Жаңалықтар

Қарқаралыға хат

                                                                   Қарқаралыға хат Замандас, қаламдас Сапарғали дос! Осы таяуда үйдегі жиналып қалған қағаздарды реттеп отырсам, қолыма сиықсыздау сұр блокнот іліге кетті. Былай тастай салғым келді де, ойланып, ішін парақтадым. «1958 ж. Май. Қарқаралы» деген өз жазуыма көзім түсті. Ескі блокноттың шаңын сүртіп, алақаныммен сипалап отырып қалдым. Көз алдыма алыстан бұлдырап бір керемет керуен тізбегі келді. Жас едім, жалыным мол еді. Ертегідегідей ғажайып сұлу көктем болатын. Қасымда жас ақын, болашақ журналист Совет Шиманбай бар. Бірінші күні Қарқаралыда «1-май» совхозына қонып шықтық. Ол жерден «Айлы түндегі алтыбақан» деген очерк жаздым. Лезде «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Ауылдағы алтыбақанды соңғы рет көргенім сол. Жүрегімде жатталып қалыпты. Ендігі сол шақты үздіге сағынамын. Тілші болған соң ба, Қарқаралы жігіттері жатырқамай бауырға тартты. Әсіресе аудандық газет азаматтары. Ұмытпасам, бәрінің ағасы ақын Ғабдиман Игенсартов бар еді. Сапарғали Ләмбек баласы! Мен сені сонда көргенмін. Үндемей, сөйлемей, күлімсіреп отыра бергенің жадымда қалыпты. Сөйтсем, сен біздің не айтып отырғанымызды естімейді екенсің ғой. Оның сырын кейін өзің айтып беріп едің. Ауылда төртіншіні бітіріп, енді бесіншіні аудан орталығындағы Қарқаралыда жалғастырайын деп келе жатқансың. Мінгенің — ауданға бидай таситын өгіз арба. Күндіз күн жылы еді, құлақшынды дорбаңа салып, қалпақ киіп алып нең бар еді. Қатты ұйықтап қалыпсың. Қалпағың жолда түсіп қалғанын да байқамапсың. Түнде бозқырау түсіп, күн суытып кетіпті. (Осы боқырау деп жүргеніміз бозқырау емес пе?) Жазғанға не шара, зілдей ауыр басыңды сонда әрең көтеріп алғансың... Сен үшін кемтарлық азапты күндер, жылдар солай басталған.. Естімейді деп мектепке де алмай қойған қорлық қандай. Оқушылар санатында болмасаң да, оқуға өз бетінше барып жүрдің. Мұғалімдер кет те демейді, бірақ шәкірт деп те есептемейді. Сонда сен казак әдебиетінен шығарма жазуда басқа cay шәкірттердің бәріне де шан қаптырып, жолға тастап кетіп дара шыққаның - ай! Мұғалімдерді сөйтіп мойындатып едің... Сөйтсе, Жаратқан Құдірет сенің кеудеңе жазушылық өнердің шырағданын жаққан екен ғой. Ескі сұр блокнот. Сонда сенің атың қалыпты. Соны көріп есіме түсті: сен биыл мамырда алпысқа толады екенсің. Мен сені алғаш рет Қарағандыда көргенде жап-жас бала едің, енді алпыстың асуына шығыпсың. Алпыс деген ағаның жасы. Артыңа бұрылып қарап, не тындырдым деп өзіңнен өзің есеп алатын жас. Ол есепте өзіңнен езің ұялмассың. Ел-жұрт алдында жүзің жарқын. Елде жатып - ақ ірілі-уақты бірталай кітап жаздың. Автор үшін шығармасының бәрі — «іштен шыққан шұбар жылан». Дегенмен, менің пайымдауымша, шығармаларыңның. шоқтығы — «Тайталас» романы - ау деп ойлаймын. Басқа әңгіме, повесть, өлең - поэмаларыңды былай қойғанда, осы роман саған жазушылар қатарынан ойып тұрып орын алып береді. Бұл — Угар ғой. Атақты Угар. Жақсы жаздың. Әдеби сындағы баға солай деді. Мен бір танданатын жайт — сен, Сапарғали, ұлы композитор Тәттімбеттің бейнесін сомдағаның. Тәттімбетті есіту керек қой. Ал сен болсаң... Сен құлағыңмен емес, жүрегіңмен, көкірегіңмен есітетін болуың керек. Сен, әрине, Бетховен емессің, көңіліңе келмесін. Ол тас керек бола тұра музыкада теңдесі жоқ ғажайып дүние туғызды. Дегенмен, сенде де сол ғажайыптың елесі, шалығы бар сияқты. Сапарғали! Өткен жылы маған жазған бір хатында Алматыда, баспада жаңа романым жатыр, коп заман өтті — шықпайды деп едің. Шіркін, сенің алпыс жылдығыңа шығара салса ғой. Үлкен сый-сияпат сол болар еді. Бірақ баспалар батпақтап қалды ғой. Демеп жіберетін құдірет жоқ. Біздің жаңа байлар ұлттық әдебиет, өнер әлеміне қайырымсыз. Олар намазын әлі Мәскеуге қарап оқиды. Сондағы әнші, ақындарға табынады. Бар байлығын солардың аузына тосады. Ал жаны ашиды - ау дейтін Үкімет әдебиет былай тұрсын, кітап атаулыдан шошынған сыңайлы. Премьер-министр Қажыгелдин кітап, кітапхана керек емес деп ашықтан - ашық айтты. Ортаға - сырлық инквизиция дәуірінде де кітапқа мұндай өшпенділік болған емес. Айтпақшы, Сапарғали, «Егемен Қазақстаннан» сенің бір мақалына көзім түсті: Аудан орталығын Қарқаралыдан Қарағайлыға көшірейін деп жатыр дей ме? Астана Алматыдан Ақмолаға көшеді ғой. Енді еліктеу науқаны басталмаса нағылсын. Бұл ауру ғой... Мұңайма, Сапарғали! Бетеге кетіп, бел қалады, бектер кетіп, ел қалады. Премьер-министрлер келеді - кетеді. Ал әдебиетті, кітапты ешкім өлтіре алмақ емес. Қолыңнан қаламың түспей тұрғанда татымды дүние жаза бер. Армандай бер. Ескі өлеңде айтылған: Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр. Қай айтқаны пенденің болып жатыр. Асқарына алпыстың шықсақ тағы, Арман шіркін кеудеде толып жатыр. Арман таусылмасын. Тағдыр тарылмасын!..    
08.12.2012 05:54 4150

                                                                   Қарқаралыға хат

Замандас, қаламдас Сапарғали дос!

Осы таяуда үйдегі жиналып қалған қағаздарды реттеп отырсам, қолыма сиықсыздау сұр блокнот іліге кетті. Былай тастай салғым келді де, ойланып, ішін парақтадым.

«1958 ж. Май. Қарқаралы» деген өз жазуыма көзім түсті. Ескі блокноттың шаңын сүртіп, алақаныммен сипалап отырып қалдым.

Көз алдыма алыстан бұлдырап бір керемет керуен тізбегі келді. Жас едім, жалыным мол еді. Ертегідегідей ғажайып сұлу көктем болатын. Қасымда жас ақын, болашақ журналист Совет Шиманбай бар.

Бірінші күні Қарқаралыда «1-май» совхозына қонып шықтық. Ол жерден «Айлы түндегі алтыбақан» деген очерк жаздым. Лезде «Лениншіл жас» газетінде жарияланды. Ауылдағы алтыбақанды соңғы рет көргенім сол. Жүрегімде жатталып қалыпты. Ендігі сол шақты үздіге сағынамын. Тілші болған соң ба, Қарқаралы жігіттері жатырқамай бауырға тартты. Әсіресе аудандық газет азаматтары. Ұмытпасам, бәрінің ағасы ақын Ғабдиман Игенсартов бар еді.

Сапарғали Ләмбек баласы! Мен сені сонда көргенмін. Үндемей, сөйлемей, күлімсіреп отыра бергенің жадымда қалыпты. Сөйтсем, сен біздің не айтып отырғанымызды естімейді екенсің ғой. Оның сырын кейін өзің айтып беріп едің. Ауылда төртіншіні бітіріп, енді бесіншіні аудан орталығындағы Қарқаралыда жалғастырайын деп келе жатқансың. Мінгенің — ауданға бидай таситын өгіз арба. Күндіз күн жылы еді, құлақшынды дорбаңа салып, қалпақ киіп алып нең бар еді. Қатты ұйықтап қалыпсың. Қалпағың жолда түсіп қалғанын да байқамапсың. Түнде бозқырау түсіп, күн суытып кетіпті. (Осы боқырау деп жүргеніміз бозқырау емес пе?) Жазғанға не шара, зілдей ауыр басыңды сонда әрең көтеріп алғансың...

Сен үшін кемтарлық азапты күндер, жылдар солай басталған.. Естімейді деп мектепке де алмай қойған қорлық қандай. Оқушылар санатында болмасаң да, оқуға өз бетінше барып жүрдің. Мұғалімдер кет те демейді, бірақ шәкірт деп те есептемейді. Сонда сен казак әдебиетінен шығарма жазуда басқа cay шәкірттердің бәріне де шан қаптырып, жолға тастап кетіп дара шыққаның - ай! Мұғалімдерді сөйтіп мойындатып едің...

Сөйтсе, Жаратқан Құдірет сенің кеудеңе жазушылық өнердің шырағданын жаққан екен ғой.

Ескі сұр блокнот. Сонда сенің атың қалыпты. Соны көріп есіме түсті: сен биыл мамырда алпысқа толады екенсің. Мен сені алғаш рет Қарағандыда көргенде жап-жас бала едің, енді алпыстың асуына шығыпсың.

Алпыс деген ағаның жасы. Артыңа бұрылып қарап, не тындырдым деп өзіңнен өзің есеп алатын жас.

Ол есепте өзіңнен езің ұялмассың. Ел-жұрт алдында жүзің жарқын. Елде жатып - ақ ірілі-уақты бірталай кітап жаздың.

Автор үшін шығармасының бәрі — «іштен шыққан шұбар жылан». Дегенмен, менің пайымдауымша, шығармаларыңның. шоқтығы — «Тайталас» романы - ау деп ойлаймын. Басқа әңгіме, повесть, өлең - поэмаларыңды былай қойғанда, осы роман саған жазушылар қатарынан ойып тұрып орын алып береді. Бұл — Угар ғой. Атақты Угар. Жақсы жаздың. Әдеби сындағы баға солай деді.

Мен бір танданатын жайт — сен, Сапарғали, ұлы композитор Тәттімбеттің бейнесін сомдағаның. Тәттімбетті есіту керек қой. Ал сен болсаң... Сен құлағыңмен емес, жүрегіңмен, көкірегіңмен есітетін болуың керек.

Сен, әрине, Бетховен емессің, көңіліңе келмесін. Ол тас керек бола тұра музыкада теңдесі жоқ ғажайып дүние туғызды. Дегенмен, сенде де сол ғажайыптың елесі, шалығы бар сияқты.

Сапарғали! Өткен жылы маған жазған бір хатында Алматыда, баспада жаңа романым жатыр, коп заман өтті — шықпайды деп едің. Шіркін, сенің алпыс жылдығыңа шығара салса ғой. Үлкен сый-сияпат сол болар еді.

Бірақ баспалар батпақтап қалды ғой. Демеп жіберетін құдірет жоқ. Біздің жаңа байлар ұлттық әдебиет, өнер әлеміне қайырымсыз. Олар намазын әлі Мәскеуге қарап оқиды. Сондағы әнші, ақындарға табынады. Бар байлығын солардың аузына тосады.

Ал жаны ашиды - ау дейтін Үкімет әдебиет былай тұрсын, кітап атаулыдан шошынған сыңайлы. Премьер-министр Қажыгелдин кітап, кітапхана керек емес деп ашықтан - ашық айтты. Ортаға - сырлық инквизиция дәуірінде де кітапқа мұндай өшпенділік болған емес. Айтпақшы, Сапарғали, «Егемен Қазақстаннан» сенің бір мақалына көзім түсті: Аудан орталығын Қарқаралыдан Қарағайлыға көшірейін деп жатыр дей ме? Астана Алматыдан Ақмолаға көшеді ғой. Енді еліктеу науқаны басталмаса нағылсын. Бұл ауру ғой...

Мұңайма, Сапарғали! Бетеге кетіп, бел қалады, бектер кетіп, ел қалады. Премьер-министрлер келеді - кетеді. Ал әдебиетті, кітапты ешкім өлтіре алмақ емес. Қолыңнан қаламың түспей тұрғанда татымды дүние жаза бер. Армандай бер. Ескі өлеңде айтылған:

Көшіп жатыр ауылым, қонып жатыр.

Қай айтқаны пенденің болып жатыр.

Асқарына алпыстың шықсақ тағы,

Арман шіркін кеудеде толып жатыр.

Арман таусылмасын. Тағдыр тарылмасын!..

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға