Жаңалықтар

Тұлпардың тұяғы

Тұлпардың тұяғы Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің. Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды. Бүл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бүл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың. Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты... Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың. Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді. Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық? Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден, Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді. Таланттар — раушан гүлі сияқты: жан-жағына жұпар шашады, көңіл ашады. Тікені — азабы өзіне. Талантсыздар шошқатікен сияқты. Гүлдемейді. Азабы — өзгеге Жамандық солардан. Бес күн қонақ өмірде жарқылдап өткендердің бірі — Тахауи Ахтанов еді. Оның да азабы аз болмаған. Бірақ жаймашуақ жаралған. Әдебиет әлемінің; табалдырығын аттар - аттамас Мұхтар Әуезовтей алыптың оң назарына іліккен жігіт жаман болмас. Кейде түсіме кіреді. Жазушылар одағының ғұмырындағы бір жылымық кезең еді. «Горный Гигантта» жазушыларға арналып шығармашылық үй салынды. Кереметтей емес. Бірақ сонда Ғабит Мүсірепов жатып, «Ұлпанды», «Жат қолыңдағы» жазды. Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесіңді» жазды. Мен «Қызыл жебенің» соңғы кітабы «Тамұқты» жаздым. Алмай - бермей, Тахаң мені іштартты. Інісіндей сырласты. Мен оның 60 жылдық мерейтойына арнап «Айға шағылған найза» деген эссе жаздым. Әңгіме құмар кісі еді жарықтық. «Ант» атты атақты пьесасын жазғанда тарихты қалай қопарғанын айтады. Жалаң тарих көркем пьеса болмайды ғой. Тарихқа жан бітіру керек. Бүл дүниеде әлдеқашан өтіп кеткен адамдарды қабірлерінен «қайта қазып алып», оларды тірілту керек. Оларды бір кездегідей жүргізіп, тұрғызып, сөйлету керек. Күлдіру керек, жылату керек. Олардың тірі екеніне, Әбілқайырдың — Әбілқайыр екеніне, Фатиманың—Фатима екеніне көрермен, оқырман шынынан сену керек. Олардың бұл жалғаннан баяғыда-ақ өтіп кеткенін көрермен де, оқырман да мүлде ұмытуы керек. Театр залында көрермен өзің сол XVIII ғасырда жүргендей сезінуі керек.ө Ал бұл қойторының қолынан келмейді. Бүл хас таланттың ғана қолынан келеді. — Әбілқайыр — трагическое лицо, — дейді Тахаң. — Ақылды, нағыз қолбасшы. Бірақ заман — трагедия. Тағдыр оны орыс патша қатынға тәуелді етті. Ал Әбілқайыр ханның баласы — Нұралы, міне, бұл дундук, — дейді Тахаң. — Дундуктың қайдан шыққанын білесің бе? — Жоқ, — деймін мен, — әйтеуір орыстар дундук деп жатады ғой. — Ол қызық, — дейді Тахаң қыза түсіп. Қасы кейде керіліп, кейде екі қастың арасы жиырылып кетеді. — Ол былай. Анау Еділдің ар жағындағы қалмақ бар ғой. Сол қалмақтың Аюке деген ханы болған. Кәдімгі қиссалардағы Аюке ше? — Иә. — О, Аюке — коварный. Біресе орыстармен дос болады. Біресе башқұрттарға жактасады. Енді бірде башқұрттарды орыстармен бірге шабады. Қырым хандығымен де дос болады, тіпті Осман - түрік сұлтандарымен де септеседі. Сол Аюке өлгеннен кейін оның ұрпақтарының бірі — Дундук таққа отырып, Еділ қалмақтарын Түркияның қол астына қаратпақ болады. Ондайды орыстар оңдыра ма? Содан кейін орыстар есалаң шатыстың бәрін «дундук» деп атап кеткен. Тахаң сигарет тұтатады. Оймақтай рөмкелерді қағыстырып, аздап-аздап коньяк ұрттап қоямыз. — Нұралы хан, оның туысы Айшуақ сұлтан орыстардың шен - шекпеніне, сыйлықтарына мәз болып естектерге кеп обал жасады. — Естек кім? — Біздің жақта башқұрттарды естек дейді. Башқұрттарда Қарасақал, Батырша деген көсемдер болған. Орыс патшасына қарсы көтерілістің көсемдері. — Салауат, — деп қаламын мен де бір нәрсе білгендей болып. — Ол кейін, — дейді Тахаң сөзді бөлме дегендей тыжырынып. — Патша аясын ба, естектерді қырып жіберді. Естектер бас сауғалап казак даласына қашпай ма? Орыстың айдап салуымен Нұралы хан, Айшуақ сұлтан босқын башқұрттарды әбден азаптады... Әңгіме «Анттың» қалай жазылуынан басталып, аяғы Аюке, Айшуақтарға жалғасып кеткенін байқамай да қалыппыз. — Апыр - ой, Таха, мұның бәрін мына университет бітірген біз білмейміз, тіпті оныншыны да бітірмеген сіз қайдан білесіз?  деймін мен. (Мүмкін коньяктың әсері шығар. Кейін ойласам қолапайсыз сұрақ). — Е, сендер университетте Маркстің «Капиталын», Лениннің •Эмприокритицизмін» оқыдыңдар. Ал мен өзімше өзіме керегін оқыдым. — Тахаң риясыз аңқылдап күліп алды. — Мені қойшы, менікі біршама ғой. Ал ана Ғабиден Мұстафин ағаң ше? Үш-ақ сыныптық білімімен классик болып отыр ғой. Сен өзін. жылдар бойы жазып жүрген Тұрар Рысқұлов небары орман-тоғай техникумын бітірген. Мемлекет басқарды. Немесе, өзіміздің Баукенді ал. Рас, кейін ол военный академияда оқыды. Және военный академияда генералдарды оқытты. Содан әңгіме енді Баукеңе қарай ауысты. Оның таяуда өткен жетпіс жылдық тойы еске алынды. Жиырма сегіз гвардияшы - панфиловшылар паркінде Ұлы Отан соғысының отыз жылдығына арнайы мемориал ашылғандағы салтанатта Баукеңнің «қылығын» мәз болып әңгімелейміз. — Өзің де көрдің ғой, — деп Тахаң мені шынтағымен түртіп қояды. — Шыжандай халық. Қонаев бастаған бюро мүшелері төрде тізіліп тұр. Әскери парад өтпекші. Жай халық о жаққа жолай алмай анталап түр. Алдында қабат - қабат әскери қарауыл. Бір кезде сол қамалды бұзып, біреу алға шықты. Баукең! Басындағы дөңгелек қазақы бөркі, қолында таяғы. Тура бюро төрелеріне қарай тартты - ау сабаз! Ту сыртынан келіп, Қонаев пен Ниязбековтің аяқтарының арасына таяғын сұғып тұрып, ары-бері ырғап - ырғап жіберіп еді, ана екеуі шошып қалып, аралары ажырап қалды. Сол екі араға Бауыржан өзі қасқайып тұра қалды да, он. қолын шекесіне апарып, честь беріп, парадты өзі қабылдады ғой, қайран ағам! Тахаң көзі жасаурап кеткендей болды. — Сөйтсе, — деді Тахаң сәл тыныстан кейін, — сорлылар Баукенді әлгі салтанатқа шақыруды да ұмытып кетіпті. Әлде әдейі... Жеңістің отыз жылдығы, Панфилов... Оу, мұндай да жетесіздік болады екен-ау! Әйтпесе Бауыржан әдепсіз емес еді ғой. Өз орынын біледі. Сыйлап шақырса, тұрар еді ғой басқа бір жерде - ақ. Әй, айызымның қанғаны - ай сонда. Сирақтарының арасына асатаяғын сұғып жіберіп... Тахаң шығармашылық үйді басына көтере қарқылдап,жарқылдап бір күлді дейсің. Сол найзағайлы шақ менің есімнен кетпейді - ақ. Баукеңе жағымпаздар, екі жүзділер, мақтаншақтар ұнай бермейді. Ал Тахауи десе: — О, ол батырларың Көтібар көкеңнің тұқымы ғой. Ұқсайды бабасына, — деп қоятын. Шынында да аты қиын бабамыздың батырлығы, адалдығы, аңғалдығы, турашылдығы Тахаңның тұла бойында тұнып тұрғандай еді. Тағы да Баукең: — Осы күні: «Менің бабам батыр болған. Менің бабам пәлен болған, түген болған» дейтін дуайпаттар көбейді. Жарайды, болса — болған шығар. Ал сол ұлының ұрпағы бабасының тырнағына тати ма? Енді оның келер ұрпағы онымен мақтана ала ма? Соны неге ойламайды?! — деп қаһарланады, — ал ұрпақтары ұялмай, Тахауимен мақтануына болады. Бауыржан Момышұлы дүниеден қайтқанда Тахауи қабір басында жан дүниесін актара хас шешендігі еселей ашылып: — Бауыржан Момышұлы — мына ноқталы дүниеде ноқтаға басы сыймай кеткен адам! — деді. Тахауи өзі де сондай еді-ау. Қайтыс боларынан біраз бұрын көңілін сұрап үйіне бардым. — Мына жүрекке жәрдем беретін стимулятор Германияда бар екен. Әттең, жете алмаймын. Қаржы керек. Терещенкоға хат жаздым. Жауап жоқ, — деді. Дәл осы тұста Терещенко үкіметі Қазақстан қазынасын талапайға салуды бастап жатқан шақ. Қазақ әдебиетінің бір бәйтерегі құлайын деп тұрғанда соған тіреу болуға жарамаған сондай үкімет кімге опа береді?! Келді — кетті. Тура келген ажалға амал жоқ. Ал көпе - көрінеу көмекпен сол ажалды тежей тұруға болатын сәтте қол ұшын бермеу — тасқұдайлық. Тірі болса Тахауи Ахтан бүгін 75-ке толатын еді. Бетеге кетіп, бел қалар, Бектер кетіп, ел қалар. Ел аман болса, Тахауи естен кетпес.  
08.12.2012 05:37 5388

Тұлпардың тұяғы

Емханада, палатада жалғыз езің жатқанда басында неше алуан ойлар келеді. Ұйықтасаң — әр түрлі түс кересің.

Таң, алдында осы Орталық емханада Нұрғиса көз жұмды.

Бүл түс емес. Кез көргендер, көңілдес, дос пейіл азаматтар дүниеден өткен сайын, әсіресе емханада, палатада жалғыз жатқанда өзіңнің де бүл фәниге небәрі бес күн қонақ екеніңді ойлайсың.

Алдымда — түрлі газеттер, теледидар сайрап тұр. Газеттерді ашып қалсаң да, теледидарды басып қалсаң да — қым-қуыт қиыншылық. Әсіресе КТК құтыртады. Бір жерде газ жарылып, үй өртеніп кетіпті, бір жерде — біреуді - біреу өлтіріп кетіпті. Қажыгелдинге «қастандық» жасалыпты. Ұрылар үйді тонап кетіпті. Әйелдерді былай қойғанда, еркектер де тәнін сататын болыпты...

Сұмдықтардан сүрініп, аяқ алып жүре алмайсың.

Жылт еткен жақсылық хабар бар ма? Үлкен қаланың түнгі аспанындағы жұлдыздардай жыламсырап әрең - мәрең көрінеді.

Сонда бұл дүние — өзің бес-ақ күн қонақ болсаң — несі қызық?

Қызық ету, сірә, сирек адамдардың ғана қолынан келетін болар, Мысалы, мына Нұрғиса сияқты жарқылдап өтсең дүниеден,

Бірақ ол қиыншылық көрмеп пе? Тағдыр қиыншылығының көкесін керген шығар. Оған мойымаған. Қайғысыз, мұңсыз адамнан анадай сұрапыл да сұлу күйлер, әуендер төгілер ме еді.

Таланттар — раушан гүлі сияқты: жан-жағына жұпар шашады, көңіл ашады. Тікені — азабы өзіне.

Талантсыздар шошқатікен сияқты. Гүлдемейді. Азабы — өзгеге Жамандық солардан.

Бес күн қонақ өмірде жарқылдап өткендердің бірі — Тахауи Ахтанов еді. Оның да азабы аз болмаған. Бірақ жаймашуақ жаралған.

Әдебиет әлемінің; табалдырығын аттар - аттамас Мұхтар Әуезовтей алыптың оң назарына іліккен жігіт жаман болмас.

Кейде түсіме кіреді. Жазушылар одағының ғұмырындағы бір жылымық кезең еді. «Горный Гигантта» жазушыларға арналып шығармашылық үй салынды. Кереметтей емес. Бірақ сонда Ғабит Мүсірепов жатып, «Ұлпанды», «Жат қолыңдағы» жазды.

Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесіңді» жазды. Мен «Қызыл жебенің» соңғы кітабы «Тамұқты» жаздым.

Алмай - бермей, Тахаң мені іштартты. Інісіндей сырласты. Мен оның 60 жылдық мерейтойына арнап «Айға шағылған найза» деген эссе жаздым.

Әңгіме құмар кісі еді жарықтық. «Ант» атты атақты пьесасын жазғанда тарихты қалай қопарғанын айтады.

Жалаң тарих көркем пьеса болмайды ғой. Тарихқа жан бітіру керек. Бүл дүниеде әлдеқашан өтіп кеткен адамдарды қабірлерінен «қайта қазып алып», оларды тірілту керек. Оларды бір кездегідей жүргізіп, тұрғызып, сөйлету керек. Күлдіру керек, жылату керек.

Олардың тірі екеніне, Әбілқайырдың — Әбілқайыр екеніне, Фатиманың—Фатима екеніне көрермен, оқырман шынынан сену керек.

Олардың бұл жалғаннан баяғыда-ақ өтіп кеткенін көрермен де, оқырман да мүлде ұмытуы керек. Театр залында көрермен өзің сол XVIII ғасырда жүргендей сезінуі керек.ө

Ал бұл қойторының қолынан келмейді. Бүл хас таланттың ғана қолынан келеді.

— Әбілқайыр — трагическое лицо, — дейді Тахаң. — Ақылды, нағыз қолбасшы. Бірақ заман — трагедия. Тағдыр оны орыс патша қатынға тәуелді етті. Ал Әбілқайыр ханның баласы — Нұралы, міне, бұл дундук, — дейді Тахаң. — Дундуктың қайдан шыққанын білесің бе?

— Жоқ, — деймін мен, — әйтеуір орыстар дундук деп жатады

ғой.

— Ол қызық, — дейді Тахаң қыза түсіп. Қасы кейде керіліп, кейде екі қастың арасы жиырылып кетеді. — Ол былай. Анау Еділдің ар жағындағы қалмақ бар ғой. Сол қалмақтың Аюке деген ханы болған. Кәдімгі қиссалардағы Аюке ше?

— Иә.

— О, Аюке — коварный. Біресе орыстармен дос болады. Біресе башқұрттарға жактасады. Енді бірде башқұрттарды орыстармен бірге шабады. Қырым хандығымен де дос болады, тіпті Осман - түрік сұлтандарымен де септеседі.

Сол Аюке өлгеннен кейін оның ұрпақтарының бірі — Дундук таққа отырып, Еділ қалмақтарын Түркияның қол астына қаратпақ болады. Ондайды орыстар оңдыра ма? Содан кейін орыстар есалаң шатыстың бәрін «дундук» деп атап кеткен.

Тахаң сигарет тұтатады. Оймақтай рөмкелерді қағыстырып, аздап-аздап коньяк ұрттап қоямыз.

— Нұралы хан, оның туысы Айшуақ сұлтан орыстардың шен - шекпеніне, сыйлықтарына мәз болып естектерге кеп обал жасады.

— Естек кім?

— Біздің жақта башқұрттарды естек дейді. Башқұрттарда Қарасақал, Батырша деген көсемдер болған. Орыс патшасына қарсы көтерілістің көсемдері.

— Салауат, — деп қаламын мен де бір нәрсе білгендей болып.

— Ол кейін, — дейді Тахаң сөзді бөлме дегендей тыжырынып. — Патша аясын ба, естектерді қырып жіберді. Естектер бас сауғалап казак даласына қашпай ма? Орыстың айдап салуымен Нұралы хан, Айшуақ сұлтан босқын башқұрттарды әбден азаптады...

Әңгіме «Анттың» қалай жазылуынан басталып, аяғы Аюке, Айшуақтарға жалғасып кеткенін байқамай да қалыппыз.

— Апыр - ой, Таха, мұның бәрін мына университет бітірген біз білмейміз, тіпті оныншыны да бітірмеген сіз қайдан білесіз? 

деймін мен. (Мүмкін коньяктың әсері шығар. Кейін ойласам қолапайсыз сұрақ).

— Е, сендер университетте Маркстің «Капиталын», Лениннің •Эмприокритицизмін» оқыдыңдар. Ал мен өзімше өзіме керегін оқыдым. — Тахаң риясыз аңқылдап күліп алды. — Мені қойшы, менікі біршама ғой. Ал ана Ғабиден Мұстафин ағаң ше? Үш-ақ сыныптық білімімен классик болып отыр ғой. Сен өзін. жылдар бойы жазып жүрген Тұрар Рысқұлов небары орман-тоғай техникумын бітірген. Мемлекет басқарды. Немесе, өзіміздің Баукенді ал. Рас, кейін ол военный академияда оқыды. Және военный академияда генералдарды оқытты.

Содан әңгіме енді Баукеңе қарай ауысты. Оның таяуда өткен жетпіс жылдық тойы еске алынды. Жиырма сегіз гвардияшы - панфиловшылар паркінде Ұлы Отан соғысының отыз жылдығына арнайы мемориал ашылғандағы салтанатта Баукеңнің «қылығын» мәз болып әңгімелейміз.

— Өзің де көрдің ғой, — деп Тахаң мені шынтағымен түртіп қояды. — Шыжандай халық. Қонаев бастаған бюро мүшелері төрде тізіліп тұр. Әскери парад өтпекші. Жай халық о жаққа жолай алмай анталап түр. Алдында қабат - қабат әскери қарауыл. Бір кезде сол қамалды бұзып, біреу алға шықты. Баукең! Басындағы дөңгелек қазақы бөркі, қолында таяғы. Тура бюро төрелеріне қарай тартты - ау сабаз! Ту сыртынан келіп, Қонаев пен Ниязбековтің аяқтарының арасына таяғын сұғып тұрып, ары-бері ырғап - ырғап жіберіп еді, ана екеуі шошып қалып, аралары ажырап қалды. Сол екі араға Бауыржан өзі қасқайып тұра қалды да, он. қолын шекесіне апарып, честь беріп, парадты өзі қабылдады ғой, қайран ағам!

Тахаң көзі жасаурап кеткендей болды.

— Сөйтсе, — деді Тахаң сәл тыныстан кейін, — сорлылар Баукенді әлгі салтанатқа шақыруды да ұмытып кетіпті. Әлде әдейі... Жеңістің отыз жылдығы, Панфилов... Оу, мұндай да жетесіздік болады екен-ау! Әйтпесе Бауыржан әдепсіз емес еді ғой. Өз орынын біледі. Сыйлап шақырса, тұрар еді ғой басқа бір жерде - ақ. Әй, айызымның қанғаны - ай сонда. Сирақтарының арасына асатаяғын сұғып жіберіп...

Тахаң шығармашылық үйді басына көтере қарқылдап,жарқылдап бір күлді дейсің.

Сол найзағайлы шақ менің есімнен кетпейді - ақ. Баукеңе жағымпаздар, екі жүзділер, мақтаншақтар ұнай бермейді. Ал Тахауи десе:

— О, ол батырларың Көтібар көкеңнің тұқымы ғой. Ұқсайды бабасына, — деп қоятын.

Шынында да аты қиын бабамыздың батырлығы, адалдығы, аңғалдығы, турашылдығы Тахаңның тұла бойында тұнып тұрғандай еді.

Тағы да Баукең:

— Осы күні: «Менің бабам батыр болған. Менің бабам пәлен болған, түген болған» дейтін дуайпаттар көбейді. Жарайды, болса — болған шығар. Ал сол ұлының ұрпағы бабасының тырнағына тати ма? Енді оның келер ұрпағы онымен мақтана ала ма? Соны неге ойламайды?! — деп қаһарланады, — ал ұрпақтары ұялмай, Тахауимен мақтануына болады.

Бауыржан Момышұлы дүниеден қайтқанда Тахауи қабір басында жан дүниесін актара хас шешендігі еселей ашылып:

— Бауыржан Момышұлы — мына ноқталы дүниеде ноқтаға басы сыймай кеткен адам! — деді.

Тахауи өзі де сондай еді-ау.

Қайтыс боларынан біраз бұрын көңілін сұрап үйіне бардым.

— Мына жүрекке жәрдем беретін стимулятор Германияда бар екен. Әттең, жете алмаймын. Қаржы керек. Терещенкоға хат жаздым. Жауап жоқ, — деді.

Дәл осы тұста Терещенко үкіметі Қазақстан қазынасын талапайға салуды бастап жатқан шақ.

Қазақ әдебиетінің бір бәйтерегі құлайын деп тұрғанда соған тіреу болуға жарамаған сондай үкімет кімге опа береді?! Келді — кетті.

Тура келген ажалға амал жоқ. Ал көпе - көрінеу көмекпен сол ажалды тежей тұруға болатын сәтте қол ұшын бермеу — тасқұдайлық.

Тірі болса Тахауи Ахтан бүгін 75-ке толатын еді.

Бетеге кетіп, бел қалар,

Бектер кетіп, ел қалар.

Ел аман болса, Тахауи естен кетпес.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға