Жаңалықтар

Ауыл интеллигентіне хат

  Жұмағали Сайын   Ауыл интеллигентіне хат   Құрметті Н...   Биыл сізбен колхозда кездесуім мені көп ойландырды. Сіздің өміріңізде кездескен өзгерістерге көз жібере отырып, мен ауыл интеллигенциясының хал-жайына еріксіз көз жібердім. Ауыл мәдениеті, ауыл бойына сіңетін жаңалықтар, ауыл өмірінен қуылатын ескілік дерттері бірсыпыра жағдайда ауыл интеллигенттерінің атымен, солардың әрекеттеріне, тағдырына, істеріне байланысты ма деп ойлаймын.   Меніңше, ауыл интеллигенциясы (мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, колхоз бастықтары, партия ұйымдастырушылары тағы басқалар) жаңа тұрмыстың, мәдениеттің ауылдағы ұйтқысы. Ауыл өміріне кірер жаңалық жаңа салт, жаңа дәстүрлер осы бір сіздер, интеллигенттер, арқылы орын теуіп, сіздердің қарым-қатынастарыңыз арқылы, үй-түздегі үлгілеріңіз арқылы қалың көпшілікке бірте-бірте сіңе бермек. Мыңдаған жылдар халқымыздың бойына сіңіп қалған ескілік салттары, кейбір жаман әдеттер өзінен-өзі жойыла қалар деу — бойға жабысқан жараға ем іздемей, асқындыру болар еді.   Талай адамдарымыздың толып жатқан жақсы қасиеттерімен қатар ескі өмірдің, қатал тұрмыс жағдайларының салдарынан бойына сіңіп кеткен көптеген елеулі кемшіліктері де бар ғой. Көзге түсетін сол өрескел мінездер, одағай әдеттер әлі күнге ауыл бойынан арылмай келеді, арылмауы былай тұрсын, бірқатар жағдайларда сіресіп, шегеленіп қалғанға ұқсайды. Мұның себебі не? «Әдет — әдет емес, жөн — әдет» дейтін мәтел қайда? Жаңа әдетпен, жаңа салт ауылда неге орын теппейді, неге баурамайды, бұған кім кінәлі?   Меніңше, алдымен ауыл интеллигенттері, сіздер, кінәлісіздер ме деп ойлаймын. Жолдас Н... Өзіңіз ойлап қараңызшы! Сіз жас шағыңыздан совет мектебінен тәрбие алдыңыз, пионер болдыңыз, одан комсомолға кірдіңіз, онжылдықты бітіріп, институтқа түстіңіз. Осы ұзақ жылдар ішінде сіздің бойыңызға тек қана жаңа — советтік тәрбие сіңді, сіз үнемі мәдениетке жаттығып, өнер, біліммен қаруландыңыз. Сізді партия ескіліктің зиянды қалдықтарымен күресуге баулыды.   Сіз жоғары білім алып, оқыған азамат болдыңыз, міне өзіңіз шыққан ауылға келдіңіз. Қызмет істей бастадыңыз, ауылда сізге оқыған азамат деп қарайды. Сіз үйлендіңіз. Міне, ауыл өмірінде енді бір жаңа семья, жаңа салт, жаңа мәдениетті үй пайда болды. Сіздің жүріс-тұрысыңызға еліктеушілер аз емес. Кейбір әйелдер сіздің үй ішінен үлгі көргісі келеді, бұл өте орынды тілектер...   Міне, мен сіздің үйде отырмын, осы минутте менің көз алдыма жаңа дәстүрлі, еңсесі көтеріңкі оқыған азаматтық үй тұрмысы емес, әлдебір ескі заман мен жаңа өмірдің нашар да бұдан қосындысы елестейді, не ғажап?! Ескі заманның оғаш та тағы, надан тәрбиесін көрген, осы күнге дейін ескілік көлеңкесінде қалған өз әкеңіз бен шешеңізге ешбір жаңалық әкелмеген тәріздісіз. Оларды басқан шаңнан сілкіп, ескі тозаңнан арылтып, жуып тазартудың орнына сіз өзіңіз ескіріп бара жатқандайсыз. Сіздің жаңа киіміңізге тозаң мықтап отырған тәрізді. Менің осы сөзім шым жүрегімнен шығып отырған, сізді аяған, жақсы көріп отырған жүректен туған сөздер. Оның шындығын өз үй ішіңізге көз жіберсеңіз, өзіңізді қоршаған сол бір өмірден әріректеу кетіп, сын көзбен қарасаңыз өзіңіз де оңай-ақ білесіз. Әне, төрде сәкі үстінде өзінің ескі орнында әкеңіз бен шешеңіз жатыр. Баяғы ескі жай, ескі орын. Оқыған сіз солардан оза алған жоқсыз. Сіздің үй етті (кейбіреулер бесбармақ деседі) қолмен жейді. Сіз ақсақал қолынан ет асайсыз, бұны не дейміз? Атам замандағы дөңгелек стол, атам замандағы ескі табақ. Институт бітіргенсіз, сіздің жаңа семья осы бір ескі орынды баяғыша қоршап, қолды табаққа баяғыша сұғады. «Жаңалық» дегенде бұл үйге кірген жалғыз кровать. Ана терезе түбінде тұрған шибұт стол, оның үстіндегі он шақты кітаптар, газеттер. Осыдан басқа, сіздің тұрмысыңызда ескі ауыл өмірінен не айырма бар? Әрине, бір айырма бар. Ол — сіздің, оқыған азамат болуыңыз. Білімнен хабарларыңыз барлығы, бірақ бұдан пайда не? Өз бойыңыздағы білім жарығы, өз үйіңізге де сәулесін түсірмеген, сіз тек қана тамақ табудың, киім киюдің жолына түскенсіз. Өзіңіздің тікелей еңбекақы алып отырған міндетті қызметіңізді атқарғаннан басқа, сіздің ауыл өміріне қатынасыңыз жоқ. Сіз ауылдан, ауыл адамдарынан, ауыл тұрмысынан қол үзгенсіз. Байқап қараңызшы, үй ішіндегі кітаптарыңыз да өз мамандығыңыздың төңірегінде ғой, марксизм-ленинизм классиктерінің бірер еңбегі бар. Толстойдың бір кітабы бар, басқа көркем әдебиет кітаптары сіздің. үйден орын теппеген. Сіздің қызметтен бос уақыттарыңыз болымсыз нәрселерге, жаман әдеттерге әуестікпен өтетін тәрізді. Сіз сол бір бос шақтарыңызды қоғамға пайдалы, ауыл өміріне әлдеқандай жаңалық әкелетін жайларға арнасаңыз қандай жақсы болар еді! Өз қолыңызда отырған әке-шешеңізге көз жіберіңізші! Олардың не сырт көрінісінде, не ішкі сезім дүниесінде бұрынды қалпынан бір де бір өзгерісі жоқ қой. Қайта өз сыртыңыз жүдеп бара жатқан тәрізді. Сіздің үйдің маңында да монша, не әжетке барар орын жоқ. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіздің ауылда коммунистік жаңа өмір құрушылардың бірі екендігіңізді мүлде естен шығарып жібергенсіз. Сөйтіп, жабайы, өз қызметін адал атқарғаннан басқаға көңіл аудармайтын ескі заманның тұйық мамандарына ұқсап кеткенсіз.   Сіздер, совет оқығандары; ауылдағы мұғалімдер, агрономдар, партия ұйымдастырушылары, колхоз бастықтары, ауылда коммунистік жаңа салт, жаңа дәстүр құрушылар емессіздер ме! Сол ұлы міндеттеріңізді бір минут та естен шығаруға болмайды ғой. Сіздер қаладан ауылға жаңалық ала баратын, сол жаңалықты арымай, талмай күп сайын, сағат сайын ауыл тұрмысына, ауыл өміріне сіңіре беретін жаңа күш, партияның, үкіметтің сенімді өкілдерісіздер. Ескі әдетке, ескі жиренішті салттарға қарсы шығу, онымен күресу — сөзбен емес, іспен болмақ. Сіздердің үйлеріңіз, үй тұрмыстарыңыз, өздеріңіздің семьяларыңыздың әдет, дәстүрлері ауыл ішінде, ауыл мәдениетінің көтерілуіне үлгі болмақ. Сондықтан сіздердің үйлеріңізде де, семьяларыңыз бен өз бойларыңызда да ескілікке ешбір орын қалмауға тиіс.   Ауыл интеллигенттері ынтымақпен, бірлікпен қолға алса, ескіліктің әрбір зиянды қалдықтарына қарсы тоқтаусыз күрес жүргізсе, ауыл мәдениеті әлдеқашан көтерілген болар еді, ауыл өмірінен ескілік қалдықтары жойылып, ескі салттардан аршылған болар еді...   Құрметті Н... Егер сіз сықылды оқыған адамдар ауылда аз болса, мен де бұл хатты жазбаған болар едім. Осы хатымды оқығаннан кейін: «Мұнысы несі, мен секілділер ел ішінде көп қой»,— деп маған ренжуіңіз ақиқат. Менің бұл хатым сіздің соқа қара басыңыздан гөрі, сол бір өз еңселерін өздері түсіріп алған оқығандарға арналып отыр. Мен бұл хатты оларды айыптау жолымен жазып отырғаным жоқ. Еңсеңді көтер, өз міндетіңнің дәрежесінде бол, совет интеллигенті деген ардақты атты ақта! Ауыл мәдениетін жоғары көтер! Ауыл өміріндегі ескіліктің барлық қалдықтарына өз үйіңнің ішінен бастап, қарсы күрес аш! —демекпін. Сөйтіп, партияның, үкіметтің ауылдағы сүйеніші сенімді үгітшілері, жаңа тұрмыс орнатушылары деген құрметті есімге ісіңмен жауап бер! — демекпін.   Егер артық кеткен жерім болса көрсетерсіздер, оны мен де қарсы алмақпын. Жаны ашыған адамның достық жүректен айтар сөзі қатты болмақ. Сондықтан менің бұл хатымды жолдастықпен, достықпен қарсы алып, іске кірісер деп сенемін.   Жолдастық сәлеммен Жұмағали САИН.  
07.12.2012 18:40 3693

 

Жұмағали Сайын

 

Ауыл интеллигентіне хат

 

Құрметті Н...

 

Биыл сізбен колхозда кездесуім мені көп ойландырды. Сіздің өміріңізде кездескен өзгерістерге көз жібере отырып, мен ауыл интеллигенциясының хал-жайына еріксіз көз жібердім. Ауыл мәдениеті, ауыл бойына сіңетін жаңалықтар, ауыл өмірінен қуылатын ескілік дерттері бірсыпыра жағдайда ауыл интеллигенттерінің атымен, солардың әрекеттеріне, тағдырына, істеріне байланысты ма деп ойлаймын.

 

Меніңше, ауыл интеллигенциясы (мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, колхоз бастықтары, партия ұйымдастырушылары тағы басқалар) жаңа тұрмыстың, мәдениеттің ауылдағы ұйтқысы. Ауыл өміріне кірер жаңалық жаңа салт, жаңа дәстүрлер осы бір сіздер, интеллигенттер, арқылы орын теуіп, сіздердің қарым-қатынастарыңыз арқылы, үй-түздегі үлгілеріңіз арқылы қалың көпшілікке бірте-бірте сіңе бермек. Мыңдаған жылдар халқымыздың бойына сіңіп қалған ескілік салттары, кейбір жаман әдеттер өзінен-өзі жойыла қалар деу — бойға жабысқан жараға ем іздемей, асқындыру болар еді.

 

Талай адамдарымыздың толып жатқан жақсы қасиеттерімен қатар ескі өмірдің, қатал тұрмыс жағдайларының салдарынан бойына сіңіп кеткен көптеген елеулі кемшіліктері де бар ғой. Көзге түсетін сол өрескел мінездер, одағай әдеттер әлі күнге ауыл бойынан арылмай келеді, арылмауы былай тұрсын, бірқатар жағдайларда сіресіп, шегеленіп қалғанға ұқсайды. Мұның себебі не? «Әдет — әдет емес, жөн — әдет» дейтін мәтел қайда? Жаңа әдетпен, жаңа салт ауылда неге орын теппейді, неге баурамайды, бұған кім кінәлі?

 

Меніңше, алдымен ауыл интеллигенттері, сіздер, кінәлісіздер ме деп ойлаймын. Жолдас Н... Өзіңіз ойлап қараңызшы! Сіз жас шағыңыздан совет мектебінен тәрбие алдыңыз, пионер болдыңыз, одан комсомолға кірдіңіз, онжылдықты бітіріп, институтқа түстіңіз. Осы ұзақ жылдар ішінде сіздің бойыңызға тек қана жаңа — советтік тәрбие сіңді, сіз үнемі мәдениетке жаттығып, өнер, біліммен қаруландыңыз. Сізді партия ескіліктің зиянды қалдықтарымен күресуге баулыды.

 

Сіз жоғары білім алып, оқыған азамат болдыңыз, міне өзіңіз шыққан ауылға келдіңіз. Қызмет істей бастадыңыз, ауылда сізге оқыған азамат деп қарайды. Сіз үйлендіңіз. Міне, ауыл өмірінде енді бір жаңа семья, жаңа салт, жаңа мәдениетті үй пайда болды. Сіздің жүріс-тұрысыңызға еліктеушілер аз емес. Кейбір әйелдер сіздің үй ішінен үлгі көргісі келеді, бұл өте орынды тілектер...

 

Міне, мен сіздің үйде отырмын, осы минутте менің көз алдыма жаңа дәстүрлі, еңсесі көтеріңкі оқыған азаматтық үй тұрмысы емес, әлдебір ескі заман мен жаңа өмірдің нашар да бұдан қосындысы елестейді, не ғажап?! Ескі заманның оғаш та тағы, надан тәрбиесін көрген, осы күнге дейін ескілік көлеңкесінде қалған өз әкеңіз бен шешеңізге ешбір жаңалық әкелмеген тәріздісіз. Оларды басқан шаңнан сілкіп, ескі тозаңнан арылтып, жуып тазартудың орнына сіз өзіңіз ескіріп бара жатқандайсыз. Сіздің жаңа киіміңізге тозаң мықтап отырған тәрізді. Менің осы сөзім шым жүрегімнен шығып отырған, сізді аяған, жақсы көріп отырған жүректен туған сөздер. Оның шындығын өз үй ішіңізге көз жіберсеңіз, өзіңізді қоршаған сол бір өмірден әріректеу кетіп, сын көзбен қарасаңыз өзіңіз де оңай-ақ білесіз. Әне, төрде сәкі үстінде өзінің ескі орнында әкеңіз бен шешеңіз жатыр. Баяғы ескі жай, ескі орын. Оқыған сіз солардан оза алған жоқсыз. Сіздің үй етті (кейбіреулер бесбармақ деседі) қолмен жейді. Сіз ақсақал қолынан ет асайсыз, бұны не дейміз? Атам замандағы дөңгелек стол, атам замандағы ескі табақ. Институт бітіргенсіз, сіздің жаңа семья осы бір ескі орынды баяғыша қоршап, қолды табаққа баяғыша сұғады. «Жаңалық» дегенде бұл үйге кірген жалғыз кровать. Ана терезе түбінде тұрған шибұт стол, оның үстіндегі он шақты кітаптар, газеттер. Осыдан басқа, сіздің тұрмысыңызда ескі ауыл өмірінен не айырма бар? Әрине, бір айырма бар. Ол — сіздің, оқыған азамат болуыңыз. Білімнен хабарларыңыз барлығы, бірақ бұдан пайда не? Өз бойыңыздағы білім жарығы, өз үйіңізге де сәулесін түсірмеген, сіз тек қана тамақ табудың, киім киюдің жолына түскенсіз. Өзіңіздің тікелей еңбекақы алып отырған міндетті қызметіңізді атқарғаннан басқа, сіздің ауыл өміріне қатынасыңыз жоқ. Сіз ауылдан, ауыл адамдарынан, ауыл тұрмысынан қол үзгенсіз. Байқап қараңызшы, үй ішіндегі кітаптарыңыз да өз мамандығыңыздың төңірегінде ғой, марксизм-ленинизм классиктерінің бірер еңбегі бар. Толстойдың бір кітабы бар, басқа көркем әдебиет кітаптары сіздің. үйден орын теппеген. Сіздің қызметтен бос уақыттарыңыз болымсыз нәрселерге, жаман әдеттерге әуестікпен өтетін тәрізді. Сіз сол бір бос шақтарыңызды қоғамға пайдалы, ауыл өміріне әлдеқандай жаңалық әкелетін жайларға арнасаңыз қандай жақсы болар еді! Өз қолыңызда отырған әке-шешеңізге көз жіберіңізші! Олардың не сырт көрінісінде, не ішкі сезім дүниесінде бұрынды қалпынан бір де бір өзгерісі жоқ қой. Қайта өз сыртыңыз жүдеп бара жатқан тәрізді. Сіздің үйдің маңында да монша, не әжетке барар орын жоқ. Бір сөзбен айтқанда сіз өзіңіздің ауылда коммунистік жаңа өмір құрушылардың бірі екендігіңізді мүлде естен шығарып жібергенсіз. Сөйтіп, жабайы, өз қызметін адал атқарғаннан басқаға көңіл аудармайтын ескі заманның тұйық мамандарына ұқсап кеткенсіз.

 

Сіздер, совет оқығандары; ауылдағы мұғалімдер, агрономдар, партия ұйымдастырушылары, колхоз бастықтары, ауылда коммунистік жаңа салт, жаңа дәстүр құрушылар емессіздер ме! Сол ұлы міндеттеріңізді бір минут та естен шығаруға болмайды ғой. Сіздер қаладан ауылға жаңалық ала баратын, сол жаңалықты арымай, талмай күп сайын, сағат сайын ауыл тұрмысына, ауыл өміріне сіңіре беретін жаңа күш, партияның, үкіметтің сенімді өкілдерісіздер. Ескі әдетке, ескі жиренішті салттарға қарсы шығу, онымен күресу — сөзбен емес, іспен болмақ. Сіздердің үйлеріңіз, үй тұрмыстарыңыз, өздеріңіздің семьяларыңыздың әдет, дәстүрлері ауыл ішінде, ауыл мәдениетінің көтерілуіне үлгі болмақ. Сондықтан сіздердің үйлеріңізде де, семьяларыңыз бен өз бойларыңызда да ескілікке ешбір орын қалмауға тиіс.

 

Ауыл интеллигенттері ынтымақпен, бірлікпен қолға алса, ескіліктің әрбір зиянды қалдықтарына қарсы тоқтаусыз күрес жүргізсе, ауыл мәдениеті әлдеқашан көтерілген болар еді, ауыл өмірінен ескілік қалдықтары жойылып, ескі салттардан аршылған болар еді...

 

Құрметті Н... Егер сіз сықылды оқыған адамдар ауылда аз болса, мен де бұл хатты жазбаған болар едім. Осы хатымды оқығаннан кейін: «Мұнысы несі, мен секілділер ел ішінде көп қой»,— деп маған ренжуіңіз ақиқат. Менің бұл хатым сіздің соқа қара басыңыздан гөрі, сол бір өз еңселерін өздері түсіріп алған оқығандарға арналып отыр. Мен бұл хатты оларды айыптау жолымен жазып отырғаным жоқ. Еңсеңді көтер, өз міндетіңнің дәрежесінде бол, совет интеллигенті деген ардақты атты ақта! Ауыл мәдениетін жоғары көтер! Ауыл өміріндегі ескіліктің барлық қалдықтарына өз үйіңнің ішінен бастап, қарсы күрес аш! —демекпін. Сөйтіп, партияның, үкіметтің ауылдағы сүйеніші сенімді үгітшілері, жаңа тұрмыс орнатушылары деген құрметті есімге ісіңмен жауап бер! — демекпін.

 

Егер артық кеткен жерім болса көрсетерсіздер, оны мен де қарсы алмақпын. Жаны ашыған адамның достық жүректен айтар сөзі қатты болмақ. Сондықтан менің бұл хатымды жолдастықпен, достықпен қарсы алып, іске кірісер деп сенемін.

 

Жолдастық сәлеммен Жұмағали САИН.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға