Жаңалықтар

«Ақ сандық, көк сандық»

  «Ақ сандық, көк сандық» — ұлттық ойын. Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап: «Ертең аулым көшеді,  Уық бауын шешеді,  Қара қойым қашады,  Құмалағын шашады...  Ақ сандың, көк сандық  Арқан тарт, кілем арт!» — дейді. Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші: «Аң сандық, көк сандық  Аспаннан не көрдің», — деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы: «Жұлдыз көрдім, ай көрдім», — деп жауап береді. Одан кейін: «Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі. Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түседі. Айгөлек— ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді. Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды. Айгөлек-ау, айгөлек,  Айдың жүзі дөңгелек.  Күші мығым, қуатты,  Екпіні желдей өршіген  Шепті бұзар ер керек. Екінші топ: Айгөлек-ау, айгөлек,  Айдың жүзі дөңгелек,  Күші мығым, қуатты,  Екпіні желдей өршіген  Саған қандай ер керек? — дейді. Алдыңғы топ: Айгөлек-ау, айгөлек,  Айдың жүзі дөңгелек,  Күші мығым, қуатты,  Екпіні желдей өршіген  Бізге пәлен ер керек, — деп бір ойнаушының атын атайды. Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып: Айгөлек-ау, айгөлек,  Айдың жүзі дөңгелек.  Сайысқанда саспайтын,  Самала күнге бастайтын,  Пәлен деген ер шыққан,  Топ бұзуға мен шыққам, — деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс.
08.12.2012 04:43 12694

 

«Ақ сандық, көк сандық» — ұлттық ойын.

Бұл ойын көгалды алаңда, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында, мәдениет үйлерінде, мектептің кең дәліздерінде ойналады. Ойынға қатынасушылар екі ойыншыны ортаға шығарады. Ортаға шыққан екі ойыншы бір-біріне арқаларын беріп, қолдарын айқастыра ұстасып отырысады. Сол кезде ойын жүргізуші тақпақтап:

«Ертең аулым көшеді,

 Уық бауын шешеді,

 Қара қойым қашады,

 Құмалағын шашады...

 Ақ сандың, көк сандық

 Арқан тарт, кілем арт!»

— дейді.

Соңғы «арт» деген сөз қолдасып ұстасып отырған екі ойыншыға берілген белгі. Соңғы сөз айтылғанда қолдасып отырған екеуі тез тұрып кетуі керек. Қайсысы қарсыласын арқалап кетсе, арқадағы ойыншы қашан ұтқыр (тапқыр) жауап бергенше түспейді. Ойын жүргізуші:

«Аң сандық, көк сандық

 Аспаннан не көрдің»,

— деп сұрақ қояды. Ал арқадағы ойыншы:

«Жұлдыз көрдім, ай көрдім»,

— деп жауап береді.

Одан кейін: «Жерден не көрдің?»— деген сияқты сұрақтар беріледі.

Егер ойыншы осы сұрақтарға жауап бере алмаса, онда жеңіледі. Арқалап тұрған ойыншы оны біраз сілкілеп, есін шығарады. Ойын жалғаса береді, оқушылар кезекпе-кезек ортаға шығып, ойынды жалғастырады. Соңында жеңімпаз атанған екі ойыншы күш сынасады. Жеңген ойыншы мақтау алады немесе сыйлықпен силанады. Ойын жастарды мықтылыққа, төзімділікке, жылдамдыққа, амал-айла, әдіс қолдана білуге баулиды, тілін дамытып, есте сақтау қабілетін де шыңдай түседі.

Айгөлек— ұлттық ойын. Айлы кеште, далада өтеді.

Ойнаушылар екі топқа бөлінеді. Олардың сандары да, жас шамалары да бірдей болулары керек. Екі топтың екеуінің де бастаушысы болады. Аралары 10—15 метрдей жерде қол ұстасып қатарласа тұрған осы екі топ біріне-бірі сөз тастап, күш көрсетіп, өнер жарыстыра бастайды. Екі жақтың ойын бастаушылары орталарынан бір қыз бен бір жігітті шығарып, олардың қолына бір ақ тас, бір қара тас береді. Олар екі тасты ешкімге көрсетпей, уысына қысып тұрады да, екі ойын басынан:— Сен қай қолдағы тасты қалайсың?— деп сұрайды. Бастаушылардың біреуі мен: «Оң қолдағы тасты қалаймын»,— дейді, екіншісі сол жақ қолдағы тасты алады. Қайсысында ақ тас болса, сол ойын бастайды.

Айгөлек-ау, айгөлек,

 Айдың жүзі дөңгелек.

 Күші мығым, қуатты,

 Екпіні желдей өршіген

 Шепті бұзар ер керек.

Екінші топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

 Айдың жүзі дөңгелек,

 Күші мығым, қуатты,

 Екпіні желдей өршіген

 Саған қандай ер керек? — дейді.

Алдыңғы топ:

Айгөлек-ау, айгөлек,

 Айдың жүзі дөңгелек,

 Күші мығым, қуатты,

 Екпіні желдей өршіген

 Бізге пәлен ер керек,

— деп бір ойнаушының атын атайды.

Ол тобынан шығып, бір-екі адым ілгері басып:

Айгөлек-ау, айгөлек,

 Айдың жүзі дөңгелек.

 Сайысқанда саспайтын,

 Самала күнге бастайтын,

 Пәлен деген ер шыққан,

 Топ бұзуға мен шыққам,

— деп сол жүгірген бойы қарсы топты жарып өтпек болады. Ол екпінді, күшті болса, топты жары өтіп, өзі қалаған бір қызды, не бір жігітті жетекте өз тобына алып келеді. Егер ол топты жарып алмаса, сол топта өзі қалып қояды. Ендігі шақыруды екінші топ бастайды. Сөйтіп, ойын созыла бере ойында дөрекілік көрсетуге, жұптасқан жұдырықты жүгіріп келе жатқан ойыншыға қарсы қоюға болмайды. Жүгірген ойнаушы да ойын ережесін сақтауға тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға