Жаңалықтар

Аударма — әдебиеттің маңызды саласы

  Жұмағали Сайын   Аударма — әдебиеттің маңызды саласы   Аударма әдебиеттің маңызы, оның қазірде алып отырған орыны, бұл жұмыстағы кемшіліктер туралы талай мақалалар жазылып, талай баяндамалар жасалып, қаулылар алынып жүр. Бірақ та баяғыдағы кемшіліктер әлі де жойылмай келеді, аударма әдебиет туралы сөз болған сайын баяғы бір кемшіліктер қайталанып айтыла береді. Ол кемшіліктер, қорыта келгенде мыналар: а) аударма кітаптардың көпшілігінің сапасы төмен, тілі нашар, мағынасы бұрмалануымен қатар, көркемдіктен жұрдай; мұның басты себебі — аударма жұмысы кім көрінгеннің қолында олжа болып, бұған әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар араласып кетті; б) аудармашылардың еңбегі ешбір жерде зерттелмей, қорытылмай келеді, ғылыми, творчестволық ұйымдарымыз, газет, журналдарымыз, сыншыларымыз аударма әдебиетке көңіл бөлмейді, жақсысын үлгі етіп, жаманын сынамайды.   Бұл айтылғандардың бәрі де, әрине, дұрыс. Біз осы кемшіліктерді жою жөнінде бірнеше пікір айтпақпыз.   Бұл кемшіліктердің басты себебі — ұйымдастырудан. Көп тетік көркем баспасының қолында, өйткені ол аударылатын кітаптарды жоспарлайды, аудармашыларды іріктеп алады, олармен шарт жасайды, жұмыстарын қабылдап алып, ақша төлейді, кітапты рецензиядан, редакциядан өткізіп, бастырып шығарады.   Алдымен нені аудару керек екенін қатты ойланып жоспарлау керек. Дүниеде жақсы кітап көп, оның бәрін аударуға біздің күшіміз де келмейді және оның қажеті де жоқ. Қазірде, жақсы болсын, жаман болсын, орыс классиктерінің негізгі шығармалары аударылып болуға жақын (оның ішінде, әрине, бір қайнауы ішінде кеткендері де аз емес). Енді жер жүзі классиктерінің асыл мұраларын шетінен іріктеп аударуға кірісу керек. Сонымен қатар, қазіргі совет жазушылары мен халықтық демократия елдерінің, шетелдердің прогресшіл жазушыларының озық шығармаларын да аударуымыз керегі сөзсіз.   Осы күнге дейін аударма әдебиет тым көп жоспарланып келді. Ендігі жерде осының өзін ықшамдап, жоспарлап, көрпемізге қарай аяғымызды көсіліп, аз да болса дәмді етіп шығарғанымыз жөн, санынан гөрі сапасына көңіл бөлгеніміз жөн.   Екінші бір қатты көңіл бөлетін мәселе— осыларды кімге аударту керек? Шығарма жазу кез келген кісінің қолынан келмейтіні сияқты, сауатты адамның бәрі бірдей көркем әдебиетті аудара алмайды. Бұл үшін аудармашы екі тілді бірдей білумен қатар, тілге ұста, әдебиетті түсінетін, аударғалы отырған кітабында әңгіме етілетін халықтың тілін, тарихын, салтын, әдет-ғұрпын жақсы білетін, белгілі бір дәрежеде мағлұматы бар адам болуға тиіс. Ендігі жерде әдебиеттің аударылатын асыл нұсқаларын «көлденең келген көк аттыға» бөктертіп жібере салмай, кімге аудартуды біліп, одан жақсы аударма алатынымызға көзіміз жететін адамдарға беру керек.   Аударманың санын азайтып, сапасына қатты көңіл бөлу керек екенін жоғарыда айттық. Ол үшін аудармашыларға талапты күшейту керек. Бұл істе көңілшектік етуге болмайды. Редакторлардың не жауапсыздығынан, не сауатсыздығынан талай жаман аудармалар шықты, енді редактордың да жауаптылығын күшейту керек. Шығарманың тек мағынасы дұрыс аударылуы жеткіліксіз, оның тілі де көркем, тартымды болуға тиіс. Аударманың кемшілігін баспа орыны, редактор жібере салғанымен де, ертең оны халық көреді, ондай кітапқа мемлекеттің қаншама қаржысы жұмсалады, ол кітап өтпей жатып алып, сауда орындарын үлкен зиянға қалдырады.   Сауда орындары жиналыстарда: «Кітап өтпейді, жылына пәленбай сом зиян шегіп отырмыз,» — деп зар илейді. Кітап саудасының нашар жүруіне бұл жұмысты сауда орындарының олақ ұйымдастыруымен қатар, осы төмен қол аудармалардың да үлкен қырсығы тиіп отыр. Өтпей жатқан кітаптардың дені осы нашар аудармалар. Бұл жөнінде сауда орындарын да ақтауға болмайды. Олар баспа орындарының бергендерін талғамай жұта береді де, кейін өздері жапа шегеді. Егер сауда орындары кітаптың сапасын тексеріп алса, нашарларын қабылдамаса, онда баспа орындары да, екіншілей қандай кітап шығару керек екенін ойлаған болар еді. Сауда орындары бір жеңі шолақ костюмді, жағасы қисық көйлекті, ұлтаны қақырап тұрған етікті фабрикадан қабылдай алмайды ғой, ал бисауат шыққан кітапты неге ала береді?   Мәдениет министрлігінің полиграфия және баспа орындары басқармасы басылып шыққан кітаптардың сапасын тексеру үшін оларды рецензияға беріп отырады. Сол басқармада соңғы жылдарда жиналған бірнеше қап рецензия жатыр. Рецензенттер талай былықтың бетін ашып көрсеткен. Бірақ одан не пайда? Шығар кітап шығып кетті, сауда орындарына жетті. Біздіңше, осы рецензияларды сауда орындары ұйымдастырса қайтер еді? Әрине, барлық шыққан кітаптарға рецензия ұйымдастырып жатудың қажеті жоқ, бірақ та ішіндегі «шикілеріне» сондай рецензиялар ұйымдастырып, сауда тілімен айтқанда, «брактарын» алмай тастаса кітап шығару ісінде баспа орнының да жауапкершілігі артар еді.   Бізде аударма жұмысына машықтанған, сауатты, тілге ұста бірқатар төселген аудармашылар бар. Бірақ осылардың жұмыстары зерттеліп, тәжірибелері қорытылып көрген емес. Газет, журналдарымыз тек жаман аудармалар жайында ғана, онда да оқта-текте, жазып қояды. Бір кезде Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институтында және Жазушылар одағында көркем аударма секциялары болушы еді, қазір олар да жоқ. Енді аударма шығармалардың кең өріс алуына, аудармашы кадрларымыздың өсуіне, олардың тәжірибелерінің молаюына байланысты, осы жұмысты қорытып, зерттеп отыратын, аудармашылардың жұмысына жәрдемдесіп кеңес беріп отыратын жоғарыда айтылған ғылыми, творчестволық секцияларды қайта құру керек. Бұл секциялардың жұмысын Тіл мен әдебиет институты директорының орынбасары мен Жазушылар одағы басқармасының секретарьларының бірі басқаруға тиіс, сөйткенде ғана осы артта қалған жұмысты тиісті дәрежесіне көтере аламыз.   Аударманың «көлденең табыс» болып, көрінгенге «олжа» болып жүргені талай айтылды. Қай жұмыс болса да алаңсыз көңіл бөлуді керек етеді, оның ішінде әдебиет жұмысы жүрдім,бардым істеуді көтермейді. Сондықтан аударма жұмысында профессионал адамдарды көбейтіп, солардың күшін сарқа пайдалану керек. Бұл үшін көркем әдебиет баспасы осындай адамдарды өз маңына топтап, жұмыстарын ұйымдастырып, негізгі жауапты аудармаларды осы топ әдебиетшілерге артуға тиіс. Егер көркем әдебиет баспасы осындай бір топ адамның басын қоса алса, баспаның өзіне де көп жеңілдік келер еді.   Аударма әдебиеттің сапасын жақсарту, кемшіліктерін түзеу тек баспа орыны мен жоғарыда аталған екі мекеменің ғана жұмысы емес, ол көптің жұмысы. Бұған кітап оқушыларымыз бен қатар, әдебиетшілер, әдебиет зерттеушілер, тіл мамандары түгел ат салысуға тиіс. Әсіресе қазір, қазақ халқының әдебиеті өсіп, мәдениеті жоғары орыс халқымен, басқа да елдермен тығыз байланысып отырғанда әдеби тіліміздің бұрынғы қалпында қала алмайтыны, ұдайы дамып отырғаны заңды құбылыс. Біздің тілімізде ғылымға, техникаға, саясатқа байланысты орыс тілінен және басқа да тілдерден көптеген терминдер еніп жатыр, бұл жаңа терминдер тілімізді байытып, оны орамды етіп отыр. Бірақ сонымен қатар тіліміздің дамуында елеулі қателіктер де бар. Бұл әсіресе аударма жұмысында көбірек көрініп отыр. Қазақ тілі мен орыс тілінің құрылыс заңы мүлде екі басқа екеніне қарамастан, бізде кейбір аудармашылар сөйлем құрғанда, бір тілді екінші тілдің заңына бағындыруға тырысады, осыдан барып нешетүрлі сорақы сөйлемдер туады. Талай жауапты шығармалар осындай әдіспен аударылып, оқуға жарамсыз болып қалды. Осымен қатар, түрліше жасанды сөздер (оқырман, көрермен деген сияқты), жасанды етістік түрлері (баруда, келуде деген сияқты) пайда болып жүр. Қазірде етістіктің осы түрі, оның басқа, байырғы түрлерін тіпті ығыстырып барады. Және осындай «жаңалықтардың» бәрі аударма әдебиеттен кездеседі, төл шығармаларда ондайлар некен-саяқ, болмаса кездеспейді. Осылардың бәрі жай әңгіме үстінде ғана сөз болғаны болмаса, ғылым жүзінде қорытылып тиісті бағасын алған емес. Сондықтан бұл мамандар әдеби тіліміздің орынсыз шұбарлана беруіне жол бермей, оның дамуына бағыт сілтеп басшылық етіп отыруға міндетті.   Жуықтағы уақыттардың ішінде Жазушылар одағы көркем әдебиет аудармасы мәселесін Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің коллегиясымен бірге қарауды жоспарлап отыр. Біздің ойымызша бұл мәжіліске Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтын да қатыстыру керек. Осы мәжілісте аударманың негізгі мәселелерін кеңінен кеңесіп, болып келген қателердің бетін ашып, оқушыларымызға шым мағынасында көркем аударма беру шараларын қатты ойлану керек. Осы мәжіліске жоғарыда айтылған үш мекеменің үшеуі де жақсы әзірленіп, істейтін жұмыстарын ойланып келуге тиіс. Аударма — әдебиеттің маңызды саласы, ендігі жерде оған тиісті көңіл бөлуіміз керек.  
07.12.2012 18:38 7201

 

Жұмағали Сайын

 

Аударма — әдебиеттің маңызды саласы

 

Аударма әдебиеттің маңызы, оның қазірде алып отырған орыны, бұл жұмыстағы кемшіліктер туралы талай мақалалар жазылып, талай баяндамалар жасалып, қаулылар алынып жүр. Бірақ та баяғыдағы кемшіліктер әлі де жойылмай келеді, аударма әдебиет туралы сөз болған сайын баяғы бір кемшіліктер қайталанып айтыла береді. Ол кемшіліктер, қорыта келгенде мыналар: а) аударма кітаптардың көпшілігінің сапасы төмен, тілі нашар, мағынасы бұрмалануымен қатар, көркемдіктен жұрдай; мұның басты себебі — аударма жұмысы кім көрінгеннің қолында олжа болып, бұған әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар араласып кетті; б) аудармашылардың еңбегі ешбір жерде зерттелмей, қорытылмай келеді, ғылыми, творчестволық ұйымдарымыз, газет, журналдарымыз, сыншыларымыз аударма әдебиетке көңіл бөлмейді, жақсысын үлгі етіп, жаманын сынамайды.

 

Бұл айтылғандардың бәрі де, әрине, дұрыс. Біз осы кемшіліктерді жою жөнінде бірнеше пікір айтпақпыз.

 

Бұл кемшіліктердің басты себебі — ұйымдастырудан. Көп тетік көркем баспасының қолында, өйткені ол аударылатын кітаптарды жоспарлайды, аудармашыларды іріктеп алады, олармен шарт жасайды, жұмыстарын қабылдап алып, ақша төлейді, кітапты рецензиядан, редакциядан өткізіп, бастырып шығарады.

 

Алдымен нені аудару керек екенін қатты ойланып жоспарлау керек. Дүниеде жақсы кітап көп, оның бәрін аударуға біздің күшіміз де келмейді және оның қажеті де жоқ. Қазірде, жақсы болсын, жаман болсын, орыс классиктерінің негізгі шығармалары аударылып болуға жақын (оның ішінде, әрине, бір қайнауы ішінде кеткендері де аз емес). Енді жер жүзі классиктерінің асыл мұраларын шетінен іріктеп аударуға кірісу керек. Сонымен қатар, қазіргі совет жазушылары мен халықтық демократия елдерінің, шетелдердің прогресшіл жазушыларының озық шығармаларын да аударуымыз керегі сөзсіз.

 

Осы күнге дейін аударма әдебиет тым көп жоспарланып келді. Ендігі жерде осының өзін ықшамдап, жоспарлап, көрпемізге қарай аяғымызды көсіліп, аз да болса дәмді етіп шығарғанымыз жөн, санынан гөрі сапасына көңіл бөлгеніміз жөн.

 

Екінші бір қатты көңіл бөлетін мәселе— осыларды кімге аударту керек? Шығарма жазу кез келген кісінің қолынан келмейтіні сияқты, сауатты адамның бәрі бірдей көркем әдебиетті аудара алмайды. Бұл үшін аудармашы екі тілді бірдей білумен қатар, тілге ұста, әдебиетті түсінетін, аударғалы отырған кітабында әңгіме етілетін халықтың тілін, тарихын, салтын, әдет-ғұрпын жақсы білетін, белгілі бір дәрежеде мағлұматы бар адам болуға тиіс. Ендігі жерде әдебиеттің аударылатын асыл нұсқаларын «көлденең келген көк аттыға» бөктертіп жібере салмай, кімге аудартуды біліп, одан жақсы аударма алатынымызға көзіміз жететін адамдарға беру керек.

 

Аударманың санын азайтып, сапасына қатты көңіл бөлу керек екенін жоғарыда айттық. Ол үшін аудармашыларға талапты күшейту керек. Бұл істе көңілшектік етуге болмайды. Редакторлардың не жауапсыздығынан, не сауатсыздығынан талай жаман аудармалар шықты, енді редактордың да жауаптылығын күшейту керек. Шығарманың тек мағынасы дұрыс аударылуы жеткіліксіз, оның тілі де көркем, тартымды болуға тиіс. Аударманың кемшілігін баспа орыны, редактор жібере салғанымен де, ертең оны халық көреді, ондай кітапқа мемлекеттің қаншама қаржысы жұмсалады, ол кітап өтпей жатып алып, сауда орындарын үлкен зиянға қалдырады.

 

Сауда орындары жиналыстарда: «Кітап өтпейді, жылына пәленбай сом зиян шегіп отырмыз,» — деп зар илейді. Кітап саудасының нашар жүруіне бұл жұмысты сауда орындарының олақ ұйымдастыруымен қатар, осы төмен қол аудармалардың да үлкен қырсығы тиіп отыр. Өтпей жатқан кітаптардың дені осы нашар аудармалар. Бұл жөнінде сауда орындарын да ақтауға болмайды. Олар баспа орындарының бергендерін талғамай жұта береді де, кейін өздері жапа шегеді. Егер сауда орындары кітаптың сапасын тексеріп алса, нашарларын қабылдамаса, онда баспа орындары да, екіншілей қандай кітап шығару керек екенін ойлаған болар еді. Сауда орындары бір жеңі шолақ костюмді, жағасы қисық көйлекті, ұлтаны қақырап тұрған етікті фабрикадан қабылдай алмайды ғой, ал бисауат шыққан кітапты неге ала береді?

 

Мәдениет министрлігінің полиграфия және баспа орындары басқармасы басылып шыққан кітаптардың сапасын тексеру үшін оларды рецензияға беріп отырады. Сол басқармада соңғы жылдарда жиналған бірнеше қап рецензия жатыр. Рецензенттер талай былықтың бетін ашып көрсеткен. Бірақ одан не пайда? Шығар кітап шығып кетті, сауда орындарына жетті. Біздіңше, осы рецензияларды сауда орындары ұйымдастырса қайтер еді? Әрине, барлық шыққан кітаптарға рецензия ұйымдастырып жатудың қажеті жоқ, бірақ та ішіндегі «шикілеріне» сондай рецензиялар ұйымдастырып, сауда тілімен айтқанда, «брактарын» алмай тастаса кітап шығару ісінде баспа орнының да жауапкершілігі артар еді.

 

Бізде аударма жұмысына машықтанған, сауатты, тілге ұста бірқатар төселген аудармашылар бар. Бірақ осылардың жұмыстары зерттеліп, тәжірибелері қорытылып көрген емес. Газет, журналдарымыз тек жаман аудармалар жайында ғана, онда да оқта-текте, жазып қояды. Бір кезде Ғылым академиясының Тіл мен әдебиет институтында және Жазушылар одағында көркем аударма секциялары болушы еді, қазір олар да жоқ. Енді аударма шығармалардың кең өріс алуына, аудармашы кадрларымыздың өсуіне, олардың тәжірибелерінің молаюына байланысты, осы жұмысты қорытып, зерттеп отыратын, аудармашылардың жұмысына жәрдемдесіп кеңес беріп отыратын жоғарыда айтылған ғылыми, творчестволық секцияларды қайта құру керек. Бұл секциялардың жұмысын Тіл мен әдебиет институты директорының орынбасары мен Жазушылар одағы басқармасының секретарьларының бірі басқаруға тиіс, сөйткенде ғана осы артта қалған жұмысты тиісті дәрежесіне көтере аламыз.

 

Аударманың «көлденең табыс» болып, көрінгенге «олжа» болып жүргені талай айтылды. Қай жұмыс болса да алаңсыз көңіл бөлуді керек етеді, оның ішінде әдебиет жұмысы жүрдім,бардым істеуді көтермейді. Сондықтан аударма жұмысында профессионал адамдарды көбейтіп, солардың күшін сарқа пайдалану керек. Бұл үшін көркем әдебиет баспасы осындай адамдарды өз маңына топтап, жұмыстарын ұйымдастырып, негізгі жауапты аудармаларды осы топ әдебиетшілерге артуға тиіс. Егер көркем әдебиет баспасы осындай бір топ адамның басын қоса алса, баспаның өзіне де көп жеңілдік келер еді.

 

Аударма әдебиеттің сапасын жақсарту, кемшіліктерін түзеу тек баспа орыны мен жоғарыда аталған екі мекеменің ғана жұмысы емес, ол көптің жұмысы. Бұған кітап оқушыларымыз бен қатар, әдебиетшілер, әдебиет зерттеушілер, тіл мамандары түгел ат салысуға тиіс. Әсіресе қазір, қазақ халқының әдебиеті өсіп, мәдениеті жоғары орыс халқымен, басқа да елдермен тығыз байланысып отырғанда әдеби тіліміздің бұрынғы қалпында қала алмайтыны, ұдайы дамып отырғаны заңды құбылыс. Біздің тілімізде ғылымға, техникаға, саясатқа байланысты орыс тілінен және басқа да тілдерден көптеген терминдер еніп жатыр, бұл жаңа терминдер тілімізді байытып, оны орамды етіп отыр. Бірақ сонымен қатар тіліміздің дамуында елеулі қателіктер де бар. Бұл әсіресе аударма жұмысында көбірек көрініп отыр. Қазақ тілі мен орыс тілінің құрылыс заңы мүлде екі басқа екеніне қарамастан, бізде кейбір аудармашылар сөйлем құрғанда, бір тілді екінші тілдің заңына бағындыруға тырысады, осыдан барып нешетүрлі сорақы сөйлемдер туады. Талай жауапты шығармалар осындай әдіспен аударылып, оқуға жарамсыз болып қалды. Осымен қатар, түрліше жасанды сөздер (оқырман, көрермен деген сияқты), жасанды етістік түрлері (баруда, келуде деген сияқты) пайда болып жүр. Қазірде етістіктің осы түрі, оның басқа, байырғы түрлерін тіпті ығыстырып барады. Және осындай «жаңалықтардың» бәрі аударма әдебиеттен кездеседі, төл шығармаларда ондайлар некен-саяқ, болмаса кездеспейді. Осылардың бәрі жай әңгіме үстінде ғана сөз болғаны болмаса, ғылым жүзінде қорытылып тиісті бағасын алған емес. Сондықтан бұл мамандар әдеби тіліміздің орынсыз шұбарлана беруіне жол бермей, оның дамуына бағыт сілтеп басшылық етіп отыруға міндетті.

 

Жуықтағы уақыттардың ішінде Жазушылар одағы көркем әдебиет аудармасы мәселесін Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің коллегиясымен бірге қарауды жоспарлап отыр. Біздің ойымызша бұл мәжіліске Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтын да қатыстыру керек. Осы мәжілісте аударманың негізгі мәселелерін кеңінен кеңесіп, болып келген қателердің бетін ашып, оқушыларымызға шым мағынасында көркем аударма беру шараларын қатты ойлану керек. Осы мәжіліске жоғарыда айтылған үш мекеменің үшеуі де жақсы әзірленіп, істейтін жұмыстарын ойланып келуге тиіс. Аударма — әдебиеттің маңызды саласы, ендігі жерде оған тиісті көңіл бөлуіміз керек.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға