Жаңалықтар

Қуаныш пен қасірет, қайғың да - тіл!

  Жансыз тілімізге өң берген құрылтай. 1989 жылдың 22 қыркүйегі бәріміздің есімізде. Бұл күннің қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше.Бұл күн бодандық билеген ой-санамыздағы үміт ұшқынының жылт еткен күні.Бұл күнді біз ғасырлар бойы күткенбіз.Осы қоңыр күздің кешінде Республикалық теледидар Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясында қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болғанын паш етті. Міне, осы күннен бастап , титтей де болса , намысқа ие өр қазақтың ой-жүйесінде сілкініс пайда болды. Әрбір саналы қазақ "тіліміз тірілді" деп мақтанды. "Енді мені, елімді, тілім мен ата салтымды, ежелгі тарихымды орыс та, орман да мойындайды", — деп шаттанды олар. Осы қуаныштың ерекше жалғасы іспетті 1989 жылдың 20 қазанында Алматы қаласында Республикалық "Ана тілі" қоғамының 1 құрылтайы ашылды. Сөйтіп 20- 21 қазан күндері астанамыз Алматыда Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы құрылған еді.Шынын айту керек , бұндай ірі істің астарында 1986 жылғы Алматыдағы қазақ жастарының орыс отаршылдығына берген қуатты соққысы мен биыл 10 жыл толып отырған 1989 жылдың 16-20 маусым күндеріндегі Жаңаөзен оқиғасының шарапатты тағылымы жатыр еді. Құрылтай күндері әр қазақ сол бір ызғарлы Желтоқсан рухын, сансыз құрбандықтарын естерінен шығарған емес. Құрылтай кезінде сөйлеген шешендер келбетінен осы құбылысты сезбеу мүмкін емес еді. Сондықтан да болар, съезд делегаттары 1989 жылы Республика көлемінде ұлттық мектептер мен балабақшалардың бастап ашыла бастағанын тілге тиек етті.Тек Алматының өзінде сол жылы 14 аралас, 3 таза қазақ мектебі , 9 қазақ тілді балабақша жұмыс істей бастаған екен. Бұл 86-дан бұрынғы жағдаймен салыстырғанда үлкен секіріс еді. Сонымен бірге съезде отаршылдықтың рухани кесепаты да көрініс тапты: СССР — дегі 200 — дей ұлт пен ұлыстың ішінде қазақ ұлтының 5 —орында тұрғанына қарамастан , 700-дей қазақ мектебі жабылыпты, 194 тілдің 93-і жоғалыпты. Құрылтай өте белсенділік жағдайында өтті. Әуелде делегаттарды " Ана тілі" қоғамының Құрылтайы деп жинағанмен, жиын барысында шығып сөйлеген шешендер, академик Рахманқұл Бердібаев сияқты ғалымдар қоғамның атын "Қазақ тілі" деп атау жөнінде ұсыныс жасады.Ол өз сөзінде "қазіргі кезде Алматыда 10-ның үстінде әр ұлттың этникалық сұраныстарына жауап беретін мәдени орталықтар құрылғанын ескертіп өтті.  М.Әуезов атындағы академиялық театрды лық толтырған  1800- дей делегаттың ішінен ұйғыр, неміс, поляк, еврей ұлттарының өкілдері: біздер осыған дейін де кенжелік көріп келдік, бұдан ері де біздің тіл, ділдерімізге қамқор боларлықтай "Ана тілі" қоғамын құрайық,- деп і ұсыныстарын жылап тұрып айтты. Бірақ құрылтайға 5 төрағалық етіп отырған белгілі ғалым Жолдасбеков ұсыныстарды дауысқа салу арқылы қоғам атының "Қазақ тілі" атанғанын хабарлады. Екі күн бойы жүздеріміз алаулап, бірінші рет өздерімізді басқалармен тең дәрежеде адамша сезіндік. Іште шемен болып қатқан кей сезімдердің буырқана атқылаған кездері де болды. Қазақтың дарынды режиссері, марқұм Асқар Тоқпанов таяғын тарсылдата, сахнаға атып шығып, 37 жылғы жазықсыз жазаланғандар туралы қызына сөйледі. Сәкенді кім ұстап бергенін , оны кім аттырғанын білмейсіз бе ?! Ол - Мұхаметжан Қаратаев , ол - Иванов,- деп айқайға басты. Зал іші сілтідей тынып қалды./ Әрине бұл жиында Қаратаев жоқ еді. Тағы бір мезетте қазақтың алғашқы астанасы Орынбордан келген бір ұстаз орнынан тұрып: Біздер қазақ класын ашып жатырмыз. Бұл жерден 1- кластың қазақша 100 әліппесін алмай,елге оралмаймын,- деді. Төралқада отырған Әбділда Тәжібаев алға ұмсына: Айналайын, тауып берем, тауып берем,- деді. Міне, біздер осы 2 күн ішінде тілімізді ғана емес, ділімізді де, бүкіл болмысымызды, рухымызды торлаған отарлық езгіден біржолата құтылғандай күй кештік, кеудемізді кере кең демалдық. Құрылтай Басқару органдарын сайлады.Барлық қала, аудан, ауылдарда "Қазақ тілі" бастауыш ұйымдарын құру тапсырылды. Ана тіліміздің көсегесін көтерту жөнінде Жарғы мен Бағдарлама қабылданды. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып академик Әбдуәлі Қайдаров, оның орынбасары болып ҒА - ның" корреспондент мүшесі Өмірзақ Айтбаев сайланды. Бірінші кезекте іске асырылуы тиісті Қаулы қабылданды. Міне, осы Құрылтайдан бері 10 жыл өткен екен. Жер - жерде "Қазақ тілі" бастауыш ұйымдары құрылып өз жұмыстарын бастады. Академик Қайдаровтың командасы осы мерзім ішінде аласұра қимылдап, 3 рет съезд өткізіп үлгерген екен. Менің ойымша, Халықаралық "Қазақ тілі "қоғамы Абайша айтсақ "мыңмен жалғыз алысып", мемлекеттік маңызы бар істер атқарды: қазақ тіліндегі балабақшалар мен мектептер көбейді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу басталды. Қазақтың ата-баба салт-дәстүрі қайтадан жандана бастады. Ұлттық үрдіс,өнерлеріміз кең қанатын жаюда. Бірақ бұндай тарихи, мемлекеттік шараларға қаржы ауадай қажет . Екі рет Республика Конституциясы негізінде жарыққа шыққан екі "Тілдер туралы заңдарымыздың" көңілдегідей дамып кетпей жатқан себебі-қаржының бөлінбеуі , "Заңдарды іске асыратын тетіктің жоқтығы. Сондықтан осы кезге шейін шығып жатқан облыс, қала әкімшіліктерінің Қаулылары шарасыздық танытуда.
08.12.2012 05:16 3904

 

Жансыз тілімізге өң берген құрылтай. 1989 жылдың 22 қыркүйегі бәріміздің есімізде. Бұл күннің қазақ халқының тарихында алатын орны ерекше.Бұл күн бодандық билеген ой-санамыздағы үміт ұшқынының жылт еткен күні.Бұл күнді біз ғасырлар бойы күткенбіз.Осы қоңыр күздің кешінде Республикалық теледидар Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясында қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болғанын паш етті. Міне, осы күннен бастап , титтей де болса , намысқа ие өр қазақтың ой-жүйесінде сілкініс пайда болды. Әрбір саналы қазақ "тіліміз тірілді" деп мақтанды. "Енді мені, елімді, тілім мен ата салтымды, ежелгі тарихымды орыс та, орман да мойындайды", — деп шаттанды олар.

Осы қуаныштың ерекше жалғасы іспетті 1989 жылдың 20 қазанында Алматы қаласында Республикалық "Ана тілі" қоғамының 1 құрылтайы ашылды. Сөйтіп 20- 21 қазан күндері астанамыз Алматыда Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы құрылған еді.Шынын айту керек , бұндай ірі істің астарында 1986 жылғы Алматыдағы қазақ жастарының орыс отаршылдығына берген қуатты соққысы мен биыл 10 жыл толып отырған 1989 жылдың 16-20 маусым күндеріндегі Жаңаөзен оқиғасының шарапатты тағылымы жатыр еді.

Құрылтай күндері әр қазақ сол бір ызғарлы Желтоқсан рухын, сансыз құрбандықтарын естерінен шығарған емес. Құрылтай кезінде сөйлеген шешендер келбетінен осы құбылысты сезбеу мүмкін емес еді. Сондықтан да болар, съезд делегаттары 1989 жылы Республика көлемінде ұлттық мектептер мен балабақшалардың бастап ашыла бастағанын тілге тиек етті.Тек Алматының өзінде сол жылы 14 аралас, 3 таза қазақ мектебі , 9 қазақ тілді балабақша жұмыс істей бастаған екен. Бұл 86-дан бұрынғы жағдаймен салыстырғанда үлкен секіріс еді. Сонымен бірге съезде отаршылдықтың рухани кесепаты да көрініс тапты: СССР — дегі 200 — дей ұлт пен ұлыстың ішінде қазақ ұлтының 5 —орында тұрғанына қарамастан , 700-дей қазақ мектебі жабылыпты, 194 тілдің 93-і жоғалыпты.

Құрылтай өте белсенділік жағдайында өтті. Әуелде делегаттарды " Ана тілі" қоғамының Құрылтайы деп жинағанмен, жиын барысында шығып сөйлеген шешендер, академик Рахманқұл Бердібаев сияқты ғалымдар қоғамның атын "Қазақ тілі" деп атау жөнінде ұсыныс жасады.Ол өз сөзінде "қазіргі кезде Алматыда 10-ның үстінде әр ұлттың этникалық сұраныстарына жауап беретін мәдени орталықтар құрылғанын ескертіп өтті. 

М.Әуезов атындағы академиялық театрды лық толтырған  1800- дей делегаттың ішінен ұйғыр, неміс, поляк, еврей ұлттарының өкілдері: біздер осыған дейін де кенжелік көріп келдік, бұдан ері де біздің тіл, ділдерімізге қамқор боларлықтай "Ана тілі" қоғамын құрайық,- деп і ұсыныстарын жылап тұрып айтты. Бірақ құрылтайға 5 төрағалық етіп отырған белгілі ғалым Жолдасбеков ұсыныстарды дауысқа салу арқылы қоғам атының "Қазақ тілі" атанғанын хабарлады. Екі күн бойы жүздеріміз алаулап, бірінші рет өздерімізді басқалармен тең дәрежеде адамша сезіндік. Іште шемен болып қатқан кей сезімдердің буырқана атқылаған кездері де болды. Қазақтың дарынды режиссері, марқұм Асқар Тоқпанов таяғын тарсылдата, сахнаға атып шығып, 37 жылғы жазықсыз жазаланғандар туралы қызына сөйледі.

Сәкенді кім ұстап бергенін , оны кім аттырғанын білмейсіз бе ?!

Ол - Мұхаметжан Қаратаев , ол - Иванов,- деп айқайға басты. Зал іші сілтідей тынып қалды./ Әрине бұл жиында Қаратаев жоқ еді.

Тағы бір мезетте қазақтың алғашқы астанасы Орынбордан келген бір ұстаз орнынан тұрып:

Біздер қазақ класын ашып жатырмыз. Бұл жерден 1- кластың қазақша 100 әліппесін алмай,елге оралмаймын,- деді.

Төралқада отырған Әбділда Тәжібаев алға ұмсына:

Айналайын, тауып берем, тауып берем,- деді. Міне, біздер осы 2 күн ішінде тілімізді ғана емес, ділімізді де, бүкіл болмысымызды, рухымызды торлаған отарлық езгіден біржолата құтылғандай күй кештік, кеудемізді кере кең демалдық.

Құрылтай Басқару органдарын сайлады.Барлық қала, аудан, ауылдарда "Қазақ тілі" бастауыш ұйымдарын құру тапсырылды. Ана тіліміздің көсегесін көтерту жөнінде Жарғы мен Бағдарлама қабылданды. Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының президенті болып академик Әбдуәлі Қайдаров, оның орынбасары болып ҒА - ның" корреспондент мүшесі Өмірзақ Айтбаев сайланды. Бірінші кезекте іске асырылуы тиісті Қаулы қабылданды.

Міне, осы Құрылтайдан бері 10 жыл өткен екен. Жер - жерде "Қазақ тілі" бастауыш ұйымдары құрылып өз жұмыстарын бастады. Академик Қайдаровтың командасы осы мерзім ішінде аласұра қимылдап, 3 рет съезд өткізіп үлгерген екен.

Менің ойымша, Халықаралық "Қазақ тілі "қоғамы Абайша айтсақ "мыңмен жалғыз алысып", мемлекеттік маңызы бар істер атқарды: қазақ тіліндегі балабақшалар мен мектептер көбейді, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу басталды. Қазақтың ата-баба салт-дәстүрі қайтадан жандана бастады. Ұлттық үрдіс,өнерлеріміз кең қанатын жаюда. Бірақ бұндай тарихи, мемлекеттік шараларға қаржы ауадай қажет . Екі рет Республика Конституциясы негізінде жарыққа шыққан екі "Тілдер туралы заңдарымыздың" көңілдегідей дамып кетпей жатқан себебі-қаржының бөлінбеуі , "Заңдарды іске асыратын тетіктің жоқтығы. Сондықтан осы кезге шейін шығып жатқан облыс, қала әкімшіліктерінің Қаулылары шарасыздық танытуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға