Жаңалықтар

ЕХРО-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі қазақстандық студенттермен кездесті

ЕХРО-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгін, 7 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінде 150-ге жуық адам – ЖОО оқытушылары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен стипендиаттары болды. Баяндамасының басында Жошыбаев студенттерге халықаралық көрме тарихы туралы, Астананың қатысушы-мемлекеттердің дауыс беруінде жеңіске жетуі үшін қандай кезеңдерден өткені туралы айтып берді. «Қазақстан – Еуропа мен Азияны біріктіретін мемлекет, Орталық Азияның жүрегінде орналасқан мемлекет. Және посткеңестік кеңістік тарихында алғаш рет осындай ауқымды шара өткізілмекші. Сіздердің көбіңіз ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің куәгерлері, қатысушылары боласыздар. 2011 жылғы 10 маусымда мен Халықаралық көрмелер Бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеске өтінім ұсындым. Сол сәттен бастап ресми өтінім ЕХРО-2017 көрмесін біздің жерімізде өткізу үшін күрес жүргізді», - дейді Жошыбаев. Астана 103 дауыс жинап, ЕХРО-2017 көрмесін өткізу орны болып жарияланғаны белгілі. Көрменің ұлттық үйлестірушісінің айтуынша, ең алдымен бұл Елбасы жүргізіп отырған саясаттың нәтижесі, бұл Астананың халықаралық ауқымдағы шараны өткізуге лайықты орталық ретінде танылуы. «Халықаралық көрмелер Бюросының тарихында алғаш рет осындай айырмашылықпен жеңіске қол жеткізілді», - деп атап өтті Рапиль Жошыбаев.
07.12.2012 09:07 2871

ЕХРО-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, ҚР СІМ жауапты хатшысы Рапиль Жошыбаев қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін, 7 желтоқсанда Сыртқы істер министрлігінде 150-ге жуық адам – ЖОО оқытушылары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен стипендиаттары болды. Баяндамасының басында Жошыбаев студенттерге халықаралық көрме тарихы туралы, Астананың қатысушы-мемлекеттердің дауыс беруінде жеңіске жетуі үшін қандай кезеңдерден өткені туралы айтып берді.

«Қазақстан – Еуропа мен Азияны біріктіретін мемлекет, Орталық Азияның жүрегінде орналасқан мемлекет. Және посткеңестік кеңістік тарихында алғаш рет осындай ауқымды шара өткізілмекші. Сіздердің көбіңіз ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің куәгерлері, қатысушылары боласыздар. 2011 жылғы 10 маусымда мен Халықаралық көрмелер Бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеске өтінім ұсындым. Сол сәттен бастап ресми өтінім ЕХРО-2017 көрмесін біздің жерімізде өткізу үшін күрес жүргізді», - дейді Жошыбаев.

Астана 103 дауыс жинап, ЕХРО-2017 көрмесін өткізу орны болып жарияланғаны белгілі. Көрменің ұлттық үйлестірушісінің айтуынша, ең алдымен бұл Елбасы жүргізіп отырған саясаттың нәтижесі, бұл Астананың халықаралық ауқымдағы шараны өткізуге лайықты орталық ретінде танылуы.

«Халықаралық көрмелер Бюросының тарихында алғаш рет осындай айырмашылықпен жеңіске қол жеткізілді», - деп атап өтті Рапиль Жошыбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға