Жаңалықтар

ОРТАҚ ІСКЕ – ОРТАҚ ЫҚЫЛАС

Қадірмен қауым! Үстіміздегі жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығына еншіленді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осылай ұйғарды. Бұл тегіннен-тегін емес-ті. Бұдан былайғы тағдырымыздың көптен көксеп жеткен тәуелсіздігімізді қаншалықты көздің қарашығындай сақтай алатындығымызға байланысты болары түсінікті. Ал, бұның бірден бір кепілі – ұлттық бірлігімізге қаяу түсірмеу екені белгілі. Ондай бірліктің негізгі ұйытқысы – ұрпақтар сабақтастығы екендігі тағы да аян. Арғы-бергідегі арманда кеткен баба буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқымыздың осы күнге дейін аман жетіп, өніп-өрбуіне, өсіп-өркендеуіне қосқан қай үлесін де әділ бағалап, олар салған игі дәстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді одан әрі дамытып, жете алмай кеткен жеңістеріне батыл құлаш сермеп, шеккен тауқыметтерінен тиісті қорытынды шығарып, алға жылжуымызға септігі тиер шарапатты тағылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық кірмесі даусыз. Бүгін де бізге дәл осындай мақсат, дәл осындай парыз бас қостырып отыр. Әлеуметтік әлімжеттіктерден талай көресіні көрген ұлттық санамыздың қуанын та, ұялып та ұлықтайтын ұлағатты тұлғаларының бірі, тірі жүрсе, биыл тоқсанға толатын Құдайберген Жұбанов еді. Қуанатындығымыз: ол аз өмір сүрсе де, көп еңбек сіңіріп үлгеріпті. Осы ғасырдың басындағы санатқа кіріп, салиқалы ел боламыз ба деген үміт көктемінің келте шуағында жедел жетісіп, кемел бой көтерген көрікті бәйтеректей бұл тұлға жылдар көлегейлей алмас, ықылымдар ұмыттыра алмас өшпес із қалдырыпты. Ұланғайыр жол салыпты. Ұлттық руханиятымыздың өзегі болып табылатын ана тілімізді зерттеу мен игерудің өз заманындағы шығыстану мен түріктанудың ең үздік өнегелерінен бастау алған өрелі ғылыми арнаға түсіріп, өз мектебін қалапты. Ұлттық оқу-ағарту ісіне тарихи дамуымыздың талабына сәйкес баянды бағдар тауып беруге көмектесіпті. Ұлттық санамызға өміршілдік еткен өскелеңдіктің, жаңашылдық пен жасампаздықтың рухын сіңіруге күш салыпты. Әдебиетіміздің арын араласып, мәдениетіміздің жоғын жоқтасыпты. Тарихи зердемізді тереңдетіп, көмескілене бастаған көнеміздің жарқырай жаңаруына, ұмытыла бастаған ұлағатымыздың қайтадан үрдіске енуіне аянбай ат салысыпты. Қысқасы, рухани жасару, жаңғыруды көксеген қауымымыздың мүдделері жолында майлыққа да, сулыққа да жарап бағыпты. Ұялатынымыз: осыншалық жанқияр еңбегіне орай мерейі тасып, беделі аса бастаған қажырлы қайраткер келелі істің бірінен соң бірін тындырып, игі бастамалардың бірінен соң біріне мұрындық болып жүрген кемел шағында жаттың жазасына ғана ұшырап қоймай, жақынның жаласына да ұшырап, қырыққа жетпей қыршынынан қиылыпты. Өйтетіні: ол да талқысы мол тар кезеңде, өкінішімен қоса өкпе-бопсасы, өжеттігімен қоса өштестігі, үмітімен қоса үрейі де өршіп кететін өтпелі кезеңде, қай халықтың болмасын басына мың жылдарда бір оралып соғатын мақсат пен мүмкіндік орайлас көзігетін ауыспалы кезеңде өмір сүріпті. Ондай тұста, әсіресе, көптен санатқа кіре алмай қағажу қалып келе жатқан қауымдарда көкейтесті мүдделермен қоса қордаланып қалған әрқилы әлеуметтік қыжылдардың бәрі бірдей өре түрегелері мәлім. Бұл тұғырдан тұлпарға ауысып мінетіндей түбегейлі тарихи мүмкіндікке ие ететін ауыспалы кезеңді әр нәрсеге бір таласып, әркімге бір жармасып, әрі итеріп, бері жығатын ауытқымалы кезеңге айналдыра қоюға құштар әулекі құбылыстарға да желік бітері сөзсіз. Жаппай баққұмарлықтың, таққұмарлықтың, атаққұмарлықтың дерті өршитіні аян. Ал ол ел болмағыңды қаламайтын есіртпеліктің айтағына елігіп, жұрт болмағыңды жақтырмайтын жадылықтың айтқанына ылығып, енді-енді ес жиып келе жатқан елдіктің, онсыз да теңселіп тұрған теңдіктің мысын әбден құртып бағары – көрмей-білмей жүрген жәйт емес. Ондай кезде қайткенде қапы қалмауды тек сандақтың саңлағы ғана сараптай алады. Ондай сара ақыл иелеріне кенделіктен қапы қалған халықтар аз емес. Сол сияқты, бардың бағасын тұсында білмей, айтқанына түгел ермей, кейін сан соғып жатқан қауымдар да жеткілікті. Әркімге бір сеніп, әулекілікке беріліп, өз басына өзі тауан тауып алып жатқан жұрттар да жоқ емес. Арғы-бергідегі көп ойшылдардың қоғамның зиялы тобы, саяси-ғылыми, рухани элита туралы әр тарап қисын айтуы да осыдан туындайды. Білік пен зерде, талант пен қабілет дарытуда табиғат пен тарихтың, тек пен ортаның, тәрбие пен ыждаһаттың әрқилы ықпалының арасалмағын әлі ешкім дәл мөлшерлей алған жоқ. Сондықтан ортақ іске ортақ ықылас болған күннің өзінде әр күш, әр алуан үлес қоспақ. Ал азғантай уақытта асқар таудай іс тындырған Құдайберген Жұбановтардай сирек жаратылатын тұлғаларды тірлікке қойғанда ұлттық рухани өремізді қандай өрелі биікке көтерісе алатынын көзге елестету қиын емес. Бір басында ондаған адамдарды айырықша көзге түсіре алатындай ерекше қабілет пен талант бар, әрі тілші, әрі әдебиетші, әрі өнертанушы, әрі тарихшы, әрі жазушы, әрі сүретші, әрі шебер, әрі педагог, әрі ұйымдастырушы, әрі суреткер, әрі сазгер бұл жайсаңды ерте жоғалтқаннан біздің ұлтымыздың ұтылған ұпайын санап шығудың өзі мүмкін емес. Бәрінен де көзің шыққыр көре алмаушылық пен ішің жарылғыр іштарлықтың марқұмнан қалған қасиетті мұраның өзіне қанжар ала жүгіріп, көбін жойып, жоғалтып, өртеп жібергені өкінішті-ақ. Әрине, қанша сүлей болғанымен, жеке алғанда, қай саңлақ тұлға да халықты бір өзі қарық та қыла алмайды. Қанша дүлей болғанымен, бір өзі оны біржолата ғаріп та қыла алмайды. Сондықтан анау келіп құлпыртты, мынау келіп құртты дейтін қисынсықсымақтар әлеуметтік құбылыстардың арғы төркініне терең бойлай алмаған, не бойлағысы келмейтін жәй әншейін бәдік әңгімелер. Тоғышар сананың тарих алдындағы жауапкершілікті сахнадағы санаулыларға итере салып, өздері әрдайым қатаң қазының қалпында қалғысы келетін арзымсыз пиғыл. Әйтпесе, қай халық та өз мұратына жабыла жұмылып жүріп қана жете алатыны әлімсақтан белгілі ақиқат. Рас, ондай өрелі іске мұрындық бола алатын, ұлттық өзінің дәрменін, басқалардың оған деген ықылас-пейілін, халықаралық жағдайды, уақыт ағымын, тағы да басқа да толып жатқан табиғи, рухани, саяси, әлеуметтік факторларды жіті ескере шырын, ықтимал әрекеттерге уақытылы бастай алатын ықпалды тұлғалар мен топтардың болатынын ешкім де жоққа шығармайды. Мәселе олардың оңтайлы кезде табылып, табылмауында, ықтимал тұста ықтимал әрекеттерге бара алып, бара алмауында. Оларға қалған топтардың еріп, ермеуінде. Түптеп келгенде, бар мәселені керекті жағдаяттардың болып, болмауы емес, солардың үйлесімді орайласып, орайласпауы шешеді. Көрпеңе қарап көсіле білу, әсіресе, осындай тарихи тоғыстардың тұсында керек. Бұрын өктемдікке ие елдер, ондай артықшылықтан айырылып қалғанына көнгісі келмей, тулап бағады. Ал өз алдына енші алып шыққан отау үй бірден өз тірлігін өзі қамдап, өз көңілін өзі қымтап, өзі мүддесін өзі қорғай алмаса, бұрынғы үлкен үйдегі ырың-жырыңды көзсіз қайталап, сол ықпалдан шыға алмаса, шамалы уақытта қатарға қосылып, қанат жайып кете қоюы неғайбыл. Бұндай жағдайда, ауызға бостандық берілді екен деп, айта алмай келгеннің бәрін ағытып, бір қиқудан соң бір қиқу оятып, арзан абырой таба қойғысы келетін солақайлық пен содырлық жұртты жолдан қалдырады, араға іріткі салады, дау көбейтпесе, іс көбейтпейді. Ал бұрынғы байлаулы қолы шешілген бойда кеткен есені қайтарып, кемшіліктер мен кенделіктерді жойып, ел болмақ жолындағы еңбекке, нақты шаруаларға жедел кірісіп кете алған жетелі қауымдар жетем дегеніне тез жетпекші. Құдайберген Жұбановтан қалған азғантай мұра оның осы сойдың азаматы екендігін анық аңғартады. Оның жазған-сызғандарынан өз тұсындағы шым-шытырық дау-шаралардың сан-қилы салқынын емес, өз кезеңінің көкейтесті мүдделері мен мұраттарын ғана таба аласыз. Сол жолдағы ыждаһат пен ынтаны ғана таба аласыз. Сондықтан да ол әлі орнығып болмаған аума-төкпе заман мен әлі жөнін тауып үлгермеген аласұрма қоғамның ұшқарылығы мен алып-ұшпалығынан нақақтан мерт тапты. Ол шеккен азап – өз ортасынан алға озып кеткені үшін опа таба алмаған өрен ойшылдықтың азабы. Оның тағдыры – ішек-бауырыңды сілті ішкендей жидітіп, ет жүрегіңді езілте күйзелтетін күйікті тағдыр. Әсіресе, дәл қазір баршамызды тағы да тағы ойлантып, тағы да тағы толғантатындай тағылымды тағдыр. Өйткені, бүгін өз қауымымызға тап болған тап сондай сирек мүмкіндікті тап солай қожыратып алмаудың жауапкершілігін қай көздегіден де анығырақ сезініп, айқынырақ түсініп отырмыз. Өйткені, біз – тап сондай өжеттікті өштестікпен, белсенділікті безбүйректікпен шатыстырып алудан өрбіген алапат өрттен қалған айлапат өртеңнен өнген алтынбыз. Тамырымыздан дарып жатқан нәрдің емес, желегімізді желпіп тұрған желдің ыңғайына жығыла беретін болсақ, біздің де қашанға дейін, қаншаға дейін көгеріп кектей алатынымыз беймәлім. Сондықтан да, ұрпақтар сабақтастығын дәйектегенде, өткендегі арыстарымыздың не бітіріп, не тындырғанын айтып мақтанудан гөрі олардың көксегендеріне неге жете алмағандығын ойлап сақтануға көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс екені даусыз. Бұны, әсіресе, қазір мықтап есте ұстағанымыз парыз. Біздің маңдайымызға бабаларымызға бұрын-соңды бұйыра қоймаған бақ бұйырып отыр. Бірақ, тәуелсіздік әрдайым әлемді сескендірер әлділердің де әлсіреп, әбден әлжуаз тартқан тұстарында тап болады. Оған әу баста жоқтық пен жұтаңдық ілесе жүретіні үйреншікті шаруа, Соған шыдай алмай сыр алдырып алған сабырсыз қауымдар өз бағын өзі теуіп, өз тәуелсіздігін өзі көктей солдырғанына тарих талай рет куә болған. Ондайдың беті аулақ болсын десек, өз халқымыздың тек осы ғасырда жеген опықтарынан тиісті қорытынды шығара алмағымыз шарт. Алдымен шығаратын қорытындымыз – заман ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктің жолын кеспеу. Елдіктің жолында қолыңнан келетінді аянып қалмау. Озғанға көз алартпау, қалғанға тұмсық көтермеу. Қолы ұзындар жабылып қалтасына, тілі ұзындар жабылып жағасына жармасып, қадымын аштырмай қармаласып жатқан қаршадай мемлекетіңе қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса да, болысып бағу. Жарытпады екен деп анаңды көкірегінен тістемейтінің, қарық қылмады деп қауқарсыз әкеңді кеудесінен итермейтінің сияқты, бірден күрп еткізіп тастамады екен деп, бұғанасы қатпаған тәуелсіздіктің басына бар пәлені үйіп-төкпеу. Ауырына оған қосыла арқанды тосып, қиынына оған қосыла қол ұсыну. Ат құрғатпай атойлап баққан алапаттардан азап шегіп, көзі ашылса, енді ашыла ма деп отырған қауымның үмітін үздірмеу, жігерін жасытпау. Ар-намысын қайрап, тәуекелге бел буғызу. Тәуелсіз болғысы келген жұрттың тәуекелшіл болмағы шарт. Олай болса, байлаулы қолымыз шешілгенімен, көздегі томағамыз сыпырылғанымен, көксегеніміздің бәріне бір күнде жете салмайтынымызға шыдамағымыз шарт. Бодандықта өкініш көбейсе, бостандықта жауапкершілік күшейетінін түсінбегіміз шарт. Жоқ-жітіктің бәрін жіпке тізген таба құмарлық та, соның бәріне айыпты іздеп, әркімге бір жармасқан жала құмарлық та, орынсыз өкпешілдік те, болымсыз бопсашылдық та ең алдымен елдікті мұқалтатынын мықтап ұқпағымыз шарт. Қой көрмеген қуалап өлтіреді дегендей, дербестік тізгіні қолымызға тиер-тиместен, біресе билікке, біресе білікке, біресе бірлікке килігетін ұрдажықтықтың қандай орға жығып, қандай сорға тап қылатынына көзіміз жетердей уақыт болды. Мұндайдан арғы-бергіде аузы аз күймеген қазақ халқының әрбір естияр азаматы тап бүгін байлықты да, билікті де емес, елдікті көбірек ойлағаны орынды болар еді. Оған ақылы жететіндер басқалардың ақылы жетпейді екен деп айнып кетпегендері дұрыс. Бәрібір бар салмақ қолынан келетіндер мен ақылы жететіндерге түседі. Сондықтан, еркім қолынан келетіннен аянбағаны жөн. Бұл, әсіресе, бүгінгі әңгімеге өзек болатын тіл мәселесіне тікелей байланысты. Мұнда да әзірге жаппай жанашырлықтан гөрі жамырай сынай жөнелу, өкпе-бопсаға бой алдыру көбірек байқалады. Бұл мәселеде бәрі бәз-баяғысынша, ешқандай қозғалыс жоқ деп санау қиянат. Экономиканың қазіргідей жібі жіңішкеріп, әлеуметтік ахуалдың қазіргідей жүйкесі жұқарып тұрған кезінің өзінде, жаңа заң, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау, дербес билік құрылымын жасақтау оңай емес еді. Елбасының тікелей талапшылдығы арқасында ғана жүзеге асып отыр. Мемлекеттік билік орындарында іс-қағаздарын қазақша жүргізуге көше алсақ, шенеуніктер жаны үшін өздері-ақ тіл үйренеді. Тіл үйренуге бетбұрыс қайта жанданды. Тек соны кеңейте түсу керек. Бұл саладағы оң істердің бәрін көзден таса қалдырмай, көп болып, қолдай, құптай білуіміз қажет. Кібіртіктің бар екені рас, талпыныс жоқ деуге болмайды. Тіл департаменті саяси әңгімеге емес, нақты істерге мұрындық болуға көшкені дұрыс екендігі анықталды. Кеше Ел басында әлеуметтік салада көп сөз болып жүрген мәселелер жайында пікір алысылды. Ауыл. Тіл. Мәдениет. Ғылым. Білім беру. Денсаулық сақтау. Әлеуметтік қорғау. Жұмыссыздық. Жастар. Оралмандар. Қай мәселені де мұқият қадағалап, тыңғылықты біліп отырған Елбасы қаншалықты қиын болса да, аталған мәселелерге айрықша назар аударуды үкіметтен қатты талап етіп отыр. Бұрынғы тапсырмаларының үстіне жаңа тапсырмалар әзірлеп отыр. Мемлекет бұл салада қолдан келгеннің бәрін істеп бағары анық. Бірақ, тап сондай талапты әрбір азамат, әрбір ұжым, әлеуметтік топ өзіне де қою керек сияқты. Тек жоғары жаққа қарай кіжінумен шектелмей, әркім алдымен өз қолынан келетінді түгел істеп шығуға ұмтылмайынша, ғасырлар бойы тоқырап қалған тіл шаруашылығының тездетіп қатарға қосыла қоюы қиын. Есесі кетіп келген тілімізді мұратына жеткізу үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана, дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты. Әуелден «әлдиімізді» дұрыс айтқанда қазір көп сыналатын әлдекімдерге ұқсайтын әрі-сәрі әкім-қаралардан да аман болар ма едік, қайтер едік. Ата-ана баласына дұрыстап тіл ашырып, дұрыстап тіл үйретсе, ғалымдар заманға лайық білім беретін сапалы оқулықтар жазса, ұстаз барлық пәнді өз тілінде дұрыстап оқыта алса, жұртшылық өз тілін өздері әспеттей алатын әлеуметтік ая жасай алса, өз халқының қамын өз тілінде ойлай алатын көшелі азаматтар да көбейе түсері сөзсіз. Ондай азамат әкім, министр, академик болу үшін ең әуелі өз байлығын өзі игеріп, өз мәдениетін өзі өркендетіп, өз тілін өзі әспеттей алар өз ел, өз мемлекетің болуы керек екендігін оңай ұғар еді. Күллі халықтардың бәрі осыған тырмысып жатқанда, бізге де солай етпей болмайтынын түсінбейтіндердің саны күннен-күнге азая түспесе, көбейе қоймас. Үмітімізді үзбелік. Ендеше, еңсемізді түсіргеннен басқа ешқандай септігі тимейтін сары уайым сапырушылық дәл бүгінгі жиынға жараса қоймас. Ол барға, жоққа қарамай, бойындағы барды өз халқына сарқып бере алған сайыпқыранға, саңлақ ғалымға, өнегелі ұстазға арналып отыр ғой. Ол өз қолынан келетінді өзгеден дәметсе, бүгін істей алатынын ертеңге қалдырса, еселі еңбектің орнына өкпе-бопсаға бой алдырса, бар мұқтаж, бар кемісті басқаның бетіне салық қылғанынан халқымды қарық қыламын деп ойласа, тап осындай өрелі биікке жете алар ма еді ?! Қысқасы, бүгін жағдай қанша қиын болса да, туған тілімізді мерейлі биігіне жеткізу жолында қолымыздан не келіп, не қоятынын жан-жақты сарапқа салып, салиқалы қорытындылар шығарғанымыз дұрыс. Сонымен, келелі кеңес болғай, орта толғай, ағайын! Мамыр, 1999 жыл.  
08.12.2012 05:54 3921

Қадірмен қауым!

Үстіміздегі жыл ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығына еншіленді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осылай ұйғарды. Бұл тегіннен-тегін емес-ті. Бұдан былайғы тағдырымыздың көптен көксеп жеткен тәуелсіздігімізді қаншалықты көздің қарашығындай сақтай алатындығымызға байланысты болары түсінікті. Ал, бұның бірден бір кепілі – ұлттық бірлігімізге қаяу түсірмеу екені белгілі. Ондай бірліктің негізгі ұйытқысы – ұрпақтар сабақтастығы екендігі тағы да аян. Арғы-бергідегі арманда кеткен баба буынның, бүгін ортамызда жүрген аға буынның халқымыздың осы күнге дейін аман жетіп, өніп-өрбуіне, өсіп-өркендеуіне қосқан қай үлесін де әділ бағалап, олар салған игі дәстүрлерді жемісті жалғастырып, жеткен жетістіктерді одан әрі дамытып, жете алмай кеткен жеңістеріне батыл құлаш сермеп, шеккен тауқыметтерінен тиісті қорытынды шығарып, алға жылжуымызға септігі тиер шарапатты тағылым ала білсек қана, аузымызға алалық, ісімізге шалалық кірмесі даусыз.

Бүгін де бізге дәл осындай мақсат, дәл осындай парыз бас қостырып отыр.

Әлеуметтік әлімжеттіктерден талай көресіні көрген ұлттық санамыздың қуанын та, ұялып та ұлықтайтын ұлағатты тұлғаларының бірі, тірі жүрсе, биыл тоқсанға толатын Құдайберген Жұбанов еді.

Қуанатындығымыз: ол аз өмір сүрсе де, көп еңбек сіңіріп үлгеріпті. Осы ғасырдың басындағы санатқа кіріп, салиқалы ел боламыз ба деген үміт көктемінің келте шуағында жедел жетісіп, кемел бой көтерген көрікті бәйтеректей бұл тұлға жылдар көлегейлей алмас, ықылымдар ұмыттыра алмас өшпес із қалдырыпты. Ұланғайыр жол салыпты. Ұлттық руханиятымыздың өзегі болып табылатын ана тілімізді зерттеу мен игерудің өз заманындағы шығыстану мен түріктанудың ең үздік өнегелерінен бастау алған өрелі ғылыми арнаға түсіріп, өз мектебін қалапты. Ұлттық оқу-ағарту ісіне тарихи дамуымыздың талабына сәйкес баянды бағдар тауып беруге көмектесіпті. Ұлттық санамызға өміршілдік еткен өскелеңдіктің, жаңашылдық пен жасампаздықтың рухын сіңіруге күш салыпты. Әдебиетіміздің арын араласып, мәдениетіміздің жоғын жоқтасыпты. Тарихи зердемізді тереңдетіп, көмескілене бастаған көнеміздің жарқырай жаңаруына, ұмытыла бастаған ұлағатымыздың қайтадан үрдіске енуіне аянбай ат салысыпты. Қысқасы, рухани жасару, жаңғыруды көксеген қауымымыздың мүдделері жолында майлыққа да, сулыққа да жарап бағыпты.

Ұялатынымыз: осыншалық жанқияр еңбегіне орай мерейі тасып, беделі аса бастаған қажырлы қайраткер келелі істің бірінен соң бірін тындырып, игі бастамалардың бірінен соң біріне мұрындық болып жүрген кемел шағында жаттың жазасына ғана ұшырап қоймай, жақынның жаласына да ұшырап, қырыққа жетпей қыршынынан қиылыпты.

Өйтетіні: ол да талқысы мол тар кезеңде, өкінішімен қоса өкпе-бопсасы, өжеттігімен қоса өштестігі, үмітімен қоса үрейі де өршіп кететін өтпелі кезеңде, қай халықтың болмасын басына мың жылдарда бір оралып соғатын мақсат пен мүмкіндік орайлас көзігетін ауыспалы кезеңде өмір сүріпті. Ондай тұста, әсіресе, көптен санатқа кіре алмай қағажу қалып келе жатқан қауымдарда көкейтесті мүдделермен қоса қордаланып қалған әрқилы әлеуметтік қыжылдардың бәрі бірдей өре түрегелері мәлім. Бұл тұғырдан тұлпарға ауысып мінетіндей түбегейлі тарихи мүмкіндікке ие ететін ауыспалы кезеңді әр нәрсеге бір таласып, әркімге бір жармасып, әрі итеріп, бері жығатын ауытқымалы кезеңге айналдыра қоюға құштар әулекі құбылыстарға да желік бітері сөзсіз. Жаппай баққұмарлықтың, таққұмарлықтың, атаққұмарлықтың дерті өршитіні аян. Ал ол ел болмағыңды қаламайтын есіртпеліктің айтағына елігіп, жұрт болмағыңды жақтырмайтын жадылықтың айтқанына ылығып, енді-енді ес жиып келе жатқан елдіктің, онсыз да теңселіп тұрған теңдіктің мысын әбден құртып бағары – көрмей-білмей жүрген жәйт емес.

Ондай кезде қайткенде қапы қалмауды тек сандақтың саңлағы ғана сараптай алады. Ондай сара ақыл иелеріне кенделіктен қапы қалған халықтар аз емес. Сол сияқты, бардың бағасын тұсында білмей, айтқанына түгел ермей, кейін сан соғып жатқан қауымдар да жеткілікті. Әркімге бір сеніп, әулекілікке беріліп, өз басына өзі тауан тауып алып жатқан жұрттар да жоқ емес. Арғы-бергідегі көп ойшылдардың қоғамның зиялы тобы, саяси-ғылыми, рухани элита туралы әр тарап қисын айтуы да осыдан туындайды. Білік пен зерде, талант пен қабілет дарытуда табиғат пен тарихтың, тек пен ортаның, тәрбие пен ыждаһаттың әрқилы ықпалының арасалмағын әлі ешкім дәл мөлшерлей алған жоқ. Сондықтан ортақ іске ортақ ықылас болған күннің өзінде әр күш, әр алуан үлес қоспақ. Ал азғантай уақытта асқар таудай іс тындырған Құдайберген Жұбановтардай сирек жаратылатын тұлғаларды тірлікке қойғанда ұлттық рухани өремізді қандай өрелі биікке көтерісе алатынын көзге елестету қиын емес. Бір басында ондаған адамдарды айырықша көзге түсіре алатындай ерекше қабілет пен талант бар, әрі тілші, әрі әдебиетші, әрі өнертанушы, әрі тарихшы, әрі жазушы, әрі сүретші, әрі шебер, әрі педагог, әрі ұйымдастырушы, әрі суреткер, әрі сазгер бұл жайсаңды ерте жоғалтқаннан біздің ұлтымыздың ұтылған ұпайын санап шығудың өзі мүмкін емес. Бәрінен де көзің шыққыр көре алмаушылық пен ішің жарылғыр іштарлықтың марқұмнан қалған қасиетті мұраның өзіне қанжар ала жүгіріп, көбін жойып, жоғалтып, өртеп жібергені өкінішті-ақ.

Әрине, қанша сүлей болғанымен, жеке алғанда, қай саңлақ тұлға да халықты бір өзі қарық та қыла алмайды. Қанша дүлей болғанымен, бір өзі оны біржолата ғаріп та қыла алмайды. Сондықтан анау келіп құлпыртты, мынау келіп құртты дейтін қисынсықсымақтар әлеуметтік құбылыстардың арғы төркініне терең бойлай алмаған, не бойлағысы келмейтін жәй әншейін бәдік әңгімелер. Тоғышар сананың тарих алдындағы жауапкершілікті сахнадағы санаулыларға итере салып, өздері әрдайым қатаң қазының қалпында қалғысы келетін арзымсыз пиғыл. Әйтпесе, қай халық та өз мұратына жабыла жұмылып жүріп қана жете алатыны әлімсақтан белгілі ақиқат.

Рас, ондай өрелі іске мұрындық бола алатын, ұлттық өзінің дәрменін, басқалардың оған деген ықылас-пейілін, халықаралық жағдайды, уақыт ағымын, тағы да басқа да толып жатқан табиғи, рухани, саяси, әлеуметтік факторларды жіті ескере шырын, ықтимал әрекеттерге уақытылы бастай алатын ықпалды тұлғалар мен топтардың болатынын ешкім де жоққа шығармайды. Мәселе олардың оңтайлы кезде табылып, табылмауында, ықтимал тұста ықтимал әрекеттерге бара алып, бара алмауында. Оларға қалған топтардың еріп, ермеуінде. Түптеп келгенде, бар мәселені керекті жағдаяттардың болып, болмауы емес, солардың үйлесімді орайласып, орайласпауы шешеді.

Көрпеңе қарап көсіле білу, әсіресе, осындай тарихи тоғыстардың тұсында керек. Бұрын өктемдікке ие елдер, ондай артықшылықтан айырылып қалғанына көнгісі келмей, тулап бағады. Ал өз алдына енші алып шыққан отау үй бірден өз тірлігін өзі қамдап, өз көңілін өзі қымтап, өзі мүддесін өзі қорғай алмаса, бұрынғы үлкен үйдегі ырың-жырыңды көзсіз қайталап, сол ықпалдан шыға алмаса, шамалы уақытта қатарға қосылып, қанат жайып кете қоюы неғайбыл. Бұндай жағдайда, ауызға бостандық берілді екен деп, айта алмай келгеннің бәрін ағытып, бір қиқудан соң бір қиқу оятып, арзан абырой таба қойғысы келетін солақайлық пен содырлық жұртты жолдан қалдырады, араға іріткі салады, дау көбейтпесе, іс көбейтпейді. Ал бұрынғы байлаулы қолы шешілген бойда кеткен есені қайтарып, кемшіліктер мен кенделіктерді жойып, ел болмақ жолындағы еңбекке, нақты шаруаларға жедел кірісіп кете алған жетелі қауымдар жетем дегеніне тез жетпекші. Құдайберген Жұбановтан қалған азғантай мұра оның осы сойдың азаматы екендігін анық аңғартады. Оның жазған-сызғандарынан өз тұсындағы шым-шытырық дау-шаралардың сан-қилы салқынын емес, өз кезеңінің көкейтесті мүдделері мен мұраттарын ғана таба аласыз. Сол жолдағы ыждаһат пен ынтаны ғана таба аласыз.

Сондықтан да ол әлі орнығып болмаған аума-төкпе заман мен әлі жөнін тауып үлгермеген аласұрма қоғамның ұшқарылығы мен алып-ұшпалығынан нақақтан мерт тапты. Ол шеккен азап – өз ортасынан алға озып кеткені үшін опа таба алмаған өрен ойшылдықтың азабы. Оның тағдыры – ішек-бауырыңды сілті ішкендей жидітіп, ет жүрегіңді езілте күйзелтетін күйікті тағдыр. Әсіресе, дәл қазір баршамызды тағы да тағы ойлантып, тағы да тағы толғантатындай тағылымды тағдыр.

Өйткені, бүгін өз қауымымызға тап болған тап сондай сирек мүмкіндікті тап солай қожыратып алмаудың жауапкершілігін қай көздегіден де анығырақ сезініп, айқынырақ түсініп отырмыз.

Өйткені, біз – тап сондай өжеттікті өштестікпен, белсенділікті безбүйректікпен шатыстырып алудан өрбіген алапат өрттен қалған айлапат өртеңнен өнген алтынбыз. Тамырымыздан дарып жатқан нәрдің емес, желегімізді желпіп тұрған желдің ыңғайына жығыла беретін болсақ, біздің де қашанға дейін, қаншаға дейін көгеріп кектей алатынымыз беймәлім.

Сондықтан да, ұрпақтар сабақтастығын дәйектегенде, өткендегі арыстарымыздың не бітіріп, не тындырғанын айтып мақтанудан гөрі олардың көксегендеріне неге жете алмағандығын ойлап сақтануға көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс екені даусыз. Бұны, әсіресе, қазір мықтап есте ұстағанымыз парыз.

Біздің маңдайымызға бабаларымызға бұрын-соңды бұйыра қоймаған бақ бұйырып отыр. Бірақ, тәуелсіздік әрдайым әлемді сескендірер әлділердің де әлсіреп, әбден әлжуаз тартқан тұстарында тап болады. Оған әу баста жоқтық пен жұтаңдық ілесе жүретіні үйреншікті шаруа, Соған шыдай алмай сыр алдырып алған сабырсыз қауымдар өз бағын өзі теуіп, өз тәуелсіздігін өзі көктей солдырғанына тарих талай рет куә болған.

Ондайдың беті аулақ болсын десек, өз халқымыздың тек осы ғасырда жеген опықтарынан тиісті қорытынды шығара алмағымыз шарт.

Алдымен шығаратын қорытындымыз – заман ұсынып отырған жаңа мүмкіндіктің жолын кеспеу. Елдіктің жолында қолыңнан келетінді аянып қалмау. Озғанға көз алартпау, қалғанға тұмсық көтермеу. Қолы ұзындар жабылып қалтасына, тілі ұзындар жабылып жағасына жармасып, қадымын аштырмай қармаласып жатқан қаршадай мемлекетіңе қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей болса да, болысып бағу. Жарытпады екен деп анаңды көкірегінен тістемейтінің, қарық қылмады деп қауқарсыз әкеңді кеудесінен итермейтінің сияқты, бірден күрп еткізіп тастамады екен деп, бұғанасы қатпаған тәуелсіздіктің басына бар пәлені үйіп-төкпеу. Ауырына оған қосыла арқанды тосып, қиынына оған қосыла қол ұсыну. Ат құрғатпай атойлап баққан алапаттардан азап шегіп, көзі ашылса, енді ашыла ма деп отырған қауымның үмітін үздірмеу, жігерін жасытпау. Ар-намысын қайрап, тәуекелге бел буғызу.

Тәуелсіз болғысы келген жұрттың тәуекелшіл болмағы шарт. Олай болса, байлаулы қолымыз шешілгенімен, көздегі томағамыз сыпырылғанымен, көксегеніміздің бәріне бір күнде жете салмайтынымызға шыдамағымыз шарт. Бодандықта өкініш көбейсе, бостандықта жауапкершілік күшейетінін түсінбегіміз шарт. Жоқ-жітіктің бәрін жіпке тізген таба құмарлық та, соның бәріне айыпты іздеп, әркімге бір жармасқан жала құмарлық та, орынсыз өкпешілдік те, болымсыз бопсашылдық та ең алдымен елдікті мұқалтатынын мықтап ұқпағымыз шарт.

Қой көрмеген қуалап өлтіреді дегендей, дербестік тізгіні қолымызға тиер-тиместен, біресе билікке, біресе білікке, біресе бірлікке килігетін ұрдажықтықтың қандай орға жығып, қандай сорға тап қылатынына көзіміз жетердей уақыт болды. Мұндайдан арғы-бергіде аузы аз күймеген қазақ халқының әрбір естияр азаматы тап бүгін байлықты да, билікті де емес, елдікті көбірек ойлағаны орынды болар еді. Оған ақылы жететіндер басқалардың ақылы жетпейді екен деп айнып кетпегендері дұрыс. Бәрібір бар салмақ қолынан келетіндер мен ақылы жететіндерге түседі. Сондықтан, еркім қолынан келетіннен аянбағаны жөн.

Бұл, әсіресе, бүгінгі әңгімеге өзек болатын тіл мәселесіне тікелей байланысты. Мұнда да әзірге жаппай жанашырлықтан гөрі жамырай сынай жөнелу, өкпе-бопсаға бой алдыру көбірек байқалады. Бұл мәселеде бәрі бәз-баяғысынша, ешқандай қозғалыс жоқ деп санау қиянат. Экономиканың қазіргідей жібі жіңішкеріп, әлеуметтік ахуалдың қазіргідей жүйкесі жұқарып тұрған кезінің өзінде, жаңа заң, арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдау, дербес билік құрылымын жасақтау оңай емес еді. Елбасының тікелей талапшылдығы арқасында ғана жүзеге асып отыр. Мемлекеттік билік орындарында іс-қағаздарын қазақша жүргізуге көше алсақ, шенеуніктер жаны үшін өздері-ақ тіл үйренеді. Тіл үйренуге бетбұрыс қайта жанданды. Тек соны кеңейте түсу керек. Бұл саладағы оң істердің бәрін көзден таса қалдырмай, көп болып, қолдай, құптай білуіміз қажет. Кібіртіктің бар екені рас, талпыныс жоқ деуге болмайды. Тіл департаменті саяси әңгімеге емес, нақты істерге мұрындық болуға көшкені дұрыс екендігі анықталды. Кеше Ел басында әлеуметтік салада көп сөз болып жүрген мәселелер жайында пікір алысылды. Ауыл. Тіл. Мәдениет. Ғылым. Білім беру. Денсаулық сақтау. Әлеуметтік қорғау. Жұмыссыздық. Жастар. Оралмандар. Қай мәселені де мұқият қадағалап, тыңғылықты біліп отырған Елбасы қаншалықты қиын болса да, аталған мәселелерге айрықша назар аударуды үкіметтен қатты талап етіп отыр. Бұрынғы тапсырмаларының үстіне жаңа тапсырмалар әзірлеп отыр. Мемлекет бұл салада қолдан келгеннің бәрін істеп бағары анық. Бірақ, тап сондай талапты әрбір азамат, әрбір ұжым, әлеуметтік топ өзіне де қою керек сияқты. Тек жоғары жаққа қарай кіжінумен шектелмей, әркім алдымен өз қолынан келетінді түгел істеп шығуға ұмтылмайынша, ғасырлар бойы тоқырап қалған тіл шаруашылығының тездетіп қатарға қосыла қоюы қиын. Есесі кетіп келген тілімізді мұратына жеткізу үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана, дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты. Әуелден «әлдиімізді» дұрыс айтқанда қазір көп сыналатын әлдекімдерге ұқсайтын әрі-сәрі әкім-қаралардан да аман болар ма едік, қайтер едік. Ата-ана баласына дұрыстап тіл ашырып, дұрыстап тіл үйретсе, ғалымдар заманға лайық білім беретін сапалы оқулықтар жазса, ұстаз барлық пәнді өз тілінде дұрыстап оқыта алса, жұртшылық өз тілін өздері әспеттей алатын әлеуметтік ая жасай алса, өз халқының қамын өз тілінде ойлай алатын көшелі азаматтар да көбейе түсері сөзсіз. Ондай азамат әкім, министр, академик болу үшін ең әуелі өз байлығын өзі игеріп, өз мәдениетін өзі өркендетіп, өз тілін өзі әспеттей алар өз ел, өз мемлекетің болуы керек екендігін оңай ұғар еді. Күллі халықтардың бәрі осыған тырмысып жатқанда, бізге де солай етпей болмайтынын түсінбейтіндердің саны күннен-күнге азая түспесе, көбейе қоймас. Үмітімізді үзбелік.

Ендеше, еңсемізді түсіргеннен басқа ешқандай септігі тимейтін сары уайым сапырушылық дәл бүгінгі жиынға жараса қоймас. Ол барға, жоққа қарамай, бойындағы барды өз халқына сарқып бере алған сайыпқыранға, саңлақ ғалымға, өнегелі ұстазға арналып отыр ғой. Ол өз қолынан келетінді өзгеден дәметсе, бүгін істей алатынын ертеңге қалдырса, еселі еңбектің орнына өкпе-бопсаға бой алдырса, бар мұқтаж, бар кемісті басқаның бетіне салық қылғанынан халқымды қарық қыламын деп ойласа, тап осындай өрелі биікке жете алар ма еді ?!

Қысқасы, бүгін жағдай қанша қиын болса да, туған тілімізді мерейлі биігіне жеткізу жолында қолымыздан не келіп, не қоятынын жан-жақты сарапқа салып, салиқалы қорытындылар шығарғанымыз дұрыс.

Сонымен, келелі кеңес болғай, орта толғай, ағайын!

Мамыр, 1999 жыл.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға