Жаңалықтар

Мезгіл мекендері

  Мезгіл мекендері Планетамызда тағы бір жылдың календары түгесілді Оның ең соңғы қағазын біреулер жырлап жыртты, біреулер жылап жыртты. Басқаша айтсақ, дүниеде ескі жылдың ырза боп та, ыза боп та аттанған адрестері бар. Оңтүстік Вьетнам, Конго сипатты ұлт бостандығы үшін ұрыс-дабыл қағып жатқан бағзы бір елдерде ескі жылдың ең соңғы сағатына да адам есебінен құрбандық берілді Отаршылардың оғына душар болған патриоттар туған жерінің топырағын құшақтай жығылса, бөтен құрлықтан барғандар өзінің туған жерінен жырақта — далада қалды. Сондай бір ғана ұрыс аймағындағы екі ұдай өлімге мезгіл бағасы екі түрлі Америка, Бельгия кейіптес елдердің бағызы бір мосқал әйелдері Жаңа жыл алдында жан кешкен ұлдарынан әлі хабарсыз да шығар. Мезгіл, міне, осыған ызалы. Жапон теңізінің жалпақ бетінде басқа елдер тарапынан балық аулау бабымен, келісім бойынша келісіп-барысып жүрген баржа-кемелер де бар, су астымен сұғынған жүгі басқа «Жүзгіштер» — «Келме!» деген жерге кеудесін тықпалағандар және бар. Атап айтқанда, американдық атом қайығын су астымен сумаңдатып, жапон жағасынан шығарған өткен жылдың бір календары Шығыс тарапынан қарғыс алды, лағынет естіді. Мезгіл, міне, соған ызалы. Осы секілді сотанақ іске қаһарман ғасыр қашан да ызалы. Әлемнің әр түкпірінен әрқилы есептесіп, бір жерге берерін беріп, бір жерден аларын алып аттанған ескі жыл көбінесе көңілді кетті тарихқа. Ескі жылдың кем-кетігі толтырысып, опық жемей, қонақ асы жеп ырзашылықпен қош айтысқан ел-мекендері көп-көп. Ол жерлерде сол қонақ асының дастарқандары әлі жиылған да жоқ. Әуе толқындарындағы әсерлі үн, ән-күй, әдемі сыр, хрусталь сыңғырларына дейін өз мекендерін паш етіп жатыр осы күндерде. Қабылдағыш жанына қанша көп барсаңыз, сонша көп естисіз оны сіз: бәрі де ортақ тілімізде — орысша, жай-күйлерін біздер үшін білгізіп жатыр. Шынымды айтайын, осы мақаланы жазар алдында социалистік елдерге құлағымды күндегіден де көбірек тостым. — Қайта жасарғандай қайратты кәрілік!.. Бақытты жастық шақ!.. Жана қарым-қатынас!.. Жаңадан салынған пәтер-үй, мәдениет сарайы, жаңа завод, жаңа совхоз!.. Жаңа!.. Жаңа!.. Күндегінің күллісі — жаңа!.. Қайда да қала-дала дамылсыз даму, өрлеу бағытын хабар етеді Бәрі де чех ақыны айтқандай: Көне жылды көңілді шығарып сап, Жаңа жылды сүюге жаратылған. Осынау жаңа системаның ең жарқын ортасында, ең биік беделімен Ұлы Октябрь Отаны бай, байтақ жатыр. Бұл Отанның сонау шығыс қиырынан табалдырық аттаған Жаңа жылдың алғашқы минуты астанаға дейі алты-ақ сағат жол жүретіні баршаға аян. Тап бір екінші кезектегі жұмысшыдай, жолдағы объектінің бәрін де ескі жылдан қабылдап келеді ол. Сонсоң ғана «Мен келдім, мен қызметіме кірістім!» деп, Кремль куранттарынан жар шашады. Ал мынау даңқты жетіжылдықтың ең соңғы Ерен жылы дабылын қатты қағып келіп отыр! Әуелі алдыңғысын айтайық: біздің алпыс төртіншіміз — нағыз ардагер азамат боп шықты! Сол себепті ол да, тап бір қимас жандай, Отанның қиырынан-қиырына өтініп өтіп, сағаттар бойы жүріп алды. Біздің қазақстандықтардың өзі оған астанаға жеткенше-ақ дәмін беріп, онымен үш сағат бойы үнемі қоштасты. Ол аса қадірменді, бейбіт береке жылы болған соң қауым боп сөйттік. Өткен жылғы өнім атаулының күллісі «Жомарт сан, жоғары сапа!» талабымен мемлекет меншігіне қосылды, бәріміздің бәcipeмізге айналды. Қараңызшы: 85 миллион тонна болат, 62 миллион тонна шойын, 223 миллион тонна мұнай, 551 миллион тонна көмір, қыруар химия заттары. Электр энергиясының өзі соғысқа дейінгі жиырма жыл бойындағыдан бір жарым есе көп. Өткен жылдың олжасы санға шағып айтқанда осы ретпен орасан зор, жырдан жылы, қуатты да боп жалғаса береді. Қанша кәсіп орны, алаң-көше, қаланың авторы болды десеңізші өткен жыл! Белорустың жаңа «МАЗ-ы» секілді, арғы жылы адам білмеген, талай тамаша техникаға өткен жыл өз мөрін басты. Оның сонау «ғарышқа» — космосқа барып қайтқан кемесі де өзгеден өзгеше: бүкіл лабораторияны коллективімен түгел көтеріп, жерге есен-аман түгел түсірді Тентек теңіздің ауызға алғысыз ащы суын да тұщы кәусәрге, сусынға айналдырған жыл — осының өзі. Бұл жыл елдің экономикалық картасын ғана емес-ау, әкімшілік картасына дейін қайта жасады. Ел басқарудың ерен, нағыз ленинше стилін біржола қалыптастырды. «Бос даурығу, бекер мақтану» бәpiнe де тиым орнатты ардагер алпыс төрт! Партияның Орталық Комитетінің октябрь, ноябрь Пленумдары, Жоғарғы өкіметтің соңғы, даңқты сессиясы тарихқа алпыс төрттің атымен жазылды. Адамды бейкүнә күйдіргіш бюрократтар тағы да там-тұм төбе көрсетпек болғанын осы алпыс төрт аңғарып, партияның батыл қолымен жөппелдемде жөндеп жіберді. Түптеп келгенде, жыл өнімінің дені ішіп-жеп түгeсіп, киіп тоздыратын қоймадағы қор емес, ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын мол мұра, дәулет қой. «Сол қазынаға жыл ішінде біз не қостық?» деп, әр жердің тұрғыны өз тарапынан ойлайтын елде, естияр адам атаулының күллісі уақытқа өзін жауапты сезінетін елде тұрамыз біз. Бұл жағынан тебіренсеңіз, байтақ Қазақстан қашан да бар тұлғасымен көз алдыңызға келеді. Меніңше, астықтың өзі мәңгі сақталмыш азық. Отан қамбасы ортаймас, тартылмас теңіздей табиғат. Жалғыз-ақ айырмасы: теңіз өзендері көктемде құйса, мұның өзендері күзде тасиды. 940 миллион пұтты соңғы кезде соған апарып біз құйыппыз. Абай мен Мұхтар сүйген Қарауыл өзенінің бір көктем тасуындай дер ем мен оны! Қазақстанның үлкен болаты Қарағандының алғашқы сом теміріне алпыс төртінші жылы күәлік берді. Енді оның да бесіктен белі шықты. Ол енді қыруар замандарға қызмет етеді Толысып туған жылы болса да, тоқтап тұрар жылы болмайтын Ертіс-Қарағанды каналы, Гурьев-Астрахань темір жолы сипатты алып құрылыс та ғасырымыздың алпыс төрт жасында қолға алынды. Сырдарияның қайта жаралған, адам қолынан арна тапқан жылы да осы алпыс төрт. Ақын шалқуынан да шабыттырақ шындық осылар. Шабыт демекші, өткен жылғы өнер өнімдерінің, де көбі тұтас халықтың тұтынуына жарарлық сапада, елдің үлкен рухани қазынасына үлес боп қосылды. Ақын-жазушы, суретші, композитор, артист, кинематографист — бәрі де тынымсыз толғаныс, батыл барлау, іздену бағытын ұстанды. Нәтижесі — ұлылы-кішілі жүлдеден үміткер шығармалар шықты. Орыс әдебиеті мен өнерінің онкүндігі Қазақстандағы өткен жыл оқиғаларының бел ортасында биік бір жота боп қалды. Бұл өзі қазақ халқының қашанғы арманы, Абай арманы да болатын. Сонау, Пушкиннен бері қарай тамыр тартқан қарым-қатынас қазақ жерінде толық салтанат құрып, ақыры аға жұрттың қаһарман мәдениетін қазақ қабылдады. Кең, тең отырып, келелі кеңестер, озық ойлар қозғадық. Қазақ Республикасының Yкіметі орыс мәдениетін наградтады. Иә, жыл олжасы жатқан бір тарау-тарау дастан ғой! Бәрінен бұрын осыларды туындатып, жетілдіріп жатқан адамды айтсаңшы! Өткен жылы да құрмет алтын кітабына көп-көп ерлердің есімі жазылды. Ол — еңбекші адамның ересен жоғары санасы, ар-намысы алтынмен жазылып, тарихқа табыс етілді деген сөз. Алпыс төртінші жылдың метрикасын алған, күәлігіне соның мөрін бастырған туындылардың бірсыпырасын айтқанда, бірегейін әдейі соңға қалдырдық. Үлкен-кішіміз орнымыздан тұрып, алдына барып бас иетін азаматтар бар-ау! Осы жүрген бәрімізден де ұзағырақ; өмір сүретін арманымызды, жанымызды жалғастыратын, ісімізді. ізімізді де ілгері апаратын солар ғой! Соларды құттықтайық! —        Алпыс төртінші жылы туған кішкентай азаматтар! Алғашқы жаңа жылдарын құтты болсын! Берекелі бейбіт өмір кешіңдер! Ата-ананың перзенті далада қалу атымен құрысын! Даңқты жетіжылдық жеті тараудан тұтасқан ұлы Симфония десек, алпыс бес — соның, эпилогы! Ұлы Октябрьдің елу жылдығына еңкеймей енетін есік ол! Біз оның маңдайша, табалдырығын, босағасын болаттан, мәрмәрден соғамыз! —        Жаңа жылымыз бәрімізге де баянды бақыт жылы болғай, бауырлар, достар! Мезгіл мекені біздің Отандай болсын! Календарь беттерінің күнде біреуін жырлап тұрып жыртайық! 1965 жыл.  
07.12.2012 23:13 3260

 

Мезгіл мекендері

Планетамызда тағы бір жылдың календары түгесілді Оның ең соңғы қағазын біреулер жырлап жыртты, біреулер жылап жыртты. Басқаша айтсақ, дүниеде ескі жылдың ырза боп та, ыза боп та аттанған адрестері бар.

Оңтүстік Вьетнам, Конго сипатты ұлт бостандығы үшін ұрыс-дабыл қағып жатқан бағзы бір елдерде ескі жылдың ең соңғы сағатына да адам есебінен құрбандық берілді Отаршылардың оғына душар болған патриоттар туған жерінің топырағын құшақтай жығылса, бөтен құрлықтан барғандар өзінің туған жерінен жырақта — далада қалды. Сондай бір ғана ұрыс аймағындағы екі ұдай өлімге мезгіл бағасы екі түрлі

Америка, Бельгия кейіптес елдердің бағызы бір мосқал әйелдері Жаңа жыл алдында жан кешкен ұлдарынан әлі хабарсыз да шығар. Мезгіл, міне, осыған ызалы.

Жапон теңізінің жалпақ бетінде басқа елдер тарапынан балық аулау бабымен, келісім бойынша келісіп-барысып жүрген баржа-кемелер де бар, су астымен сұғынған жүгі басқа «Жүзгіштер» — «Келме!» деген жерге кеудесін тықпалағандар және бар. Атап айтқанда, американдық атом қайығын су астымен сумаңдатып, жапон жағасынан шығарған өткен жылдың бір календары Шығыс тарапынан қарғыс алды, лағынет естіді. Мезгіл, міне, соған ызалы. Осы секілді сотанақ іске қаһарман ғасыр қашан да ызалы.

Әлемнің әр түкпірінен әрқилы есептесіп, бір жерге берерін беріп, бір жерден аларын алып аттанған ескі жыл көбінесе көңілді кетті тарихқа.

Ескі жылдың кем-кетігі толтырысып, опық жемей, қонақ асы жеп ырзашылықпен қош айтысқан ел-мекендері көп-көп. Ол жерлерде сол қонақ асының дастарқандары әлі жиылған да жоқ. Әуе толқындарындағы әсерлі үн, ән-күй, әдемі сыр, хрусталь сыңғырларына дейін өз мекендерін паш етіп жатыр осы күндерде. Қабылдағыш жанына қанша көп барсаңыз, сонша көп естисіз оны сіз: бәрі де ортақ тілімізде — орысша, жай-күйлерін біздер үшін білгізіп жатыр. Шынымды айтайын, осы мақаланы жазар алдында социалистік елдерге құлағымды күндегіден де көбірек тостым.

— Қайта жасарғандай қайратты кәрілік!.. Бақытты жастық шақ!.. Жана қарым-қатынас!.. Жаңадан салынған пәтер-үй, мәдениет сарайы, жаңа завод, жаңа совхоз!.. Жаңа!.. Жаңа!.. Күндегінің күллісі — жаңа!.. Қайда да қала-дала дамылсыз даму, өрлеу бағытын хабар етеді Бәрі де чех ақыны айтқандай:

Көне жылды көңілді шығарып сап,

Жаңа жылды сүюге жаратылған.

Осынау жаңа системаның ең жарқын ортасында, ең биік беделімен Ұлы Октябрь Отаны бай, байтақ жатыр. Бұл Отанның сонау шығыс қиырынан табалдырық аттаған Жаңа жылдың алғашқы минуты астанаға дейі алты-ақ сағат жол жүретіні баршаға аян. Тап бір екінші кезектегі жұмысшыдай, жолдағы объектінің бәрін де ескі жылдан қабылдап келеді ол. Сонсоң ғана «Мен келдім, мен қызметіме кірістім!» деп, Кремль куранттарынан жар шашады. Ал мынау даңқты жетіжылдықтың ең соңғы Ерен жылы дабылын қатты қағып келіп отыр!

Әуелі алдыңғысын айтайық: біздің алпыс төртіншіміз — нағыз ардагер азамат боп шықты! Сол себепті ол да, тап бір қимас жандай, Отанның қиырынан-қиырына өтініп өтіп, сағаттар бойы жүріп алды. Біздің қазақстандықтардың өзі оған астанаға жеткенше-ақ дәмін беріп, онымен үш сағат бойы үнемі қоштасты. Ол аса қадірменді, бейбіт береке жылы болған соң қауым боп сөйттік.

Өткен жылғы өнім атаулының күллісі «Жомарт сан, жоғары сапа!» талабымен мемлекет меншігіне қосылды, бәріміздің бәcipeмізге айналды. Қараңызшы: 85 миллион тонна болат, 62 миллион тонна шойын, 223 миллион тонна мұнай, 551 миллион тонна көмір, қыруар химия заттары. Электр энергиясының өзі соғысқа дейінгі жиырма жыл бойындағыдан бір жарым есе көп. Өткен жылдың олжасы санға шағып айтқанда осы ретпен орасан зор, жырдан жылы, қуатты да боп жалғаса береді. Қанша кәсіп орны, алаң-көше, қаланың авторы болды десеңізші өткен жыл! Белорустың жаңа «МАЗ-ы» секілді, арғы жылы адам білмеген, талай тамаша техникаға өткен жыл өз мөрін басты. Оның сонау «ғарышқа» — космосқа барып қайтқан кемесі де өзгеден өзгеше: бүкіл лабораторияны коллективімен түгел көтеріп, жерге есен-аман түгел түсірді Тентек теңіздің ауызға алғысыз ащы суын да тұщы кәусәрге, сусынға айналдырған жыл — осының өзі. Бұл жыл елдің экономикалық картасын ғана емес-ау, әкімшілік картасына дейін қайта жасады. Ел басқарудың ерен, нағыз ленинше стилін біржола қалыптастырды. «Бос даурығу, бекер мақтану» бәpiнe де тиым орнатты ардагер алпыс төрт! Партияның Орталық Комитетінің октябрь, ноябрь Пленумдары, Жоғарғы өкіметтің соңғы, даңқты сессиясы тарихқа алпыс төрттің атымен жазылды. Адамды бейкүнә күйдіргіш бюрократтар тағы да там-тұм төбе көрсетпек болғанын осы алпыс төрт аңғарып, партияның батыл қолымен жөппелдемде жөндеп жіберді.

Түптеп келгенде, жыл өнімінің дені ішіп-жеп түгeсіп, киіп тоздыратын қоймадағы қор емес, ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын мол мұра, дәулет қой. «Сол қазынаға жыл ішінде біз не қостық?» деп, әр жердің тұрғыны өз тарапынан ойлайтын елде, естияр адам атаулының күллісі уақытқа өзін жауапты сезінетін елде тұрамыз біз. Бұл жағынан тебіренсеңіз, байтақ Қазақстан қашан да бар тұлғасымен көз алдыңызға келеді.

Меніңше, астықтың өзі мәңгі сақталмыш азық. Отан қамбасы ортаймас, тартылмас теңіздей табиғат. Жалғыз-ақ айырмасы: теңіз өзендері көктемде құйса, мұның өзендері күзде тасиды. 940 миллион пұтты соңғы кезде соған апарып біз құйыппыз. Абай мен Мұхтар сүйген Қарауыл өзенінің бір көктем тасуындай дер ем мен оны! Қазақстанның үлкен болаты Қарағандының алғашқы сом теміріне алпыс төртінші жылы күәлік берді. Енді оның да бесіктен белі шықты. Ол енді қыруар замандарға қызмет етеді Толысып туған жылы болса да, тоқтап тұрар жылы болмайтын Ертіс-Қарағанды каналы, Гурьев-Астрахань темір жолы сипатты алып құрылыс та ғасырымыздың алпыс төрт жасында қолға алынды. Сырдарияның қайта жаралған, адам қолынан арна тапқан жылы да осы алпыс төрт. Ақын шалқуынан да шабыттырақ шындық осылар.

Шабыт демекші, өткен жылғы өнер өнімдерінің, де көбі тұтас халықтың тұтынуына жарарлық сапада, елдің үлкен рухани қазынасына үлес боп қосылды. Ақын-жазушы, суретші, композитор, артист, кинематографист — бәрі де тынымсыз толғаныс, батыл барлау, іздену бағытын ұстанды. Нәтижесі — ұлылы-кішілі жүлдеден үміткер шығармалар шықты.

Орыс әдебиеті мен өнерінің онкүндігі Қазақстандағы өткен жыл оқиғаларының бел ортасында биік бір жота боп қалды. Бұл өзі қазақ халқының қашанғы арманы, Абай арманы да болатын. Сонау, Пушкиннен бері қарай тамыр тартқан қарым-қатынас қазақ жерінде толық салтанат құрып, ақыры аға жұрттың қаһарман мәдениетін қазақ қабылдады. Кең, тең отырып, келелі кеңестер, озық ойлар қозғадық. Қазақ Республикасының Yкіметі орыс мәдениетін наградтады.

Иә, жыл олжасы жатқан бір тарау-тарау дастан ғой! Бәрінен бұрын осыларды туындатып, жетілдіріп жатқан адамды айтсаңшы! Өткен жылы да құрмет алтын кітабына көп-көп ерлердің есімі жазылды. Ол — еңбекші адамның ересен жоғары санасы, ар-намысы алтынмен жазылып, тарихқа табыс етілді деген сөз. Алпыс төртінші жылдың метрикасын алған, күәлігіне соның мөрін бастырған туындылардың бірсыпырасын айтқанда, бірегейін әдейі соңға қалдырдық. Үлкен-кішіміз орнымыздан тұрып, алдына барып бас иетін азаматтар бар-ау! Осы жүрген бәрімізден де ұзағырақ; өмір сүретін арманымызды, жанымызды жалғастыратын, ісімізді. ізімізді де ілгері апаратын солар ғой! Соларды құттықтайық!

—        Алпыс төртінші жылы туған кішкентай азаматтар! Алғашқы жаңа жылдарын құтты болсын! Берекелі бейбіт өмір кешіңдер! Ата-ананың перзенті далада қалу атымен құрысын!

Даңқты жетіжылдық жеті тараудан тұтасқан ұлы Симфония десек, алпыс бес — соның, эпилогы! Ұлы Октябрьдің елу жылдығына еңкеймей енетін есік ол! Біз оның маңдайша, табалдырығын, босағасын болаттан, мәрмәрден соғамыз!

—        Жаңа жылымыз бәрімізге де баянды бақыт жылы болғай, бауырлар, достар! Мезгіл мекені біздің Отандай болсын! Календарь беттерінің күнде біреуін жырлап тұрып жыртайық!

1965 жыл.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға