Жаңалықтар

ҚАЙЫРЛЫ АСТАНА БОЛҒАЙ!

—     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астана жайлы ұсынысы алғаш талқыланған көзде парламентшілер тарапынан талай күйдіргі сөз естуіңізге тура келді. Сол күдік-күмәннің теріске шыққанына ерекше қуанышты шығарсыз. —     Иә, әрбір жаңа іс, әсіресе, әрбір батыл шешім бірден қолдау таба бермейді. Ол жолы да әр қилы әңгіме айтылғаны рас. Бірақ, көз қорқақ, қол батыр емес пе? Жаңа астанаға межелі көзде көшіп келдік. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Тұсаукесер тойға келген қауым Сары Арқа төсіне көп ұзамай нағыз осы заманғы шаһар орнайтынына, оның ірі саяси, мәдени, іскерлік орталыққа айналатынына көздері әбден жететініне кәміл сенімдіміз. —     Ақмоланың тұсаукесер тойы – биылғы халық бірлігі және ұлттық тарих жылының да түсаукесері болмақшы ғой. —     Дұрыс айтасыз, Жаңа астана ұлттық тарихымыздың жаңа бетбұрыс кезеңінің тұсауын кеспекші. Ондай бетбұрыстың идеологиясы – «Қазақстан – 2030» Стратегиясы. Ол қай өлкеде қалай жүзеге асып жатыр? Бүкіл елімізде қалай жүзеге аспақшы? Тұсаукесер тойға әзірлік кезеңінде де, биылғы тарих жылының өне бойында да – бұл мәселе басты назарда тұруға тиісті. Қазір Ақмолада әр облыстардың күндері өте бастады. Онда аймақтарымыздағы нақты істердің нәтижелері, экономикадағы, өнердегі жаңа жетістіктер көрсетіліп жатыр. Әр өлкенің таяу жылдардағы және арғы болашақтағы ұстанып отырған мақсаттары баяндалып жатыр. Маңғыстаулықтар да өз күндерін үлкен табыспен еткізеді деп күтілуде. Тарих жылын өткізуде де жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деп есептейміз. Өлкедегі бай тарихи-мәдени қазынаны жинауда, зерттеуде, насихаттауда бұған дейін де қомақты шаруалар атқарылып келеді. Енді оны жетілдіре, тереңдете түсуге тиістіміз. – Тарих жылын өткізудегі басты мақсат не деп санайсыз? —     Ол – бүгінгі иемденіп отырған аумақтық тұтастығымызды нығайтып, қоғамдағы ауыз бірлігімізді күшейтіп, тәуелсіздігімізді одан әрі орнықтыра түсуге, демократия мен реформаны өрге бастыруға ауадай қажет жаңа жасампаз тарихи сана қалыптастыру. —     Ол қалай жүзеге асады деп ойлайсыз? —     Ұлан-байтақ қазақ жерін иемденіп, басқыншылардан қорғап қалу жолындағы ерен шайқастардың жай-жапсарын неғұрлым жетік білсек, аумақтық тұтастығымызды сақтай білудің қаншалықты маңызды екенін соғұрлым терең түсінеміз. Халқымыздың ақ және қызыл отаршылдыққа қатысты күресінің жай-жапсарын неғұрлым жан-жақты байыптай алсақ, бүгінгі тәуелсіздігіміздің тарихи заңдылығы мен болашақ тағдырымыз үшін қаншалықты құндылығыңа соғұрлым көзіміз жете түседі. Тоталитаризмнен көрген зардаптарымыздың арғы астарына неғұрлым жіті үңіле алсақ, демократияның адам үшін, ұлт үшін, қоғам үшін қаншалықты қадір-қасиеті барлығына қаныға аламыз. Еліміздің өткен жолына осындай үш түрлі қырынан көз салсақ, біздің халқымыздың көкейтесті мүдделеріне жетуі үшін дербес саяси кеңістік керек екендігін, ол тек тәуелсіздік арқылы қамтамасыз етілетіндігін, ондай тәуелсіздікке тоталитаризм емес, тек демократия ғана жеткізе алатынын, ал демократия кез-келген саяси бостандықтың кепілі болып есептелетін экономикалық бостандық бар жерде ғана жүзеге асатынын, ол нарықтық қатынастарға көшуді талап ететінін ұғына аламыз. Тәуелсіздікті, демократияны, реформаны тереңдетудің биылғыдай бетбұрыс жылының халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы боп жариялануының негізгі себебі де, міне, осында. – Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ деген қағида тағы да өз құдіретін көрсетіп отыр дейсіз ғой. —     Иә, өткенді білмей, бүгінге түсіне алмайсыз. Бүгінге мықтап түсінбейінше, ертеңгі мақсаттарды дұрыстап бағамдай алмайсыз. —     Бұл үшін не істі басуымызға пайдалы жаңа тарихи сана қалыптастыра аламыз. – Тарихқа деген жаппай әуестікке қалай қарайсыз? – Өз тарихыңа деген жаппай енжарлық – күйінішті, жаппай елгезектік – сүйінішті құбылыс. Бірақ игі ниеттің өзі де үлкен жауапкершіліктің арқасында дегеніне жете алады. Әйтпесе, мұндай нәзік іске қарадүрсін кіріссек, «тәп-тәуір ән еді, пұшық шіркін қор қылды-ау» дегеннің кебін киеміз. Сондықтан өткеннен қалған деректерді, мұрағаттарды, рухани материалдық жәдігерліктерді жинау, сақтау, қорғауды жаппай күш біріктіретін бұқаралық іс, ал оларды зерттеп, бағалап, тиісті қорытындылар шығаруды қажетті дайындығы мен тәжірибесі бар мамандардың кәсіби шаруасы деп санауымыз керек. Бұл істе де ақылға сыйымды еңбек бөлісу арқылы ойдағыдай нәтижеге жете аламыз. Үстіміздегі жылды ұлттық тарих жылы деп жариялағанда да, осындай мақсат көзделіп отыр. Жаңа тарихи сана қалыптастыруға, ұлттық тарихымызды қайта сараптап, болашағымызды қайта пайымдауға қажетті деректер мен мұраларды төкпей-шашпай жинақтап алуға күллі халық боп қолғабыс жасаған жөн. Сол арқылы ұлттық тарих ғылымының әдістемелік тұрғыда да, деректемелік тұрғыда да жемісті дамуына жағдай жасаған дұрыс. Өйткені, біздің өткеніміздің көп дерегі қағазға түспеген. Түскендері қазір басқа елдердің мұрағат қорларында қалып отыр. Тоталитаристік үрдіс тұсында көп құнды деректер айтылмай, қалтарыс қалды. Соны білуі ықтимал ұрпақтың бар көзін қапы жібермей, халық зердесінде қалған деректерді уақытылы жинақтап алу керек боп тұр. – Бұндай мүмкіндік бар-бар көзде тиімді пайдаланылын жүр деп ойлайсыз ба? – Бұл істе ақаулар мен ағаттықтар бар. Бәрінен жаманы – тарихты тәлім деп түсінбей, мақтан деп түсіну де бой көрсетіп қалады. Тарихи тұлғаларды біржолата не ақ тақтаға, не қара тақтаға жазып қоюға тырысушылық та сондай түсініктен өрбиді. Біз тарихи шындықты біржақты емес, жан-жақты білуге ұмтылуымыз керек. Өйткені, біз өткенді сол қалпында қайталау үшін емес, одан дұрыс қорытынды шығара білу үшін зерттейміз. —     Сіз – тарихи романдар авторысыз. Сіздің кейіпкерлеріңіз – Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Әбілхайыр, Абылайлар ұнамды кейіпкерлер ме? Ұнамсыз кейіпкерлер ме? —     Екеуі де емес. Тарихи кейіпкерлер. Олардың өз тұсында да, қазір де біреулерге ұнауы мүмкін. Біреулерге ұнамауы мүмкін. Тарихи тұлғалар да кәдуілгі пенделер арасынан шыққан. Кез-келген кәдуілгі пенденің біреулерге ұнап, біреулерге ұнамайтындығы сияқты, оларға да әркім әртүрлі қарайды. Бірақ, олардың өмірі өз тұсының шындығын қалғандардан гөрі көбірек қамтып, тереңірек ашады. Шын әдебиетте ұнамды, ұнамсыз кейіпкер деген болмайды. Өз дәуірі шындығын немесе адамдық болмыс шындығын бір қырынан ашатын типтік немесе көп қырынан ашатын күрделі кейіпкерлер болады. Мен соның соңғысына көбірек іш бұрамын. Сондай күрделі тұлғалары мол кезең қоғамдық болмыстың қыр-сырын кеңірек, тереңірек түсінуге жағдай жасайды. —     Өмірде жұрттың бәріне ұнайтын адам бола ма? —     Болмайтын шығар... —     Тарихта ше? —     Онда да солай ғой. Көбіне-көп елден ерек ерлік көрсеткен немесе елден ерек іс тындырған, тіпті елден ерек қателік жіберген тұлғалар тарих назарын көбірек аударады. —     Неге олай? – Өйткені, біздер, адамдар, тек ерекшелер мен ересендерге ғана назар аударамыз. Тұсында замандастары сондай назар аударған тұлғалар көп уақыт тарихта да сондай баға иемденеді. – Ол баға өзгеруі мүмкін бе? – Әбден мүмкін. Дамудың өз жүйесі, өз заңдылығы бар. Ол кейде түбегейлі бетбұрыс жасайды. Ондай тұста құндылықтар жүйесі де түбегейлі өзгереді. Ал ол, өз кезегінде, тарихи бағаларды да өзгертеді. —     Қазіргі кезеңді соған жатқызуға бола ма? —     Болғанда қандай. Тоталитаризм демократиямен, отаршылдық тәуелсіздікпен алмасты. Бірақ, одан кешегі ақтың бәрі қара, қараның бәрі ақ боп шығады деп ойлауға болмайды. Өйткені, езгі кезінде де еркіндікті, қиянат көзінде де әділдікті көксегендер бар. Олардың кез келгені жаңа тарихымыздан өз орнын тауып, жаңа тарихи санамызға өз нұрын түсірері даусыз. – Сондай тұлғалардың бірі – Сәттіғұл ақын жырлаған Досан батыр ғой. Биыл сол Досан батырдың тойы өтпекші... – Игілікті іс. Тәуелсіздік тарихында ең құрметті орын иемденуге лайықты есім. Ол бастаған көтеріліс тек бір өлкенің ғана емес, күллі ұлтымыздың тағдырында өшпес із қалдырды. Ол көтеріліс – патша өкіметінің бір жарым ғасыр әзірленген Каспийден арғы аймақтарды жаулап алудың кең қарымды жорығына ең бірінші боп қарсылық көрсетті. Тек Қазақстанның ғана емес, іргедегі Хиуаның, күллі Орта Азияның отарлануына бөгесін болғысы келді. Қазақ даласындағы барлық көтерілістің ішінде бұл көтерілісті басып-жаншуға патшалы Ресей ерекше көп күш салды. Күллі Кавказдан, Еділ бойынан әкеліп әскерлер төкті. Қуатты империяны соншама дүрліктірген бұл оқиға мен оның орталық тұлғалары, әрине, жаңа тарихи санамызда айрықша мазмұнға ие болмақ. —     Бізде бұл көтерілістегі оқиғалар мен нақты тұлғаларды бағалауда кереғар пікірлер кездесіп қалады. Кей ретте сіздің «Маңғыстау» энциклопедиясындағы Иса Тіленбаевқа берген бағаңызға дау айтушылар бар. «Ұйқыдағы арудың оянуында» атақты бидің көтеріліс соңындағы қылықтарын «жалтақтық» деп бағаласаңыз, аталмыш энциклопедияда «екіжүзділік» деп бағалапсыз. —     Бүгінгі таңда бұл тым үзілді-кесілді пікір деп білем. Бұдан жиырма жылдай бұрын жазылған еңбегімде сол кездегі ресми бағаға мен де қосылғам. Кейін ол энциклопедиялық шолуға айналғанда қолжазбаны баспаға өзім қарап беруге қолым тимегендіктен тиісті өзгерту енгізілмепті. Ал екі ортада талай уақыт өтті. Талай нәрсеге көзқарас өзгерді. Тек бұл көтеріліс емес, сол тұстағы басқа көтерілістер жайында да бұрын білмей келген көп нәрсені біле бастадық. Осы тұрғыдан келгенде, халық тағдырында із қалдырған айтулы оқиғаларды мейлінше жан-жақты қарастырып, тарихи тұлғаларға баға бергенде біржақты дәріптеушілікке де, біржақты даттауға да ұрынбаған жөн екен. Өйткені, тарих тізгіні де, тағдыр тізгіні де ешкімнің өз қолында емес екен. Кейде жақсы пиғылдың өзі де жақсы нәтижеге жеткізе бермейді екен. Ол, көбіне-көп, адамның тек өзіне ғана емес, қалған тарихи алғышарттардың қалай орайласуына байланысты болады екен. Сондықтан да, Абай адамды істі қалай аяқтағанына емес, қалай бастағанына қарап бағалау керек деген екен. Егер дегеніне жете алмаса, оның сырын тек өзінен ғана емес, заманынан да іздеу керек екен. Иса Тіленбаев та – тап осы тұрғыдан келіп бағаланатын тұлға. Бұл көзқарасымды «Маңғыстау» қолжазбасын баспаға әзірлеп жатқан топқа айтқанмын. Ол 351-беттегі «Тіленбаев Иса» деген мақалада ескеріліпті де, жалпы шолуда ескерілмепті. Мәселенің түп мәніне келер болсақ, Иса Тіленбаевтың 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болғаны, көтерілісті ішкі Ресейден әскерлер келіп жанши бастаған соң, сол жылдың аяғына қарай, қалған үзеңгілестерімен бірге ереуілші ауылдарды ертіп, Хиуа аумағына уақытша жылыстағаны, қарсылықты сол жақта жатып жалғастырғаны рас. Бұл 1977 жылғы шыққан М.Тұрсынованың «Казахи Мангышлака во второй половине XIX века» деген кітабында нақты тарихи деректермен дәлелденген. 1979 жылғы «Қазақ ССР тарихының» үшінші томында да солай көрсетілген. Бұл ақиқатты мен де жоққа шығарған емеспін. Бірақ, Ресей Хиуаны да басып алған соң, шалғайда жатып шайқасу да мүмкін болмай қалған көтерілісші ауылдар басқа барар жер, басар таулары қалмаған соң, 1873 жылы патша әскерінің қол астында қалған Маңғыстауға қайта оралып, әскер басшысы Ломакиннің алдына барып, амалсыз мойын ұсынуға мәжбүр болды. Патша өкіметі де ол мәмілеге қарсылық білдірмеді. Өйткені, өлке тұрғындарынан бұл көтеріліске араласпаған бір де бір шаңырақ жоқ еді. Тұтас елді түгел қырып тастау мүмкін емес еді. Сондықтан ақырына дейін беріспеген азғантай ереуіл басшыларынан басқаға кешірім берілді: 1874 жылы Иса да кешірім алып, қайтадан болыс болып тағайындалды. Бұл жәйінде жарық көрген тарихи еңбектердің бәрінде де нақты көрсетілген. Оны түбегейлі жоққа шығаратын құжат әзір ешкімнің де қолында жоқ. Менің де қолымда жоқ. Бірақ, бұдан Иса Тіленбаев көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болмапты деген қорытынды шықпаса керек. Оның үстіне бұндай көпті сол тұстағы отаршылдыққа қарсы күрес көсемдерінің көбі киіпті. Олардың арасында отаршылдардың өз қолдарынан қаза тапқандары тек Исатай Тайманов пен Досан Тәжиев қана. Махамбет Өтемісов пен Жанқожа Нұрмұхамбетов өкімет жұмсаған ауыл арасы жандайшаптарының қолынан мерт тауыпты. Сырым Датов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар ел ауып, жер ауып кеткен жерлерінде отаршылдық құрығынан құтыла алмай, құрбан болыпты. Ал бастарын тауға да ұрған, тасқа да ұрған Есет Көтібаровты. Тайшық, Ахмет, Садық Кенесариндерді, Иса Тіленбаевты құтыларға жер қалдырмай, өздері көп мойын ұсынуға мәжбүр етіпті. Бұл патша отаршылдығының ендігәрі мұндай көтерілістен әбден күдер үздіру үшін жасалған әккі саясаты еді. Соған қарап, әлгі топтағыларды «жалтақ» не «екіжүзді» деп, халыққа жаны ашымаған кісілер қылып шығару тарихи әділеттілікке сыймас еді. Отарлауға қарсыласушылардың соңғы тосқынын бастағандардың бұлай етпеске шаралары да қалмады. Бұрынғыдай қаша ұрыс салатын жер қалмады. Қазақстан мен Орталық Азия түгел жаулап алынды. Қытай, ауған, парсы шекараларын орыс әскерлері күзетке алды. Өлкенің барлық елді мекендері әскери бекіністерге айналды. Бұдан арғы қарсылық халықты босқа қырғызу болатын болды. Халық қамын ойламаса, олар әлгіндей жандарын отқа салар ма еді. Тарихи әділеттілікке келсек, халық қамын жегендерді жасай алмағандарына қарап жазғыру обал, ал жасағандарын елемеу не бағаламау – қиянат. Әлгіндей амалсыздық – қиянатшыл көппен ашық айқасқа түскен жаужүректердің талайының тартпай қалмаған тақсіреті. Шамасынан асар шайқасқа түскен талай шандоздың алдынан қазылған аран ор. Тек қазақ даласында ғана емес, Қап тауындағы Шәміл мен Хажы Мұраттар да тап осындай сергелдеңдерді бастан кешкен. Арман жолында алысқандардың өліп кетуі ерлік болса, тірі қалуы – қасірет. Ол үшін ешкімді де жазғыруға болмайды. Егер ежелгі гректер тілімен айтсақ, туған топырақта аты ардақталып, аруағы ұлықталып, дүбірлі тойы өткелі жатырған Досан – героикалық тағдыр иесі, Иса – трагедиялық тағдыр иесі. Героика да, трагедия да өнерде де, тарихта да босағаны емес, төрді иемденеді. Кейінгі ұрпақ біреуінен өнеге, біреуінен тағылым іздейді. – Бұндай ерелі қорытынды шығарып, өнеге мен тағылымды тани білу үшін де көп нәрсені елеп-екшей алатын рухани ізденістер керек шығар. – Әрине. Рухани ізденіс дегеніміз – өткендегі де, бүгіндегі де, өз басыңдағы да, өзгелер басындағы да жай-жапсарды жан-жақты пайымдап, одан түйген қорытындыларыңды қайта-қайта сарапқа салып отыру емес пе? Соның нәтижесінде кешегі қателігіңді бүгін қайталамауға тырысу емес пе?! Әрине, бұл оңай емес. Бірақ, қиын екен деп, шындыққа көзіңді жеткізбей бәрібір отыра алмайсың ғой. Тарихи зерде жылын да сол үшін өткізіп жатырған жоқпыз ба? Бұрын білмей келгендерімізді білуге, ескермей келгендерімізді ескеруге, ойланбай келгендерімізді ойлануға тиісті болғандықтан өткізіп жатырған жоқпыз ба? Өзіміз өзгеріп, өзіміз кемелденбесек, өмірді өзгертіп, өмірді кемелдендіре аламыз ба? – Тарих жылын өткізуге жұрттың бәрінің тап осылай қарай алатындығына сенесіз бе? – Тырысуымыз керек. Өзіміздің өткеніміз жайындағы шындықты мейлінше түгел білмейінше, оған керекті деректерді мейлінше толық жинақтамайынша, ұлттық тарихымызды да, жаңа тарихи санамызды да түбегейлі жетілдіре алмаймыз. Алыс тарихымызды пайымдағанда да, жақын тарихымызды пайымдағанда да, тіпті бүгінгі процестерге баға бергенде де тапшылдық идеологияның не мақтап, не даттауды ғана үзілді кесілді талап ететін қара дүрсіндігінен арылуымыз керек. Себеп пен салдарды, мүмкін нәрсе мен мүмкін емес нәрсені, обал мен сауапты ұмытпайтын байыптылық пен әділетшілдіксіз тарихи шындықты қалпына келтіру мүмкін емес. Мұндай объективизм күні кешеге дейін «буржуазияшылдық» саналып келді. Расында, бұл – гуманистік қағида. Менің жоғарыдағы өткен өмірдің қалтарыс деректерін түгендеп жинақтауда қалың көпшілік болып, қолғабыс тигізгенімізбен, оны талдау мен бағалауды кәсіби білімнің қолына беруіміз керек деген пікірім де осыдан туындап жатыр. Тек сонда ғана күллі бір дәуірдің өзегі болған ерелі процестерді зерттеу мен бағамдаудың объективті әдістемесін, қателіктерге ұрындырмас қағидаларын мұқият айқындай аламыз. Маңғыстау көтерілісі мен оның көсемдерінің іс-әрекеттеріне де тек сондай жағдайда ғана түбегейлі баға бере аламыз. Оған дейін бұл оқиғаның қыр-сырын жан-жақты ашатын нақты деректері мен куәліктерін молынан жинастыра бергеніміз жөн. – Дәл қазіргідей өтпелі кезеңде саясатпен шұғылдану оңай емес шаруа ғой. Қиналғанда, Әбеке, нені еске аласыз, неден қуат табасыз? – Баяғыда екеуміз бірге бастан кешкен бала шағымызды еске аламын. Сол кездегі қиындықтар жадыма оралғанда, қазіргі қиналып жүрген жәйттерім жеңілейіп сала береді. Екі колхоздың ортасында қақ маңдайдан қадалған қара суыққа беттей алмай, тобықтан келетін суық қарды жалаң аяқ баса алмай, дірдек қағып мектепке бара жататынымыз есіңде ме? Соған қарамастан, өршеленіп, ілгері тырмыса беруші едік қой. Сонда өлермендікке салып, өршелене алға ұмтылатын тезім мен қайсарлық таба алмасақ, бұл күндерге жете алар ма едік, жете алмас па едік. Сонда табылған шыдам қазір неге табылмайды? Сонда алға бастырған қайсарлық қазір неге алға бастырмайды? Сонда біз біреуді жазғырып па едік? Тағдырдың ісі деп, өзімізді өзіміз қайрамап па едік. Қазір неге өйтпейміз? Кісі боп кету сонша қиын болғанда, ел боп кету қайдан оңай болады? Ол үшін де тезім мен жігер керек. Сонда ғана көшіміз дәйім көлікті болмақ. Біз бен сіздің дәтке қуатымыз – дәл осындай шешуші кезеңде өмір сүріп жатқандығымыз. Талай ғасыр сарыла тосып, сағынып көрген сәби тәуелсіздікті тәй-тәй басқызып келе жатқан тарихи буынның легінде келе жатқандығымыз. Әкеміздің өлгенін тумай жатып көрген біз ешқашан арманнан айырылып көрген емеспіз. Ол мінезден егдергенде де айнымайтын шығармыз. – Әбеке, аман жүр! – Өзің де солай бол. Баршамыз да аман болайық. Әңгімелескен Ізбасар ШЫРТАНОВ. «Маңғыстау» газеті, мамыр, 1998 жыл.  
08.12.2012 05:44 3125

—     Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа астана жайлы ұсынысы алғаш талқыланған көзде парламентшілер тарапынан талай күйдіргі сөз естуіңізге тура келді. Сол күдік-күмәннің теріске шыққанына ерекше қуанышты шығарсыз.

—     Иә, әрбір жаңа іс, әсіресе, әрбір батыл шешім бірден қолдау таба бермейді. Ол жолы да әр қилы әңгіме айтылғаны рас. Бірақ, көз қорқақ, қол батыр емес пе? Жаңа астанаға межелі көзде көшіп келдік. Құрылыс қызу жүріп жатыр. Тұсаукесер тойға келген қауым Сары Арқа төсіне көп ұзамай нағыз осы заманғы шаһар орнайтынына, оның ірі саяси, мәдени, іскерлік орталыққа айналатынына көздері әбден жететініне кәміл сенімдіміз.

—     Ақмоланың тұсаукесер тойы – биылғы халық бірлігі және ұлттық тарих жылының да түсаукесері болмақшы ғой.

—     Дұрыс айтасыз, Жаңа астана ұлттық тарихымыздың жаңа бетбұрыс кезеңінің тұсауын кеспекші. Ондай бетбұрыстың идеологиясы – «Қазақстан – 2030» Стратегиясы. Ол қай өлкеде қалай жүзеге асып жатыр? Бүкіл елімізде қалай жүзеге аспақшы? Тұсаукесер тойға әзірлік кезеңінде де, биылғы тарих жылының өне бойында да – бұл мәселе басты назарда тұруға тиісті. Қазір Ақмолада әр облыстардың күндері өте бастады. Онда аймақтарымыздағы нақты істердің нәтижелері, экономикадағы, өнердегі жаңа жетістіктер көрсетіліп жатыр. Әр өлкенің таяу жылдардағы және арғы болашақтағы ұстанып отырған мақсаттары баяндалып жатыр. Маңғыстаулықтар да өз күндерін үлкен табыспен еткізеді деп күтілуде. Тарих жылын өткізуде де жерлестеріміз намысты қолдан бермейді деп есептейміз. Өлкедегі бай тарихи-мәдени қазынаны жинауда, зерттеуде, насихаттауда бұған дейін де қомақты шаруалар атқарылып келеді. Енді оны жетілдіре, тереңдете түсуге тиістіміз.

– Тарих жылын өткізудегі басты мақсат не деп санайсыз?

—     Ол – бүгінгі иемденіп отырған аумақтық тұтастығымызды нығайтып, қоғамдағы ауыз бірлігімізді күшейтіп, тәуелсіздігімізді одан әрі орнықтыра түсуге, демократия мен реформаны өрге бастыруға ауадай қажет жаңа жасампаз тарихи сана қалыптастыру.

—     Ол қалай жүзеге асады деп ойлайсыз?

—     Ұлан-байтақ қазақ жерін иемденіп, басқыншылардан қорғап қалу жолындағы ерен шайқастардың жай-жапсарын неғұрлым жетік білсек, аумақтық тұтастығымызды сақтай білудің қаншалықты маңызды екенін соғұрлым терең түсінеміз.

Халқымыздың ақ және қызыл отаршылдыққа қатысты күресінің жай-жапсарын неғұрлым жан-жақты байыптай алсақ, бүгінгі тәуелсіздігіміздің тарихи заңдылығы мен болашақ тағдырымыз үшін қаншалықты құндылығыңа соғұрлым көзіміз жете түседі.

Тоталитаризмнен көрген зардаптарымыздың арғы астарына неғұрлым жіті үңіле алсақ, демократияның адам үшін, ұлт үшін, қоғам үшін қаншалықты қадір-қасиеті барлығына қаныға аламыз.

Еліміздің өткен жолына осындай үш түрлі қырынан көз салсақ, біздің халқымыздың көкейтесті мүдделеріне жетуі үшін дербес саяси кеңістік керек екендігін, ол тек тәуелсіздік арқылы қамтамасыз етілетіндігін, ондай тәуелсіздікке тоталитаризм емес, тек демократия ғана жеткізе алатынын, ал демократия кез-келген саяси бостандықтың кепілі болып есептелетін экономикалық бостандық бар жерде ғана жүзеге асатынын, ол нарықтық қатынастарға көшуді талап ететінін ұғына аламыз.

Тәуелсіздікті, демократияны, реформаны тереңдетудің биылғыдай бетбұрыс жылының халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы боп жариялануының негізгі себебі де, міне, осында.

– Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз ертең жоқ деген қағида тағы да өз құдіретін көрсетіп отыр дейсіз ғой.

—     Иә, өткенді білмей, бүгінге түсіне алмайсыз. Бүгінге мықтап түсінбейінше, ертеңгі мақсаттарды дұрыстап бағамдай алмайсыз.

—     Бұл үшін не істі басуымызға пайдалы жаңа тарихи сана қалыптастыра аламыз.

– Тарихқа деген жаппай әуестікке қалай қарайсыз?

– Өз тарихыңа деген жаппай енжарлық – күйінішті, жаппай елгезектік – сүйінішті құбылыс. Бірақ игі ниеттің өзі де үлкен жауапкершіліктің арқасында дегеніне жете алады. Әйтпесе, мұндай нәзік іске қарадүрсін кіріссек, «тәп-тәуір ән еді, пұшық шіркін қор қылды-ау» дегеннің кебін киеміз. Сондықтан өткеннен қалған деректерді, мұрағаттарды, рухани материалдық жәдігерліктерді жинау, сақтау, қорғауды жаппай күш біріктіретін бұқаралық іс, ал оларды зерттеп, бағалап, тиісті қорытындылар шығаруды қажетті дайындығы мен тәжірибесі бар мамандардың кәсіби шаруасы деп санауымыз керек.

Бұл істе де ақылға сыйымды еңбек бөлісу арқылы ойдағыдай нәтижеге жете аламыз.

Үстіміздегі жылды ұлттық тарих жылы деп жариялағанда да, осындай мақсат көзделіп отыр. Жаңа тарихи сана қалыптастыруға, ұлттық тарихымызды қайта сараптап, болашағымызды қайта пайымдауға қажетті деректер мен мұраларды төкпей-шашпай жинақтап алуға күллі халық боп қолғабыс жасаған жөн. Сол арқылы ұлттық тарих ғылымының әдістемелік тұрғыда да, деректемелік тұрғыда да жемісті дамуына жағдай жасаған дұрыс. Өйткені, біздің өткеніміздің көп дерегі қағазға түспеген. Түскендері қазір басқа елдердің мұрағат қорларында қалып отыр. Тоталитаристік үрдіс тұсында көп құнды деректер айтылмай, қалтарыс қалды. Соны білуі ықтимал ұрпақтың бар көзін қапы жібермей, халық зердесінде қалған деректерді уақытылы жинақтап алу керек боп тұр.

– Бұндай мүмкіндік бар-бар көзде тиімді пайдаланылын жүр деп ойлайсыз ба?

– Бұл істе ақаулар мен ағаттықтар бар. Бәрінен жаманы – тарихты тәлім деп түсінбей, мақтан деп түсіну де бой көрсетіп қалады. Тарихи тұлғаларды біржолата не ақ тақтаға, не қара тақтаға жазып қоюға тырысушылық та сондай түсініктен өрбиді. Біз тарихи шындықты біржақты емес, жан-жақты білуге ұмтылуымыз керек. Өйткені, біз өткенді сол қалпында қайталау үшін емес, одан дұрыс қорытынды шығара білу үшін зерттейміз.

—     Сіз – тарихи романдар авторысыз. Сіздің кейіпкерлеріңіз – Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Әбілхайыр, Абылайлар ұнамды кейіпкерлер ме? Ұнамсыз кейіпкерлер ме?

—     Екеуі де емес. Тарихи кейіпкерлер. Олардың өз тұсында да, қазір де біреулерге ұнауы мүмкін. Біреулерге ұнамауы мүмкін. Тарихи тұлғалар да кәдуілгі пенделер арасынан шыққан. Кез-келген кәдуілгі пенденің біреулерге ұнап, біреулерге ұнамайтындығы сияқты, оларға да әркім әртүрлі қарайды. Бірақ, олардың өмірі өз тұсының шындығын қалғандардан гөрі көбірек қамтып, тереңірек ашады. Шын әдебиетте ұнамды, ұнамсыз кейіпкер деген болмайды. Өз дәуірі шындығын немесе адамдық болмыс шындығын бір қырынан ашатын типтік немесе көп қырынан ашатын күрделі кейіпкерлер болады. Мен соның соңғысына көбірек іш бұрамын. Сондай күрделі тұлғалары мол кезең қоғамдық болмыстың қыр-сырын кеңірек, тереңірек түсінуге жағдай жасайды.

—     Өмірде жұрттың бәріне ұнайтын адам бола ма?

—     Болмайтын шығар...

—     Тарихта ше?

—     Онда да солай ғой. Көбіне-көп елден ерек ерлік көрсеткен немесе елден ерек іс тындырған, тіпті елден ерек қателік жіберген тұлғалар тарих назарын көбірек аударады.

—     Неге олай?

– Өйткені, біздер, адамдар, тек ерекшелер мен ересендерге ғана назар аударамыз. Тұсында замандастары сондай назар аударған тұлғалар көп уақыт тарихта да сондай баға иемденеді.

– Ол баға өзгеруі мүмкін бе?

– Әбден мүмкін. Дамудың өз жүйесі, өз заңдылығы бар. Ол кейде түбегейлі бетбұрыс жасайды. Ондай тұста құндылықтар жүйесі де түбегейлі өзгереді. Ал ол, өз кезегінде, тарихи бағаларды да өзгертеді.

—     Қазіргі кезеңді соған жатқызуға бола ма?

—     Болғанда қандай. Тоталитаризм демократиямен, отаршылдық тәуелсіздікпен алмасты. Бірақ, одан кешегі ақтың бәрі қара, қараның бәрі ақ боп шығады деп ойлауға болмайды. Өйткені, езгі кезінде де еркіндікті, қиянат көзінде де әділдікті көксегендер бар. Олардың кез келгені жаңа тарихымыздан өз орнын тауып, жаңа тарихи санамызға өз нұрын түсірері даусыз.

– Сондай тұлғалардың бірі – Сәттіғұл ақын жырлаған Досан батыр ғой. Биыл сол Досан батырдың тойы өтпекші...

– Игілікті іс. Тәуелсіздік тарихында ең құрметті орын иемденуге лайықты есім. Ол бастаған көтеріліс тек бір өлкенің ғана емес, күллі ұлтымыздың тағдырында өшпес із қалдырды. Ол көтеріліс – патша өкіметінің бір жарым ғасыр әзірленген Каспийден арғы аймақтарды жаулап алудың кең қарымды жорығына ең бірінші боп қарсылық көрсетті. Тек Қазақстанның ғана емес, іргедегі Хиуаның, күллі Орта Азияның отарлануына бөгесін болғысы келді. Қазақ даласындағы барлық көтерілістің ішінде бұл көтерілісті басып-жаншуға патшалы Ресей ерекше көп күш салды. Күллі Кавказдан, Еділ бойынан әкеліп әскерлер төкті. Қуатты империяны соншама дүрліктірген бұл оқиға мен оның орталық тұлғалары, әрине, жаңа тарихи санамызда айрықша мазмұнға ие болмақ.

—     Бізде бұл көтерілістегі оқиғалар мен нақты тұлғаларды бағалауда кереғар пікірлер кездесіп қалады. Кей ретте сіздің «Маңғыстау» энциклопедиясындағы Иса Тіленбаевқа берген бағаңызға дау айтушылар бар. «Ұйқыдағы арудың оянуында» атақты бидің көтеріліс соңындағы қылықтарын «жалтақтық» деп бағаласаңыз, аталмыш энциклопедияда «екіжүзділік» деп бағалапсыз.

—     Бүгінгі таңда бұл тым үзілді-кесілді пікір деп білем. Бұдан жиырма жылдай бұрын жазылған еңбегімде сол кездегі ресми бағаға мен де қосылғам. Кейін ол энциклопедиялық шолуға айналғанда қолжазбаны баспаға өзім қарап беруге қолым тимегендіктен тиісті өзгерту енгізілмепті. Ал екі ортада талай уақыт өтті. Талай нәрсеге көзқарас өзгерді. Тек бұл көтеріліс емес, сол тұстағы басқа көтерілістер жайында да бұрын білмей келген көп нәрсені біле бастадық. Осы тұрғыдан келгенде, халық тағдырында із қалдырған айтулы оқиғаларды мейлінше жан-жақты қарастырып, тарихи тұлғаларға баға бергенде біржақты дәріптеушілікке де, біржақты даттауға да ұрынбаған жөн екен. Өйткені, тарих тізгіні де, тағдыр тізгіні де ешкімнің өз қолында емес екен. Кейде жақсы пиғылдың өзі де жақсы нәтижеге жеткізе бермейді екен. Ол, көбіне-көп, адамның тек өзіне ғана емес, қалған тарихи алғышарттардың қалай орайласуына байланысты болады екен. Сондықтан да, Абай адамды істі қалай аяқтағанына емес, қалай бастағанына қарап бағалау керек деген екен. Егер дегеніне жете алмаса, оның сырын тек өзінен ғана емес, заманынан да іздеу керек екен. Иса Тіленбаев та – тап осы тұрғыдан келіп бағаланатын тұлға. Бұл көзқарасымды «Маңғыстау» қолжазбасын баспаға әзірлеп жатқан топқа айтқанмын. Ол 351-беттегі «Тіленбаев Иса» деген мақалада ескеріліпті де, жалпы шолуда ескерілмепті.

Мәселенің түп мәніне келер болсақ, Иса Тіленбаевтың 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі болғаны, көтерілісті ішкі Ресейден әскерлер келіп жанши бастаған соң, сол жылдың аяғына қарай, қалған үзеңгілестерімен бірге ереуілші ауылдарды ертіп, Хиуа аумағына уақытша жылыстағаны, қарсылықты сол жақта жатып жалғастырғаны рас. Бұл 1977 жылғы шыққан М.Тұрсынованың «Казахи Мангышлака во второй половине XIX века» деген кітабында нақты тарихи деректермен дәлелденген. 1979 жылғы «Қазақ ССР тарихының» үшінші томында да солай көрсетілген. Бұл ақиқатты мен де жоққа шығарған емеспін. Бірақ, Ресей Хиуаны да басып алған соң, шалғайда жатып шайқасу да мүмкін болмай қалған көтерілісші ауылдар басқа барар жер, басар таулары қалмаған соң, 1873 жылы патша әскерінің қол астында қалған Маңғыстауға қайта оралып, әскер басшысы Ломакиннің алдына барып, амалсыз мойын ұсынуға мәжбүр болды. Патша өкіметі де ол мәмілеге қарсылық білдірмеді. Өйткені, өлке тұрғындарынан бұл көтеріліске араласпаған бір де бір шаңырақ жоқ еді. Тұтас елді түгел қырып тастау мүмкін емес еді. Сондықтан ақырына дейін беріспеген азғантай ереуіл басшыларынан басқаға кешірім берілді: 1874 жылы Иса да кешірім алып, қайтадан болыс болып тағайындалды. Бұл жәйінде жарық көрген тарихи еңбектердің бәрінде де нақты көрсетілген. Оны түбегейлі жоққа шығаратын құжат әзір ешкімнің де қолында жоқ. Менің де қолымда жоқ. Бірақ, бұдан Иса Тіленбаев көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі болмапты деген қорытынды шықпаса керек. Оның үстіне бұндай көпті сол тұстағы отаршылдыққа қарсы күрес көсемдерінің көбі киіпті. Олардың арасында отаршылдардың өз қолдарынан қаза тапқандары тек Исатай Тайманов пен Досан Тәжиев қана. Махамбет Өтемісов пен Жанқожа Нұрмұхамбетов өкімет жұмсаған ауыл арасы жандайшаптарының қолынан мерт тауыпты. Сырым Датов, Кенесары мен Наурызбай Қасымовтар ел ауып, жер ауып кеткен жерлерінде отаршылдық құрығынан құтыла алмай, құрбан болыпты. Ал бастарын тауға да ұрған, тасқа да ұрған Есет Көтібаровты. Тайшық, Ахмет, Садық Кенесариндерді, Иса Тіленбаевты құтыларға жер қалдырмай, өздері көп мойын ұсынуға мәжбүр етіпті. Бұл патша отаршылдығының ендігәрі мұндай көтерілістен әбден күдер үздіру үшін жасалған әккі саясаты еді. Соған қарап, әлгі топтағыларды «жалтақ» не «екіжүзді» деп, халыққа жаны ашымаған кісілер қылып шығару тарихи әділеттілікке сыймас еді. Отарлауға қарсыласушылардың соңғы тосқынын бастағандардың бұлай етпеске шаралары да қалмады. Бұрынғыдай қаша ұрыс салатын жер қалмады. Қазақстан мен Орталық Азия түгел жаулап алынды. Қытай, ауған, парсы шекараларын орыс әскерлері күзетке алды. Өлкенің барлық елді мекендері әскери бекіністерге айналды. Бұдан арғы қарсылық халықты босқа қырғызу болатын болды. Халық қамын ойламаса, олар әлгіндей жандарын отқа салар ма еді. Тарихи әділеттілікке келсек, халық қамын жегендерді жасай алмағандарына қарап жазғыру обал, ал жасағандарын елемеу не бағаламау – қиянат.

Әлгіндей амалсыздық – қиянатшыл көппен ашық айқасқа түскен жаужүректердің талайының тартпай қалмаған тақсіреті. Шамасынан асар шайқасқа түскен талай шандоздың алдынан қазылған аран ор. Тек қазақ даласында ғана емес, Қап тауындағы Шәміл мен Хажы Мұраттар да тап осындай сергелдеңдерді бастан кешкен. Арман жолында алысқандардың өліп кетуі ерлік болса, тірі қалуы – қасірет. Ол үшін ешкімді де жазғыруға болмайды. Егер ежелгі гректер тілімен айтсақ, туған топырақта аты ардақталып, аруағы ұлықталып, дүбірлі тойы өткелі жатырған Досан – героикалық тағдыр иесі, Иса – трагедиялық тағдыр иесі. Героика да, трагедия да өнерде де, тарихта да босағаны емес, төрді иемденеді. Кейінгі ұрпақ біреуінен өнеге, біреуінен тағылым іздейді.
– Бұндай ерелі қорытынды шығарып, өнеге мен тағылымды тани білу үшін де көп нәрсені елеп-екшей алатын рухани ізденістер керек шығар.

– Әрине. Рухани ізденіс дегеніміз – өткендегі де, бүгіндегі де, өз басыңдағы да, өзгелер басындағы да жай-жапсарды жан-жақты пайымдап, одан түйген қорытындыларыңды қайта-қайта сарапқа салып отыру емес пе?

Соның нәтижесінде кешегі қателігіңді бүгін қайталамауға тырысу емес пе?! Әрине, бұл оңай емес. Бірақ, қиын екен деп, шындыққа көзіңді жеткізбей бәрібір отыра алмайсың ғой. Тарихи зерде жылын да сол үшін өткізіп жатырған жоқпыз ба? Бұрын білмей келгендерімізді білуге, ескермей келгендерімізді ескеруге, ойланбай келгендерімізді ойлануға тиісті болғандықтан өткізіп жатырған жоқпыз ба? Өзіміз өзгеріп, өзіміз кемелденбесек, өмірді өзгертіп, өмірді кемелдендіре аламыз ба?

– Тарих жылын өткізуге жұрттың бәрінің тап осылай қарай алатындығына сенесіз бе?

– Тырысуымыз керек. Өзіміздің өткеніміз жайындағы шындықты мейлінше түгел білмейінше, оған керекті деректерді мейлінше толық жинақтамайынша, ұлттық тарихымызды да, жаңа тарихи санамызды да түбегейлі жетілдіре алмаймыз. Алыс тарихымызды пайымдағанда да, жақын тарихымызды пайымдағанда да, тіпті бүгінгі процестерге баға бергенде де тапшылдық идеологияның не мақтап, не даттауды ғана үзілді кесілді талап ететін қара дүрсіндігінен арылуымыз керек. Себеп пен салдарды, мүмкін нәрсе мен мүмкін емес нәрсені, обал мен сауапты ұмытпайтын байыптылық пен әділетшілдіксіз тарихи шындықты қалпына келтіру мүмкін емес. Мұндай объективизм күні кешеге дейін «буржуазияшылдық» саналып келді. Расында, бұл – гуманистік қағида.

Менің жоғарыдағы өткен өмірдің қалтарыс деректерін түгендеп жинақтауда қалың көпшілік болып, қолғабыс тигізгенімізбен, оны талдау мен бағалауды кәсіби білімнің қолына беруіміз керек деген пікірім де осыдан туындап жатыр.

Тек сонда ғана күллі бір дәуірдің өзегі болған ерелі процестерді зерттеу мен бағамдаудың объективті әдістемесін, қателіктерге ұрындырмас қағидаларын мұқият айқындай аламыз.

Маңғыстау көтерілісі мен оның көсемдерінің іс-әрекеттеріне де тек сондай жағдайда ғана түбегейлі баға бере аламыз. Оған дейін бұл оқиғаның қыр-сырын жан-жақты ашатын нақты деректері мен куәліктерін молынан жинастыра бергеніміз жөн.

– Дәл қазіргідей өтпелі кезеңде саясатпен шұғылдану оңай емес шаруа ғой. Қиналғанда, Әбеке, нені еске аласыз, неден қуат табасыз?

– Баяғыда екеуміз бірге бастан кешкен бала шағымызды еске аламын. Сол кездегі қиындықтар жадыма оралғанда, қазіргі қиналып жүрген жәйттерім жеңілейіп сала береді. Екі колхоздың ортасында қақ маңдайдан қадалған қара суыққа беттей алмай, тобықтан келетін суық қарды жалаң аяқ баса алмай, дірдек қағып мектепке бара жататынымыз есіңде ме? Соған қарамастан, өршеленіп, ілгері тырмыса беруші едік қой. Сонда өлермендікке салып, өршелене алға ұмтылатын тезім мен қайсарлық таба алмасақ, бұл күндерге жете алар ма едік, жете алмас па едік. Сонда табылған шыдам қазір неге табылмайды? Сонда алға бастырған қайсарлық қазір неге алға бастырмайды? Сонда біз біреуді жазғырып па едік? Тағдырдың ісі деп, өзімізді өзіміз қайрамап па едік. Қазір неге өйтпейміз? Кісі боп кету сонша қиын болғанда, ел боп кету қайдан оңай болады? Ол үшін де тезім мен жігер керек. Сонда ғана көшіміз дәйім көлікті болмақ. Біз бен сіздің дәтке қуатымыз – дәл осындай шешуші кезеңде өмір сүріп жатқандығымыз. Талай ғасыр сарыла тосып, сағынып көрген сәби тәуелсіздікті тәй-тәй басқызып келе жатқан тарихи буынның легінде келе жатқандығымыз. Әкеміздің өлгенін тумай жатып көрген біз ешқашан арманнан айырылып көрген емеспіз. Ол мінезден егдергенде де айнымайтын шығармыз.

– Әбеке, аман жүр!

– Өзің де солай бол. Баршамыз да аман болайық.

Әңгімелескен Ізбасар ШЫРТАНОВ.
«Маңғыстау» газеті, мамыр, 1998 жыл.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға