Жаңалықтар

Балапан

«Балапан» — қазақстанның бірінші балалар арнасы. Эфир таралымы кабельдік желіден эфирге шығады. Эфир аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балалар. Телеарнаның басты ерекшелігі ол қазақ тілінде эфир таратады. «Балапан» телеарнасы «Қазақстан» ҰТА базасында құрылған. Бағдарламалары «Тентегім» «Жүзден жүйрік» «Бауырсақ» «Hello, Балапан!» «Санамақ» «Алақай, балақай!» «Айжұлдыз» «Кел, ойнайық!» «Шеберхана» «Әліппе» «Ән салайық!» «Ғажайыпстанға саяхат» «Айгөлек» «Еркетай» «Толағай» Мақсаты Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан «интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Балапан» арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.[1] Басты ерекшеліктері Ол -Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна. Ол - тек қазақ тілінде хабар таратады. Ол - білім мен ғылым, тәлім-тәрбиенің сарқылмас кені. «Балапан» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері Жетекшісі: Жанар Шәмел - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану және журналистика факультеттерінің түлегі. Исламабад қаласындағы Қазіргі Тілдер Ұлттық Институтының урду тілі мен әдебиеті бөлімінде білім алып, оқу - тәжірибеден өткен. Қазақ, орыс, урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігінде редактор- жүргізуші болып бастады. Сара Алпысқызы Назарбаеваның балаларға арналған «Өзіңді таны» жобасын телеарнаға дайындады, қазіргі «Еркетай» бағдарламасының авторы. Көп жылдар бойы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің продюссері қызметін белсенді ақтарып келді. Танымал тележүргізуші. Шеф-редакторы Ләззат Оңғар - Шығармашылығының басым көпшілігін балалар хабарына арнауымен ерекшеленеді. Алғашқы қадамын «Ақжелкен» балалар журналының редакторы болып бастаса, одан кейінгі жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Санамақ» балдырғандарға арналған танымдық телеойынының жүргізушісі; сценарий авторы; редакторы болды. «Қазақстан» телеарнасының тарихындағы тұңғыш бақылау тәсілімен түсірілген «Бірінші сынып»; «Екінші сынып»; «Үшінші сынып» балаларға арналған танымдық бағдарламалардың сценарий авторы; редакторы қызметтерін атқарған. Режиссері Қарлығаш Әбдібаева – Көп жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ!»,«Қайырлы таң!» таңғы бағдарламаларын және «Дела житейские» ток-шоу хабарын тікелей эфирге шығарып келді. Сондай-ақ «Еркетай» балалар хабарының режиссерлік қызметін атқарды. Республикалық деңгейдегі саяси телемосттарды тікелей эфирге беріп, өзінің көп камералы пультте жұмыс істеу біліктілігімен көзге түскен жоғары категориялы маман. "Балапан" телеарнасының бағдарламалары "Тентегім" Балалардың күнделікті өмірінен алынған қызықты оқиғаларға құрылған бағдарлама. Жүгіріп жүріп күлдіретін, бүлдіретін балалар осында. "Жүзден жүйрік" Бағдарлама спорттық командылық жарыс ретінде өтеді. Ойынға қатысушы балаларды да көрермендерді де бірлікке, бауырмалдыққа шақырады. Бұл тек спорттық ойын ғана емес,... "Бауырсақ" Бағдарлама балаларды ағзамызға пайдалы тағамдар құрамымен таныстыра отырып дұрыс тамақтануға шақырады. Сондай-ақ балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру үшін... «Hello, Балапан!» Бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп, қызығушылықтарын тудырады. «Hello, Балапан!» мектеп табалдырығын енді аттаған балаларға таптырмас көмекші. Санамақ Балаларға арналған экономикалық алғашқы бағдарламамызды «Балапан» арнасынан тамашалаңыздар. Дүниенің құпия сырларын қарапайым да түсінікті тілмен Жұлдызбек... «Алақай, балақай!» Бағдарламаның мақсаты - баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға... «Айжұлдыз» Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой танымын кеңейтуге әсер етеді. Ертегі мен шынайы өмірді ұштастырған бұл әңгімелер... "Кел, ойнайық!" Бағдарламаның ойыншылары - балалар. Сондықтан өз құрдасының іс-әрекеті, сөйлеуі, ойланып шешім айтуын көру - көрермен баланы қызықтырады. Балалар жарыса жүріп, ойын үстінде шыңдалады, балалар әдебиеті мен музыка, т.б. өнердің түрлерін үйрене отырып танымын арттырады.  
08.12.2012 04:22 9564

«Балапан» — қазақстанның бірінші балалар арнасы. Эфир таралымы кабельдік желіден эфирге шығады. Эфир аудиториясы 3-10 жас аралығындағы балалар. Телеарнаның басты ерекшелігі ол қазақ тілінде эфир таратады. «Балапан» телеарнасы «Қазақстан» ҰТА базасында құрылған.

Бағдарламалары

  • «Тентегім»
  • «Жүзден жүйрік»
  • «Бауырсақ»
  • «Hello, Балапан!»
  • «Санамақ»
  • «Алақай, балақай!»
  • «Айжұлдыз»
  • «Кел, ойнайық!»
  • «Шеберхана»
  • «Әліппе»
  • «Ән салайық!»
  • «Ғажайыпстанға саяхат»
  • «Айгөлек»
  • «Еркетай»
  • «Толағай»

Мақсаты

Біз жаңа үлгідегі заманауи технологияларды игеріп, білімі мен білігі ұштасқан «интеллектуалдық ұлт» болуға бет бұрған мемлекетпіз. «Балапан» арнасының алға қойған мақсаты да - осы келешек ұрпағымыздың тамырына рухани нәр беріп, «интеллект» иесі , білім мен ғылымның шыңына шығар азамат болып ер жетуіне ықпал жасау және дені сау, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбек сүйгіш, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.[1]

Басты ерекшеліктері

  • Ол -Қазақстан тарихындағы балаларға арналған тұңғыш арна.
  • Ол - тек қазақ тілінде хабар таратады.
  • Ол - білім мен ғылым, тәлім-тәрбиенің сарқылмас кені.

«Балапан» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері

  • Жетекшісі:

Жанар Шәмел -

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шығыстану және журналистика факультеттерінің түлегі. Исламабад қаласындағы Қазіргі Тілдер Ұлттық Институтының урду тілі мен әдебиеті бөлімінде білім алып, оқу - тәжірибеден өткен. Қазақ, орыс, урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген. Еңбек жолын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігінде редактор- жүргізуші болып бастады. Сара Алпысқызы Назарбаеваның балаларға арналған «Өзіңді таны» жобасын телеарнаға дайындады, қазіргі «Еркетай» бағдарламасының авторы. Көп жылдар бойы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігінің продюссері қызметін белсенді ақтарып келді. Танымал тележүргізуші.

  • Шеф-редакторы

Ләззат Оңғар -

Шығармашылығының басым көпшілігін балалар хабарына арнауымен ерекшеленеді. Алғашқы қадамын «Ақжелкен» балалар журналының редакторы болып бастаса, одан кейінгі жылдары «Қазақстан» ұлттық телеарнасында «Санамақ» балдырғандарға арналған танымдық телеойынының жүргізушісі; сценарий авторы; редакторы болды. «Қазақстан» телеарнасының тарихындағы тұңғыш бақылау тәсілімен түсірілген «Бірінші сынып»; «Екінші сынып»; «Үшінші сынып» балаларға арналған танымдық бағдарламалардың сценарий авторы; редакторы қызметтерін атқарған.

  • Режиссері

Қарлығаш Әбдібаева –

Көп жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Оян, қазақ!»,«Қайырлы таң!» таңғы бағдарламаларын және «Дела житейские» ток-шоу хабарын тікелей эфирге шығарып келді. Сондай-ақ «Еркетай» балалар хабарының режиссерлік қызметін атқарды. Республикалық деңгейдегі саяси телемосттарды тікелей эфирге беріп, өзінің көп камералы пультте жұмыс істеу біліктілігімен көзге түскен жоғары категориялы маман.

"Балапан" телеарнасының бағдарламалары

  • "Тентегім"

Балалардың күнделікті өмірінен алынған қызықты оқиғаларға құрылған бағдарлама. Жүгіріп жүріп күлдіретін, бүлдіретін балалар осында.

  • "Жүзден жүйрік"

Бағдарлама спорттық командылық жарыс ретінде өтеді. Ойынға қатысушы балаларды да көрермендерді де бірлікке, бауырмалдыққа шақырады. Бұл тек спорттық ойын ғана емес,...

  • "Бауырсақ"

Бағдарлама балаларды ағзамызға пайдалы тағамдар құрамымен таныстыра отырып дұрыс тамақтануға шақырады. Сондай-ақ балалардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру үшін...

  • «Hello, Балапан!»

Бағдарлама балалардың ағылшын тілін меңгеруіне ықпал етіп, қызығушылықтарын тудырады. «Hello, Балапан!» мектеп табалдырығын енді аттаған балаларға таптырмас көмекші.

  • Санамақ

Балаларға арналған экономикалық алғашқы бағдарламамызды «Балапан» арнасынан тамашалаңыздар. Дүниенің құпия сырларын қарапайым да түсінікті тілмен Жұлдызбек...

  • «Алақай, балақай!»

Бағдарламаның мақсаты - баланы жастайынан салауатты өмір салтына бейімдеу. Спорт деннің саулығын арттырып ғана қоймай, баланы тәртіпке, шыдамдылыққа, қажырлы болуға...

  • «Айжұлдыз»

Балаларға ұйқы алдында қызықты әңгімелер айтылады. Олар баланың санасын баурап, ой танымын кеңейтуге әсер етеді. Ертегі мен шынайы өмірді ұштастырған бұл әңгімелер...

  • "Кел, ойнайық!"

Бағдарламаның ойыншылары - балалар. Сондықтан өз құрдасының іс-әрекеті, сөйлеуі, ойланып шешім айтуын көру - көрермен баланы қызықтырады. Балалар жарыса жүріп, ойын үстінде шыңдалады, балалар әдебиеті мен музыка, т.б. өнердің түрлерін үйрене отырып танымын арттырады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға