Жаңалықтар

Смайылов Қазақстанда ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу келешегі туралы айтты

ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов 2017 жылы ЭКСПО-ны Астанада өткізу келешегі туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бүкіл Қазақстан мен әлем қоғамдастығы үшін соңғы басты оқиға халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстанның кандидатурасын таңдап алуы болды. Осы қатаң бәсекелескен күресте Елордамыз Льеж қаласын жеңіп шықты. Бұл оқиға тарихи маңызға ие, және ЭКСПО көрмесі алғаш рет посткеңестік кеңістікте өткізілетін болады. Бұл жалпы елдің және 15 жыл ішінде дамуы барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның бас қаласының халықаралық деңгейде мойындалуын растайды», - дейді Ә.Смайылов. Ол 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу құқығын иелену – еліміз үшін өте маңызды оқиға екендігін атап айтты. Бұл бүкіл әлемнен миллиондаған туристер, озық техникалық ой бүкіл адамзаттың өмірін жақсы жаққа өзгертетінін көруге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық жетістіктер шоуы. «Сондықтан жаһандық көрмені қабылдау құқығы үшін болған мәртебелі жарыстағы жеңіс бәріміз үшін өте маңызды болып табылады. Бірінші кезекте, біз ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбы баламалы энергетика, жаңа технологиялар саласында отандық экономиканы дамытуда жаңа көкжиектерді ашуға, жаңа бизнес-байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, баршаңызды осындай мүмкіндіктермен құттықтаймын», - деді ол сөзін қорытындылай келе.
07.12.2012 07:22 3583

ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов 2017 жылы ЭКСПО-ны Астанада өткізу келешегі туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бүкіл Қазақстан мен әлем қоғамдастығы үшін соңғы басты оқиға халықаралық көрмелер бюросы Бас ассамблеясының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге Қазақстанның кандидатурасын таңдап алуы болды. Осы қатаң бәсекелескен күресте Елордамыз Льеж қаласын жеңіп шықты. Бұл оқиға тарихи маңызға ие, және ЭКСПО көрмесі алғаш рет посткеңестік кеңістікте өткізілетін болады. Бұл жалпы елдің және 15 жыл ішінде дамуы барысында үлкен жетістіктерге қол жеткізген Қазақстанның бас қаласының халықаралық деңгейде мойындалуын растайды», - дейді Ә.Смайылов.

Ол 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізу құқығын иелену – еліміз үшін өте маңызды оқиға екендігін атап айтты. Бұл бүкіл әлемнен миллиондаған туристер, озық техникалық ой бүкіл адамзаттың өмірін жақсы жаққа өзгертетінін көруге мүмкіндік беретін жаңа технологиялық жетістіктер шоуы.

«Сондықтан жаһандық көрмені қабылдау құқығы үшін болған мәртебелі жарыстағы жеңіс бәріміз үшін өте маңызды болып табылады. Бірінші кезекте, біз ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбы баламалы энергетика, жаңа технологиялар саласында отандық экономиканы дамытуда жаңа көкжиектерді ашуға, жаңа бизнес-байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, баршаңызды осындай мүмкіндіктермен құттықтаймын», - деді ол сөзін қорытындылай келе.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға