Жаңалықтар

Көзі жастан құрғамайтын «эмолар»

                                           Көзі жастан құрғамайтын «эмолар»          Жеткіншектер арасында өзін-өзі «эмомын», «готпын» деп ұрандатып жүрген ұл-қыздардың саны күн санап арта түсуде. Оларды қара түсті киімдерінен, ерекше шаш үлгілерінен , металл әшекейлерінен, пирсинг және өздеріне тән менмұндалап тұратын макияжынан тану қиын емес.       Өздерін аса сезімтал санайтын «эмолар» депрессияға жиі ұшырайды. Болмашыға қиналып, күйзеліске ұшырап жүретін «жылауықтардың» қатары күн санап артуынынң себебі неде? Өрімдей жас жеткіншектердің өмірден түңілердей күйге түсіп, соншалық күйзеліске түсетінін қалай түсіндіруге болады?      Субмәдениеттер ғаламтор желісі арқылы жасөспірімдердің санасын жаулап алды. Күнделікті өмірде орын алатын келеңсіздіктер – «жылауықтар» үшін үлкен стресс. Мысалы, ойға алған бір ісі жүзеге аспаса, «эмо» сол күні көзін бұлаумен күн кешеді. Олар ауа райының күрт өзгеруінен де азап шегеді екен. Ал, махаббат машақатында жанары айлап, жылдап жастан құрғамайтындары көп. Тіпті, кейбіреулері ұлы сезім  жолында өзін құрбандыққа шалуға да барып жатады. «Эмолар» өздерінің осындай ақымақтығын ерлікке балайды. Тек аса сезімтал адам ғана өзін-өзі өлімге қияды деп есептейді.        Діни тұрғыдан келер болсақ, қасиетті Құранда: «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар! (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» делінген («Ниса» сүресі,29-аят). Адамның өзіне-өзі қол жұмсауы - үлкен күнә. Өзіне қол салған адамдардың жаназасы шығарылмайтыны белгілі.       Психологтардың айтуы бойынша, субмәдениет өкілдері суицид, депрессияны насихаттаушылар. Күре тамырын кесушілердің арасында «эмолықтардың» үлесі мол. Өзін «эмомын » деп мақтанышпен айтатындардың бірі құрбымның жақын сіңлісі – Мөлдір. Оның жүзінің жартысын шашы жауып тұрады. Бұл «эмолықтардың» тәртібі екен. Сондай-ақ тұтас қара түсті киім киюі шарт. «Көңіл-күйім көтеріңкі кезде қара киімге алқызыл түсті араластырып киемін. Біз де көңілді жүре аламыз. Бірақ, ондай күндер өте сирек», - дейді  ол бойжеткен. «Эмолар» жаңбырлы ауа райын ұнатады. Жауынның астында олардың көз жасын жаңбыр тамшылары жуып өткенде ерекше күйге бөленеді екен. Ең қауіптісі, Мөлдірдің ең жақын екі құрбысының да өзін «эмомын» деп санап, қара киім киініп, көздері жастан құрғамауы болып тұр. Олар өздерінің ата-аналары мен бауырларын уайымға салып, өзгеше өмір сүрулерін  үлкен жетістікке балайды.       «Эмо-кид» сөзіне нақты анықтама беретін болсақ, ағылшын тілінен шыққан «emo»- emotional сөзінің қысқартылған нұсқасы. Яғни, эмоцияға тез берілгіш, аса сезімтал,  ал «кид» – жас бала, жеткіншек деген ұғымды білдіреді.         Батысқа еліктегіш жастар аталмыш субмәдениет өкілдерінің  қатарын көбейтіп, қоғамға қауіп төндіруде. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиеден, ұлттық құндылықтардан мақрұм қалуынан түрлі келеңсіздіктер орын алуда. Жастайынан ата-әжесінің ертегісін тыңдап, қазақы тәрбиеден тамыр тартып өскен балалар әсте мұндай әбестікке бара қоймасы анық. Өкінішке қарай көп жағдайда ата-анасының бақылауынсыз қалған жасөспірімдер ғаламтордың жетегімен осындай субмәдениеттің сойылын соғып жүр.   Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.  
07.12.2012 23:39 4164

 

                                        

Көзі жастан құрғамайтын «эмолар»

 

       Жеткіншектер арасында өзін-өзі «эмомын», «готпын» деп ұрандатып жүрген ұл-қыздардың саны күн санап арта түсуде. Оларды қара түсті киімдерінен, ерекше шаш үлгілерінен , металл әшекейлерінен, пирсинг және өздеріне тән менмұндалап тұратын макияжынан тану қиын емес.

      Өздерін аса сезімтал санайтын «эмолар» депрессияға жиі ұшырайды. Болмашыға қиналып, күйзеліске ұшырап жүретін «жылауықтардың» қатары күн санап артуынынң себебі неде? Өрімдей жас жеткіншектердің өмірден түңілердей күйге түсіп, соншалық күйзеліске түсетінін қалай түсіндіруге болады?

     Субмәдениеттер ғаламтор желісі арқылы жасөспірімдердің санасын жаулап алды. Күнделікті өмірде орын алатын келеңсіздіктер – «жылауықтар» үшін үлкен стресс. Мысалы, ойға алған бір ісі жүзеге аспаса, «эмо» сол күні көзін бұлаумен күн кешеді. Олар ауа райының күрт өзгеруінен де азап шегеді екен. Ал, махаббат машақатында жанары айлап, жылдап жастан құрғамайтындары көп. Тіпті, кейбіреулері ұлы сезім  жолында өзін құрбандыққа шалуға да барып жатады. «Эмолар» өздерінің осындай ақымақтығын ерлікке балайды. Тек аса сезімтал адам ғана өзін-өзі өлімге қияды деп есептейді. 

      Діни тұрғыдан келер болсақ, қасиетті Құранда: «Өздеріңе өздерің қол жұмсамаңдар! (және соған апаратын бұзықтыққа бармаңдар). Расында (сіздерді бұдан тыйған) Алла сендерге ерекше мейірімді» делінген («Ниса» сүресі,29-аят). Адамның өзіне-өзі қол жұмсауы - үлкен күнә. Өзіне қол салған адамдардың жаназасы шығарылмайтыны белгілі.

      Психологтардың айтуы бойынша, субмәдениет өкілдері суицид, депрессияны насихаттаушылар. Күре тамырын кесушілердің арасында «эмолықтардың» үлесі мол. Өзін «эмомын » деп мақтанышпен айтатындардың бірі құрбымның жақын сіңлісі – Мөлдір. Оның жүзінің жартысын шашы жауып тұрады. Бұл «эмолықтардың» тәртібі екен. Сондай-ақ тұтас қара түсті киім киюі шарт. «Көңіл-күйім көтеріңкі кезде қара киімге алқызыл түсті араластырып киемін. Біз де көңілді жүре аламыз. Бірақ, ондай күндер өте сирек», - дейді  ол бойжеткен. «Эмолар» жаңбырлы ауа райын ұнатады. Жауынның астында олардың көз жасын жаңбыр тамшылары жуып өткенде ерекше күйге бөленеді екен. Ең қауіптісі, Мөлдірдің ең жақын екі құрбысының да өзін «эмомын» деп санап, қара киім киініп, көздері жастан құрғамауы болып тұр. Олар өздерінің ата-аналары мен бауырларын уайымға салып, өзгеше өмір сүрулерін  үлкен жетістікке балайды.

      «Эмо-кид» сөзіне нақты анықтама беретін болсақ, ағылшын тілінен шыққан «emo»- emotional сөзінің қысқартылған нұсқасы. Яғни, эмоцияға тез берілгіш, аса сезімтал,  ал «кид» – жас бала, жеткіншек деген ұғымды білдіреді. 

       Батысқа еліктегіш жастар аталмыш субмәдениет өкілдерінің  қатарын көбейтіп, қоғамға қауіп төндіруде. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиеден, ұлттық құндылықтардан мақрұм қалуынан түрлі келеңсіздіктер орын алуда. Жастайынан ата-әжесінің ертегісін тыңдап, қазақы тәрбиеден тамыр тартып өскен балалар әсте мұндай әбестікке бара қоймасы анық. Өкінішке қарай көп жағдайда ата-анасының бақылауынсыз қалған жасөспірімдер ғаламтордың жетегімен осындай субмәдениеттің сойылын соғып жүр.

 

Жанерке ЖҮСІПБЕКОВА.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға