Жаңалықтар

Мықты майдан

Таптық дәуірі туып, тап тартысы ашылғалы баспасөз тап құралы болып келеді. Ленин, Маркс сынды пролетариаттың ұлы көсемдері өз өсиеттерін сүйенген табына баспасөз арқылы таратқан. Пролетариатқа қарсы таптардың да мықты құралының біреуі — баспасөз. Кеңестер Одағындағы пролетариаттың басынан қанды күн кеше ғана өтті. Ол кезде бір жағынан баспасөз де еңбек сіңіргенмен, күрестің негізгі құралы: мылтық найза болып келді. Баспасөз соларға көмекші құрал болды. Қазір құралды күрес, қан төгіс тоқталып, бейбітшілік заман туды. Идеология майданы ашылды. Пікір таласы шықты. Идеология майданындағы көрнекті құралдың бірі баспасөз, оның ішінде көркем әдебиет. Олай болса, көркем әдебиетке баға беретін, көтермелейтін заман туды. Қазақ баспасөзінің тарихы қысқа, алғаш қазақ тілінде газет, журнал шыға бастағанының өзіне 20 шақты жылдан асқан жоқ. Бастапқы жылдардың баспасөздері отаршыл үкіметке қарсы қимыл қылды. Тілі келген жерде қазақ елін ұлтшылдыққа шақырып, отаршылдыққа қарсы салғысы келді. Осы ниетпен арпалысып жүрген кезінде қазақ баспасөзі февраль төңкерісіне келіп килікті. Февраль екі (біріне-бірі қарсы) тапты мықтап жіктеді. Азамат соғысы басталып, екі тап (еңбекші мен байлар) қанды майданда сүзісті. Бұрын «ұлтшыл, қазақшылмыз» деп жүргендер байшылдығын көрсетіп, алаш туын тікті, құралды күресте орыс байларының етегінен ұстап, солардың сойылын соғысты. Тепсе тебінгі үзген, кеудесіне кек қатқан, көзінен жасы аққан, қатын-баласы зар қаққан, байлар жыландай шаққан еңбекшілердің білегі, бірлігі ұлы майданда байларды шыдатпады, майданнан түріп шығып, Октябрь төңкерісін жасады; социалистік негізде құрылған Кеңесті республика құрды. Үстемдікті қолына алды. Ұлы Лениннің: «Нан — ашқа, киім — жалаңашқа, жер — шаруаға, завод-фабрика — жұмыскерге, үстемдік — пролетариатқа берілсін!» деген ұраны жүзеге асты. Орыс пролетариаты тұрмыстың тағдырын қолына алып, өмірді өз тілегіне аударды. Езілген ұлттардың еңбекшілерінің көзін ашқан Октябрь төңкерісі қазақ еңбекшілеріне де еркіндік беріп «тізгінге бұрын бай ие болса енді өзің бол!» деді. Үстемдік тетігі қолына кешкен қазақ еңбекшілері әдебиетті де (оның ішінде көркем әдебиетті) меңгеріп кетулері керек еді; ол болмай келді. Себебі: қазақ еңбекшілері саясат жағынан мешеу болды. Орыс жұмыскерлерінің орнатып берген бостандығына түгелімен кенеттен не бола кетуге әлі келмеді. Бұл бір жағы. Екіншіден, алашордашылар-байшылдар саяси билік қолдарынан кеткен соң баспасөздің тізгініне жармасты. Сөздерінің сыртын сырлап, ішін ұрлап, өз мақсаттарын әдебиет арқылы (көркемі болсын, көркем емесі болсын) жарыққа шығаруға тырысты. Бұрын (Октябрьге дейін) көркем әдебиет түсіне де кірмеген алашорданың белгілі адамдары әдебиетшіл болып кетті. Бұлар осы жолдарын сыналап өткізіп, соңғы жылдарға дейін белең алып келді. Бірен-саран тайталасып қарсы шығамын дегендерді мұрынға ұрып, бөгеу жасады. Соңғы бірер жылдың ішінде қазақ еңбекшілері саясат жағынан ілгері басты. Досын, қасын айыра бастады. Өз араларынан мұңын шын жоқтайтындар шыға бастады. Саяси білімі жоқ, қазақ еңбекшілерінен әуелгі кезде қаламы бас білетіндер аз шықты. Шыққандардың өздері де, сүйенген табының саяси санасы қандай болса, содан аса алмады. Қазақ еңбекшілері саясат жағынан соңғы жылдарда өскендіктен олардың жазушылары да өсті. Соңғы бірер жылдың ішінде әдебиет майданына: шаруадан, жалшылардан, жұмыскерлерден жаңа күштер қосылды. Бұл күштер бұрынғы бірен-сарандарға көмек беріп, байшыл бағытқа қарсы күреске шықты. Тұрмыстың, үстемдіктің тегеуріні қолында отырған еңбекші жазушылар (жас, шала сауатты, кемшілігі көп, сөзі онша көркем емес болса да) байшылдарды аз уақыттың ішінде әдебиет майданынан сауырға бір салып айдап шықты. Байшылдар баяулады, бұрынғыдай оларға қайда болса есік ашық болмады. Еңбекші жазушыларға баспасөздер де жәрдем беріп, көтермекші болды. Бірақ арнаулы әдебиет журналы болмағандықтан еңбекші жазушылар қаламын еркін сілтей алмай келді. Осындай жағдайды, өскен күшті еске алып, тиісті орындар әдебиет журналын шығаруға кірісіп, мына «Жаңа әдебиетті» жарыққа шығарып отыр. Бұдан көп бұрын қазақ тілінде «Шолпан», «Сана» деген көркем әдебиет журналдары шыққан болатын. Ал «Жаңа әдебиеттің» аты да, заты да олардан бөлек. Бұл журнал: 1)         Алдымен тап құралы. Тап болғанда еңбекші таптың құралы. Еңбекші жазушылардың ақылшысы. Кемшілігін түзететін сыншысы. Тәрбиелейтін анасы. Қорғайтын панасы. Қолына еркін тиген сыбағасы. 2)         Әдебиетті марксизм тұрғысынан сынап, ойын, қырын бірдей тексеріп баға беретін тез, таразы. Әділ төре, әділ болғанда тап тілегінің, еңбекші таптың мақсатының әділі. 3)         Әдебиет мәселесі талқыға түгел түсіп, бас-аяғы тұйықталған мәселе емес, біріне-бірінің саяси тілегі қарсы екі адам түгіл, бір партиядағы екі адам да бұл мәселеде екі көзқараста. Бірақ жалпы бағыт біреу, ол — кім де кім қазақ еңбекшілерінің сойылын соғысса, Кеңес тілегін тілесе ғана еңбекшілер баспасөзінен орын ала алады. Әзірге Қазақстанда бағытын ашып іске кіріскен ұйым — Қазақстандық пролетариат шаруа мен жұмыскерлердің жазушылар ұйымы. Әдебиетті бұл ұйымнан тысқары бағалайтындар да жоқ емес. 4)         Журналда байшыл бағытқа есік жабық. Байшылдық исі бар жазушыларға жол жоқ. Журнал оларға қарсы күреседі. Олардың бұрынғы сұлу тілдерінің сырын ашып, кім екендерін қазақ еңбекшілеріне танытады. Негізінде бұл журнал — қазақтың еңбекші жазушыларының маңдайына басқан сыбағасы.
08.12.2012 05:45 3095

Таптық дәуірі туып, тап тартысы ашылғалы баспасөз тап құралы болып келеді. Ленин, Маркс сынды пролетариаттың ұлы көсемдері өз өсиеттерін сүйенген табына баспасөз арқылы таратқан. Пролетариатқа қарсы таптардың да мықты құралының біреуі — баспасөз. Кеңестер Одағындағы пролетариаттың басынан қанды күн кеше ғана өтті. Ол кезде бір жағынан баспасөз де еңбек сіңіргенмен, күрестің негізгі құралы: мылтық найза болып келді. Баспасөз соларға көмекші құрал болды.

Қазір құралды күрес, қан төгіс тоқталып, бейбітшілік заман туды. Идеология майданы ашылды. Пікір таласы шықты. Идеология майданындағы көрнекті құралдың бірі баспасөз, оның ішінде көркем әдебиет. Олай болса, көркем әдебиетке баға беретін, көтермелейтін заман туды.

Қазақ баспасөзінің тарихы қысқа, алғаш қазақ тілінде газет, журнал шыға бастағанының өзіне 20 шақты жылдан асқан жоқ. Бастапқы жылдардың баспасөздері отаршыл үкіметке қарсы қимыл қылды. Тілі келген жерде қазақ елін ұлтшылдыққа шақырып, отаршылдыққа қарсы салғысы келді. Осы ниетпен арпалысып жүрген кезінде қазақ баспасөзі февраль төңкерісіне келіп килікті. Февраль екі (біріне-бірі қарсы) тапты мықтап жіктеді. Азамат соғысы басталып, екі тап (еңбекші мен байлар) қанды майданда сүзісті. Бұрын «ұлтшыл, қазақшылмыз» деп жүргендер байшылдығын көрсетіп, алаш туын тікті, құралды күресте орыс байларының етегінен ұстап, солардың сойылын соғысты.

Тепсе тебінгі үзген, кеудесіне кек қатқан, көзінен жасы аққан, қатын-баласы зар қаққан, байлар жыландай шаққан еңбекшілердің білегі, бірлігі ұлы майданда байларды шыдатпады, майданнан түріп шығып, Октябрь төңкерісін жасады; социалистік негізде құрылған Кеңесті республика құрды. Үстемдікті қолына алды. Ұлы Лениннің: «Нан — ашқа, киім — жалаңашқа, жер — шаруаға, завод-фабрика — жұмыскерге, үстемдік — пролетариатқа берілсін!» деген ұраны жүзеге асты. Орыс пролетариаты тұрмыстың тағдырын қолына алып, өмірді өз тілегіне аударды.

Езілген ұлттардың еңбекшілерінің көзін ашқан Октябрь төңкерісі қазақ еңбекшілеріне де еркіндік беріп «тізгінге бұрын бай ие болса енді өзің бол!» деді. Үстемдік тетігі қолына кешкен қазақ еңбекшілері әдебиетті де (оның ішінде көркем әдебиетті) меңгеріп кетулері керек еді; ол болмай келді. Себебі: қазақ еңбекшілері саясат жағынан мешеу болды. Орыс жұмыскерлерінің орнатып берген бостандығына түгелімен кенеттен не бола кетуге әлі келмеді. Бұл бір жағы. Екіншіден, алашордашылар-байшылдар саяси билік қолдарынан кеткен соң баспасөздің тізгініне жармасты. Сөздерінің сыртын сырлап, ішін ұрлап, өз мақсаттарын әдебиет арқылы (көркемі болсын, көркем емесі болсын) жарыққа шығаруға тырысты. Бұрын (Октябрьге дейін) көркем әдебиет түсіне де кірмеген алашорданың белгілі адамдары әдебиетшіл болып кетті. Бұлар осы жолдарын сыналап өткізіп, соңғы жылдарға дейін белең алып келді. Бірен-саран тайталасып қарсы шығамын дегендерді мұрынға ұрып, бөгеу жасады.

Соңғы бірер жылдың ішінде қазақ еңбекшілері саясат жағынан ілгері басты. Досын, қасын айыра бастады. Өз араларынан мұңын шын жоқтайтындар шыға бастады. Саяси білімі жоқ, қазақ еңбекшілерінен әуелгі кезде қаламы бас білетіндер аз шықты. Шыққандардың өздері де, сүйенген табының саяси санасы қандай болса, содан аса алмады.

Қазақ еңбекшілері саясат жағынан соңғы жылдарда өскендіктен олардың жазушылары да өсті. Соңғы бірер жылдың ішінде әдебиет майданына: шаруадан, жалшылардан, жұмыскерлерден жаңа күштер қосылды. Бұл күштер бұрынғы бірен-сарандарға көмек беріп, байшыл бағытқа қарсы күреске шықты. Тұрмыстың, үстемдіктің тегеуріні қолында отырған еңбекші жазушылар (жас, шала сауатты, кемшілігі көп, сөзі онша көркем емес болса да) байшылдарды аз уақыттың ішінде әдебиет майданынан сауырға бір салып айдап шықты. Байшылдар баяулады, бұрынғыдай оларға қайда болса есік ашық болмады. Еңбекші жазушыларға баспасөздер де жәрдем беріп, көтермекші болды. Бірақ арнаулы әдебиет журналы болмағандықтан еңбекші жазушылар қаламын еркін сілтей алмай келді. Осындай жағдайды, өскен күшті еске алып, тиісті орындар әдебиет журналын шығаруға кірісіп, мына «Жаңа әдебиетті» жарыққа шығарып отыр.

Бұдан көп бұрын қазақ тілінде «Шолпан», «Сана» деген көркем әдебиет журналдары шыққан болатын. Ал «Жаңа әдебиеттің» аты да, заты да олардан бөлек.

Бұл журнал:

1)         Алдымен тап құралы. Тап болғанда еңбекші таптың құралы. Еңбекші жазушылардың ақылшысы. Кемшілігін түзететін сыншысы. Тәрбиелейтін анасы. Қорғайтын панасы. Қолына еркін тиген сыбағасы.

2)         Әдебиетті марксизм тұрғысынан сынап, ойын, қырын бірдей тексеріп баға беретін тез, таразы. Әділ төре, әділ болғанда тап тілегінің, еңбекші таптың мақсатының әділі.

3)         Әдебиет мәселесі талқыға түгел түсіп, бас-аяғы тұйықталған мәселе емес, біріне-бірінің саяси тілегі қарсы екі адам түгіл, бір партиядағы екі адам да бұл мәселеде екі көзқараста. Бірақ жалпы бағыт біреу, ол — кім де кім қазақ еңбекшілерінің сойылын соғысса, Кеңес тілегін тілесе ғана еңбекшілер баспасөзінен орын ала алады. Әзірге Қазақстанда бағытын ашып іске кіріскен ұйым — Қазақстандық пролетариат шаруа мен жұмыскерлердің жазушылар ұйымы. Әдебиетті бұл ұйымнан тысқары бағалайтындар да жоқ емес.

4)         Журналда байшыл бағытқа есік жабық. Байшылдық исі бар жазушыларға жол жоқ. Журнал оларға қарсы күреседі. Олардың бұрынғы сұлу тілдерінің сырын ашып, кім екендерін қазақ еңбекшілеріне танытады.

Негізінде бұл журнал — қазақтың еңбекші жазушыларының маңдайына басқан сыбағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға