Жаңалықтар

Көркем әдебиет туралы

Октябрь төңкерісі езілген ұлттардың, езілген таптың, қай-қайсысының болса да көзін ашып, көкірегіне сана кіргізді. Россиядағы басқа ұсақ халықтар сияқты біздің қазақ елі де қазіргі бостандығын өз күшіммен алдым, өзім жеттім деп айта алмайды. Мұны әперген Октябрь төнкерісі, оны жасаған орыс жұмыскерлері. Қазақстан ел болғанына міне алты жылға толып, жеті жасқа аяқ басты. Осы алты жылдың ішінде кеңес құрылысы, партия құрылысы, оқу, білім, шаруашылық, тағы басқа жұмыстардың бәрі де күн санап ілгерілеп келеді. Рас, бәрін бірдей бір күнде түзеп жіберуге болмайды. Әйткенмен негізі салынған, ендігі міндет — алға баса беруде. Қоғам тұрмысында үлкен орын алатын мәселелердің бірі — әдебиет мәселесі. Бұл мәселеге тұрақтап, «алты жылдың ішінде не істедік?» деген сұраққа келсем,— «жоқ» дегеннен басқа жауапты кімнің де болса бере қоюы қиын. Мұның бұлай болуына үш түрлі себеп бар: 1). Жалпы қазақ елінің, оның ішінде кедейлерінің сауаты төмен. Соңғы уақытта ел ішіне сауат ашатын мектептер ұйымдастырып, ептеп қара танығандары болмаса, одан бұрын қазақ кедейінің жүзден 99-ы хат білмейтін еді десек өтірікші болмаспыз. Сол сауатсыз кедейлер Қеңес өкіметінің алғашқы жылынан бастап белсеніп іске кірісе алмады. Әдебиет әлеміне қатынасу түгіл басқа іске де жөнді қатынаспады. Азын-аулақ талаптардың бірлі-жарымдары ол-пұл жазса яки ауызша шығарса, олары ел ішінен ілгері асқан жоқ. 2). Байшыл-ұлтшылдардан шыққан әдебиетшілер кедейден жаңа көтеріліп келе жатқан жазуға қыры барларды менсінген жоқ, «кешегі пәленшеден не шығады» деген көзбен қарады. Неше жылдан бері жазуға кәнігіленген, оқуы мол, әдебиет заңына жетік: Жұмабайұлы Мағжан, Аймауытұлы Жүсіпбек, тағы сол сықылды жазушыларға қоятын шартты көзін жаңа тырнап ашып келе жатқан, оқуы аз, әдебиет заңына шорқақ, тілі жаттығып болмаған кедей балаларына да қойды. Бұл шартты олар көтере алмады. Бірер жазғандарына тым қатаң қарағандықтан біразы бұғып қалды. 3). Біздің тұрмыс бірлесіп, біреудің білмегенін біреу ,үйрететін тұрмыс: партия ұяларының ашылуы; кеңестердің сайлануы, кооперациялар мен артельдердің ашылуы, тағы осындай жұмыстардың бәрі бірлесіп істеген істердің жемісті болатындығынан шыққан нәрсе. Әдебиет те осы сықылды, оның да өз алдына ұйымы болады. Мәселен, Мәскеу қаласында ұсақ өнершілер, шаруалар, жұмыскерлер жазушыларының өз алдына құрған ұйымы бар. Сол ұйымды құру мақсаты: күшті бір орынға топтау, білмегендерді үйрету, білгендерін білмегендеріне ұстаз ету. Қазақстанда мұндай ұйым 1925 жылға шейін болмады. 1925 жылдың ішінде Мәскеудегі Кеңестер одағының жазушылар ұйымының (ВАПП) Қазақстанда да бөлімшесі ашылған еді, ол да күрделі іс істеп жарыққа әзірге шығара алған жоқ. Бұдан басқа біздегі үлкен кемшіліктердің бірі — әдебиет мәселесінің негізін шешу дегеннің өзі де дұрыс бағытқа қойылмады. Бұл жанжалдың арты тиянақты бір мәселеге тірелген жоқ. Қозғалған мәселенің ең маңыздысы «қазақта тап ақыны бар ма?» деген сөз еді: «Коммунист ақындардың бетін былғадық, масқараладық» деп ұлтшыл сыншылар жүрді. Тап ақынын бар қылдық, ұлтшыл ақындарға кедергі салдық» деп коммунист сыншылар жүрді. Бірақ, ұлтшыл ақындардың қателігін, залалдығын дәлелдеу жағымыз болмаса, қазақта тап ақыны бар ма, яки бола ма? деген мәселені біз күні бүгінге дейін тиянақтап жеткеміз жоқ. Бұл туралы алты жылдың ішінде көз көріп, қолға ұстап отырғанымыз Тоғжанұлы Раббасың «Жүсіпбек сыны. Мағжан ақындығы туралы» деген:кітабы. Бұл кітапта біраз қысқаша түсініс берілген. Бірақ, кітаптың алып отырған темасы Мағжан туралы болғандықтан мәселенің көбі соған арналған. Бұдан басқа көркем әдебиет туралы жақсы сынды Бәйділдәұлы Абдырақманның «Көркем әдебиет туралы» деген «Еңбекші қазақ» газетінде 1925 жылы басылған мақаласынан көрдік. Абдырақманның бұл мақаласын оқыған кісі ұлтшыл сыншылардың қателігін, тағы жазушыларының барлығын, келешекте де болатындығын ашық көреді. Біздің үстіміздегі дәуір күрес дәуірі, мылтық алып күреспегенімізбен, пікір жүзіндегі күресіміз әлі қойылмайды. Қазақтың өз ішінен шыққан «Алашорда» партиясы бар. Оның мүддесін аянбай қорғайтын Мағжан сықылды ақыны бар. Олар қағаз жүзінде жоғалғанмен әлі өліп біткен жоқ. Оны біздің Қазақстан түгіл, Орталық партия комитетінің осы жаздағы июль айында болған пленумы да бар деп тапты. «Алашорданы» қуаттайтын қазақ ұлтшылдары баспасөздің маңайында отырып алып, өз дегендерін ептеп іске асырып келеді: Алты жылдық өміріміздің ішінде коммунист жазушылардың, яки солардың тілегіндегілердің шығармалары баспасөздерімізде көп көрінді ме, яки ұлтшыл жазушыларымыздың әдебиеттері (сырты сұлу, іші у) көп көрінді ме деген сөзге ұлтшылдардікі көп көрінді десек күнәлі емеспіз. Біздің жұртшылық ілгері кетіп бара жатыр. Біздің алдағы міндетіміздің біреуі сол ілгері басқан Жұртшылықпен қатар, көркем әдебиетімізді де ілгері бастыру. Бұл арада «кешегі білімі аз кедейден шыққан жазушыларымыз бүгін қандай екен?» деген сұрақ туады. Әрине, кешегі білімі аздар бүгін бірден аспанға шығып кеткен жоқ. Ептеп өсіп келеді. Бірақ, әлі көңілдегідей білімденіп болды деп айтуға болмайды. Бұл бұлай болғанмен өткен жылдардан едәуір ілгері кеттік. Біріншіден, жазып жүргендер аз-мұздап алға басса, екіншіден, елдегі кедейлерден қатарға ұмтылып келе жатқан әлденеше жазушыларымыз бар. Бұлар әлі қызметке кірмеген, өз шаруасын бағып жүрген ауыл тілшілері. Ауыл тілшілерін алғанда Максим Горькийдің төмендегі бір сөзі есіме түседі: «1906 жыл мен 1910 жылдың (4 жылдың) арасында менің қолымда шаруадан шыққан 400-ден аса жазушылардың тізімі бар. Бұлардың жазған жазуларының дұрыс біреуі жоқ. Бәрі де басуға жарамайтын қателер. Бірақ өзгеше бір қасиет бар, ол мынау: қай өлеңін алып оқысаң да қаладағы шаруаның немен күн көріп, неден жәбірленіп, не нәрсеге қуанып жүргенін көзіңе айқын елестетеді. Менімше қала халқының қандай күйде жүргенін білу қай оқушыларымызға болса да ұнамсыз емес шығар. Мен көбін оқыдым. Жазылған жазуға қарасаң қаламға ылайық қолдың түсірген сызығы емес. Уқаланған жаман қағазға жазған қиқы-шойқы, түкке тұрмайтын жазу. Бірақ, ой жіберіп кейбір сездеріне қарап отырсам, жүрегім аттай тулап, төбе шашым тік тұрады. Ең бір ғажап жері әр жақтан келген жазулардың түпкі сарыны, көздеген мақсаты біреу-ақ — халық тіршілігі. Құндылығы осында. Бұл жазушылардың он бірінің-ақ анда-санда жазғандары басылып жүр, Қалғандарынан баспаға басылғандары жоқ. Оқу жайына келсек, көбі шала хат таниды. Кейбіреулері хат алып, хат берудің де мәнісін білмейді. Бір солдат былай деп жазыпты: «Егерде жазғаным басылмаса Васман уезіндегі Степан Наклашин деген солдатқа қайырыңыз». Максим Горькийдің осы сөзі біздің қазіргі заманымызға дәл келеді. Қай губернияда шығатын қандай газетті алсақ та, оларға елдегі шала хат білетін тілшілерден, комсомолдардан, жас партия мүшелерінен, ауыл мұғалімдерінен әдеби шығармалар көп келеді. Біздің баспаларымыз олардың көбін ылайықсыз деп тауып баспайды. Әрине, Максим Горький айтқандай, ауылдан келетін өлең, әңгімелердің көбі басып жіберуге жарамсыз бірақ онда терең сыр бар: ауыл кедейлері қалай күн көріп жатыр, не нәрсеге түсінді, не нәрсеге түсінген жоқ, не нәрседен жәбірленді, байларға қалай қарайды, осыларды ашық көруге болады. Біздің алдағы күнде тапшыл жазушыларымыз кім? Әрине, солар. Осы күнгі жолбикелерге сеніп, олардан «тапшыл ақын жасаймыз ба, қайтеміз?» деп жүргеннен де, жаңа оянып келе жатқан кедей жастарына көбірек көз салуымыз керек. Егер оларды үйрете білсек, ертең-ақ қатарлы жазушы болып шыға келеді. Осы күнде «күшті ақын» деп көкке көтеріп жүрген ұлтшыл жазушы, ақындар осы қалыптарымен туған жоқ. Мержақыптыц «Оян қазағындай», Мағжанның «Шолпанындай» көже өлеңдерді біздің кедейден көтеріліп келе жатқандарымыздың қайсысы болса да жаза алады. Бұдан біз көкке көтеріп жүрген ақындардың кеше ғана жерден шыққанын көреміз. Олай болса, біздің бүгін көтеріліп келе жатқан тілшілерден шыққан ақындарымыз да ертең көкке қолын сермейді. Ендігі бір айтатын мәселе біздің жазушыларымыздың жазу бағыты туралы. Кедейден шыққан жазушыларымыздың жазуларының көпшілігі жалан үгіт, айғай болып келеді: «Кедейлер ояныңдар, байлармен күресіндер, молданы көзге шұқыңдар, өз тізгіндеріңе өздерің ие болыңдар, ұйымдасыңдар...» деген сықылды. Кедейден шыққандарды ұнатпайтындардың кедей ақындарын, жазушыларын бір жамандайтын жері осы. Бұған азын-аулақ коммунист жолдастардан да қосылып кететіндер бар. Мәселен, Самат деген жолдастың баспаға жіберген кітабын Жолдыбайұлы Молдағали жолдас «Лениншіл жастың» бір санында сынап мақала жазады. Молдағалидың Саматқа қоятын кінәсының ең зорының біреуі: «Октябрь төңкерісі бітті, енді төбелес жоқ. Бірақ Самат төбелестен қайтқан жоқ екен. Тиыш жатқан елге төбелес жасаймын деуі қай сөз...» Бұған Саматтың өлеңдерінен мысал алады. Мысалға алған өлеңдері жоғарғы көрсетілген айғай. Мұндай беталыстан біздің жазушыларымыз әлі арылып болған жоқ. Құрғақ айғайдан шығатын пайда аз екеніне ешкім таласпайды. Қазіргі күннің ұраны да солай. Бірақ елді бір жағынан қанын қыздырып үгіттеу деген нәрсені менімше әзір түгелімен тастауға болмайды. Қазақ кедейлері әлі оянып болған жоқ. Байдың ықпалынан әлі шығып жеткен жоқ. Оларды саналандыру үшін әртүрлі тәсіл керек. Соның біреуі нақты іс болса, біреуі пәрменді үгіт, онсыз болмайды. Ал, сөздің әдемілік, суретшілдік жағына келсек, ол бір күнде бола қоймайды. Оқи, біле, түсіне, көре болады. Бұлай болған күнде жас жазушыларымызды салған жерден әдемі суреткер ете қоямыз деу шындыққа үйлеспейтін нәрсе. «Үйрен» деген сездің айыбы жоқ. Жас жазушыларымыз үйренуге тырысулары керек. Бірақ үйреніп болғанша қыспақтап кету қате. Бәйгеге шапқан атты салған жерден өкпеге теуіп айдап кетсе, тез болдырып, шаба алмай қалады. Біздің жас жазушыларымыз да сондай. Жүздеген жас жазушыларымыздың сөздерін мысалға алмай-ақ Абдырақман Бәйділдин мен Ғаббас Тоғжановтың сөзінен қазақта тап ақыны барлығын біз көріп отырмыз. Оны жоқ дегендер көргісі келмегендер. Бізде жазушылар (еңбекші жазушылары) өсіп келеді. Өсіре беру алдағы басшылық ететін коммунистердің, партия мекемелерінің міндеті. Мұны V партия конференциясы баспасөз туралы қаулысында ашық айтқан. Бірақ айту бір басқа да, іс бір басқа ғой. Қазіргі қалпымызға қарағанда, жас жазушыларымыз тез көтеріледі деп айту қиын. Себебі: көтермелеуші аз. Басшылық етем деп жүрген еңбекші жазушыларының Қазақстандық ұйымы жақсарта алған жоқ. Бұл қалыппен бара берсек, тез көтеріле қоюымыз қиын мәселе, соның үшін бұдан былай төмендегі шараларды жүзеге асырған жөн. 1) Еңбекші жазушылардың Қазақстандық ұйымы ҚазАПП-тың ісі алға бастырылсын. Елдегі жаңа жазып келе жатқандарға жолбасшы болып, оларға тәрбие бере алатын болсын. 2) Әдебиетке жол ашатын құралдың біреуі – әдебиет журналы. Мұндай нәрсе бізде жоқ. Жазып келе жатқандардың өсуі үшін басылып отырса, бір жағынан көтеріледі де, екінші жағынан жаманын түзейді. Соның үшін екі айда бір рет болса да әдебиет журналы ашылсын. 3) Газеттердің бетінде кедей жазушылардың іске жарарлық өлең, әңгімелері басылып отырсын. Азын-аулақ кемдіктеріне ақыл берілсін, бірақ көңілін қайтарарлықтай әзірге зілді сын болмасын. 4) Қазақстанның ойдағы, қырдағы қаламының желі бар кедейшіл жазушыларының есебі алынып, оларға газет-журналдар арқылы ақыл-кеңес беріліп отырылсын. 5) Кедей жазушылардың өлең яки әңгіме жинақтары болса жарарлықтары тез басылып отырылсын. 6) Әдебиеттің маңызы, заңы, тарихы, түрі туралы білетін коммунистерге кітапшалар жаздырып, оларды басып, елдегі жас жазушыларға тарату шарасына кірісілсін. 7) Көркем әдебиетті үйренетін курстар ашылсын. Жоғарғы мектептерге әдебиетшілер іріктеліп жіберілсін.. Әрине, бір мақалада әдебиет туралы барлық, пікірді түгел айтып бітіруге болмайды. Бұл туралы жолдастар пікірлерін ұсынар, менің әзірге ұсынысым осылар. Қорытынды сөзімде айтатыным: әдебиет мәселесін тиянақтап, бір ізге түсіретін уақыт жетті. «Еңбекші қазақ» газеті, 14—15 октябрь, 1926, 227—228 сандарында басылған. 
08.12.2012 05:04 10130

Октябрь төңкерісі езілген ұлттардың, езілген таптың, қай-қайсысының болса да көзін ашып, көкірегіне сана кіргізді. Россиядағы басқа ұсақ халықтар сияқты біздің қазақ елі де қазіргі бостандығын өз күшіммен алдым, өзім жеттім деп айта алмайды. Мұны әперген Октябрь төнкерісі, оны жасаған орыс жұмыскерлері.

Қазақстан ел болғанына міне алты жылға толып, жеті жасқа аяқ басты. Осы алты жылдың ішінде кеңес құрылысы, партия құрылысы, оқу, білім, шаруашылық, тағы басқа жұмыстардың бәрі де күн санап ілгерілеп келеді. Рас, бәрін бірдей бір күнде түзеп жіберуге болмайды. Әйткенмен негізі салынған, ендігі міндет — алға баса беруде.

Қоғам тұрмысында үлкен орын алатын мәселелердің бірі — әдебиет мәселесі. Бұл мәселеге тұрақтап, «алты жылдың ішінде не істедік?» деген сұраққа келсем,— «жоқ» дегеннен басқа жауапты кімнің де болса бере қоюы қиын. Мұның бұлай болуына үш түрлі себеп бар:

1). Жалпы қазақ елінің, оның ішінде кедейлерінің сауаты төмен. Соңғы уақытта ел ішіне сауат ашатын мектептер ұйымдастырып, ептеп қара танығандары болмаса, одан бұрын қазақ кедейінің жүзден 99-ы хат білмейтін еді десек өтірікші болмаспыз. Сол сауатсыз кедейлер Қеңес өкіметінің алғашқы жылынан бастап белсеніп іске кірісе алмады. Әдебиет әлеміне қатынасу түгіл басқа іске де жөнді қатынаспады. Азын-аулақ талаптардың бірлі-жарымдары ол-пұл жазса яки ауызша шығарса, олары ел ішінен ілгері асқан жоқ.

2). Байшыл-ұлтшылдардан шыққан әдебиетшілер кедейден жаңа көтеріліп келе жатқан жазуға қыры барларды менсінген жоқ, «кешегі пәленшеден не шығады» деген көзбен қарады. Неше жылдан бері жазуға кәнігіленген, оқуы мол, әдебиет заңына жетік: Жұмабайұлы Мағжан, Аймауытұлы Жүсіпбек, тағы сол сықылды жазушыларға қоятын шартты көзін жаңа тырнап ашып келе жатқан, оқуы аз, әдебиет заңына шорқақ, тілі жаттығып болмаған кедей балаларына да қойды. Бұл шартты олар көтере алмады. Бірер жазғандарына тым қатаң қарағандықтан біразы бұғып қалды.

3). Біздің тұрмыс бірлесіп, біреудің білмегенін біреу ,үйрететін тұрмыс: партия ұяларының ашылуы; кеңестердің сайлануы, кооперациялар мен артельдердің ашылуы, тағы осындай жұмыстардың бәрі бірлесіп істеген істердің жемісті болатындығынан шыққан нәрсе. Әдебиет те осы сықылды, оның да өз алдына ұйымы болады. Мәселен, Мәскеу қаласында ұсақ өнершілер, шаруалар, жұмыскерлер жазушыларының өз алдына құрған ұйымы бар. Сол ұйымды құру мақсаты: күшті бір орынға топтау, білмегендерді үйрету, білгендерін білмегендеріне ұстаз ету. Қазақстанда мұндай ұйым 1925 жылға шейін болмады. 1925 жылдың ішінде Мәскеудегі Кеңестер одағының жазушылар ұйымының (ВАПП) Қазақстанда да бөлімшесі ашылған еді, ол да күрделі іс істеп жарыққа әзірге шығара алған жоқ.

Бұдан басқа біздегі үлкен кемшіліктердің бірі — әдебиет мәселесінің негізін шешу дегеннің өзі де дұрыс бағытқа қойылмады.

Бұл жанжалдың арты тиянақты бір мәселеге тірелген жоқ. Қозғалған мәселенің ең маңыздысы «қазақта тап ақыны бар ма?» деген сөз еді: «Коммунист ақындардың бетін былғадық, масқараладық» деп ұлтшыл сыншылар жүрді. Тап ақынын бар қылдық, ұлтшыл ақындарға кедергі салдық» деп коммунист сыншылар жүрді. Бірақ, ұлтшыл ақындардың қателігін, залалдығын дәлелдеу жағымыз болмаса, қазақта тап ақыны бар ма, яки бола ма? деген мәселені біз күні бүгінге дейін тиянақтап жеткеміз жоқ. Бұл туралы алты жылдың ішінде көз көріп, қолға ұстап отырғанымыз Тоғжанұлы Раббасың «Жүсіпбек сыны. Мағжан ақындығы туралы» деген:кітабы. Бұл кітапта біраз қысқаша түсініс берілген. Бірақ, кітаптың алып отырған темасы Мағжан туралы болғандықтан мәселенің көбі соған арналған.

Бұдан басқа көркем әдебиет туралы жақсы сынды Бәйділдәұлы Абдырақманның «Көркем әдебиет туралы» деген «Еңбекші қазақ» газетінде 1925 жылы басылған мақаласынан көрдік. Абдырақманның бұл мақаласын оқыған кісі ұлтшыл сыншылардың қателігін, тағы жазушыларының барлығын, келешекте де болатындығын ашық көреді.

Біздің үстіміздегі дәуір күрес дәуірі, мылтық алып күреспегенімізбен, пікір жүзіндегі күресіміз әлі қойылмайды. Қазақтың өз ішінен шыққан «Алашорда» партиясы бар. Оның мүддесін аянбай қорғайтын Мағжан сықылды ақыны бар. Олар қағаз жүзінде жоғалғанмен әлі өліп біткен жоқ. Оны біздің Қазақстан түгіл, Орталық партия комитетінің осы жаздағы июль айында болған пленумы да бар деп тапты. «Алашорданы» қуаттайтын қазақ ұлтшылдары баспасөздің маңайында отырып алып, өз дегендерін ептеп іске асырып келеді: Алты жылдық өміріміздің ішінде коммунист жазушылардың, яки солардың тілегіндегілердің шығармалары баспасөздерімізде көп көрінді ме, яки ұлтшыл жазушыларымыздың әдебиеттері (сырты сұлу, іші у) көп көрінді ме деген сөзге ұлтшылдардікі көп көрінді десек күнәлі емеспіз.

Біздің жұртшылық ілгері кетіп бара жатыр. Біздің алдағы міндетіміздің біреуі сол ілгері басқан Жұртшылықпен қатар, көркем әдебиетімізді де ілгері бастыру.

Бұл арада «кешегі білімі аз кедейден шыққан жазушыларымыз бүгін қандай екен?» деген сұрақ туады. Әрине, кешегі білімі аздар бүгін бірден аспанға шығып кеткен жоқ. Ептеп өсіп келеді. Бірақ, әлі көңілдегідей білімденіп болды деп айтуға болмайды. Бұл бұлай болғанмен өткен жылдардан едәуір ілгері кеттік. Біріншіден, жазып жүргендер аз-мұздап алға басса, екіншіден, елдегі кедейлерден қатарға ұмтылып келе жатқан әлденеше жазушыларымыз бар. Бұлар әлі қызметке кірмеген, өз шаруасын бағып жүрген ауыл тілшілері. Ауыл тілшілерін алғанда Максим Горькийдің төмендегі бір сөзі есіме түседі:

«1906 жыл мен 1910 жылдың (4 жылдың) арасында менің қолымда шаруадан шыққан 400-ден аса жазушылардың тізімі бар. Бұлардың жазған жазуларының дұрыс біреуі жоқ. Бәрі де басуға жарамайтын қателер. Бірақ өзгеше бір қасиет бар, ол мынау: қай өлеңін алып оқысаң да қаладағы шаруаның немен күн көріп, неден жәбірленіп, не нәрсеге қуанып жүргенін көзіңе айқын елестетеді. Менімше қала халқының қандай күйде жүргенін білу қай оқушыларымызға болса да ұнамсыз емес шығар. Мен көбін оқыдым. Жазылған жазуға қарасаң қаламға ылайық қолдың түсірген сызығы емес. Уқаланған жаман қағазға жазған қиқы-шойқы, түкке тұрмайтын жазу. Бірақ, ой жіберіп кейбір сездеріне қарап отырсам, жүрегім аттай тулап, төбе шашым тік тұрады. Ең бір ғажап жері әр жақтан келген жазулардың түпкі сарыны, көздеген мақсаты біреу-ақ — халық тіршілігі. Құндылығы осында.

Бұл жазушылардың он бірінің-ақ анда-санда жазғандары басылып жүр, Қалғандарынан баспаға басылғандары жоқ. Оқу жайына келсек, көбі шала хат таниды. Кейбіреулері хат алып, хат берудің де мәнісін білмейді. Бір солдат былай деп жазыпты: «Егерде жазғаным басылмаса Васман уезіндегі Степан Наклашин деген солдатқа қайырыңыз».

Максим Горькийдің осы сөзі біздің қазіргі заманымызға дәл келеді. Қай губернияда шығатын қандай газетті алсақ та, оларға елдегі шала хат білетін тілшілерден, комсомолдардан, жас партия мүшелерінен, ауыл мұғалімдерінен әдеби шығармалар көп келеді. Біздің баспаларымыз олардың көбін ылайықсыз деп тауып баспайды. Әрине, Максим Горький айтқандай, ауылдан келетін өлең, әңгімелердің көбі басып жіберуге жарамсыз бірақ онда терең сыр бар: ауыл кедейлері қалай күн көріп жатыр, не нәрсеге түсінді, не нәрсеге түсінген жоқ, не нәрседен жәбірленді, байларға қалай қарайды, осыларды ашық көруге болады. Біздің алдағы күнде тапшыл жазушыларымыз кім? Әрине, солар. Осы күнгі жолбикелерге сеніп, олардан «тапшыл ақын жасаймыз ба, қайтеміз?» деп жүргеннен де, жаңа оянып келе жатқан кедей жастарына көбірек көз салуымыз керек. Егер оларды үйрете білсек, ертең-ақ қатарлы жазушы болып шыға келеді.

Осы күнде «күшті ақын» деп көкке көтеріп жүрген ұлтшыл жазушы, ақындар осы қалыптарымен туған жоқ. Мержақыптыц «Оян қазағындай», Мағжанның «Шолпанындай» көже өлеңдерді біздің кедейден көтеріліп келе жатқандарымыздың қайсысы болса да жаза алады. Бұдан біз көкке көтеріп жүрген ақындардың кеше ғана жерден шыққанын көреміз. Олай болса, біздің бүгін көтеріліп келе жатқан тілшілерден шыққан ақындарымыз да ертең көкке қолын сермейді.

Ендігі бір айтатын мәселе біздің жазушыларымыздың жазу бағыты туралы.

Кедейден шыққан жазушыларымыздың жазуларының көпшілігі жалан үгіт, айғай болып келеді: «Кедейлер ояныңдар, байлармен күресіндер, молданы көзге шұқыңдар, өз тізгіндеріңе өздерің ие болыңдар, ұйымдасыңдар...» деген сықылды.

Кедейден шыққандарды ұнатпайтындардың кедей ақындарын, жазушыларын бір жамандайтын жері осы. Бұған азын-аулақ коммунист жолдастардан да қосылып кететіндер бар. Мәселен, Самат деген жолдастың баспаға жіберген кітабын Жолдыбайұлы Молдағали жолдас «Лениншіл жастың» бір санында сынап мақала жазады. Молдағалидың Саматқа қоятын кінәсының ең зорының біреуі: «Октябрь төңкерісі бітті, енді төбелес жоқ. Бірақ Самат төбелестен қайтқан жоқ екен. Тиыш жатқан елге төбелес жасаймын деуі қай сөз...» Бұған Саматтың өлеңдерінен мысал алады. Мысалға алған өлеңдері жоғарғы көрсетілген айғай.

Мұндай беталыстан біздің жазушыларымыз әлі арылып болған жоқ. Құрғақ айғайдан шығатын пайда аз екеніне ешкім таласпайды. Қазіргі күннің ұраны да солай. Бірақ елді бір жағынан қанын қыздырып үгіттеу деген нәрсені менімше әзір түгелімен тастауға болмайды.

Қазақ кедейлері әлі оянып болған жоқ. Байдың ықпалынан әлі шығып жеткен жоқ. Оларды саналандыру үшін әртүрлі тәсіл керек. Соның біреуі нақты іс болса, біреуі пәрменді үгіт, онсыз болмайды.

Ал, сөздің әдемілік, суретшілдік жағына келсек, ол бір күнде бола қоймайды. Оқи, біле, түсіне, көре болады.

Бұлай болған күнде жас жазушыларымызды салған жерден әдемі суреткер ете қоямыз деу шындыққа үйлеспейтін нәрсе. «Үйрен» деген сездің айыбы жоқ. Жас жазушыларымыз үйренуге тырысулары керек. Бірақ үйреніп болғанша қыспақтап кету қате. Бәйгеге шапқан атты салған жерден өкпеге теуіп айдап кетсе, тез болдырып, шаба алмай қалады. Біздің жас жазушыларымыз да сондай.

Жүздеген жас жазушыларымыздың сөздерін мысалға алмай-ақ Абдырақман Бәйділдин мен Ғаббас Тоғжановтың сөзінен қазақта тап ақыны барлығын біз көріп отырмыз. Оны жоқ дегендер көргісі келмегендер.

Бізде жазушылар (еңбекші жазушылары) өсіп келеді. Өсіре беру алдағы басшылық ететін коммунистердің, партия мекемелерінің міндеті. Мұны V партия конференциясы баспасөз туралы қаулысында ашық айтқан. Бірақ айту бір басқа да, іс бір басқа ғой. Қазіргі қалпымызға қарағанда, жас жазушыларымыз тез көтеріледі деп айту қиын. Себебі: көтермелеуші аз. Басшылық етем деп жүрген еңбекші жазушыларының Қазақстандық ұйымы жақсарта алған жоқ. Бұл қалыппен бара берсек, тез көтеріле қоюымыз қиын мәселе, соның үшін бұдан былай төмендегі шараларды жүзеге асырған жөн.

1) Еңбекші жазушылардың Қазақстандық ұйымы ҚазАПП-тың ісі алға бастырылсын. Елдегі жаңа жазып келе жатқандарға жолбасшы болып, оларға тәрбие бере алатын болсын.

2) Әдебиетке жол ашатын құралдың біреуі – әдебиет журналы. Мұндай нәрсе бізде жоқ. Жазып келе жатқандардың өсуі үшін басылып отырса, бір жағынан көтеріледі де, екінші жағынан жаманын түзейді. Соның үшін екі айда бір рет болса да әдебиет журналы ашылсын.

3) Газеттердің бетінде кедей жазушылардың іске жарарлық өлең, әңгімелері басылып отырсын. Азын-аулақ кемдіктеріне ақыл берілсін, бірақ көңілін қайтарарлықтай әзірге зілді сын болмасын.

4) Қазақстанның ойдағы, қырдағы қаламының желі бар кедейшіл жазушыларының есебі алынып, оларға газет-журналдар арқылы ақыл-кеңес беріліп отырылсын.

5) Кедей жазушылардың өлең яки әңгіме жинақтары болса жарарлықтары тез басылып отырылсын.

6) Әдебиеттің маңызы, заңы, тарихы, түрі туралы білетін коммунистерге кітапшалар жаздырып, оларды басып, елдегі жас жазушыларға тарату шарасына кірісілсін.

7) Көркем әдебиетті үйренетін курстар ашылсын. Жоғарғы мектептерге әдебиетшілер іріктеліп жіберілсін..

Әрине, бір мақалада әдебиет туралы барлық, пікірді түгел айтып бітіруге болмайды. Бұл туралы жолдастар пікірлерін ұсынар, менің әзірге ұсынысым осылар.

Қорытынды сөзімде айтатыным: әдебиет мәселесін тиянақтап, бір ізге түсіретін уақыт жетті.

«Еңбекші қазақ» газеті, 14—15 октябрь, 1926, 227—228 сандарында басылған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға