Жаңалықтар

Колхоз өмірінің қамқоры, таянышы —партия

  Жұмағали Сайын   Колхоз өмірінің қамқоры, таянышы —партия   «Арман» деген ұғым осы кезде өте өзгеріп, өте кеңейіп кеткен тәрізді. Менің жас кезімде Қызылағаш бауырын қыстап, Қараш өзенін бойлай көшетін біздің ауылда арман иелері көп болушы еді.   Мен жетім едім. Әр үйдің босағасы менің орным, «тағдырдың» маған арнаған сыбағасы еді, мен босағадан терге аттауды тілемеймін, тек тапжылмай өз орнымда отырып, мейірім мен «бұйрық» күтемін. Онда мейірім мен «бұйрық» бірге жүруші еді, Мейірімі түсіп бір үзім нан берген біреу бір шелек су әкел деп бұйырады, мейірімі түсіп шәй берген біреу бұзауларды қайырып кел деп бұйырады, мен үнемі мейірімін қабылдап, бұйрықтарды орындаушымын... Бұл бұдан қырық жыл бұрын еді. Онда жаңа дүние тумаған, күн әлсіз, түн меңіреу көз болатын. Дәл осы бір шақта, әр ауылда, әр үйде арман зары, арман дастаны жыр болатын. Мен сол зарды, сол дастанды көп тыңдадым. Арман деген сөзді мен сонда естіп, сонда түсіндім. Онда арман етегі келте, арман жеңі қысқа еді. Біреу ол кезде астына ат мінуді арман етсе, енді біреу қарны тойып тамақ ішуді арман ететін, біреу басына баспана табуды арман етсе, енді біреу әйел алып жар құшуды арман ететін. Міне, мен тыңдаған ол замандағы арман дастандарының негізгі сарыны осылар.   Содан бері көптеген жылдар өтті, ескі жалғанды күйретіп, жаңа дүние өмірге келді, тек қана өмірге келіп қойған жоқ, жаңа мазмұн, жаңа бедер әкелді. Жаңа дүние шұғыласына бөленген біздің совет адамдарының ішкі дүниесі байыды, ой өрісі кеңіді. Бұрынғы мазмұны тайыз ат міну мен ас тауып ішу төңірегіндегі арман бүгін өте бай, ете көтеріңкі мағынаға ауысты. Жоқшылық құлдығынан босаған адам енді өз құлашын тым жоғары, тым алысқа сермейді, мен жыл сайын аралап жүріп, осы бір ұлы ерлеудің, адам санасындағы осы бір жаңа белестің айғағы боламын. Енді адам арманы қарынның тоқтығымен үстіне күрке табуда емес, қоғамға пайдалы, өз Отанның саналы азаматы болуда. Мұндай керемет күш, ұлы арман қарапайым қазақ жүрегіне қайдан келді, мұның сарқылмас көзі, таусылмас күші қайда? Ой жіберсең, оны өмірдің өзі айтады, сонау колхоздастыру дәуірінен бастап, МТС, совхоздар құрылуы, тың жерлерге шабуыл жасау, қысқасы күні бүгінге дейінгі ауыл өмірінің кезеңді белестеріне көз салшы! Қарсы алдыңда ауыл өмірінің ап-айқын есу жолдары жатыр, сол жолдардың бәрінде, сол кезеңдердің бәрінде лениндік партиямыздың бастаған көсемдігі, ұлы қамқорлығы, шаруаларға берген адам айтқысыз көмегі, дүниеде теңдесі жоқ ескерткіштей көз алдыңа жарық етеді. Сен партияға жалынды жүрегіңнен алғыс айтасың, коммунизм биіктеріне асқан даналықпен бастап бара жатқан туысқан партияны өзіңе мақтан етесің, совет елінде халық, пен партия бір, олардың жүрек тыныстары бір соғады, олардың ой арманы бір арнаға құяды. Асыл сөздің шын мәнісін ауыл «мірінің есу кезеңдері сайрап айтып тұр.   Отызыншы жылдары дүниеге келген колхоз құрылысының біз тірі куәсіміз. Колхоз құрылысымен бірге бүкіл ауыл шаруашылығына жаңа бет, жаңа күш орнады, бытырап жатқан ұсақ шаруалар бір жерге бас қосып, шаруашылықты бұрын адам баласы естіп көрмеген қарқынмен үдете түсті, совет елі социализм шыңына қарай шарықтады, қазақтың колхозды ауылына ырыс пен берекенің, өнер мен өрлеудің тұңғыш қарлығашы трактор келді, бұрын ат пен егіз жегіп, түйе бұйдасын жетелегеннен басқаны көрмеген Кенжебек, Қайыржандар тракторшылар курсын бітіріп, машинаның руліне жабысты, ауыл өмірімде ұлы жаңалық, зор табыстар дәуірінің алғашқы кірпіші осылай қаланып, алғашқы шегесі осылай қағылды. Дәл осы кезеңде орнаған МТС-тар қанатым жаңа сермеп, бауырын жаңа жаза бастаған жас колхоздарымыздың шаруашылығы нығаюына, бұғанасы бекуіне үлкен таяныш, үлкен қамқор болғаны совет халықтары үшін дәлелдеп жатуды керек етпейді.   Жылдар өтті, сол өткен жылдар — ілгері баса берген, нығая берген жылдар, ауыл өмірін табыстар биігіне, жеңістер биігіне көтере берген жылдар. Зор қимыл, зор табыстар арасында сүрініп кеткен, жетпей қалған шақтар да бар: ұйымдастырушысы, басқарушысы нашар болған бірен-саран колхоздарымыз өздерінің алғашқы қалыптасар кезеңдерінде кібіртіктеп ақсай басты, бойындағы бар қуатын өз пайдасына түгел жұмылдырып, өз шаруасын ұқыпты, зерек басқара алмады. Қалыптаса келе бұл кемшіліктер де жойылды, барлық колхоз өмірі бір арнаға түсті. Колхозды ауылда жаңа кезең — жаппай өрлеу кезеңі басталды, әсіресе XX съезден кейін ауыл шаруашылығы құлашын бұрынғыдан да кең жайды, табыстан табысқа жетті, миллионер колхоздар көбейді, колхоз озаттары өз меншігіне жеңіл машиналар ұстады. Міне, осы жоғарыда мен айтқан ұлы табыстар жолын әрқашан да лениндік партиямыздың Орталық комитеті белгілеп отырды, жеңістер шыңына аттаған ұлы керуенді өзі басқарып, өзі қуаттандырды.   Елге тез тараған бүгінгі жаңалықтың маңызы күшті, ел іші ұлы қуанышта, әр адамның аузында февраль Пленумының қаулысы, әр адамның жүрегінде партияға деген зор алғыс. Әрбір колхоз мүшесі февраль Пленумы қаулысын орындау жолында өз ойларын айтып, өз қуанышын ортаға салады, партиямыздың данышпандығына ұлы разылықпен сүйсінеді, сүйсінеді де өз ойларын топшылайды, өз тұжырымдарын сарапқа салады. Қызылорда облысындағы «Қызыл дихан» колхозының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері Ақниязов:   —        Колхоз құрылысын онан әрі дамыту және машина-трактор станцияларын қайта құру туралы партияның қаулысы дәл кезінде халық тілегінің, өскелең өмір тілегінің кілтін ашты. Колхоз құрылысының алғашқы кезеңдерінде, колхоз шаруашылығы шағын көлемдегі кезінде өз міндетін жақсы атқарған машина-трактор станциялары дәл бүгінгі күннің жан-жақты өскелең тілегін атқаруға қағлездігі, шапшаңдығы жетпейтін, әр колхоздың өз шаруасын тілегіне сай өрістетуіне, кезекті жұмысын тез және мезгілінде орындап отыруына қолбайлау болатын кездері де ұшырасатын. Сонымен қатар машина-трактор станцияларынан колхозға келіп жұмыс атқаратын тракторшылардың өз міндетін жедел, тыңғылықты орындап отыруын бақылау колхоз басқармасына қиындық келтіруші еді. Енді февраль Пленумының қаулысы мен тезисін оқып отырып, халық көңілінде жүрген осы ойлардың тікелей жүзеге асатынын көріп отырмыз. Ауыл шаруашылығының жан-жақты тараулармен бұрынғысынан да күшті дамуына бұдан артық жағдай бола ма! — дейді.   Ақниязовтың бұл ойы бүкіл халқымыздың ойы, оның бұл қуанышы халқымыздың қуанышы. Расында да колхоздың өз қолындағы техника колхоз шаруасына керекті жұмыстарды бөгетсіз, тез атқарып тастауға зор кепіл ғой. Колхоз қолындағы тракторға, колхоз ішіндегі трактористке, жер айдау, шөп шабудан басқа да міндеттер табылмақ. Қысқы тебінде жатқан колхоз малының өсіп, өнуіне де техниканың зор пайдасы тимек қой, енді тракторлар отарға барады, кейбір мұздақ қатқан лайсаң қыстарда, қаһарлы қалың борандарда колхозшы айдаған трактор малды апатқа бермек емес. Жерге қатқан мұзды трактормен айдаса малға күрек ашады, жайылым береді, мал боранға ұшыраса лезде азық-түлік жеткізеді, соның арқасында мал шаруашылығы қысқы апаттардан мүлде құтылады, мейлінше өркендеп өседі. Енді колхоз шаруасы бір жүйемен ғана өсудің орнына әр жүйемен жан-жақты, көп салалы болып көркейе бермек. Бұрын егін, болмаса мал есіріп отыратын бір жүйелі колхоздар, егін, малымен қатар құстар асырайды, бақшашылық кәсібін қаулатып, зығыр, кендір жүгері егетін болады. Міне, февраль Пленумы қаулысының зор мәні осында, оның терең маңызы, көздеген ұлы нысанасы осы.   Бұл сияқты шаруашылығы ірі, табысы мол колхоздарымыз республикада толып жатыр, бұл келтірілген факты партия қаулысының тоқтаусыз іске асуына ұлы айғақ, колхоз шаруасының ірі адыммен ілгері аттап бара жатқанына қалтқысыз куә. Бұлар ауыл шаруашылығының алдыңғы көші, бірен-саран артта келе жатқан ұсақ колхоздар ертең-ақ осы алдыңғы сапқа теңелмек, оған февраль Пленумының қаулысында көрсетілген қағидалар айқын дәлел.   Сөйтіп, февраль Пленумы қаулысымен бірге колхозды ауыл өміріне тағы бір тарихи жаңалық өмірдің өзі тілеген жаңалығы келді, колхоз шаруасының коммунизмге қарай ұлы табыстармен өрлеу дәуірінің жаңа бір жарқын беті ашылды, ұлы көктемнің — колхоз көктемінің барлық гүлдерімен жайнар, құлпырар шағы басталды, көктем дүниесіне біздің Лениндік партия өзінің жылы да, нұрлы махаббатын үнемі төгіп тұр, көреген, байсалды, қамқор анадай ұлы мейіріммен қуат беріп, жеңістер мұнарына бастап барады.   —        Туысқан партия, саған мың да бір рахмет! — дейді қазақ елі бүкіл совет халқымен бірге үн қосып.  
07.12.2012 18:33 5339

 

Жұмағали Сайын

 

Колхоз өмірінің қамқоры, таянышы —партия

 

«Арман» деген ұғым осы кезде өте өзгеріп, өте кеңейіп кеткен тәрізді. Менің жас кезімде Қызылағаш бауырын қыстап, Қараш өзенін бойлай көшетін біздің ауылда арман иелері көп болушы еді.

 

Мен жетім едім. Әр үйдің босағасы менің орным, «тағдырдың» маған арнаған сыбағасы еді, мен босағадан терге аттауды тілемеймін, тек тапжылмай өз орнымда отырып, мейірім мен «бұйрық» күтемін. Онда мейірім мен «бұйрық» бірге жүруші еді, Мейірімі түсіп бір үзім нан берген біреу бір шелек су әкел деп бұйырады, мейірімі түсіп шәй берген біреу бұзауларды қайырып кел деп бұйырады, мен үнемі мейірімін қабылдап, бұйрықтарды орындаушымын... Бұл бұдан қырық жыл бұрын еді. Онда жаңа дүние тумаған, күн әлсіз, түн меңіреу көз болатын. Дәл осы бір шақта, әр ауылда, әр үйде арман зары, арман дастаны жыр болатын. Мен сол зарды, сол дастанды көп тыңдадым. Арман деген сөзді мен сонда естіп, сонда түсіндім. Онда арман етегі келте, арман жеңі қысқа еді. Біреу ол кезде астына ат мінуді арман етсе, енді біреу қарны тойып тамақ ішуді арман ететін, біреу басына баспана табуды арман етсе, енді біреу әйел алып жар құшуды арман ететін. Міне, мен тыңдаған ол замандағы арман дастандарының негізгі сарыны осылар.

 

Содан бері көптеген жылдар өтті, ескі жалғанды күйретіп, жаңа дүние өмірге келді, тек қана өмірге келіп қойған жоқ, жаңа мазмұн, жаңа бедер әкелді. Жаңа дүние шұғыласына бөленген біздің совет адамдарының ішкі дүниесі байыды, ой өрісі кеңіді. Бұрынғы мазмұны тайыз ат міну мен ас тауып ішу төңірегіндегі арман бүгін өте бай, ете көтеріңкі мағынаға ауысты. Жоқшылық құлдығынан босаған адам енді өз құлашын тым жоғары, тым алысқа сермейді, мен жыл сайын аралап жүріп, осы бір ұлы ерлеудің, адам санасындағы осы бір жаңа белестің айғағы боламын. Енді адам арманы қарынның тоқтығымен үстіне күрке табуда емес, қоғамға пайдалы, өз Отанның саналы азаматы болуда. Мұндай керемет күш, ұлы арман қарапайым қазақ жүрегіне қайдан келді, мұның сарқылмас көзі, таусылмас күші қайда? Ой жіберсең, оны өмірдің өзі айтады, сонау колхоздастыру дәуірінен бастап, МТС, совхоздар құрылуы, тың жерлерге шабуыл жасау, қысқасы күні бүгінге дейінгі ауыл өмірінің кезеңді белестеріне көз салшы! Қарсы алдыңда ауыл өмірінің ап-айқын есу жолдары жатыр, сол жолдардың бәрінде, сол кезеңдердің бәрінде лениндік партиямыздың бастаған көсемдігі, ұлы қамқорлығы, шаруаларға берген адам айтқысыз көмегі, дүниеде теңдесі жоқ ескерткіштей көз алдыңа жарық етеді. Сен партияға жалынды жүрегіңнен алғыс айтасың, коммунизм биіктеріне асқан даналықпен бастап бара жатқан туысқан партияны өзіңе мақтан етесің, совет елінде халық, пен партия бір, олардың жүрек тыныстары бір соғады, олардың ой арманы бір арнаға құяды. Асыл сөздің шын мәнісін ауыл «мірінің есу кезеңдері сайрап айтып тұр.

 

Отызыншы жылдары дүниеге келген колхоз құрылысының біз тірі куәсіміз. Колхоз құрылысымен бірге бүкіл ауыл шаруашылығына жаңа бет, жаңа күш орнады, бытырап жатқан ұсақ шаруалар бір жерге бас қосып, шаруашылықты бұрын адам баласы естіп көрмеген қарқынмен үдете түсті, совет елі социализм шыңына қарай шарықтады, қазақтың колхозды ауылына ырыс пен берекенің, өнер мен өрлеудің тұңғыш қарлығашы трактор келді, бұрын ат пен егіз жегіп, түйе бұйдасын жетелегеннен басқаны көрмеген Кенжебек, Қайыржандар тракторшылар курсын бітіріп, машинаның руліне жабысты, ауыл өмірімде ұлы жаңалық, зор табыстар дәуірінің алғашқы кірпіші осылай қаланып, алғашқы шегесі осылай қағылды. Дәл осы кезеңде орнаған МТС-тар қанатым жаңа сермеп, бауырын жаңа жаза бастаған жас колхоздарымыздың шаруашылығы нығаюына, бұғанасы бекуіне үлкен таяныш, үлкен қамқор болғаны совет халықтары үшін дәлелдеп жатуды керек етпейді.

 

Жылдар өтті, сол өткен жылдар — ілгері баса берген, нығая берген жылдар, ауыл өмірін табыстар биігіне, жеңістер биігіне көтере берген жылдар. Зор қимыл, зор табыстар арасында сүрініп кеткен, жетпей қалған шақтар да бар: ұйымдастырушысы, басқарушысы нашар болған бірен-саран колхоздарымыз өздерінің алғашқы қалыптасар кезеңдерінде кібіртіктеп ақсай басты, бойындағы бар қуатын өз пайдасына түгел жұмылдырып, өз шаруасын ұқыпты, зерек басқара алмады. Қалыптаса келе бұл кемшіліктер де жойылды, барлық колхоз өмірі бір арнаға түсті. Колхозды ауылда жаңа кезең — жаппай өрлеу кезеңі басталды, әсіресе XX съезден кейін ауыл шаруашылығы құлашын бұрынғыдан да кең жайды, табыстан табысқа жетті, миллионер колхоздар көбейді, колхоз озаттары өз меншігіне жеңіл машиналар ұстады. Міне, осы жоғарыда мен айтқан ұлы табыстар жолын әрқашан да лениндік партиямыздың Орталық комитеті белгілеп отырды, жеңістер шыңына аттаған ұлы керуенді өзі басқарып, өзі қуаттандырды.

 

Елге тез тараған бүгінгі жаңалықтың маңызы күшті, ел іші ұлы қуанышта, әр адамның аузында февраль Пленумының қаулысы, әр адамның жүрегінде партияға деген зор алғыс. Әрбір колхоз мүшесі февраль Пленумы қаулысын орындау жолында өз ойларын айтып, өз қуанышын ортаға салады, партиямыздың данышпандығына ұлы разылықпен сүйсінеді, сүйсінеді де өз ойларын топшылайды, өз тұжырымдарын сарапқа салады. Қызылорда облысындағы «Қызыл дихан» колхозының мүшесі, Социалистік Еңбек Ері Ақниязов:

 

—        Колхоз құрылысын онан әрі дамыту және машина-трактор станцияларын қайта құру туралы партияның қаулысы дәл кезінде халық тілегінің, өскелең өмір тілегінің кілтін ашты. Колхоз құрылысының алғашқы кезеңдерінде, колхоз шаруашылығы шағын көлемдегі кезінде өз міндетін жақсы атқарған машина-трактор станциялары дәл бүгінгі күннің жан-жақты өскелең тілегін атқаруға қағлездігі, шапшаңдығы жетпейтін, әр колхоздың өз шаруасын тілегіне сай өрістетуіне, кезекті жұмысын тез және мезгілінде орындап отыруына қолбайлау болатын кездері де ұшырасатын. Сонымен қатар машина-трактор станцияларынан колхозға келіп жұмыс атқаратын тракторшылардың өз міндетін жедел, тыңғылықты орындап отыруын бақылау колхоз басқармасына қиындық келтіруші еді. Енді февраль Пленумының қаулысы мен тезисін оқып отырып, халық көңілінде жүрген осы ойлардың тікелей жүзеге асатынын көріп отырмыз. Ауыл шаруашылығының жан-жақты тараулармен бұрынғысынан да күшті дамуына бұдан артық жағдай бола ма! — дейді.

 

Ақниязовтың бұл ойы бүкіл халқымыздың ойы, оның бұл қуанышы халқымыздың қуанышы. Расында да колхоздың өз қолындағы техника колхоз шаруасына керекті жұмыстарды бөгетсіз, тез атқарып тастауға зор кепіл ғой. Колхоз қолындағы тракторға, колхоз ішіндегі трактористке, жер айдау, шөп шабудан басқа да міндеттер табылмақ. Қысқы тебінде жатқан колхоз малының өсіп, өнуіне де техниканың зор пайдасы тимек қой, енді тракторлар отарға барады, кейбір мұздақ қатқан лайсаң қыстарда, қаһарлы қалың борандарда колхозшы айдаған трактор малды апатқа бермек емес. Жерге қатқан мұзды трактормен айдаса малға күрек ашады, жайылым береді, мал боранға ұшыраса лезде азық-түлік жеткізеді, соның арқасында мал шаруашылығы қысқы апаттардан мүлде құтылады, мейлінше өркендеп өседі. Енді колхоз шаруасы бір жүйемен ғана өсудің орнына әр жүйемен жан-жақты, көп салалы болып көркейе бермек. Бұрын егін, болмаса мал есіріп отыратын бір жүйелі колхоздар, егін, малымен қатар құстар асырайды, бақшашылық кәсібін қаулатып, зығыр, кендір жүгері егетін болады. Міне, февраль Пленумы қаулысының зор мәні осында, оның терең маңызы, көздеген ұлы нысанасы осы.

 

Бұл сияқты шаруашылығы ірі, табысы мол колхоздарымыз республикада толып жатыр, бұл келтірілген факты партия қаулысының тоқтаусыз іске асуына ұлы айғақ, колхоз шаруасының ірі адыммен ілгері аттап бара жатқанына қалтқысыз куә. Бұлар ауыл шаруашылығының алдыңғы көші, бірен-саран артта келе жатқан ұсақ колхоздар ертең-ақ осы алдыңғы сапқа теңелмек, оған февраль Пленумының қаулысында көрсетілген қағидалар айқын дәлел.

 

Сөйтіп, февраль Пленумы қаулысымен бірге колхозды ауыл өміріне тағы бір тарихи жаңалық өмірдің өзі тілеген жаңалығы келді, колхоз шаруасының коммунизмге қарай ұлы табыстармен өрлеу дәуірінің жаңа бір жарқын беті ашылды, ұлы көктемнің — колхоз көктемінің барлық гүлдерімен жайнар, құлпырар шағы басталды, көктем дүниесіне біздің Лениндік партия өзінің жылы да, нұрлы махаббатын үнемі төгіп тұр, көреген, байсалды, қамқор анадай ұлы мейіріммен қуат беріп, жеңістер мұнарына бастап барады.

 

—        Туысқан партия, саған мың да бір рахмет! — дейді қазақ елі бүкіл совет халқымен бірге үн қосып.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға