Жаңалықтар

Кейбір қорытындылар

Менің көркем әдебиет туралы жазған мақалама «Еңбекші қазақ» газетінің 267 санында Қошкенің қарсы жазған мақаласы басылды. Қошке мақаласының көп жерінде: Луначарский, Троцкий, Плехановтардан мысал келтірген, бірақ қандай кітаптан, қай беттен, не туралы жазғанынан келтіргені маған қараңғы.Сондықтан ол мысалдардың көбіне сену де қиын. Әдебиет мәселесі біздің Қазақстан ішінде әзірге таластау мәселе. Соның үшін бұл туралы әркім өз пікірін айтуға ерікті. Олай болған күнде теріс болсын, он болсын Қошкені жауабы үшін сөгуге болмайды. Мен бұл мақаламда кекету, мұқату деген ойдан аулақпын. Менің ойым Қошкенің қателескен жерлерін көрсетіп, көркем әдебиет туралы өзімнің пікірімді жазу. Мәселенің тетігі Қошкеге тірелгендіктен, алдымен, оның жазған сөздерінің біраз терістерін айтып кетуді мақұл көрдім.   1. Көркемдік неге байланысты Әдебиет, мәдениет, шаруашылықтың артына еріп жүретін атқосшысы екеніне Қошке таласпаған. Оған таласатын жол да жоқ. Шаруашылық неғұрлым ілгері басса, әдебиет те солғұрлым ілгері басады. Оған мысалды өзгені қойып өзіміздің қазақ өмірінен алсақ, қазақ әдебиетінің бұдан жүз жыл бұрынғы тілімен қазіргі тілі бір емес. Ол кездегі сөз құрасы мен қазіргі сөз құрасы бірдей емес. Омар Қарашовтың «Шайыр» деген кітабында Байтоқ жыраудың Жәңгір ханға жырлаған жыры бар. Түрі мынадай: Атадан алғыр туған Жәңгір хан, Екінші Смағұлдан алғыр хан, Арғы түбін болжаған Атаның алмаған қонысын алып, Әннен сарай салдырған Атадан артықшылығын әннен білемін Ол салдырған сарайдың, Айналасы айшылық Көлденеңі күншілік, Көргендер көзі қиып кете алмас Бұл құрылыс осы күнгі өлең техникасының қайсысына келеді? Әрине, жанаспайды. Мұның себебі не? Қазіргі қазақ мәдениетінің Байтоқ заманынан ілгерілегендігі. Әдебиет шаруашылықтың өсуіне байланысты болса, бұл арада бізге қазақ тұрмысын бір шолып өтпей болмайды. Қазақтың шаруашылығы кемеліне келмеген мешеу шаруашылық. Оны өркендету үшін мәдениетті елден үлгі алмай болмайды. Қазақтың оған өзі жетілуіне талай жүз жылдар керек болар еді. Бізге өз бетімізбен жетілеміз деп отырудың керегі жоқ. Өнерлі елдерден үйреніп, тез алға басуымыз керек. «Капиталисттердің өнерінен де үйрен» деген сөзді Ленин айтқан. Біз коммунистер кесемнің осы сөзін іске асырамыз. Қошке мен менің бір талас мәселем үйрену туралы еді. Енді соған көшейік. Ақындық таланты жоқ кісі үйренгенмен ақын бола алмайды. Сонымен қатар талант та үйренбей кем еліне келе алмайды. Бұрынғы Қызылжар уезінде Зілғараның Әлібегі деген кісі «атымды атадың» деп біреуге пышақ салып алған екен. Сол сықылды Мағжанның атын атап «ол да үйренген» десек, Қошке пышақ ала ұмтылудан қашатын емес. Азар болса одан жаман тулар, тағы да айтайын, тіпті Абай да орыс әдебиетінен үйренген. Абайдың күшті ақын, үлгілі ақын болуына себеп — аулына жер аударылып барған Долгополов болған. Осы адам болмаса, Абай ақындық өнер биігіне көтеріле алмас еді. Абай сол Долгополов арқылы орыстың Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой сықылды ұлы адамдарының шығармаларымен танысып, солардан үйренген. Абай өлеңінің ең сұлуларының бірі «Теректің сыйының» өзі Лермонтовтікі. Абай толстойшылдау болған адам. Толстой—«құдайға құлшылық, сыртқы қимылда емес, көңілде» десе, Абай да соны айтқан. Орыс ақындарына келсек, олар да батыс Европа ақындарынан үйренбей қойған жоқ. Мәселен, Лермонтов бір өлеңінде былай дейді: «Мен жаспын ғой, бірақ жүрек жанады Байронды ол нысанаға алады Бізде жан, ой, қайғы-қасірет біреу-ақ Ұшқыр талант қашан баяу табады? Бұлай болған күнде үйренбестен өзіне-өзі атақты ақын болады деу дұрыс емес. Орыс әдебиетін оқымай тұрып білгіш болып кетсе, Қошке баяғыдан бері қайда жүрді екен? Оқи, біле, кере «жер астынан жік шыққан» біз де «құдайға шүкір» Қошкелермен қатарласуға жақындап келеміз. Мағжанның өлеңдерінің 75 проценті орыс, татар ақындарына еліктеу. Мағжанның еліктеген ақындары: Тоқаев, Зәкир Рамиев, Пушкин, Лермонтов, Бальмонт, Соловьев, Мережковский, Блок, тағы басқалар. Мағжан осы ақындардың кей өлеңдерін тәржімалап, өз өлеңім деген. Байронның шәкіртінен яки өзінен оқымай Мағжан Байрон бола алмайды. Үйренбей, білмей Қошке қанша тырбанса да Андрей Белый бола алмайды. Қазақтың еңбекші жазушылары орыстың Бедный Безымянский сықылды пролетариат жазушыларынан үлгі алуы керек. Үйренбесе, олар да алға баса алмайды. Әлі не айтатыным: таланты бар кісіге де «ақын бол, ақын деп қақсай бергенмен түк шықпайды. Оған айтатын ақыл – «үйрен, біл» болу керек. Бұл — біздің еңбекші жазушылардың ұлы міндетінің бірі. II. Бізде қазір неше бағыт бар? Ғаббастың ұлтшылдарға таққан белгісінің ең қолайлысына бірнеше кісіні серік қылып ала қойғысы келген. Сөйткенде де «қазақта әдебиеттің екі-ақ бағыты бар. Біреуі – бұқарашылдық, біреуі – кедейшілдік» деген тым оңай олжаға ие болған екенсіз, азамат Қошке! Шапанға қызығып қоңсы қонамын деуіңіз жарайды. Бірақ, бадырайып тұрғанды жасыру ұятырақ болар! Қазақтың көркем әдебиетінің қазіргі бағыты екеу емес, үшеу: 1) Еңбекшілдік бағыт. Бұл қазақтың еңбекші табын сүйеді. Кеңес өкіметін, Коммунистік партияны жақсы көреді. Ұлтшылдыққа да, отаршылдыққа да қарсы. Кеңес өкіметі мен қазақ еңбекшілерінің тағдыры тығыз байланысты. Онсыз ел болмайды, сол арқылы дегеніне жетеді деп ойлайды. Ал орыстың жұмыскері мен шаруасын бауыр көреді. 2) Кеңес өкіметіне қарсы бағыт. Бұл бағыттағылар қазақта тап бар деп түсінбейді, не түсінгісі келмейді. Егерде тап тілегі қозғалса, байға ауып жүре береді.Коммунистік партияны, Кеңес өкіметін қазақтың ел болуына бөгет деп сандырақтайды. Бұл бағыт әлі жойылған жоқ деп түсінемін. Егерде ондай бағытты адамдардың. (қазақтың байшыл-ұлтшыл жазушылары) бәрі бұқарашылдық жолға түсіп, Кеңес өкіметін жек көруді қойса, Қошке оның міндетін алса, ертең «Еңбекші қазақ» газетіне «Біздің ескі саяси тілегіміз өлді, оны көмдік» деп,жазсын. Содан кейін «бар» десем менің бетіме түкір, Қошке азамат! Болмаса мына пікіріңіз «жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығадының» кебі болып жүрмесін. Олай болған күнде Ғаббас та сізге сыйлы шапан бере қояр ма екен? Ол бермес. Ол берсе өзге бермес! 3)         Шөре-шөредегілер. Бұл бағыттағыларға тиянақты пікір жоқ. Күш кімде болса, оның тілегі сонда: Кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, қарны ашса жамандайды, бір күн байды жырласа, бір күн кедейді жырлайды. Олар тарыға қызығатын тауық сықылдылар.. III. Ұлтшылдар туралы Қошке көлденең әкеліп тарта бергендіктен ұлтшыл жазушылар мен ақындар туралы азырақ тоқтаңқырап етпесе болмайды. Неге десеңіз, Қошке айтқандай, ,олардың бірнеше жылдық тарихы бар. Қошке мақаласының бас жағында менің астыма «Сен де өсіпсің» деп көпшік қойып, «кеше Ақаң мен Абайды жамандап едің бүгін мұның қалай» дегісі келген. Қошкенің мақтағанына рахмет, бірақ, менің Ахмет Байтұрсынов туралы (Қошке сөксе де) сондағы пікірім әлі сол қалпында. Оның айтып отырғаны 1923 жылдың март айында шыққан «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санындағы менің «Қара тақтайға жазылып қалып жүрмеңдер, шешендер» деген мақалам туралы болу керек. Ол мақала бір жолдастың «Ақанның алдында» деген баяндамасы туралы жазылған. Ондағы айтыс «Октябрьдің иесі, қазақ еңбекшілерінің көсемі Ақаң ба, жоқ па?» деген: мәселеде. Мен ол мақаламда «Ахмет әліп-биімен бағаланбаса, қазақ еңбекшілеріне бағалана алмайды. Октябрьде Ақаңның жұмысы жоқ» дегенмін. Әлі сол пікірдемін. Ақаң Кеңес өкіметіне, Коммунистік партияға қосыла алмайды. Оған дәлел «Еңбекші қазақ» газетінің 1921 жылғы 8 июльде шыққан 29 санында Ахмет былай деп жазған: «Бауырмал қазақ қалам қайраткерлері бибауырмал (интернационалист) бола алмайды. Сыртын бояса да ішін өзгертпейді. Бибауырмал өкіметке еріп қазақ елін пісіріп жегізе алмайды» деген. Байтұрсыновтың Октябрьге жанаспайтын себебі өзінін осы сөзінен-ақ ашық көрінеді. Қошкенің «көпшігіне» алғысты осымен бітіріп, енді ұлтшылдардың жалпы бағытына көшейін. Мен бастапқы мақаламда «ұлтшылдар да жыл санап шығармалық істерінде өсті» деп Мержақып пен Мағжанның жазғандарынан мысалдар келтіріп едім. «Шолпан» мен «Оян қазақты» көже дедің, диалектиканы білмейсің» деп Қошке маған ұрсыпты. Қошкенің диалектикасы басқа бір жақтан алып келген диалектика болмаса, мен білетін диалектикада менің сөзім дұрыс сықылды. «Көже» деген сөзге шамданатын дәнеме жоқ. Қымыздың аты қымыз, көженің аты көже. «Батыр Баянды» көркемдік жағынан мен «көже» дегемін жоқ. Оған біздің таласымыз саяси бағыты туралы. «Бүркіт кегі» де сондай. Ал «Оян қазақ» туралы сол пікірім пікір. Тарих жүрісінің буынын айыру өте қиын, тарих тұтасып отырады. Ұлтшыл әдебиеттің басын кесіп «17-ақ жыл деуге келмейді. Қазақ елі Россияға қосылғаннан бері қазақ қанаушыларының арасында орысты жек көру болмай қойған жоқ. Орысқа қарсы сөз тарату Бұқар мен Шортанбай иім басталды. Ахмет заманында одан да асып түсті. Бұл арасына біздің таласымыз жоқ. Бірақ қазақ әдебиетінде ұлтшылдық қана болды дегенге мен қарсымын. Қазақстанның Россияға қосылған күнінен бастап біздің өскен ортамыз Россия болды. Қазір де солай. Сондықтан орыс еңбекшілерінің яки халықшылдарының қозғалысы біздің қазаққа да әсерін тигізбей қойған жоқ. 1831 жылы қазақ ішіне саяси көзқарасы үшін жер аударылып келген Густав Зеленский деген поляк ақынының «Қазақ» (Киргиз) деген поэмасы бар. Ол орысшаға аударылып, Тройцкіде 1910 жылы басылып шыққан. Зеленский поэмасын қазақты «құлдықта шіріген, тағдырдың жауыз тырнағына іліккен» деп бастайды. Мұның жазылғанына биыл 96 жыл. Олай болса, орыс түгіл Батыс Европаның төңкеріс лебі қазақта бұдан жүз жыл бұрын тигеніне Қошке қалай қарайды? Сібір, әсіресе, қазақ даласы патша үкіметінің түрмесі болды. Патшаға қарсылардың бәрі де осылай қарай айдалды. Абайдың үйінде жататын Михаэлис пен Долгополов саяси жер аударылған кісі. Олар Абайға озат ой-сана сіңірді. Бұған Абайдың өзі және оның өмір тарихын жазған Кәкітай Ысқақов куә. Қысқасын айтқанда, қазақтың соңғы жүз жылдағы әдебиетіне өзге халықтың, әсіресе XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы орыс төңкерісшілерінің әсері тимей қойған жоқ. «17 жыл» дегенде Қошке Октябрьден кейін ұлтшыл ақындарды көме қойған көрінеді. 17 жыл емес, Қошкенің есебімен де ұлтшылдардың жасауына биыл 26 жыл. Мағжан «Бостандық» деген өлеңі мен «Жолдасқа» деген өлеңін жуырда ғана жазғанын Қошке қалай жасырады? Жалпы ұлтшылдар туралы тағы бірде оралармыз. Оны мұндай қысқа мақалаға сыйғызу мүмкін емес. IV. Еңбекші жазушылар туралы Мен бастапқы мақаламды еңбекші жазушылардың хал-жайына арнаған едім. Сөзден сөз туып, қазір ұлғайып кетіп отыр. Соның үшін бұл арасына көбірек тоқтаңқырауға тура келеді. Қазақтың еңбекші жазушылары — еңбекші таптың өкілдері. Өйткені тап бар елден таптан тысқары шығатын ақын болуы мүмкін емес. Еңбекші таптың екі түрлі дәуірі бар. Біреуі — санасы оянбаған, байға ішінен қас болса да, сыртына шығара алмаған кезі. Екіншісі таптық міндетін сезініп күреске белін буын түскен кезі. «Қазақта тап бар ма?» деген сөздің өзін жұрт дау ете келіп, жаңада ғана мойын ұсынып отыр. Бет алған жағынан бұрылмай әлі де мойынсұнбағандар бар. Қазақта тап бұрыннан бар-ды. Бірақ тапшылдықтың сезімсіз дәуірінде жүрген. Октябрь төңкерісі туғаннан кейін қазақ еңбекшілерін тез оятатын түрлі ұйымдар ашылды. Кооперация, қарыз серіктігі, партия, кәсіпшілер одағының ұйымдары, қосшы одағы, ауыл кеңестері — осылардың бәрі қалғып жүрген қазақ еңбекшілерін тұс-тұсынан ұрандап оятып жатыр. Оған қосымша мектептер ашылып, кедейлер білімін көтеріп келеді. Еңбекші жазушылардың Октябрьден бұрын аз болып (кәтте жоқтың қасы), Октябрь артынан жүздеп шығуы осыдан. Қошке менің алдыма «кедейден шықты» деп Жүсіпбек сияқтыларды тартқан. Олардың кедей, бай екенін мен білмеймін. Сіз солай десеңіз оныңыз да болсын! Бірақ, менің оларға тағатын кінәм: өздері кедей болғанымен пікірлері байшыл. Олар әуелі «Алашорданың» белсенді жастары болды. Совет өкіметі орнап еді, оның ісіне де араласып, Коммунист партияның қатарына кірді. Партия еңбекші тапты өркендету ісін баса істеп еді, табандары тайғанақтап партиядан шығып отырды. Тағы да большевикті жамандады. Кейін олар (әсіресе Жүсіпбек) бетін қайтадан бұрып отыр. Қазақ еңбекшілерінің 1919 жылғы төмен шаруасы, одан 25 жыл бұрын да сондай болатын. 1919 жылы жалпы жалдайтын бай 1900 жылда да жалдайтын. Шаруашылық жақтан қысым көргені соңғы жыл деу қате. Қазақтың еңбекші тап ақындарының кеш шығу себебі кедейлердің шаруасы төмендегеннен емес, қазақ еңбекшілерінің кеш оянуы олардың қараңғылығынан, ұйымдаспағанынан, ұйымдастыратындардың болмағандығынан. Қазіргі күнде ол дәуір өтті. Қошкенің «кедей оянуға әлі де болса талай заман бар» дегеніне біз қол қоя алмаймыз. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі арқасында қазақ еңбекшілері қатарға қосылып та отыр. Қазақ еңбекшілері неғұрлым тез көтерілсе, солғұрлым еңбекші жазушылар да тез өседі. Менің бастапқы мақалада мысалға алған көп жазушыларым сол тез өсуге бет алып келе жатқандар. Мен «соларға баспасөздер көмекші болып көтермелеу керек» дегенмін. Әлі де соны айтам. Сын туралы мен бастапқы мақаламның қорытындысында былай дегемін. «Сын болсын, бірақ, марксшілдер марксистік көзімен сынасын». Қатты сын болмасын дегенде менің нысанаға ұстағаным — ұлтшылдардың долы қатындарша аузына не келсе соны шатпақтап: «ақмақ, соқыр, мал, сиыр» дегендері қойылсын дегенмін. Әлі де соны қуаттаймын. «Әлі де түк істелген жоқ» деген сезден менің айтайын дегенім: осы күнге шейін Қазақстанда еңбекші жазушыларды тәрбиелейтін әдебиет ұйымы мен әдебиет журналы болмағандығы еді. Өсу жағына келгенде жалғыз Сәкен мен Бейімбет емес, бізде өсіп келе жатқан талай жазушылар бар. Бірақ көңілдегідей өсіп болғамыз жоқ. V. Үгіт керек пе? Ленин «Саяси үгіт» деген мақаласында былай.дейді: — Біз жұмыскерлерді оятқанда олардың қазіргі дәуірдегі қоғамшылдық құрылысының түрін мысалға алып оятуымыз керек. Жалғыз шаруашылық мұқтажын ғана көздемей саяси көзін ашу, санасын арттыруға тырысуымыз керек. Байлардың сырты сұлу, іші у пікірлерің жұмыскерге түсіндіріп, жұмыскер арасынан ондай пікірді тез тазартуға кірісуіміз керек. Осы жолға үгіттеуіміз керек.». Қазақстан Өлкелік партия комитетінің II пленумы, осы ұранды шақырып, қазақ еңбекшілерін ояту үшін ауылда Октябрь жемісін молырақ егуді, өсіруді мақұл тапты. Әрине, бұл Қошкелерге міндетті сөздер емес. Қазақтың коммунистеріне міндетті сөз. Үкімет те, партия да қазақ еңбекшілері үшін барын аямай қимылдап жатыр. Бірақ бұл екеуі де «періштеден» құралмайды, кісіден құралады. Қазақ еңбекшілеріне үкімет болып та, партия болып та іс істейтін өздерінен шыққан саналылар. Еңбекші жазушылар да соның бір бұтағы. Қазақ ауылын Октябрьдің дауылы түгел аралаған жоқ. Көңілге алған ойды тез орындау үшін жалғыз іспен де, жалғыз үгітпен де ұзап шабу киын. Қазақ кедейінің қазіргі тұрмысына мұнын екеуі де керек. Бірінсіз бірі болмайды. Көркем әдебиеттің қазіргі міндеті — үкімет пен партияға көмек болып, іспен қатар үгіт те жүргізу, кедей, жалшы, жұмыскерлердің мұқтажын табу. Осыдан үгіт шығады, көңілдендіру де шығады, тұрмысты суреттеу де шығады, әдебиеттің алатын бағыты да табылады. VI. Мазмұн мен пішін туралы Біздің еңбекші жазушылардың әлі жетіспей келе жатқан бір жері — өлеңнің мазмұны мен пішінін түгел түсіре алмауы. Біздің еңбекші жазушылар пішін жағынан жетіліп болған жоқ. Бұл жағынан кемшіліктері көп. Қошкенің «соқыр түйе» деген сөзін, сөгісін осындай халде болғандықтан естіп жүрміз. Бірақ, өсіп келе жатқан еңбекші жазушылар мазмұн жағынан кедей емес, ел ішіндегі тұрмысты өзінің болғанындай шындықпен жазуда еңбекші жазушылар байшыл-ұлтшыл жазушылардан артық. Байшылдар жазған шығармалардың сырты сұлу болғанмен, мазмұн жағы у болып келеді. Бұл әсіресе Мағжанда көп ұшырайды. Байшылдар өмірі біткен дәуірді, енді қанша дәріптеп жырлағанмен түк шықпайтын дәуірді сипаттайды. Бұ да өзінше мазмұн!..» Бірақ мазмұн деген нәрсе өмірге сүйкімді болмаса қасиетсіз болмақ. Екі түрді мысал келтірейін. Әуелі мақтау керек бір құдайды, Басқадан нұрлы қылды күн мен айды Өзінің барлығы мен бірлігіне Ғаламға дәлел етті қыс пен жайды...» Мазмұны қандай! Күн мен айды жарық қылған құдайды мақтау. Ол өзінің барлығына қыс пен жазды дәлел қылды. Осы да мазмұн ба? Жоқ. Ертек, ертек, ертек екен, Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен Хан Абылай немересі Кене хан Аспанға ұшып лаулап жанған өрт екен Сол ерінен айрылған Алты алаштың жүрегінде дерт екен, — деп бөседі Мағжан, Мазмұны қандай? «Ертедегі адамдардың бәрі де ер болған екен. Бүгінгі адамдар жасық туыпты. Кененің баласы Сыздық өлді, енді қазақ та өледі. Қазақ соны уайымдайды, мен де құса болып жүрмін». Бір кісіге бір ұлттың өмірі байланысты ма? Жоқ!.. Кененің яки Сыздықтың ақылын алып, қазақ еңбекшілері орыс еңбекшілерімен жауласа ма? Жоқ!.. Сыздықты Мағжаннан басқа кім ойлайды? Ешкім де!.. Бұл өлеңнің жазылған дәуіріне қандай пайдасы бар? Жоқ!.. Өлген Сыздық түгіл қазақтың көзі тірі ұлтшылдары да, олардың тірегі байлары да еңбекшілердің ноқтасына ондап ілікті. Олай болған күнде «Сыздық ер, өрт екен» деген сөз бен «Әуелі мақтау керек бір құдайды» деген сөздің бағасы бірдей болып қалады. Екеуі де қайта басын көтермейтін дәуір. Мазмұн жағына біздің еңбекші жазушылар мақтана алады. Қазақтың еңбекші табы өскен сайын, еңбекші жазушылары жедел өсіп келеді. Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр. Жазуы төселгендерді қоя тұрып, жаңа бастағандардан Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қазақ еңбекшілеріне» деген өлеңін мысалға алайын: Тілегі бір, мұңы бір, Шет елдегі бауырдың, Астында өткен өмірі Ағылшын қара тауының Жалаң аяқ, жалаң бас Бір күн тойса, бір күн аш. Өткен күнді ойласақ, Бізбен мұңдас, қарындас Ағылшынның жарлысы, Осы күнде тарықты, Көремін деп жарықты Басын жерден көтеріп, Жоғары қолын ұсынды. Қол үстіне қол жалғап Сүйе еңбекші досыңды... Еңбекшілер атыма Еңбекші табы күйеміз Қолынан тартып сатыға Бауырыңды сүйеңіз! Қалмақан бұл өлеңін ағылшын жұмыскерлеріне жәрдем бер деген ұранмен жазып отыр. Қалмақан ұлтшылдардың көзіне нағыз «жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан» шала хат танитын шын жалшының өзі. Қошкенің «Емле білмей жатып жазуға жармасқандарға не дерсін?!» дегені осы Қалмақандар. Оның істейтін қызметі газет бүктеу (экспедитор). Мазмұн жағына келгенде Қалмақанның сөзі ұлтшылдардан әлдеқайда дәнді. Біздің алдағы күтіп отырған дәуіріміз бектердің (Сыздықтың) заманын жасау емес, жаңа дәуір жасау. Ол: сөзіміз іске асатын нәрсе. Ағылшын жұмыскерлерінің қозғалысы "жер жүзіне көп әсер етеді. Шала хат білетін, әлдеқалай Қалмақан мұны көріп отыр. Қошкенің таба алмай жүрген шын реализмі осы болады. Ал, Қалмақанның бұл өлеңінің пішіні сұлу ма? Жоқ. Мазмұны бай ма? Әрине, бай!.. Плехановтық «өсіп бара жатқан әдебиетте пішін мазмұннан мешеулеу қалуы мүмкін» деген сөзі осы. Бірақ, біздің еңбекші жазушылар поэзияның түр-пішін дәрежесін мазмұн дәрежесіне жеткізуге тырысуы керек. VII. Ұлтшылдармен біріге аламыз ба? Қазақтың ұлтшыл жазушыларының екі түрге бөлінетінін біз жоғарыда айттық. Оның біреуі — оңшыл ұлтшылдар, екіншісі— шөре-шөрелер. Оңшыл ұлтшылдар қазақ жағдайындағы кадеттер. Олармен біз қосыла алмаймыз. Орыс жазушылары бірлескенмен, орыстың кадет ақындары мен коммунист ақындары біріге алмайды. Бірігеді» деп Қошке дәлелдей де алмайды. Орыстың қосылған жазушылары болса, олар таза бұқарашылдар мен еңбекші жазушылар. Біздің қолымыздағы бұқарашылдарымыз — шөре-шөрелер. Олай болған күнде біз шөре-шөрелермен біріге аламыз. Бірақ, олардың күшімен пайдаланып, тізгінге өзіміз ие боламыз. Бірақ, Мағжандар, Қошкелер бізбен бірігер ме екен?!. Жоқ олармен біріге алмаймыз. VIII. Кім үстем болады? Орыстың қоғам тұрмысы өзгерген сайын жаңа жол, жаңа тап шығады. Бұл уақытта халықсыз әдебиет артта қалады да, тапшылдық бағытқа жол береді»,— дейді Плеханов. Қазақтың саяси тұрмысы, өмір тіршілігі өзгерді. Елдің көбі егін кәсібіне айналып, қала болды. Өнеркәсіп орындары жыл сайын өсіп, жұмыскерлер көбейіп келеді. Еңбекші тап санасы артып, күн санап көтерілуде. Тап намысын тебірентіп толып жатқан ұйым бар. Осылардың бәрі әдебиетке әсер бермей қоймайды, беріп те келеді. Әдебиет шаруашылықтың саясаттың жетегінде жүрсе, күш, шаруа, саясат кімнің қолында болса, соның әдебиеті де тез өседі. Қазақ байлары ажал аузында отыр. Олар құриды. Олар өлсе жыршылары да өледі. Қазақтың еңбекші табы өркендеп келеді. Олай болса, еңбекші таптың әдебиетшілері де өркендейді. Қошке менің «түк істелмеді» деген сөзіме байланысқан. Оның артында ,«істелсе де аз істелді» деген сөзім. бар. Бұл пікірімді әлі де қуаттаймын. Себебі мынау: біз жиылыстарда, конференцияларда «қазақ кедейі үшін жұмыс аз істелді» дейміз. Ал, шынында көп жұмыстар істелді. Сөйте тұра, бізге неғылған күнде де қазақ еңбекшілерін тез өркендету керек. Іс істелсе «керек» те шыға береді. Сол жаңа шыққан «керекті» біз керерміз де «тағы да баса істелсін» дейміз. Қазақтың еңбекшіл жазушылары өсіп келеді. Бірақ бұл өсуі көңілдегідей емес. Оны тездету керек, тездетудің көп шаралары әлі қолданылмай жатыр. Менікі — соны асықтырғандық. Шаруашылық өзгерумен қатар біздің барлық жұмысымыз да өзгеріп келеді. Сол өзгерген жұмыстарымызды бізге тездету керек: бізде басқа тұрмыс түрлерінен көрі әдебиет өсуі шабандау. Мұны жасырудың керегі жоқ. Менің «аз істелді» дегенім сол еді, Әйтпесе келешек біздікі. IX. Кімнен үлгі аламыз? Ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ. Сондықтан бізге көрші, өнерлі елден өнеге алмай болмайды. Бұл туралы Плеханов былай деп жазады: «Қай халық болса да көршісінен үлгі алады. Қай халыққа болсын көрші отырып бір-біріне әсерің тигізбейтін қоғам болмай қоймайды... Екі елдің әдебиеті, өнері тең болған күнде ғана бір-біріне әсер етеді. Егерде біреуі артта, біреуі алда болса, ол уақытта өнерсізі өнерлісінен әсер алады да, өнерлі өнерсізден әсер алмайды».. Бізбен көршілес отырған ел — орыс елі, Оның. өнері: бізге әсер бермей қоймайды. Себебі — орыс елі бізден көп өнерлі. Бірақ, әзірге бір оларға әсер ете алмаймыз. Себебі: біз мәдениет сатысында төменбіз. Қазақтың соңғы ғасырдағы халық аузында айтылып жүретін өлеңдерінің пішініне (форма) ұлтшыл ақындар өзгеріс кіргізе алған.жоқ. Кіргізсе де аз. Ал, мазмұн жағына жаңалық кіргізді:, Бірақ біз ол мазмұнмен жаза алмаймыз. Соның үшін үлгіні ұлтшылдардан алу керегі жоқ. Көрші отырған орыс еңбекшілерінен алу керек.   Әлгіде айтатыным: біздің алдағы мақсатымыз — білу, үйрену, білгеннен үлгі алу. Үлгі алғанда үлгі боларлық елден алу. Қазақтың байшыл ақындары бізге үлгі болуға жарай алмайды. X. Тақырыптар Байшыл жазушылармен біздің біріге алмайтынымыздың ең үлкені— тақырыптар туралы. Еңбекші жазушыларға одақ болатын Қошке, тақырыпқа келгенде одақ бола алмайтынын ашық көрсеткен. Тақырып іздегенде Қошкенің көзіне алдымен партия ұяларын жамандау, орыс пен қазақтың жанжалы, байдың большевик болуы түседі. «Үш жүз» түскен Қошкенің аузына оған қарағанда нағыз байшыл «Алашорда» неге түспейді? Оның аузыма 1919—20 жылдары өтірік коммунист болғандар, разверстка жинаған большевиктер түскенде, Колчактың қанішерлері, олардың ел талауы, «Алашорданың» қырып салдары неге түспейді? Бар мәселе осында. Кім нені жақсы көрсе соны мадақтайды. Нені жек көрсе соны жамандайды. Қошкелердің көзіне разверстка жинаушылар тажал көрінеді. Ал, Колчактың қазаққа қамшы соққан, талаған қулары көрінсе де көрінбейді. Рас, біздің алғашқы кезімізде ағаттықтарымыз да болды. Оны жасырмаймыз. «Ісімізді де, кемшілігімізді түзеу керек» деген мақаласында Ленин былай дейді: «Революция дәуірінде ағаттық болмай қоймайды. Оны біз жасырмаймыз, бірақ, түзейміз».   Алғашқы аласапыран кезінде байлардан, қулардан партияға кіргендер жоқ емес, оларды біз қазір тазарттық. Әлі де болса бірен-сарандар бар шығар. Олар да тез бітпек. Елдегі байлар түгіл, партияға алдап кірген «Алашорданың» шәкірттері де жоқ емес. Қарашының 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналына басқан «Тарихи суреттер» деген мақаласын оқыған кісі бұны жақсы біледі. Менің бұл сөзімнен өткен қателерімізді жасырамыз деген пікір тумайды. Қошке көріп жүрген өткен істің қатесін партия одан артық көріп отыр. Жаман істердің қалайша жаман болғанын тексеріп, түзетуге күш жұмсап жатыр! Бірақ, ол қателіктерді Қошке мен біздің сынауымыз екі түрлі: Қошкенің сынауы, — коммунистердің қайдағы жоқ кемшіліктерін тауып алып «сендер жамансыңдар» деу. Біздің сынауымыз коммунистердің кемшіліктерін түзеп, жақсылыққа аяқ бастыру. Сондықтан тақырыптарға келгенде, Қошкенің жазғанына біздің (еңбекшілердің), біздің жазғанымызға Қошкелердің (Алашорданың) іші ауыратыны, ала көзбен қарасатынымыз рас. Жалпы тақырыптарға келгенде айтатыным: әдебиетші (ақын мен жазушы) тарих жазуға міндеткер емес. Олар оны жазбайды да. Жазушылардың міндеті — көбінесе өмірдің көкейтесті мәселелерін көркем сөзбен бейнелеп; өзі сүйенген еңбекші көпшіліктің алдына тартып отыру. Ескіден де, мысал, оқиға, мағлұматтар алынсын. Бірақ, қайда барса қазған көрге кез келетін Қорқыт сықылдылардың керегі жоқ. Олар бұқараға өлім елестеткеннен, жасытқаннан басқа түк бермейді. Біздегі қазіргі тақырыптардың ең күштісі, ең керектісі еңбекшілердің таптық сезіміне әсер етіп, тез оятатын тақырыптар. Олар мыналар: 1)         Жалшылардың еңбек заңына сүйеніп іс істеуі (Сәкеннің «Еңбек шарты» деген поэмасы сықылды). 2)         Жерді тең алу, байдың егіндік, пішендік жерлерінен кедейге жер алып беру үшін, кедейлерді соған көңілін бұру, ояту. 3)         Кедейлерді шаруашылық жағынан ұйымдастыру туралы жазу (кооперациямын толып жатқан бөлімдері, қоғам және басқалар). 4)         Қосшы одағы, кәсіпшілер одағы, партия ұясы, тағы сол сықылды тап сезімін оятатын ұйымдарды күшейту жағына шығу. 5)         Әйел теңдігі мәселесі. 6)         Атқамінерлердің, байлар мен молдалардың кедейлерге істеп жүрген қиянаттары. 7)         Сот, кеңес, милициялардың үлгі боларлық істері, олардың жұмысындағы кемшіліктері, оны түзеу жолы. 8)         Орыс қазақ еңбекшілері мен басқа да ұлттар еңбекшілерінің достығы. 9)         Хан, би, бай, болыстардың елді қалай қанағаны. 10)       Кедейлердің, ауыл коммунистерінің хат танымаушылығын, саяси сауатсыздығын жою туралы. 11)       Елдегі мектеп ашу ісін күшейту. 12)       Өнеркәсіп орындарының жұмысын жазу. Жұмыскерлерге еңбек өнімділігін арттыруды, сауаттарын ашуды үйрету. Айта берсе тақырыптар толып жатыр. Оның бәрін жаза беруге мүмкіндік жоқ. «Бұларың поэзияға келе ме?» деп Қошке бас салмасын. Тұрмыстың ең күшті поэзиясы осы. Шын социализм де осыдан табылады. Бірақ тілін біліп жазу керек. Бірақ оған Мағжанның тілі келмейді. Мағжанның тілі келетін тақырып — байларды, хандар мен бектерді мадақтау, күні өтіп, өліп бара жатқан өмірді мадақтау. Ал біздің Қалмақандарымыздың жаңа өмірді жазуға тілі әбден келеді. Олар оңдап жаза іл алады. Ал өткен дәуірдің істерін жазғанда осы күнгі тұрмысқа не үлгі болатын, не болмаса ескінің жаманынан жирендіретіндерін ғана жазу керек. XI. Қорытынды Қазақта жігі ашылған екі таптың да жазушылары бар: біреуі еңбекшілдер, екіншісі байшылдар. Бұл екеуі бір-біріне өмірінде қосыла алмайды. Байшылдардың азырақ есі барлары өлетінін біледі де шөре-шөрелікке айналып, бізбен жақындасуға тырысады. Қысқасын айтқанда, күшейіп келе жатқандар да, келешегі күштілер де еңбекшілерден шыққандар. Әдебиет майданында күн санап өсіп келеміз. Бірақ кемшіліктеріміз де бар. Қошкеше шаруашылық сабасына түспей ұйым жасауға болмайды мыс. Қошке айтқан саба, қымыз құятын ыдыс болмаса, қазақ елінің шаруашылығы қазір соғыстан бұрынғы дәуірінің 95 процентіне жетті. Мұның аты – түзелген шаруа. Қазақ елінің шаруашылығы әдебиет ұйымы түгіл одан үлкен ұйымды ашуға да жарайды. Әдебиет ұйымынан партия ұйымдары күшті екенін жақсы білеміз. Партия ұйымдары — қазіргі дәуірде саяси көсем. Қошке қорыққаны, жамандағанымен біз ел ішінде партия ұяларын да ашып жатырмыз. Жалғыз шаруашылық емес, біздің әдебиетіміз де, әдебиетшілеріміз де өсіп келе жатқанын жоғарыда дәлелдедік. Сол өсіп келе жатқандарды көтеру үшін менімше 5 түрлі шарт керек. 1) Әр жерде басын қоса алмай жүрген еңбекші жазушыларды бір жерге жинайтын ұйым керек. Ұйым керек болғанда аты ұйым болмасын, күрделі іс істесін. Бұл туралы мен бастапқы мақаламда пролетариат Жалшылар. ұйымының Қазақстандағы бөлімшесі өркендесін деген едім. Әлі де сонымды қуаттаймын. Бірақ, бұл күйінде ол ұйым бізді қанағаттандыра алмайды. Ұйымның программасы Орталық Россия ұйымдарының жағдайына ыңғайлас жасалуы керек. Одан кейін тиянақты басқарма сайланып, ұйымның ісін алып жүруге міндетті болсын. Жергілікті орындармен байланыс жасап, барлық еңбекші жазушыларға көмек көрсетіп отырсын. Бұл ұйымды көрнекті ұйым ету үшін Қазақстанның әр түкпірінде жатқан жазушылардың жиылысы шақырылып, басқарма содан кейін ашылсын. Оған шейін ұйымдастыру бюросы сайлансын. Нендей мәселе болсын Жиналыста шешілетін болсын. Бұл іске Өлкелік Партия Комитетінің баспасөз бөлімі бірнеше әдебиетшілерді ақылдылыққа алып, басшылық етсін. 2)         Әдебиет журналы туралы. Бастапқы мақаламда мен бұл сөзді өте қысқа айтып едім. Енді толығырақ жазуға тура келіп отыр. Ұйым ашылғанымен жемісін жарыққа шығарып отыратын қолында құралы болмаса іс істей алмайды. Бізге қазір ең сирек нәрсенің біреуі айында бір рет шығаратын әдебиет журналы. Осы журнал ашылса, жаңа жазып келе жатқандарға жолбасшы да болады, оларды жазуға үйретуші де болады. Бастарын қосып ұйымдастырушы да болады. Бұл болмаса сөздің бәрі қағаз жүзінде қала береді. Мұндай журналды шығару бір кісінің қолынан келмейді, оған қаражат керек. Айына 3 баспа табақ қағаз етіп шығарғанда, қалам ақысын қоспағанда, жеке саны 500 сомдай шығын керек етеді. Жазушылар ұйымы әбден қалыптасып болғанша бұл іске тиісті мекемелер қаражат беруі керек. Бірер жыл шығарғаннан кейін ондай журнал өзін-өзі ақтай алады. 3)         Мектептерде әдебиеттің марксистік бағыты туралы сабақ берілсін. Әсіресе бұл сабақ партия мектептерінде, техникумдар мен институттарда міндетті түрде оқытылсын. Кейбіреулер, әсіресе Қошке «кісіні қайдан табамыз?» деулері мүмкін. Ол дұрыс емес. Біздің жыл санап жоғары дәрежелі мектептерді бітіріп шығып жатқан коммунистеріміз, яки Кеңес өкіметін жақсы көретін партияда жоқ жастарымыз бар. Олардың ішінде әдебиет мәселесіне жақсы қарайтындары да жоқ емес. Мәселен, қазақ педагогика институтында Ахмет Байтұрсыновтың орнына Ғаббас Тоғжанұлы немесе марксизммен қаруланған сондай жастар оқытса, Маркс көзқарасын анағұрлым жақсы таныстыра алар еді. Ал, ұлтшылдар инедей мүмкіндік бар жерде өз идеясын өткізуге тырысады. Мектептерде әдебиет үйірмелері де ашылуы керек. Мектептерде оқылатын оқу құралдарымыз да жоғарғы кобаға сәйкес жасалулары керек. Осы күнге дейін біздің оқу құралдарымыз «пәлен бидің айтқанымен» келе жатыр. Бұл жаңалыққа сүйремейтін керітартпалық. 4)         Қазақ тілінде шығатын барлық газет, журналдарымыз еңбекші жазушыларға тәрбиеші болсын. 5)         Мүмкін болған күнде әдебиет үйренетін курс ашылсын. Ол болмаса тиісті мекемелер стипендия беріп, орталықтағы әдебиет мектептеріне әдебиетшілерді жіберіп тұрсын. Әрине, бір мақалада көркем әдебиет мәселесін түгел баяндау қиын. Әлі де болса бұл туралы жазармыз. Әзірге осымен тоқтаймын.
08.12.2012 05:12 3895

Менің көркем әдебиет туралы жазған мақалама «Еңбекші қазақ» газетінің 267 санында Қошкенің қарсы жазған мақаласы басылды. Қошке мақаласының көп жерінде: Луначарский, Троцкий, Плехановтардан мысал келтірген, бірақ қандай кітаптан, қай беттен, не туралы жазғанынан келтіргені маған қараңғы.Сондықтан ол мысалдардың көбіне сену де қиын.

Әдебиет мәселесі біздің Қазақстан ішінде әзірге таластау мәселе. Соның үшін бұл туралы әркім өз пікірін айтуға ерікті. Олай болған күнде теріс болсын, он болсын Қошкені жауабы үшін сөгуге болмайды. Мен бұл мақаламда кекету, мұқату деген ойдан аулақпын. Менің ойым Қошкенің қателескен жерлерін көрсетіп, көркем әдебиет туралы өзімнің пікірімді жазу. Мәселенің тетігі Қошкеге тірелгендіктен, алдымен, оның жазған сөздерінің біраз терістерін айтып кетуді мақұл көрдім.

 

1. Көркемдік неге байланысты

Әдебиет, мәдениет, шаруашылықтың артына еріп жүретін атқосшысы екеніне Қошке таласпаған. Оған таласатын жол да жоқ. Шаруашылық неғұрлым ілгері басса, әдебиет те солғұрлым ілгері басады. Оған мысалды өзгені қойып өзіміздің қазақ өмірінен алсақ, қазақ әдебиетінің бұдан жүз жыл бұрынғы тілімен қазіргі тілі бір емес. Ол кездегі сөз құрасы мен қазіргі сөз құрасы бірдей емес. Омар Қарашовтың «Шайыр» деген кітабында Байтоқ жыраудың Жәңгір ханға жырлаған жыры бар. Түрі мынадай:

Атадан алғыр туған Жәңгір хан,

Екінші Смағұлдан алғыр хан,

Арғы түбін болжаған

Атаның алмаған қонысын алып,

Әннен сарай салдырған

Атадан артықшылығын әннен білемін

Ол салдырған сарайдың,

Айналасы айшылық

Көлденеңі күншілік,

Көргендер көзі қиып кете алмас

Бұл құрылыс осы күнгі өлең техникасының қайсысына келеді? Әрине, жанаспайды. Мұның себебі не? Қазіргі қазақ мәдениетінің Байтоқ заманынан ілгерілегендігі.

Әдебиет шаруашылықтың өсуіне байланысты болса, бұл арада бізге қазақ тұрмысын бір шолып өтпей болмайды. Қазақтың шаруашылығы кемеліне келмеген мешеу шаруашылық. Оны өркендету үшін мәдениетті елден үлгі алмай болмайды. Қазақтың оған өзі жетілуіне талай жүз жылдар керек болар еді. Бізге өз бетімізбен жетілеміз деп отырудың керегі жоқ. Өнерлі елдерден үйреніп, тез алға басуымыз керек.

«Капиталисттердің өнерінен де үйрен» деген сөзді Ленин айтқан. Біз коммунистер кесемнің осы сөзін іске асырамыз.

Қошке мен менің бір талас мәселем үйрену туралы еді. Енді соған көшейік. Ақындық таланты жоқ кісі үйренгенмен ақын бола алмайды. Сонымен қатар талант та үйренбей кем еліне келе алмайды. Бұрынғы Қызылжар уезінде Зілғараның Әлібегі деген кісі «атымды атадың» деп біреуге пышақ салып алған екен. Сол сықылды Мағжанның атын атап «ол да үйренген» десек, Қошке пышақ ала ұмтылудан қашатын емес. Азар болса одан жаман тулар, тағы да айтайын, тіпті Абай да орыс әдебиетінен үйренген. Абайдың күшті ақын, үлгілі ақын болуына себеп — аулына жер аударылып барған Долгополов болған. Осы адам болмаса, Абай ақындық өнер биігіне көтеріле алмас еді. Абай сол Долгополов арқылы орыстың Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой сықылды ұлы адамдарының шығармаларымен танысып, солардан үйренген. Абай өлеңінің ең сұлуларының бірі «Теректің сыйының» өзі Лермонтовтікі.

Абай толстойшылдау болған адам. Толстой—«құдайға құлшылық, сыртқы қимылда емес, көңілде» десе, Абай да соны айтқан.

Орыс ақындарына келсек, олар да батыс Европа ақындарынан үйренбей қойған жоқ. Мәселен, Лермонтов бір өлеңінде былай дейді:

«Мен жаспын ғой, бірақ жүрек жанады

Байронды ол нысанаға алады

Бізде жан, ой, қайғы-қасірет біреу-ақ

Ұшқыр талант қашан баяу табады?

Бұлай болған күнде үйренбестен өзіне-өзі атақты ақын болады деу дұрыс емес. Орыс әдебиетін оқымай тұрып білгіш болып кетсе, Қошке баяғыдан бері қайда жүрді екен? Оқи, біле, кере «жер астынан жік шыққан» біз де «құдайға шүкір» Қошкелермен қатарласуға жақындап келеміз. Мағжанның өлеңдерінің 75 проценті орыс, татар ақындарына еліктеу. Мағжанның еліктеген ақындары: Тоқаев, Зәкир Рамиев, Пушкин, Лермонтов, Бальмонт, Соловьев, Мережковский, Блок, тағы басқалар. Мағжан осы ақындардың кей өлеңдерін тәржімалап, өз өлеңім деген. Байронның шәкіртінен яки өзінен оқымай Мағжан Байрон бола алмайды. Үйренбей, білмей Қошке қанша тырбанса да Андрей Белый бола алмайды. Қазақтың еңбекші жазушылары орыстың Бедный Безымянский сықылды пролетариат жазушыларынан үлгі алуы керек. Үйренбесе, олар да алға баса алмайды. Әлі не айтатыным: таланты бар кісіге де «ақын бол, ақын деп қақсай бергенмен түк шықпайды. Оған айтатын ақыл – «үйрен, біл» болу керек. Бұл — біздің еңбекші жазушылардың ұлы міндетінің бірі.

II. Бізде қазір неше бағыт бар?

Ғаббастың ұлтшылдарға таққан белгісінің ең қолайлысына бірнеше кісіні серік қылып ала қойғысы келген. Сөйткенде де «қазақта әдебиеттің екі-ақ бағыты бар. Біреуі – бұқарашылдық, біреуі – кедейшілдік» деген тым оңай олжаға ие болған екенсіз, азамат Қошке! Шапанға қызығып қоңсы қонамын деуіңіз жарайды. Бірақ, бадырайып тұрғанды жасыру ұятырақ болар! Қазақтың көркем әдебиетінің қазіргі бағыты екеу емес, үшеу:

1) Еңбекшілдік бағыт. Бұл қазақтың еңбекші табын сүйеді. Кеңес өкіметін, Коммунистік партияны жақсы көреді. Ұлтшылдыққа да, отаршылдыққа да қарсы. Кеңес өкіметі мен қазақ еңбекшілерінің тағдыры тығыз байланысты. Онсыз ел болмайды, сол арқылы дегеніне жетеді деп ойлайды. Ал орыстың жұмыскері мен шаруасын бауыр көреді.

2) Кеңес өкіметіне қарсы бағыт. Бұл бағыттағылар қазақта тап бар деп түсінбейді, не түсінгісі келмейді. Егерде тап тілегі қозғалса, байға ауып жүре береді.Коммунистік партияны, Кеңес өкіметін қазақтың ел болуына бөгет деп сандырақтайды. Бұл бағыт әлі жойылған жоқ деп түсінемін. Егерде ондай бағытты адамдардың. (қазақтың байшыл-ұлтшыл жазушылары) бәрі бұқарашылдық жолға түсіп, Кеңес өкіметін жек көруді қойса, Қошке оның міндетін алса, ертең «Еңбекші қазақ» газетіне «Біздің ескі саяси тілегіміз өлді, оны көмдік» деп,жазсын. Содан кейін «бар» десем менің бетіме түкір, Қошке азамат! Болмаса мына пікіріңіз «жылы-жылы сөйлесе, жылан іннен шығадының» кебі болып жүрмесін. Олай болған күнде Ғаббас та сізге сыйлы шапан бере қояр ма екен? Ол бермес. Ол берсе өзге бермес!

3)         Шөре-шөредегілер. Бұл бағыттағыларға тиянақты пікір жоқ. Күш кімде болса, оның тілегі сонда: Кеңес өкіметін тамағы тойса жақсылайды, қарны ашса жамандайды, бір күн байды жырласа, бір күн кедейді жырлайды. Олар тарыға қызығатын тауық сықылдылар..

III. Ұлтшылдар туралы

Қошке көлденең әкеліп тарта бергендіктен ұлтшыл жазушылар мен ақындар туралы азырақ тоқтаңқырап етпесе болмайды. Неге десеңіз, Қошке айтқандай, ,олардың бірнеше жылдық тарихы бар. Қошке мақаласының бас жағында менің астыма «Сен де өсіпсің» деп көпшік қойып, «кеше Ақаң мен Абайды жамандап едің бүгін мұның қалай» дегісі келген.

Қошкенің мақтағанына рахмет, бірақ, менің Ахмет Байтұрсынов туралы (Қошке сөксе де) сондағы пікірім әлі сол қалпында. Оның айтып отырғаны 1923 жылдың март айында шыққан «Еңбекші қазақ» газетінің 69 санындағы менің «Қара тақтайға жазылып қалып жүрмеңдер, шешендер» деген мақалам туралы болу керек. Ол мақала бір жолдастың «Ақанның алдында» деген баяндамасы туралы жазылған. Ондағы айтыс «Октябрьдің иесі, қазақ еңбекшілерінің көсемі Ақаң ба, жоқ па?» деген: мәселеде. Мен ол мақаламда «Ахмет әліп-биімен бағаланбаса, қазақ еңбекшілеріне бағалана алмайды. Октябрьде Ақаңның жұмысы жоқ» дегенмін. Әлі сол пікірдемін. Ақаң Кеңес өкіметіне, Коммунистік партияға қосыла алмайды. Оған дәлел «Еңбекші қазақ» газетінің 1921 жылғы 8 июльде шыққан 29 санында Ахмет былай деп жазған:

«Бауырмал қазақ қалам қайраткерлері бибауырмал (интернационалист) бола алмайды. Сыртын бояса да ішін өзгертпейді. Бибауырмал өкіметке еріп қазақ елін пісіріп жегізе алмайды» деген. Байтұрсыновтың Октябрьге жанаспайтын себебі өзінін осы сөзінен-ақ ашық көрінеді.

Қошкенің «көпшігіне» алғысты осымен бітіріп, енді ұлтшылдардың жалпы бағытына көшейін. Мен бастапқы мақаламда «ұлтшылдар да жыл санап шығармалық істерінде өсті» деп Мержақып пен Мағжанның жазғандарынан мысалдар келтіріп едім. «Шолпан» мен «Оян қазақты» көже дедің, диалектиканы білмейсің» деп Қошке маған ұрсыпты. Қошкенің диалектикасы басқа бір жақтан алып келген диалектика болмаса, мен білетін диалектикада менің сөзім дұрыс сықылды.

«Көже» деген сөзге шамданатын дәнеме жоқ. Қымыздың аты қымыз, көженің аты көже. «Батыр Баянды» көркемдік жағынан мен «көже» дегемін жоқ. Оған біздің таласымыз саяси бағыты туралы. «Бүркіт кегі» де сондай. Ал «Оян қазақ» туралы сол пікірім пікір.

Тарих жүрісінің буынын айыру өте қиын, тарих тұтасып отырады. Ұлтшыл әдебиеттің басын кесіп «17-ақ жыл деуге келмейді. Қазақ елі Россияға қосылғаннан бері қазақ қанаушыларының арасында орысты жек көру болмай қойған жоқ. Орысқа қарсы сөз тарату Бұқар мен Шортанбай иім басталды. Ахмет заманында одан да асып түсті. Бұл арасына біздің таласымыз жоқ. Бірақ қазақ әдебиетінде ұлтшылдық қана болды дегенге мен қарсымын. Қазақстанның Россияға қосылған күнінен бастап біздің өскен ортамыз Россия болды. Қазір де солай. Сондықтан орыс еңбекшілерінің яки халықшылдарының қозғалысы біздің қазаққа да әсерін тигізбей қойған жоқ.

1831 жылы қазақ ішіне саяси көзқарасы үшін жер аударылып келген Густав Зеленский деген поляк ақынының «Қазақ» (Киргиз) деген поэмасы бар. Ол орысшаға аударылып, Тройцкіде 1910 жылы басылып шыққан. Зеленский поэмасын қазақты «құлдықта шіріген, тағдырдың жауыз тырнағына іліккен» деп бастайды. Мұның жазылғанына биыл 96 жыл. Олай болса, орыс түгіл Батыс Европаның төңкеріс лебі қазақта бұдан жүз жыл бұрын тигеніне Қошке қалай қарайды? Сібір, әсіресе, қазақ даласы патша үкіметінің түрмесі болды. Патшаға қарсылардың бәрі де осылай қарай айдалды. Абайдың үйінде жататын Михаэлис пен Долгополов саяси жер аударылған кісі. Олар Абайға озат ой-сана сіңірді. Бұған Абайдың өзі және оның өмір тарихын жазған Кәкітай Ысқақов куә. Қысқасын айтқанда, қазақтың соңғы жүз жылдағы әдебиетіне өзге халықтың, әсіресе XIX ғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы орыс төңкерісшілерінің әсері тимей қойған жоқ.

«17 жыл» дегенде Қошке Октябрьден кейін ұлтшыл ақындарды көме қойған көрінеді. 17 жыл емес, Қошкенің есебімен де ұлтшылдардың жасауына биыл 26 жыл. Мағжан «Бостандық» деген өлеңі мен «Жолдасқа» деген өлеңін жуырда ғана жазғанын Қошке қалай жасырады?

Жалпы ұлтшылдар туралы тағы бірде оралармыз. Оны мұндай қысқа мақалаға сыйғызу мүмкін емес.

IV. Еңбекші жазушылар туралы

Мен бастапқы мақаламды еңбекші жазушылардың хал-жайына арнаған едім. Сөзден сөз туып, қазір ұлғайып кетіп отыр. Соның үшін бұл арасына көбірек тоқтаңқырауға тура келеді.

Қазақтың еңбекші жазушылары — еңбекші таптың өкілдері. Өйткені тап бар елден таптан тысқары шығатын ақын болуы мүмкін емес. Еңбекші таптың екі түрлі дәуірі бар. Біреуі — санасы оянбаған, байға ішінен қас болса да, сыртына шығара алмаған кезі. Екіншісі таптық міндетін сезініп күреске белін буын түскен кезі. «Қазақта тап бар ма?» деген сөздің өзін жұрт дау ете келіп, жаңада ғана мойын ұсынып отыр. Бет алған жағынан бұрылмай әлі де мойынсұнбағандар бар. Қазақта тап бұрыннан бар-ды. Бірақ тапшылдықтың сезімсіз дәуірінде жүрген. Октябрь төңкерісі туғаннан кейін қазақ еңбекшілерін тез оятатын түрлі ұйымдар ашылды. Кооперация, қарыз серіктігі, партия, кәсіпшілер одағының ұйымдары, қосшы одағы, ауыл кеңестері — осылардың бәрі қалғып жүрген қазақ еңбекшілерін тұс-тұсынан ұрандап оятып жатыр. Оған қосымша мектептер ашылып, кедейлер білімін көтеріп келеді. Еңбекші жазушылардың Октябрьден бұрын аз болып (кәтте жоқтың қасы), Октябрь артынан жүздеп шығуы осыдан.

Қошке менің алдыма «кедейден шықты» деп Жүсіпбек сияқтыларды тартқан. Олардың кедей, бай екенін мен білмеймін. Сіз солай десеңіз оныңыз да болсын! Бірақ, менің оларға тағатын кінәм: өздері кедей болғанымен пікірлері байшыл. Олар әуелі «Алашорданың» белсенді жастары болды. Совет өкіметі орнап еді, оның ісіне де араласып, Коммунист партияның қатарына кірді. Партия еңбекші тапты өркендету ісін баса істеп еді, табандары тайғанақтап партиядан шығып отырды. Тағы да большевикті жамандады. Кейін олар (әсіресе Жүсіпбек) бетін қайтадан бұрып отыр.

Қазақ еңбекшілерінің 1919 жылғы төмен шаруасы, одан 25 жыл бұрын да сондай болатын. 1919 жылы жалпы жалдайтын бай 1900 жылда да жалдайтын. Шаруашылық жақтан қысым көргені соңғы жыл деу қате. Қазақтың еңбекші тап ақындарының кеш шығу себебі кедейлердің шаруасы төмендегеннен емес, қазақ еңбекшілерінің кеш оянуы олардың қараңғылығынан, ұйымдаспағанынан, ұйымдастыратындардың болмағандығынан.

Қазіргі күнде ол дәуір өтті. Қошкенің «кедей оянуға әлі де болса талай заман бар» дегеніне біз қол қоя алмаймыз. Коммунистік партия мен Кеңес өкіметі арқасында қазақ еңбекшілері қатарға қосылып та отыр. Қазақ еңбекшілері неғұрлым тез көтерілсе, солғұрлым еңбекші жазушылар да тез өседі. Менің бастапқы мақалада мысалға алған көп жазушыларым сол тез өсуге бет алып келе жатқандар. Мен «соларға баспасөздер көмекші болып көтермелеу керек» дегенмін. Әлі де соны айтам. Сын туралы мен бастапқы мақаламның қорытындысында былай дегемін. «Сын болсын, бірақ, марксшілдер марксистік көзімен сынасын». Қатты сын болмасын дегенде менің нысанаға ұстағаным — ұлтшылдардың долы қатындарша аузына не келсе соны шатпақтап: «ақмақ, соқыр, мал, сиыр» дегендері қойылсын дегенмін. Әлі де соны қуаттаймын. «Әлі де түк істелген жоқ» деген сезден менің айтайын дегенім: осы күнге шейін Қазақстанда еңбекші жазушыларды тәрбиелейтін әдебиет ұйымы мен әдебиет журналы болмағандығы еді. Өсу жағына келгенде жалғыз Сәкен мен Бейімбет емес, бізде өсіп келе жатқан талай жазушылар бар. Бірақ көңілдегідей өсіп болғамыз жоқ.

V. Үгіт керек пе?

Ленин «Саяси үгіт» деген мақаласында былай.дейді: — Біз жұмыскерлерді оятқанда олардың қазіргі дәуірдегі қоғамшылдық құрылысының түрін мысалға алып оятуымыз керек. Жалғыз шаруашылық мұқтажын ғана көздемей саяси көзін ашу, санасын арттыруға тырысуымыз керек. Байлардың сырты сұлу, іші у пікірлерің жұмыскерге түсіндіріп, жұмыскер арасынан ондай пікірді тез тазартуға кірісуіміз керек. Осы жолға үгіттеуіміз керек.».

Қазақстан Өлкелік партия комитетінің II пленумы, осы ұранды шақырып, қазақ еңбекшілерін ояту үшін ауылда Октябрь жемісін молырақ егуді, өсіруді мақұл тапты. Әрине, бұл Қошкелерге міндетті сөздер емес. Қазақтың коммунистеріне міндетті сөз. Үкімет те, партия да қазақ еңбекшілері үшін барын аямай қимылдап жатыр. Бірақ бұл екеуі де «періштеден» құралмайды, кісіден құралады. Қазақ еңбекшілеріне үкімет болып та, партия болып та іс істейтін өздерінен шыққан саналылар.

Еңбекші жазушылар да соның бір бұтағы. Қазақ ауылын Октябрьдің дауылы түгел аралаған жоқ. Көңілге алған ойды тез орындау үшін жалғыз іспен де, жалғыз үгітпен де ұзап шабу киын. Қазақ кедейінің қазіргі тұрмысына мұнын екеуі де керек. Бірінсіз бірі болмайды. Көркем әдебиеттің қазіргі міндеті — үкімет пен партияға көмек болып, іспен қатар үгіт те жүргізу, кедей, жалшы, жұмыскерлердің мұқтажын табу. Осыдан үгіт шығады, көңілдендіру де шығады, тұрмысты суреттеу де шығады, әдебиеттің алатын бағыты да табылады.

VI. Мазмұн мен пішін туралы

Біздің еңбекші жазушылардың әлі жетіспей келе жатқан бір жері — өлеңнің мазмұны мен пішінін түгел түсіре алмауы.

Біздің еңбекші жазушылар пішін жағынан жетіліп болған жоқ. Бұл жағынан кемшіліктері көп. Қошкенің «соқыр түйе» деген сөзін, сөгісін осындай халде болғандықтан естіп жүрміз. Бірақ, өсіп келе жатқан еңбекші жазушылар мазмұн жағынан кедей емес, ел ішіндегі тұрмысты өзінің болғанындай шындықпен жазуда еңбекші жазушылар байшыл-ұлтшыл жазушылардан артық. Байшылдар жазған шығармалардың сырты сұлу болғанмен, мазмұн жағы у болып келеді. Бұл әсіресе Мағжанда көп ұшырайды. Байшылдар өмірі біткен дәуірді, енді қанша дәріптеп жырлағанмен түк шықпайтын дәуірді сипаттайды. Бұ да өзінше мазмұн!..» Бірақ мазмұн деген нәрсе өмірге сүйкімді болмаса қасиетсіз болмақ. Екі түрді мысал келтірейін.

Әуелі мақтау керек бір құдайды,

Басқадан нұрлы қылды күн мен айды

Өзінің барлығы мен бірлігіне

Ғаламға дәлел етті қыс пен жайды...»

Мазмұны қандай! Күн мен айды жарық қылған құдайды мақтау. Ол өзінің барлығына қыс пен жазды дәлел қылды. Осы да мазмұн ба? Жоқ.

Ертек, ертек, ертек екен,

Ерте күнде ешкі жүні бөрте екен

Хан Абылай немересі Кене хан

Аспанға ұшып лаулап жанған өрт екен

Сол ерінен айрылған

Алты алаштың жүрегінде дерт екен, —

деп бөседі Мағжан,

Мазмұны қандай? «Ертедегі адамдардың бәрі де ер болған екен. Бүгінгі адамдар жасық туыпты. Кененің баласы Сыздық өлді, енді қазақ та өледі. Қазақ соны уайымдайды, мен де құса болып жүрмін». Бір кісіге бір ұлттың өмірі байланысты ма? Жоқ!.. Кененің яки Сыздықтың ақылын алып, қазақ еңбекшілері орыс еңбекшілерімен жауласа ма? Жоқ!.. Сыздықты Мағжаннан басқа кім ойлайды? Ешкім де!.. Бұл өлеңнің жазылған дәуіріне қандай пайдасы бар? Жоқ!.. Өлген Сыздық түгіл қазақтың көзі тірі ұлтшылдары да, олардың тірегі байлары да еңбекшілердің ноқтасына ондап ілікті. Олай болған күнде «Сыздық ер, өрт екен» деген сөз бен «Әуелі мақтау керек бір құдайды» деген сөздің бағасы бірдей болып қалады. Екеуі де қайта басын көтермейтін дәуір.

Мазмұн жағына біздің еңбекші жазушылар мақтана алады. Қазақтың еңбекші табы өскен сайын, еңбекші жазушылары жедел өсіп келеді. Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр. Жазуы төселгендерді қоя тұрып, жаңа бастағандардан Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қазақ еңбекшілеріне» деген өлеңін мысалға алайын:

Тілегі бір, мұңы бір,

Шет елдегі бауырдың,

Астында өткен өмірі

Ағылшын қара тауының

Жалаң аяқ, жалаң бас

Бір күн тойса, бір күн аш.

Өткен күнді ойласақ,

Бізбен мұңдас, қарындас

Ағылшынның жарлысы,

Осы күнде тарықты,

Көремін деп жарықты

Басын жерден көтеріп,

Жоғары қолын ұсынды.

Қол үстіне қол жалғап

Сүйе еңбекші досыңды...

Еңбекшілер атыма

Еңбекші табы күйеміз

Қолынан тартып сатыға

Бауырыңды сүйеңіз!

Қалмақан бұл өлеңін ағылшын жұмыскерлеріне жәрдем бер деген ұранмен жазып отыр. Қалмақан ұлтшылдардың көзіне нағыз «жер астынан жік шыққан, екі құлағы тік шыққан» шала хат танитын шын жалшының өзі. Қошкенің «Емле білмей жатып жазуға жармасқандарға не дерсін?!» дегені осы Қалмақандар. Оның істейтін қызметі газет бүктеу (экспедитор). Мазмұн жағына келгенде Қалмақанның сөзі ұлтшылдардан әлдеқайда дәнді. Біздің алдағы күтіп отырған дәуіріміз бектердің (Сыздықтың) заманын жасау емес, жаңа дәуір жасау. Ол: сөзіміз іске асатын нәрсе. Ағылшын жұмыскерлерінің қозғалысы "жер жүзіне көп әсер етеді. Шала хат білетін, әлдеқалай Қалмақан мұны көріп отыр. Қошкенің таба алмай жүрген шын реализмі осы болады. Ал, Қалмақанның бұл өлеңінің пішіні сұлу ма? Жоқ. Мазмұны бай ма? Әрине, бай!.. Плехановтық «өсіп бара жатқан әдебиетте пішін мазмұннан мешеулеу қалуы мүмкін» деген сөзі осы. Бірақ, біздің еңбекші жазушылар поэзияның түр-пішін дәрежесін мазмұн дәрежесіне жеткізуге тырысуы керек.

VII. Ұлтшылдармен біріге аламыз ба?

Қазақтың ұлтшыл жазушыларының екі түрге бөлінетінін біз жоғарыда айттық. Оның біреуі — оңшыл ұлтшылдар, екіншісі— шөре-шөрелер. Оңшыл ұлтшылдар қазақ жағдайындағы кадеттер. Олармен біз қосыла алмаймыз. Орыс жазушылары бірлескенмен, орыстың кадет ақындары мен коммунист ақындары біріге алмайды. Бірігеді» деп Қошке дәлелдей де алмайды. Орыстың қосылған жазушылары болса, олар таза бұқарашылдар мен еңбекші жазушылар. Біздің қолымыздағы бұқарашылдарымыз — шөре-шөрелер. Олай болған күнде біз шөре-шөрелермен біріге аламыз. Бірақ, олардың күшімен пайдаланып, тізгінге өзіміз ие боламыз. Бірақ, Мағжандар, Қошкелер бізбен бірігер ме екен?!. Жоқ олармен біріге алмаймыз.

VIII. Кім үстем болады?

Орыстың қоғам тұрмысы өзгерген сайын жаңа жол, жаңа тап шығады. Бұл уақытта халықсыз әдебиет артта қалады да, тапшылдық бағытқа жол береді»,— дейді Плеханов.

Қазақтың саяси тұрмысы, өмір тіршілігі өзгерді. Елдің көбі егін кәсібіне айналып, қала болды. Өнеркәсіп орындары жыл сайын өсіп, жұмыскерлер көбейіп келеді. Еңбекші тап санасы артып, күн санап көтерілуде. Тап намысын тебірентіп толып жатқан ұйым бар. Осылардың бәрі әдебиетке әсер бермей қоймайды, беріп те келеді. Әдебиет шаруашылықтың саясаттың жетегінде жүрсе, күш, шаруа, саясат кімнің қолында болса, соның әдебиеті де тез өседі. Қазақ байлары ажал аузында отыр. Олар құриды. Олар өлсе жыршылары да өледі. Қазақтың еңбекші табы өркендеп келеді. Олай болса, еңбекші таптың әдебиетшілері де өркендейді. Қошке менің «түк істелмеді» деген сөзіме байланысқан. Оның артында ,«істелсе де аз істелді» деген сөзім. бар. Бұл пікірімді әлі де қуаттаймын. Себебі мынау: біз жиылыстарда, конференцияларда «қазақ кедейі үшін жұмыс аз істелді» дейміз. Ал, шынында көп жұмыстар істелді. Сөйте тұра, бізге неғылған күнде де қазақ еңбекшілерін тез өркендету керек. Іс істелсе «керек» те шыға береді. Сол жаңа шыққан «керекті» біз керерміз де «тағы да баса істелсін» дейміз. Қазақтың еңбекшіл жазушылары өсіп келеді. Бірақ бұл өсуі көңілдегідей емес. Оны тездету керек, тездетудің көп шаралары әлі қолданылмай жатыр. Менікі — соны асықтырғандық. Шаруашылық өзгерумен қатар біздің барлық жұмысымыз да өзгеріп келеді. Сол өзгерген жұмыстарымызды бізге тездету керек: бізде басқа тұрмыс түрлерінен көрі әдебиет өсуі шабандау. Мұны жасырудың керегі жоқ. Менің «аз істелді» дегенім сол еді, Әйтпесе келешек біздікі.

IX. Кімнен үлгі аламыз?

Ұлтшылдардың, кейбір ұлтшылдыққа бейімдердің алдымызға үлгі ал деп тарта беретіні қазақ ұлтшылдарының шығармалары. Ұлтшыл не еңбекшіл деп бөлмей алғанда, жалпы қазақ әдебиеті өзінен-өзі үлгі алатын дәуірге жеткен жоқ. Сондықтан бізге көрші, өнерлі елден өнеге алмай болмайды. Бұл туралы Плеханов былай деп жазады: «Қай халық болса да көршісінен үлгі алады. Қай халыққа болсын көрші отырып бір-біріне әсерің тигізбейтін қоғам болмай қоймайды... Екі елдің әдебиеті, өнері тең болған күнде ғана бір-біріне әсер етеді. Егерде біреуі артта, біреуі алда болса, ол уақытта өнерсізі өнерлісінен әсер алады да, өнерлі өнерсізден әсер алмайды»..

Бізбен көршілес отырған ел — орыс елі, Оның. өнері: бізге әсер бермей қоймайды. Себебі — орыс елі бізден көп өнерлі. Бірақ, әзірге бір оларға әсер ете алмаймыз. Себебі: біз мәдениет сатысында төменбіз. Қазақтың соңғы ғасырдағы халық аузында айтылып жүретін өлеңдерінің пішініне (форма) ұлтшыл ақындар өзгеріс кіргізе алған.жоқ. Кіргізсе де аз. Ал, мазмұн жағына жаңалық кіргізді:, Бірақ біз ол мазмұнмен жаза алмаймыз. Соның үшін үлгіні ұлтшылдардан алу керегі жоқ. Көрші отырған орыс еңбекшілерінен алу керек.

 

Әлгіде айтатыным: біздің алдағы мақсатымыз — білу, үйрену, білгеннен үлгі алу. Үлгі алғанда үлгі боларлық елден алу. Қазақтың байшыл ақындары бізге үлгі болуға жарай алмайды.

X. Тақырыптар

Байшыл жазушылармен біздің біріге алмайтынымыздың ең үлкені— тақырыптар туралы. Еңбекші жазушыларға одақ болатын Қошке, тақырыпқа келгенде одақ бола алмайтынын ашық көрсеткен. Тақырып іздегенде Қошкенің көзіне алдымен партия ұяларын жамандау, орыс пен қазақтың жанжалы, байдың большевик болуы түседі. «Үш жүз» түскен Қошкенің аузына оған қарағанда нағыз байшыл «Алашорда» неге түспейді? Оның аузыма 1919—20 жылдары өтірік коммунист болғандар, разверстка жинаған большевиктер түскенде, Колчактың қанішерлері, олардың ел талауы, «Алашорданың» қырып салдары неге түспейді? Бар мәселе осында. Кім нені жақсы көрсе соны мадақтайды. Нені жек көрсе соны жамандайды. Қошкелердің көзіне разверстка жинаушылар тажал көрінеді. Ал, Колчактың қазаққа қамшы соққан, талаған қулары көрінсе де көрінбейді.

Рас, біздің алғашқы кезімізде ағаттықтарымыз да болды. Оны жасырмаймыз. «Ісімізді де, кемшілігімізді түзеу керек» деген мақаласында Ленин былай дейді:

«Революция дәуірінде ағаттық болмай қоймайды. Оны біз жасырмаймыз, бірақ, түзейміз».

 

Алғашқы аласапыран кезінде байлардан, қулардан партияға кіргендер жоқ емес, оларды біз қазір тазарттық. Әлі де болса бірен-сарандар бар шығар. Олар да тез бітпек. Елдегі байлар түгіл, партияға алдап кірген «Алашорданың» шәкірттері де жоқ емес. Қарашының 1923 жылы «Қызыл Қазақстан» журналына басқан «Тарихи суреттер» деген мақаласын оқыған кісі бұны жақсы біледі.

Менің бұл сөзімнен өткен қателерімізді жасырамыз деген пікір тумайды. Қошке көріп жүрген өткен істің қатесін партия одан артық көріп отыр. Жаман істердің қалайша жаман болғанын тексеріп, түзетуге күш жұмсап жатыр! Бірақ, ол қателіктерді Қошке мен біздің сынауымыз екі түрлі: Қошкенің сынауы, — коммунистердің қайдағы жоқ кемшіліктерін тауып алып «сендер жамансыңдар» деу. Біздің сынауымыз коммунистердің кемшіліктерін түзеп, жақсылыққа аяқ бастыру. Сондықтан тақырыптарға келгенде, Қошкенің жазғанына біздің (еңбекшілердің), біздің жазғанымызға Қошкелердің (Алашорданың) іші ауыратыны, ала көзбен қарасатынымыз рас. Жалпы тақырыптарға келгенде айтатыным: әдебиетші (ақын мен жазушы) тарих жазуға міндеткер емес. Олар оны жазбайды да. Жазушылардың міндеті — көбінесе өмірдің көкейтесті мәселелерін көркем сөзбен бейнелеп; өзі сүйенген еңбекші көпшіліктің алдына тартып отыру. Ескіден де, мысал, оқиға, мағлұматтар алынсын. Бірақ, қайда барса қазған көрге кез келетін Қорқыт сықылдылардың керегі жоқ. Олар бұқараға өлім елестеткеннен, жасытқаннан басқа түк бермейді.

Біздегі қазіргі тақырыптардың ең күштісі, ең керектісі еңбекшілердің таптық сезіміне әсер етіп, тез оятатын тақырыптар. Олар мыналар:

1)         Жалшылардың еңбек заңына сүйеніп іс істеуі (Сәкеннің «Еңбек шарты» деген поэмасы сықылды).

2)         Жерді тең алу, байдың егіндік, пішендік жерлерінен кедейге жер алып беру үшін, кедейлерді соған көңілін бұру, ояту.

3)         Кедейлерді шаруашылық жағынан ұйымдастыру туралы жазу (кооперациямын толып жатқан бөлімдері, қоғам және басқалар).

4)         Қосшы одағы, кәсіпшілер одағы, партия ұясы, тағы сол сықылды тап сезімін оятатын ұйымдарды күшейту жағына шығу.

5)         Әйел теңдігі мәселесі.

6)         Атқамінерлердің, байлар мен молдалардың кедейлерге істеп жүрген қиянаттары.

7)         Сот, кеңес, милициялардың үлгі боларлық істері, олардың жұмысындағы кемшіліктері, оны түзеу жолы.

8)         Орыс қазақ еңбекшілері мен басқа да ұлттар еңбекшілерінің достығы.

9)         Хан, би, бай, болыстардың елді қалай қанағаны.

10)       Кедейлердің, ауыл коммунистерінің хат танымаушылығын, саяси сауатсыздығын жою туралы.

11)       Елдегі мектеп ашу ісін күшейту.

12)       Өнеркәсіп орындарының жұмысын жазу. Жұмыскерлерге еңбек өнімділігін арттыруды, сауаттарын ашуды үйрету.

Айта берсе тақырыптар толып жатыр. Оның бәрін жаза беруге мүмкіндік жоқ. «Бұларың поэзияға келе ме?» деп Қошке бас салмасын. Тұрмыстың ең күшті поэзиясы осы. Шын социализм де осыдан табылады. Бірақ тілін біліп жазу керек. Бірақ оған Мағжанның тілі келмейді. Мағжанның тілі келетін тақырып — байларды, хандар мен бектерді мадақтау, күні өтіп, өліп бара жатқан өмірді мадақтау. Ал біздің Қалмақандарымыздың жаңа өмірді жазуға тілі әбден келеді. Олар оңдап жаза іл алады. Ал өткен дәуірдің істерін жазғанда осы күнгі тұрмысқа не үлгі болатын, не болмаса ескінің жаманынан жирендіретіндерін ғана жазу керек.

XI. Қорытынды

Қазақта жігі ашылған екі таптың да жазушылары бар: біреуі еңбекшілдер, екіншісі байшылдар. Бұл екеуі бір-біріне өмірінде қосыла алмайды. Байшылдардың азырақ есі барлары өлетінін біледі де шөре-шөрелікке айналып, бізбен жақындасуға тырысады. Қысқасын айтқанда, күшейіп келе жатқандар да, келешегі күштілер де еңбекшілерден шыққандар.

Әдебиет майданында күн санап өсіп келеміз. Бірақ кемшіліктеріміз де бар.

Қошкеше шаруашылық сабасына түспей ұйым жасауға болмайды мыс. Қошке айтқан саба, қымыз құятын ыдыс болмаса, қазақ елінің шаруашылығы қазір соғыстан бұрынғы дәуірінің 95 процентіне жетті. Мұның аты – түзелген шаруа. Қазақ елінің шаруашылығы әдебиет ұйымы түгіл одан үлкен ұйымды ашуға да жарайды.

Әдебиет ұйымынан партия ұйымдары күшті екенін жақсы білеміз. Партия ұйымдары — қазіргі дәуірде саяси көсем. Қошке қорыққаны, жамандағанымен біз ел ішінде партия ұяларын да ашып жатырмыз. Жалғыз шаруашылық емес, біздің әдебиетіміз де, әдебиетшілеріміз де өсіп келе жатқанын жоғарыда дәлелдедік. Сол өсіп келе жатқандарды көтеру үшін менімше 5 түрлі шарт керек.

1) Әр жерде басын қоса алмай жүрген еңбекші жазушыларды бір жерге жинайтын ұйым керек. Ұйым керек болғанда аты ұйым болмасын, күрделі іс істесін. Бұл туралы мен бастапқы мақаламда пролетариат Жалшылар. ұйымының Қазақстандағы бөлімшесі өркендесін деген едім. Әлі де сонымды қуаттаймын. Бірақ, бұл күйінде ол ұйым бізді қанағаттандыра алмайды. Ұйымның программасы Орталық Россия ұйымдарының жағдайына ыңғайлас жасалуы керек. Одан кейін тиянақты басқарма сайланып, ұйымның ісін алып жүруге міндетті болсын. Жергілікті орындармен байланыс жасап, барлық еңбекші жазушыларға көмек көрсетіп отырсын. Бұл ұйымды көрнекті ұйым ету үшін Қазақстанның әр түкпірінде жатқан жазушылардың жиылысы шақырылып, басқарма содан кейін ашылсын. Оған шейін ұйымдастыру бюросы сайлансын. Нендей мәселе болсын Жиналыста шешілетін болсын. Бұл іске Өлкелік Партия Комитетінің баспасөз бөлімі бірнеше әдебиетшілерді ақылдылыққа алып, басшылық етсін.

2)         Әдебиет журналы туралы. Бастапқы мақаламда мен бұл сөзді өте қысқа айтып едім. Енді толығырақ жазуға тура келіп отыр. Ұйым ашылғанымен жемісін жарыққа шығарып отыратын қолында құралы болмаса іс істей алмайды. Бізге қазір ең сирек нәрсенің біреуі айында бір рет шығаратын әдебиет журналы. Осы журнал ашылса, жаңа жазып келе жатқандарға жолбасшы да болады, оларды жазуға үйретуші де болады. Бастарын қосып ұйымдастырушы да болады. Бұл болмаса сөздің бәрі қағаз жүзінде қала береді.

Мұндай журналды шығару бір кісінің қолынан келмейді, оған қаражат керек. Айына 3 баспа табақ қағаз етіп шығарғанда, қалам ақысын қоспағанда, жеке саны 500 сомдай шығын керек етеді. Жазушылар ұйымы әбден қалыптасып болғанша бұл іске тиісті мекемелер қаражат беруі керек. Бірер жыл шығарғаннан кейін ондай журнал өзін-өзі ақтай алады.

3)         Мектептерде әдебиеттің марксистік бағыты туралы сабақ берілсін. Әсіресе бұл сабақ партия мектептерінде, техникумдар мен институттарда міндетті түрде оқытылсын. Кейбіреулер, әсіресе Қошке «кісіні қайдан табамыз?» деулері мүмкін. Ол дұрыс емес. Біздің жыл санап жоғары дәрежелі мектептерді бітіріп шығып жатқан коммунистеріміз, яки Кеңес өкіметін жақсы көретін партияда жоқ жастарымыз бар. Олардың ішінде әдебиет мәселесіне жақсы қарайтындары да жоқ емес. Мәселен, қазақ педагогика институтында Ахмет Байтұрсыновтың орнына Ғаббас Тоғжанұлы немесе марксизммен қаруланған сондай жастар оқытса, Маркс көзқарасын анағұрлым жақсы таныстыра алар еді. Ал, ұлтшылдар инедей мүмкіндік бар жерде өз идеясын өткізуге тырысады. Мектептерде әдебиет үйірмелері де ашылуы керек. Мектептерде оқылатын оқу құралдарымыз да жоғарғы кобаға сәйкес жасалулары керек. Осы күнге дейін біздің оқу құралдарымыз «пәлен бидің айтқанымен» келе жатыр. Бұл жаңалыққа сүйремейтін керітартпалық.

4)         Қазақ тілінде шығатын барлық газет, журналдарымыз еңбекші жазушыларға тәрбиеші болсын.

5)         Мүмкін болған күнде әдебиет үйренетін курс ашылсын. Ол болмаса тиісті мекемелер стипендия беріп, орталықтағы әдебиет мектептеріне әдебиетшілерді жіберіп тұрсын.

Әрине, бір мақалада көркем әдебиет мәселесін түгел баяндау қиын. Әлі де болса бұл туралы жазармыз. Әзірге осымен тоқтаймын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға