Жаңалықтар

Андрей Шевченко

Андрей Шевченко Жалпы мағлұмат Толық аты         Андрей Николаевич Шевченко Лақап аты          Шева, Царь, Шығыстың сайтаны Туылған күні    29 қыркүйек 1976 (36 жас)  Киев облысы, УКСР Азаматтығы      Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы →  Украина Бойы    183 см Салмағы             72 кг Позиция             шабуылдаушы Клуб жайлы ақпарат Клуб     Динамо (Киев) Номері                7 Карьера Жастар клубы 1986—1993          Динамо (Киев) Клуб карьерасы 1993—1999        Динамо Киев  117 (60) 1999—2006        Милан                208 (127) 2006—2009        Челси  48 (9) 2008—2009        Милан                18 (3) 2009—о.у.          Динамо Киев  51 (22) Ұлттық құрамы** 1994—1995        Украина (18 дейін)       8 (5) 1994—1995        Украина (21 дейін)       7 (6) 1995—о.у.          Украина             105 (46)[1] Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады, өңделді 14 сәуір 2012.   ** Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны, өңделді 2 маусым 2011. Шевченко Андрей Николайұлы (1976 жыл, 26 қыркүйек) — украин футболшысы, шабуылшы. Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне ие болған. Қазіргі кезде Киев Динамо клубында өнер көрсетеді. Футбол клубтары — Динамо (Киев) — 1994-1998, Милан (Италия) — 1998-2007, Челси (Англия) 2007-2008, Динамо (Киев) — 2009. Өмірі Шевченко Николайұлы Андрейдін неміс азаматы болып туылды. Оның әкесі Никалай Григорьевич Шевченко Кеңес армиясының неміс жеріндегі әскерінде кызмет ететін. Андрейдін туылуына бірнеше ай қалғанда, болашақ футбол жұлдызының шешесі Любовь Никалаевнаға отанына қайтуға кеңес береді де ол кісі аяғының ауырлылығына қарамай дереу арада отанына қайтады. Артынан күйеуі де Киев әскери бөліміне ауысуын күтеді. Әкесінің кызмет орыны ауысқанша 1976 жылдың 29 кыркүйегінде Украинаның Киев облысында, Яготинский ауданында, Двиркивщина ауылында Андрей дүниеге келеді. Балалары дүниеге келгеннен соң Андрейдиң ата — анасы көп кешікпей Киевке қоныс аударады. Сол жерде 216 орта мектептін табалдырығын аттайды. Кәзир сол мектепте Андрей отырған партаға отыру үшін оқу озаттарының ең үздігі ғана отыруға қуқылы деседі. Сыныбының физика, математика пәндерінің үздігі болмаса да, сыныптың басшысын тандағанда бір дауыспен барлығы Шеваны сайлаған екен. Андрей алғашында шайбалы хоккейге қатты әуесі ауады, бірақ әкесі оны футболға басын бұруға ыкпалын тигізеді. Ол тоғызга келгенде бапкері Олександр Шпаков оны «Динамо» Киевтін жасөспірім командасына енгізеді. 12 жасында Италия еліне жарысқа баратын құрама жасақталатын болып, Андрей жаттығуларын үдетіп, Еуропа жеріне баруға үміткерлер катарына кіруді алдына мақсат койып, өз дегеніне жетеді. Миланның әйгілі «Сан–Сиро» стадионын көріп Андрейдің бақыттан басы айналып : «Түс! Ғажайып түс!» деп ойлайды. Содан бері оның отырса тұрса арманы осындай командада ойнау еді. Бір аптадан соң қайтатын уақыт болған кезде азанғы асын ішпей,ол тағы да бір көріп кетейін деп стадионға жүгіріп келеді де бірер минут тұрады да, бес тиынды жасыл алаңға ырым етіп «Қайтып келу үшін» деп лақтырып жібереді. Содан үйге қайтысымен ол жаттығуларына аса бір үлкен ынтамен кірісіп кетеді, және өзін біржолата футболист болғысы келетінін шешеді. Жетінші сыныпта оқып жүрген шағында кезекті бір жарыстан өзі туралы жазылған бір мақаланы мұғаліміне көрсетеді. Мұғалімі оқып болысымен одан қолын қойып беруді өтінеді. Ол ойланбастан озінің «қолтаңбасын» қойып береді. Киевтін дене шынықтыру институтына бір дегеннен түсе алмай қалады. Қазір бұған сену қиын шығар, бірақ ол қабылдау емтиханының футбол тақырыбынан сүрінеді. Ал «Динамо» Киевтің бапкерлерінің ол туралы қабылдау комиссиясына қарағанда басқа ойда еді. Оны көп ұзамай Украинаның олимпиялық құрамына шакырады. Ал осыдан бір жыл өтпей жатып, әрине Киевтік «Динамо» сапында, жанкүйерлер оның Чемпиондар Лигасындагы алғашқы ойынына куә болады. Оның ойыны, соққан голдары клубына жеңістер әкеле бастады. 1997 жылы Динамоның «Nou Camp» стадионында әйгілі Испаниянын «Барселонасын» 4 – 0 есебімен ойсырай жеңгендерін футбол сүйер қауым ұмыта қойған жок шығар. Сол кездері Шеваға Еуропаның ең үздік деген клубтары өз қатарларына қосу әрекеттерін үдете түскен. Бірақ Андрейдін екінші «әкесі» (Андрей сөзінен) марқұм Валерий Васильевич Лабоновский оны басқа бапкердін қолына беруге асықпады. «Әлі ерте, күте тұр» деуші еді көреген бапкер өз шәкіртіне. Ол кезде көптеген ойыншылар үлкен ақшаның жолында Еуропаға аттанушы еді. Бірақ көбісі барған клубтарынында өз орынын таппай, футболдан тыс қалып жататын. Бәлкім дәл осындай жағдайлардан қорыққан болар, Еуропаға кетуіне үзілді кесілді қарсы болды.Тек 1999 жылы 24 жасқа толғанда, кішкентай кезінен арманы болған «Миланнан» ұсыныс түскен кезде ол бапкеріне ауысқысы келетіні туралы айтып, өз батасын беруін өтінді. Өзінің Италиядағы алғашкы маусымынында-ақ 24 голмен «А» сериясының сұрмергені атанды. Ол бірден Италия чемпионатының нөмірі бірінші футболшысы, жұлдызы бола алды. Еуропаның бүкіл спорттық газет, журналдарының беттері Шевченко суреттеріне толып кетті. Спорттық дүкендерде «Шевченко» атымен киімдер сатылымы дүкен қожайындарына табыс әкеле бастады. «Сан–Сиронын» киім шешетін жері мен көлігінің арасындағы жүз қадам жерді жүріп өту үшін оған жарты сағаттан көп уакыт кететін болды. Қолтаңба алу үшін жиылған жұрттың арасынан өтудің қиын екенін жаксы түсінетін шығарсыз. Өзiнiң «Хан» және «Солтүстіктен келген Ғажайып» деген лақап аттарын сол «Миланның» жанкүйерлерiнен алды. Мынандай құрмет, атақтан кез келген адамның басы айналып спорттық бабына әсер етуі мүмкін ғой, (әсіресе ол қазақ болса) бірақ Шева үшін мұндай көпшіліктің ыкыласы одан сайын күш беретін, және осыны жасыл алаңда дәлелдеуге тырысатын. . Бір күні кешке оның телефоны шырылдап қоя берді. Телефонды көтеріп ар жақтан «Андрюша, Валерий Васильевич өмірден өтті. Тез кел.» деген сөздерді ғана естиді де, есінен танған адамдай отырып қалады. Бұл 2002 жылдың мамырының 13 жұлдызы еді. Осыдан бір апта бұрын «Мидың кан айналуының бұзылуы» деген диагнозбен Запорожье каласында емханаға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен ол кісіні аман алып қала алмады. Әрине Шева көздін жасын жасыра алмады, өйткені өмірден озған жай ғана бапкер емес, Андрейдің жақсы көрген мұғалімі еді. Валерий Васильевич Киевтің Байковский мурдесіне жерленді, және «Динамо» стадионы сол кісінің атымен аталатын болып шешілді. Сол маусымдағы Чемпиондар лигасының ақтық кездесуінің алдында ол гол ұрып, сол голды өмірден озған бапкеріме арнаймын деп уәде беріп, сөзінде тұрады. Және Андрейдің сол голы «Миланға» жеңіспен бірге Еуропаның ең беделді клубтық Кубогін алып келді. Әр жеңімпаз Кубокті өз отанына апарып келуіне құқылы болғандықтан Украинаға тартып кетеді. Кубокпен Киевке келісімен ең бірінші Байковский мүрдесіндегі бапкерінің ескерткішіне апарады. Андрейдің осы жеңісінің куәсі болуына Валерий Васильевичтің бір жыл өмірі жетпей қалды. Көп ұзамай Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне де ие болды.
08.12.2012 04:00 3314

Андрей Шевченко

Жалпы мағлұмат

Толық аты         Андрей Николаевич Шевченко

Лақап аты          Шева, Царь, Шығыстың сайтаны

Туылған күні    29 қыркүйек 1976 (36 жас)

 Киев облысы, УКСР

Азаматтығы      Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы →  Украина

Бойы    183 см

Салмағы             72 кг

Позиция             шабуылдаушы

Клуб жайлы ақпарат

Клуб     Динамо (Киев)

Номері                7

Карьера

Жастар клубы

1986—1993          Динамо (Киев)

Клуб карьерасы

1993—1999        Динамо Киев  117 (60)

1999—2006        Милан                208 (127)

2006—2009        Челси  48 (9)

2008—2009        Милан                18 (3)

2009—о.у.          Динамо Киев  51 (22)

Ұлттық құрамы**

1994—1995        Украина (18 дейін)       8 (5)

1994—1995        Украина (21 дейін)       7 (6)

1995—о.у.          Украина             105 (46)[1]

Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады, өңделді 14 сәуір 2012.

 

** Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны, өңделді 2 маусым 2011.

Шевченко Андрей Николайұлы (1976 жыл, 26 қыркүйек) — украин футболшысы, шабуылшы. Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне ие болған. Қазіргі кезде Киев Динамо клубында өнер көрсетеді.

Футбол клубтары — Динамо (Киев) — 1994-1998, Милан (Италия) — 1998-2007, Челси (Англия) 2007-2008, Динамо (Киев) — 2009.

Өмірі

Шевченко Николайұлы Андрейдін неміс азаматы болып туылды. Оның әкесі Никалай Григорьевич Шевченко Кеңес армиясының неміс жеріндегі әскерінде кызмет ететін. Андрейдін туылуына бірнеше ай қалғанда, болашақ футбол жұлдызының шешесі Любовь Никалаевнаға отанына қайтуға кеңес береді де ол кісі аяғының ауырлылығына қарамай дереу арада отанына қайтады. Артынан күйеуі де Киев әскери бөліміне ауысуын күтеді. Әкесінің кызмет орыны ауысқанша 1976 жылдың 29 кыркүйегінде Украинаның Киев облысында, Яготинский ауданында, Двиркивщина ауылында Андрей дүниеге келеді. Балалары дүниеге келгеннен соң Андрейдиң ата — анасы көп кешікпей Киевке қоныс аударады. Сол жерде 216 орта мектептін табалдырығын аттайды. Кәзир сол мектепте Андрей отырған партаға отыру үшін оқу озаттарының ең үздігі ғана отыруға қуқылы деседі. Сыныбының физика, математика пәндерінің үздігі болмаса да, сыныптың басшысын тандағанда бір дауыспен барлығы Шеваны сайлаған екен.

Андрей алғашында шайбалы хоккейге қатты әуесі ауады, бірақ әкесі оны футболға басын бұруға ыкпалын тигізеді. Ол тоғызга келгенде бапкері Олександр Шпаков оны «Динамо» Киевтін жасөспірім командасына енгізеді.

12 жасында Италия еліне жарысқа баратын құрама жасақталатын болып, Андрей жаттығуларын үдетіп, Еуропа жеріне баруға үміткерлер катарына кіруді алдына мақсат койып, өз дегеніне жетеді. Миланның әйгілі «Сан–Сиро» стадионын көріп Андрейдің бақыттан басы айналып : «Түс! Ғажайып түс!» деп ойлайды. Содан бері оның отырса тұрса арманы осындай командада ойнау еді. Бір аптадан соң қайтатын уақыт болған кезде азанғы асын ішпей,ол тағы да бір көріп кетейін деп стадионға жүгіріп келеді де бірер минут тұрады да, бес тиынды жасыл алаңға ырым етіп «Қайтып келу үшін» деп лақтырып жібереді.

Содан үйге қайтысымен ол жаттығуларына аса бір үлкен ынтамен кірісіп кетеді, және өзін біржолата футболист болғысы келетінін шешеді. Жетінші сыныпта оқып жүрген шағында кезекті бір жарыстан өзі туралы жазылған бір мақаланы мұғаліміне көрсетеді. Мұғалімі оқып болысымен одан қолын қойып беруді өтінеді. Ол ойланбастан озінің «қолтаңбасын» қойып береді.

Киевтін дене шынықтыру институтына бір дегеннен түсе алмай қалады. Қазір бұған сену қиын шығар, бірақ ол қабылдау емтиханының футбол тақырыбынан сүрінеді. Ал «Динамо» Киевтің бапкерлерінің ол туралы қабылдау комиссиясына қарағанда басқа ойда еді. Оны көп ұзамай Украинаның олимпиялық құрамына шакырады. Ал осыдан бір жыл өтпей жатып, әрине Киевтік «Динамо» сапында, жанкүйерлер оның Чемпиондар Лигасындагы алғашқы ойынына куә болады. Оның ойыны, соққан голдары клубына жеңістер әкеле бастады. 1997 жылы Динамоның «Nou Camp» стадионында әйгілі Испаниянын «Барселонасын» 4 – 0 есебімен ойсырай жеңгендерін футбол сүйер қауым ұмыта қойған жок шығар. Сол кездері Шеваға Еуропаның ең үздік деген клубтары өз қатарларына қосу әрекеттерін үдете түскен. Бірақ Андрейдін екінші «әкесі» (Андрей сөзінен) марқұм Валерий Васильевич Лабоновский оны басқа бапкердін қолына беруге асықпады. «Әлі ерте, күте тұр» деуші еді көреген бапкер өз шәкіртіне. Ол кезде көптеген ойыншылар үлкен ақшаның жолында Еуропаға аттанушы еді. Бірақ көбісі барған клубтарынында өз орынын таппай, футболдан тыс қалып жататын. Бәлкім дәл осындай жағдайлардан қорыққан болар, Еуропаға кетуіне үзілді кесілді қарсы болды.Тек 1999 жылы 24 жасқа толғанда, кішкентай кезінен арманы болған «Миланнан» ұсыныс түскен кезде ол бапкеріне ауысқысы келетіні туралы айтып, өз батасын беруін өтінді.

Өзінің Италиядағы алғашкы маусымынында-ақ 24 голмен «А» сериясының сұрмергені атанды. Ол бірден Италия чемпионатының нөмірі бірінші футболшысы, жұлдызы бола алды. Еуропаның бүкіл спорттық газет, журналдарының беттері Шевченко суреттеріне толып кетті. Спорттық дүкендерде «Шевченко» атымен киімдер сатылымы дүкен қожайындарына табыс әкеле бастады. «Сан–Сиронын» киім шешетін жері мен көлігінің арасындағы жүз қадам жерді жүріп өту үшін оған жарты сағаттан көп уакыт кететін болды. Қолтаңба алу үшін жиылған жұрттың арасынан өтудің қиын екенін жаксы түсінетін шығарсыз. Өзiнiң «Хан» және «Солтүстіктен келген Ғажайып» деген лақап аттарын сол «Миланның» жанкүйерлерiнен алды.

Мынандай құрмет, атақтан кез келген адамның басы айналып спорттық бабына әсер етуі мүмкін ғой, (әсіресе ол қазақ болса) бірақ Шева үшін мұндай көпшіліктің ыкыласы одан сайын күш беретін, және осыны жасыл алаңда дәлелдеуге тырысатын. .

Бір күні кешке оның телефоны шырылдап қоя берді. Телефонды көтеріп ар жақтан «Андрюша, Валерий Васильевич өмірден өтті. Тез кел.» деген сөздерді ғана естиді де, есінен танған адамдай отырып қалады. Бұл 2002 жылдың мамырының 13 жұлдызы еді. Осыдан бір апта бұрын «Мидың кан айналуының бұзылуы» деген диагнозбен Запорожье каласында емханаға түскен. Дәрігерлер бар күшін салғанымен ол кісіні аман алып қала алмады. Әрине Шева көздін жасын жасыра алмады, өйткені өмірден озған жай ғана бапкер емес, Андрейдің жақсы көрген мұғалімі еді. Валерий Васильевич Киевтің Байковский мурдесіне жерленді, және «Динамо» стадионы сол кісінің атымен аталатын болып шешілді. Сол маусымдағы Чемпиондар лигасының ақтық кездесуінің алдында ол гол ұрып, сол голды өмірден озған бапкеріме арнаймын деп уәде беріп, сөзінде тұрады. Және Андрейдің сол голы «Миланға» жеңіспен бірге Еуропаның ең беделді клубтық Кубогін алып келді. Әр жеңімпаз Кубокті өз отанына апарып келуіне құқылы болғандықтан Украинаға тартып кетеді. Кубокпен Киевке келісімен ең бірінші Байковский мүрдесіндегі бапкерінің ескерткішіне апарады. Андрейдің осы жеңісінің куәсі болуына Валерий Васильевичтің бір жыл өмірі жетпей қалды. Көп ұзамай Италия чемпионы атанып, Еуропаның ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесіне де ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға