Жаңалықтар

Елдес Омаров

  Елдес Омаров (1 наурыз 1892, бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі, Дамбар болысы, №2 ауылы – 2 желтоқсан 1937) – қоғам қайраткері, педагог, публицист. Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін (1907), Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін (1911) бітірген. Алашорда үкіметін құруға белсене араласты. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облысы азаматтық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Бірінші және екінші жалпықазақ съездеріне қатысты. Қостанайда өткен Қостанай уезі қазақтарының төтенше съезінде “Жер мәселесі” туралы баяндама жасады. Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырды. Торғай облысы земствосы төрағасының орынбасары, төрағасы болды. 1920 – 22 жылы Орынборда халық ағарту комиссариатында инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды. Осы кезеңде ол көптеген ғылыми мақалалар жазды. 1922 – 26 жылы Қазақ халық ағарту комиссариатының академиясының орталығында қызметкер, Қырғыз (қазақ) халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып, саяси-әлеуметтік, оқу-ағарту және тіл білімі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазды. Қазақ тілінде физика, геометрия оқулықтарын жазып, математикалық терминдерді қалыптастыруға зор үлес қосты. 1926 – 29 жылы саяси қуғынға ұшыраған Омров Ташкентте педагогикалық институтта, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып істеді. Бұл кезеңде ол қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығының 2-кітабын жазып, Цингирдің физика оқулығын қазақшаға аударды. 1929 жылдың соңында тұтқындалып, 1930 жылы көкекте ату жазасына кесілді, кейіннен 10 жылға Архангельскіге жер аударылды. 1933 жылы ақталып шықты. 1934 – 35 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында қазақ тілінен сабақ берді, институт студенттеріне арнап қазақ тілі оқулығын жазды. *1935 – 37 жылы ҚазМУ-да қазақ тілі кафедрасының доценті болып қызмет істеді. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі грамматикасын және геометрия есептері оқулығын жазды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. Шығармалары: "Қазақша жазу тақырыбы және жазу ережелері" (А. Байтұрсынұлымен бірге жазған, Қазақ тілі, 1923, 22-наурыз); "Жазудың жаңа ережелері", (Қызыл Қазақстан, 1924, N 10); "Айнымалы дыбыстардың жазылу ережелері", (Еңбекші қазақ, 1925, 9-мамыр); "Қазақша әліпби мен латынша әліпби" (Жаңа мектеп, 1926, N9-10) т. б. 20 шақты мақалалары әліпби, емле мәселелеріне арналған. "О местоименных приставках в казахском языке" (Труды казахского научно-исследовательского института национальной культуры. !, 1935, А.-М.); *"О порядке слов в казахском языке" (Бұл да сонда) деген еңбектері морфология, синтаксис салаларына арналған еңбектер болса, "Қазақ тілінің дыбыстары" (Жаңа мектеп, 1927, N 2, 61-67 б.); "Қазақша дыбыстардың жігі" (Жаңа мектеп, 1926, N 11-12,13); "О сочетании звуков казахского языка" (Год работы казахского высшего педагогического института. Таш., 1928) сияқты еңбектері қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге арналған.
07.12.2012 12:24 7520

 

Елдес Омаров (1 наурыз 1892, бұрынғы Торғай облысы Қостанай уезі, Дамбар болысы, №2 ауылы – 2 желтоқсан 1937) – қоғам қайраткері, педагог, публицист. Қостанай қаласындағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін (1907), Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер мектебін (1911) бітірген. Алашорда үкіметін құруға белсене араласты. Уақытша үкіметтің Торғай уездік комиссарының көмекшісі, Торғай облысы азаматтық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Бірінші және екінші жалпықазақ съездеріне қатысты. Қостанайда өткен Қостанай уезі қазақтарының төтенше съезінде “Жер мәселесі” туралы баяндама жасады. Қостанай уездік Алашорда комитетінің төрағасы ретінде жергілікті халықты Алаш автономиясын қолдауға шақырды. Торғай облысы земствосы төрағасының орынбасары, төрағасы болды.

1920 – 22 жылы Орынборда халық ағарту комиссариатында инструктор, кеңестік партия мектебінде оқытушы болды. Осы кезеңде ол көптеген ғылыми мақалалар жазды.

1922 – 26 жылы Қазақ халық ағарту комиссариатының академиясының орталығында қызметкер, Қырғыз (қазақ) халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып, саяси-әлеуметтік, оқу-ағарту және тіл білімі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазды. Қазақ тілінде физика, геометрия оқулықтарын жазып, математикалық терминдерді қалыптастыруға зор үлес қосты.

1926 – 29 жылы саяси қуғынға ұшыраған Омров Ташкентте педагогикалық институтта, Орта Азия мемлекеттік университетінің шығыс факультетінде оқытушы болып істеді. Бұл кезеңде ол қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығының 2-кітабын жазып, Цингирдің физика оқулығын қазақшаға аударды.

1929 жылдың соңында тұтқындалып,

1930 жылы көкекте ату жазасына кесілді, кейіннен 10 жылға Архангельскіге жер аударылды. 1933 жылы ақталып шықты.

1934 – 35 жылы Қазақ мемлекеттік медицина институтында қазақ тілінен сабақ берді, институт студенттеріне арнап қазақ тілі оқулығын жазды. *1935 – 37 жылы ҚазМУ-да қазақ тілі кафедрасының доценті болып қызмет істеді. Қазақ мектептеріне арналған орыс тілі грамматикасын және геометрия есептері оқулығын жазды. Саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

Шығармалары:

"Қазақша жазу тақырыбы және жазу ережелері" (А. Байтұрсынұлымен бірге жазған, Қазақ тілі, 1923, 22-наурыз);

"Жазудың жаңа ережелері", (Қызыл Қазақстан, 1924, N 10);

"Айнымалы дыбыстардың жазылу ережелері", (Еңбекші қазақ, 1925, 9-мамыр);

"Қазақша әліпби мен латынша әліпби" (Жаңа мектеп, 1926, N9-10) т. б.

20 шақты мақалалары әліпби, емле мәселелеріне арналған.

"О местоименных приставках в казахском языке" (Труды казахского научно-исследовательского института национальной культуры. !, 1935, А.-М.); *"О порядке слов в казахском языке" (Бұл да сонда) деген еңбектері морфология, синтаксис салаларына арналған еңбектер болса,

"Қазақ тілінің дыбыстары" (Жаңа мектеп, 1927, N 2, 61-67 б.);

"Қазақша дыбыстардың жігі" (Жаңа мектеп, 1926, N 11-12,13);

"О сочетании звуков казахского языка" (Год работы казахского высшего педагогического института. Таш., 1928) сияқты еңбектері қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеуге арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға