. Сондықтан бірлесе, иық тіресе отырып ана тіліміздің кең қанат жаюына үлесімізді қосу әрқайсысымыздың да төл міндетіміз болуға тиіс. А.Қатешова "Қазақ тілі" қоғамы Жаңаөзен қалалық ұйымы төрағасының орынбасары, журналист  
08.12.2012 05:55 3317

 

Ұзақ жылдар бойы елеусіз,ескерусіз қалған ана тіліміздің мемлекеттік дәреже алуы халқымыздың мәртебесін көтеріп, мерейін тасытты. Облыс орталықтарында, қала, аудандарда құрылған "Қазақ тілі" қоғамдары мен оның бастауыш ұйымдары туған тілдің қарышты өркендеуіне жасалған тұңғыш қадам іспеттес. Осындай азды-көпті жасалынып жатқан жанды іс біздің қаламызда да баршылық. Дегенмен алда күтіп тұрған жұмыстар, қаншама десеңізші. Жүрегі елім, жерім деп соққан әрбір қазақ азаматы өз дініне, тіліне, әдет-ғұрпына, қала берді ұрпағының болашағына немқұрайды қарамаса керек десек те, ішінара болса да тілдің келешегіне сенімсіздікпен қарап "ертеңгі күні не боп кетер екен" деп солқылдақтық таныту психологиясынан арыла алмай жүргендердің арамызда кездесіп қалатыны шындық. "Біздің қаламыз—өндірістің ошағы. Ірілі-ұсақты жүзден астам кәсіпорын, мекемелер бар. Оларда еңбек ететіндердің дені жергілікті ұлт өкілдерінен. Мысалы, Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасы, Маңғыстау газ өндіру басқармасы, №5 автотранспорт кәсіпорны сияқты еңбек ұжымдарында 90-95 процентке дейін жұмыс жасайтындар қазақтар. Демек, жиналыстарды, іс - қағаздарын қазақша жүргізуге бөгет болатын еш себеп жоқ деген сөз ғой. Бірақ бұл жерде ұшқыр ой мен жанды істің бір жерге тоғысуы қиынға түсіп тұр. Күні бүгінге дейін көпшіліктерінде бірде-бір қағаз ана тілінде жазылмайды, мемлекеттік тілге көшуді айтпағанда қос тілде жазу да қолға алынбаған. Басқарманың бір отырысында қазақша бұйрық, арыз, шағым, баяндама т.б. өз тілімізден жазуға не кедергі?- деген сұраққа №3 технологиялық транспорт басқармасының бастығы А.Қылышбаев "Мұнай газ өндіру басқармасы сияқты үлкен кәсіпорындар бастаса, біз қоштауға дайынбыз" деп жауап берген. Осы сияқты кейбір мекем басшылары жоғарыдан нұсқау күтеді. Сонда бұл не, демократия, жариялылық деген біз үшін тек қағаз жүзінде болғаны ма? Кімнің езуінен жылы емеурін көреміз деп жоғары жаққа жаутаңдамай өз халқымыздың тағдырын өзіміз шешетін кез келді емес пе? Оның үстіне тілді дамыту бүкілхалықтық іс. Біз ешкімнің де ар - намысына нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ. Еліміздің елдігін, ұрпағымыздың ертеңін ойласақ айып па?- деген ой көңіліңді мазалайды.Тіпті кейбір мекеме басшылары бастауыш ұйым құруға үзілді-кесілді қарсылықтарын білдіреді. Қоғамды тек жарна жинаушы ретінде ғана балап, жете мән бермейді.

1990 жылдың 30 шілдесінде жарияланған мемлекеттік бағдарлама бойынша Жаңаөзен қаласында іс қағаздарын қазақшалау 1992 жылдан бастап іске асу керек. Бұл мерзімге жарты жылдай уақыт қалды. Ал жағдайымыз сөз болғандай әлі жоғарыға қарап телміріп жүрміз.

Немесе балабақша мәселесіне тоқталайық. Жартысынан көбі қазақтар болып отырған бұл қалада үлкен "жырмен" ашылған жалғыз - ақ қазақ балабақшасы бар - "Қазақ тілі" қоғамының қалалық ұйымы 1992 жылдың бірінші шілдесіне дейін қаладағы барлық балабақшаларды қазақша тәрбиеге ауыстырып,олардың ішінен орысша топтар ашуды ұсынуға қаулы етті. Бұндай шешімге негіз жоқ емес. Өзен мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты 16 балабақшаның барлығында дерлік тәрбиеленуші қазақ балалары болып отыр. Атап өтсек №2 балабақшада қазақ бүлдіршіндері 117 болса, басқа ұлт өкілдері 7-ақ, №7 балабақшада қазақтар 102 болса, өзге ұлт төртеу, ал №10 балабақшада қазақтар 168, басқа ұлттар саны сегіз. Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады.

Міне, осы көрсеткіштерге қарап отырып, қанша баланың ана тілінде тәрбие ала-алмайтынын көруге болатын шығар. Бүгінгі жас буын ертеңгі елінің, жерінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтар азамат. Ал ана тілінен нәр алып,ана тілінің қасиеті мен құдіретін бойларына сіңіре алмаған баладан үміт күту де қиын-ау сірә. Жанды жегідей жеген осы жайды тиісті орындарға жеткізсек, кадр мәселесінің қиындығын, методикалық құралдар мен бағдарламалардың жоқтығын көлденең тартады. Жоқ деп ауызды қу шөппен сүртпей жанды іске белсене ұйтқы болған жөн. Бұл жерде істің алға басуы үшін жетпей отырған белсенділік пен ниеттің жоқтығы деп ойлаймыз.

Тағы бір айта кететін нәрсе ата дәстүр, салт, туған тілімізге оралу, оларды халқымыздың тұрақты рухани қазынасына айналдыруда сан тарау харакеттер керек. Соның негізгілерінің бірі жас ұрпақты кітап оқуға, поэзиялық, прозалық және драмалық шығармалармен жақын танысуға мүмкіндіктер жасау. Бұл орайда қаладағы жалғыз кітап дүкенінің бүгінгі күнгі халі тағы да мүшкіл. Бір бұрышта жетімсіреп тұрған сөреде саусақпен санап алардай ғана қазақша кітап тұр. Бұл жөнінде талай рет мәселе көтерсек те "біз заявка береміз, бірақ толық орындалмайды, бәрі облыстық кітап саудасы бірлестігіне байланысты" деген жауап алдық. Бұл да болса тілді дамытуда кездесіп отырған кедергілердің бірі. Тілге тиек етер тағы бір кемшілігіміз, бір қалаға "Новый-Узень Жаңаөзен" деп екі айдар тағып қойғанымыз. Бұл туралы да әңгіме қозғалып, көше аттарын өзгерту туралы қаулы екі жылдан бері талқыланып келе жатыр. Бұдан да шығып жатқан нәтиже көрінбейді. Сондықтан да тілдің дамуына бүгінгі күні үміттен гөрі күдік көп басым отыр.

Тілім, дінім деп ат төбеліндей ғана белгілі бір топ жандәрмен Қимыл танытқанымен қолдан келер дәнеңе де жоқ. Бірен-саран адам қиындық көріп келе жатқан туған тілдің қай жыртығына жамау болар. Сондықтан бірлесе, иық тіресе отырып ана тіліміздің кең қанат жаюына үлесімізді қосу әрқайсысымыздың да төл міндетіміз болуға тиіс.

А.Қатешова

"Қазақ тілі" қоғамы Жаңаөзен

қалалық ұйымы төрағасының

орынбасары, журналист

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға