Жаңалықтар

Көрмені көңілдегідей өткізу – іскерлігімізге сын

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО-2017 көрмесін Қазақ­стан­да өткізу жөнінде Президент Әкімшілігінің басшы қыз­мет­керлері, Үкімет мү­ше­лері, Астана қаласының әкімі қатысқан алғашқы ұйым­дас­тыру кеңесін өт­кіз­ді, деп хабарлайды BNews.kz. Ең алдымен, осы көрмені өт­кізу құқығын жеңіп алуымызбен осы жерде отырған барлы­ғыңыз­ды және барлық қазақстан­дық­тар­ды тағы да бір рет құттық­тай­мын, деп бастады Президент өзі­нің сө­зін. Бұл – әлемнің біздің елі­міздің Тәуелсіздік жылдарын­да­ғы та­быс­тары мен қол жеткізген биіктерін мойындағанды­ғы­ның белгісі. Сондықтан ол – жалпы елі­міз­дің жарқын табысы. Әрине, жетістік бізге оңай келген жоқ, оны жеңіп алу жолында көп­теген адам жұмыс істеді. Үкі­мет жанынан арнайы комиссия құрылды, Астана қаласы әкімдігі де көптеген кәсіпорын-меке­ме­лер­мен, шетелдік арнайы органдармен қыруар жұмыс істеді, тек соның арқа­сын­да ғана жеңіске жете алдық. Нә­ти­желі табысқа қол жеткізген жұ­мыс­тары үшін осы іске қатысқан барлық мамандар мен қызмет­кер­лерге өзімнің алғысымды білдіремін. Бұл – жал­ғыз Астананың емес, жалпы Қазақстанның жеңісі, деді Президент. Одан әрі Елбасы ЕХРО-ның маңызына тоқталды. Со­ның ішінде оның әлемдегі ең үл­кен ша­ра­лардың бірі болып саналатынын айтты. Өзінің ауқымы жөнінен ол Дүниежүзілік экономикалық форум, ал туристерді тарту жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан әлем чемпионатымен ба­ра-бар шара болып табылады. Оның үстіне бұл – Қазақстан эко­номикасының болашақ дамуына үлкен септігін тигізетін, дүние­жү­зі­лік тәжірибелерді Қазақстанға алып келетін, елімізге инвес­ти­ция­ны еселеп тартуға ықпал ететін шара. Осы ЕХРО арқылы біз елімізге жаңа инновациялық тех­но­логияларды да тарта алатын боламыз, деді Елбасы. Әрине, ЕХРО өткізу құқын жеңіп алу табыстың тек бірінші кезеңі ғана. Енді алда көрмені тіркеу кезеңі тұр. Келесі жылдың аяғына дейін біз тіркеу досьесін бекітіп, көрмені есепке қабыл­дай­тын халықаралық көрме бюро­сы­нан ресми белгі мен жалауын алуы­мыз керек. Бұл да өте жауап­ты кезең, деді Нұрсұлтан Әбіш­ұлы. – Сондықтан, қазірден бастап, уақытты шығын қылмай, осы іске қызу кірісіп кеткеніміз мақұл. Осылай дей келіп, Президент бұл жұмысты атқаратын арнайы Мемлекеттік комиссия құрылғанын айт­ты. Оның төрағасы болып Премьер-Министр Серік Ахметов бекітіліпті және оның екі орын­ба­сары да тағайындалған екен. Осы комиссия еліміз үшін өте маңызды болып табылатын ша­ра­ны өткізуді дайындау бойынша жасалатын барлық органдардың жұмысын үйлестіретін болады. Ал басшылыққа алатындары «Көр­ме­ні ұйымдастыру және өткізу жө­ніндегі ұзақ мерзімдік ұлттық жос­пар» деп аталатын құжат. Енді соны жасауға шұғыл кірісетін болады. Мемлекеттік комиссия көп­теген құқықтық процедуралар мен қаржылық құжаттарды тал­қы­лап, қабылдаулары керек. Қазіргі ұйымдастыру комитеті өз жұ­мы­сын ендігі жерде Мемлекеттік ко­миссияның бақылауымен жүргі­зетін болады. Осы жерде Мемлекет басшысы Ұйымдастыру ко­ми­тетінің төрағасы Қайрат Келімбетовке оның құрамын қажетті жаңа мамандармен және ҮЕҰ толық­ты­ру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, Президент дайындық жұ­мыс­тарын өзі қадағалап, Мемлекеттік комиссияның жұмысы ту­ралы есепті үнемі тыңдап оты­ра­тынын жеткізді. Елбасы дайындық жұмыстары­ның қазіргі кезеңдегі басты ба­ғы­ты – Халықаралық көрме бюро­сы­мен келісе отырып, тіркелу досьесін барынша сапалы етіп дайын­дау екендігін ескертті. Халықара­лық тәжірибелерді пайдалана оты­рып, ЕХРО болатын аумақта жа­салатын нысандардың эскиздік жобасын жасау керек. Сонымен бірге, олардың көрмеден кейін қан­дай мақсатқа пайдаланылатын­дығы алдын ала анықталсын. Кейбір қалалар, мәселен, Лиссабон өзінде өткізген ЕХРО-ға арнап салынған нысандарын артынан ештеңеге жарата алмай, Халық­ара­лық бюродан төменгі баға алды. Мұндай келеңсіз мысалдар басқа елдерде де болды. Осыны біз қатты ескеруіміз керек, деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге, Париждегі Ха­лықаралық көрме бюросында қа­зақстандық офистің, ал бізде осы бюроның ЕХРО өткізу жөнін­дегі кеңесшісінің кеңсесін ашу мәсе­лесін шешуді қарастыру қа­жет­тігі айтылды. Президент сөзі­нің ішіндегі басты жаңалықтың бірі – ЕХРО-2017-ні өткізуге бай­ла­ныс­ты барлық мемлекеттік ор­ган­дар­дың, жеке меншік құры­лым­дар­дың, демеушілердің, об­лыс­тар­дың, министрліктер мен ведомос­тво­лардың жұмыстарын үйлесті­ретін арнайы мемлекеттік корпорация құрылатындығы бол­ды. Үкі­мет ауысуы, өзгеруі мүм­кін, ал корпорация – осы жұмыс­ты ба­сы­нан аяғына дейін қолға алып, ат­қа­рып шығатын орган. Оның құ­ра­мына барлық ведомос­тво­лар­дың бірінші басшылары мүше бо­лып енеді. Қазір біз осы органның бас­шысын тауып, қар­жылан­ды­ры­луы мен құрамын бел­­гілеу мә­се­лесімен айналы­са­тын боламыз, деді Елбасы. Бұл корпорация тіркелу досьесі есепке алынған күн­нен бастап өзінің жұмысына то­лыққанды кіріседі. Көрменің тақырыбы бойынша елімізде көптеген бастамалар ұсы­нылған екен. Соның ішінде суды, электр қуатын үнемдеу, ауыл ша­руашылығы қалдықтарынан биогаз дайындау және т.б. бар. Президент олардың бәрін ЕХРО-2017-ні ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ұлттық жоспарға үйлес­тіріп, бірыңғай жобамен шығу керектігін айтты. Алдымыздағы бес жылда бүкіл Қазақстан мен Үкі­мет бірлесе жұмылдырылып, таза энергетикалық қуат алу бойынша инновациялық секіріс жасайтын болсын. Сондықтан да, мен осы бағыттағы кешенді әрекеттерді үйлестіретін 2013-2017 жылдарға арналған жоспар дайындауды тап­сы­рамын, деді Нұрсұлтан Әбіш­ұлы. Екінші басты міндеттер Астана қаласын дамытуға жаңа көз­қарас қалыптастыруға арналды. Бұл арада қала әкімдігіне де ұшы-қиырсыз жауапкершілік жүкте­ле­тіндігі айтылды. Елбасы көрмені өткізуге ұсыныс жасалғанда ин­фрақұрылымдық нысандарды, темір жол вокзалын, әуежай және тұрғын үйлерді жақсартамыз деп айтқан едік, сол жұмыстарға осы күннен кірісу керек, деді. Осы орайда 5 млн.-ға жуық қонақ­тар­ды қабылдауға үйлестіріп, қала­ның даму жоспарын қайта қарау қажеттігі атап көрсетілді. Қазір­дің өзінде қандай қуаттылықтағы үйлер салынып, оларға қажетті инфрақұрылымдар, коммуникациялар, т.б. сәйкестігі анық­тал­сын. Бұл арада ЕХРО-2017 өт­кізілетін аумақтың соңынан ша­ғын қалашыққа айналатындығы да ескерілуі керек, деді Президент. Елбасы көрме өткізілетін ау­мақтан түрлі себепті сылтау етіп жер үлестерін алуға тырысатын пысықайлар табылатынын ескертті. Олардың мақсаты – кейін осы үлестерді Үкіметке бірнеше есе бағаға сату. Сондықтан, Елбасы Премьер-Министрге Астананың айналасынан, тіпті жалпы облыс­тан ешкімге де ешқандай жер үлесі сатылмасын деген нақты тапсырма берді. Сонымен бірге, Елбасы ЕХРО-2017-нің артынан әлемдік архи­тек­туралық жәдігерлер қата­ры­на енетін символын жасауға сәулетшілер мен суретшілер ара­сында конкурс жариялау қажет­тігін айтты. Бұл арада бізге Париждегі көрменің сим­волы ретінде салынған «Эй­фель мұнарасы» үлгі болып, арты­нан ол жалпы қа­ла­мыздың мақтан тұтарлық нышаны қатарына енетіндей болсын, деді Мемлекет бас­шысы. Өзінің сөзінде Президент Ас­та­надағы қалтафон байланысының жұмысын қатты сынап өтті. Осы­ған байланысты Көлік және коммуникация министрі А.Жұма­ға­лиев­ке арнайы тапсырма беріп, ол­қылықтарды болдырмауды тап­сыр­ды. Астананың өзі де көрменің та­қы­рыбына сәйкес келетіндей бо­лып күрделі өзгеріске түсуі керек. Бұл іспен әкімдік айналысып, ма­ған ұсыныс жасасын, деді Президент. Одан кейін Елбасы қаражат мәселесіне тоқталып, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұм­салуы қатты қадағалануын тап­сыр­­ды. Ең алдымен, жуық шамамен, қанша қаражат қажеттігі есеп­­теліп, оның әр жылдың бюд­же­тіне түсетін үлесі анықталсын. Тартылатын жекеменшік инвес­ти­цияның көлемі де белгіленсін. Жалпы, көрмені өткізуге барлық қаражат көздері тартылсын. Бүкіл көздерден жұмсалған қаражат кө­лемі барынша мөлдір болуы керек. Сонымен бірге, ЕХРО-2017 қорын қолдауды жалғастыру қа­жет­тігі айтылды. Салынатын ны­сан­дар­дың бәрі де артынан халық­қа пә­тер ретінде сатылатындай болып жоспарлануы керек. Сонда жұм­сал­ған қаражатты орнына келтіруге болатындығы ескертілді. ЕХРО көрмесінің экономи­ка­ның түрлі саласын дамытуға тигізетін игі ықпалын барынша тиімді пайдалану қажеттігі де атап өтілді. Осы орайда, ең бірінші кезекте, көрменің туризм саласына тигізетін пайдасы атап көрсетіліп, үш айда келетін 5 млн.-дай қонақ үшін жалпы Қазақстан бойынша туристік маршруттар дайындау қажет. Олардың көлік жолдары жоғары деңгейде, жергілікті авиа­цияның дамуы да қалыпты бо­луын қамтамасыз етуіміз керек, деді Президент. Сонымен бірге, тіл білетін, елдің тарихын айта алатын мамандар дайындалып, оларды идеологиялық тұрғыдан ұстамды болуға дайындау қажет­тігі ескертілді. Баратын жерлерде қонақтар түсетін үйлер болып, олардың инфрақұрылымдары жо­ға­ры деңгейде болсын. Бұл қатар­да Малайзия, Біріккен Араб Әмір­ліктері секілді елдердің тәжіри­бесін үйренген жөн. Міне, осы тапсырмалар Мемлекеттік комиссияда бөлек-бөлек қарастырылып, әрқайсысына тиісінше жауапты адамдар белгіленсін, деді Н.Назарбаев. Сонымен бірге, Астанада жа­ңа­дан бірнеше қонақүй салына­тын­дығы, қаланың маңындағы 30-50 шақырым радиуста «олим­пия­лық ауылдар» үлгісімен «ЕХРО-ауылдар» бой көтеретіні белгілі болды. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, біздің халқымызға жаңа жұмыс орындары ретінде пай­да­сын келтірмекші. Орта және шағын бизнестің да­муын да ЕХРО-мен байла­ныс­тыру тапсырылған міндеттер­дің бірі болды. Олардың көрмеге қанша­лық­ты дәрежеде, қандай ұсыныс­тар­мен қатыса алатынды­ғын анық­тау Мемлекеттік комис­сияға тап­сы­рылды. Қала қонақ­тардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету, жалпы тәртіп бұзушылықты болдырмау үшін қажетті құрал-жабдықтар, бейнекамералар және басқа да қа­жеттіліктермен қам­та­масыз етілуі керек. Туристердің жо­ғалған, ұмы­тылып кеткен зат­тары осы­лардың көмегімен дер кезінде табылып отырса, бұл да еліміз ту­ра­лы жақсы пікір қалып­тас­ты­ра­ды. Кеңесте көрменің елімізге әке­летін экономикалық тиімділігі ту­ра­лы да айтылды. Осыған бай­ла­нысты барлық тура және жанама табыс көздерін қарастыру ту­ралы Мемлекеттік комиссияға жүк­телді. Сондай-ақ, Президент ЕХРО-ның ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі туралы да нақ­ты тап­сыр­ма­лар берілуі керектігін атап өтті.
07.12.2012 07:19 3005

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ЕХРО-2017 көрмесін Қазақ­стан­да өткізу жөнінде Президент Әкімшілігінің басшы қыз­мет­керлері, Үкімет мү­ше­лері, Астана қаласының әкімі қатысқан алғашқы ұйым­дас­тыру кеңесін өт­кіз­ді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ең алдымен, осы көрмені өт­кізу құқығын жеңіп алуымызбен осы жерде отырған барлы­ғыңыз­ды және барлық қазақстан­дық­тар­ды тағы да бір рет құттық­тай­мын, деп бастады Президент өзі­нің сө­зін. Бұл – әлемнің біздің елі­міздің Тәуелсіздік жылдарын­да­ғы та­быс­тары мен қол жеткізген биіктерін мойындағанды­ғы­ның белгісі. Сондықтан ол – жалпы елі­міз­дің жарқын табысы. Әрине, жетістік бізге оңай келген жоқ, оны жеңіп алу жолында көп­теген адам жұмыс істеді. Үкі­мет жанынан арнайы комиссия құрылды, Астана қаласы әкімдігі де көптеген кәсіпорын-меке­ме­лер­мен, шетелдік арнайы органдармен қыруар жұмыс істеді, тек соның арқа­сын­да ғана жеңіске жете алдық. Нә­ти­желі табысқа қол жеткізген жұ­мыс­тары үшін осы іске қатысқан барлық мамандар мен қызмет­кер­лерге өзімнің алғысымды білдіремін. Бұл – жал­ғыз Астананың емес, жалпы Қазақстанның жеңісі, деді Президент.

Одан әрі Елбасы ЕХРО-ның маңызына тоқталды. Со­ның ішінде оның әлемдегі ең үл­кен ша­ра­лардың бірі болып саналатынын айтты. Өзінің ауқымы жөнінен ол Дүниежүзілік экономикалық форум, ал туристерді тарту жағынан Олимпия ойындары немесе футболдан әлем чемпионатымен ба­ра-бар шара болып табылады. Оның үстіне бұл – Қазақстан эко­номикасының болашақ дамуына үлкен септігін тигізетін, дүние­жү­зі­лік тәжірибелерді Қазақстанға алып келетін, елімізге инвес­ти­ция­ны еселеп тартуға ықпал ететін шара. Осы ЕХРО арқылы біз елімізге жаңа инновациялық тех­но­логияларды да тарта алатын боламыз, деді Елбасы.

Әрине, ЕХРО өткізу құқын жеңіп алу табыстың тек бірінші кезеңі ғана. Енді алда көрмені тіркеу кезеңі тұр. Келесі жылдың аяғына дейін біз тіркеу досьесін бекітіп, көрмені есепке қабыл­дай­тын халықаралық көрме бюро­сы­нан ресми белгі мен жалауын алуы­мыз керек. Бұл да өте жауап­ты кезең, деді Нұрсұлтан Әбіш­ұлы. – Сондықтан, қазірден бастап, уақытты шығын қылмай, осы іске қызу кірісіп кеткеніміз мақұл. Осылай дей келіп, Президент бұл жұмысты атқаратын арнайы Мемлекеттік комиссия құрылғанын айт­ты. Оның төрағасы болып Премьер-Министр Серік Ахметов бекітіліпті және оның екі орын­ба­сары да тағайындалған екен.

Осы комиссия еліміз үшін өте маңызды болып табылатын ша­ра­ны өткізуді дайындау бойынша жасалатын барлық органдардың жұмысын үйлестіретін болады. Ал басшылыққа алатындары «Көр­ме­ні ұйымдастыру және өткізу жө­ніндегі ұзақ мерзімдік ұлттық жос­пар» деп аталатын құжат. Енді соны жасауға шұғыл кірісетін болады. Мемлекеттік комиссия көп­теген құқықтық процедуралар мен қаржылық құжаттарды тал­қы­лап, қабылдаулары керек. Қазіргі ұйымдастыру комитеті өз жұ­мы­сын ендігі жерде Мемлекеттік ко­миссияның бақылауымен жүргі­зетін болады. Осы жерде Мемлекет басшысы Ұйымдастыру ко­ми­тетінің төрағасы Қайрат Келімбетовке оның құрамын қажетті жаңа мамандармен және ҮЕҰ толық­ты­ру қажеттігін атап өтті. Сонымен бірге, Президент дайындық жұ­мыс­тарын өзі қадағалап, Мемлекеттік комиссияның жұмысы ту­ралы есепті үнемі тыңдап оты­ра­тынын жеткізді.

Елбасы дайындық жұмыстары­ның қазіргі кезеңдегі басты ба­ғы­ты – Халықаралық көрме бюро­сы­мен келісе отырып, тіркелу досьесін барынша сапалы етіп дайын­дау екендігін ескертті. Халықара­лық тәжірибелерді пайдалана оты­рып, ЕХРО болатын аумақта жа­салатын нысандардың эскиздік жобасын жасау керек. Сонымен бірге, олардың көрмеден кейін қан­дай мақсатқа пайдаланылатын­дығы алдын ала анықталсын. Кейбір қалалар, мәселен, Лиссабон өзінде өткізген ЕХРО-ға арнап салынған нысандарын артынан ештеңеге жарата алмай, Халық­ара­лық бюродан төменгі баға алды. Мұндай келеңсіз мысалдар басқа елдерде де болды. Осыны біз қатты ескеруіміз керек, деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге, Париждегі Ха­лықаралық көрме бюросында қа­зақстандық офистің, ал бізде осы бюроның ЕХРО өткізу жөнін­дегі кеңесшісінің кеңсесін ашу мәсе­лесін шешуді қарастыру қа­жет­тігі айтылды. Президент сөзі­нің ішіндегі басты жаңалықтың бірі – ЕХРО-2017-ні өткізуге бай­ла­ныс­ты барлық мемлекеттік ор­ган­дар­дың, жеке меншік құры­лым­дар­дың, демеушілердің, об­лыс­тар­дың, министрліктер мен ведомос­тво­лардың жұмыстарын үйлесті­ретін арнайы мемлекеттік корпорация құрылатындығы бол­ды. Үкі­мет ауысуы, өзгеруі мүм­кін, ал корпорация – осы жұмыс­ты ба­сы­нан аяғына дейін қолға алып, ат­қа­рып шығатын орган. Оның құ­ра­мына барлық ведомос­тво­лар­дың бірінші басшылары мүше бо­лып енеді. Қазір біз осы органның бас­шысын тауып, қар­жылан­ды­ры­луы мен құрамын бел­­гілеу мә­се­лесімен айналы­са­тын боламыз, деді Елбасы. Бұл корпорация тіркелу досьесі есепке алынған күн­нен бастап өзінің жұмысына то­лыққанды кіріседі.

Көрменің тақырыбы бойынша елімізде көптеген бастамалар ұсы­нылған екен. Соның ішінде суды, электр қуатын үнемдеу, ауыл ша­руашылығы қалдықтарынан биогаз дайындау және т.б. бар. Президент олардың бәрін ЕХРО-2017-ні ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі ұлттық жоспарға үйлес­тіріп, бірыңғай жобамен шығу керектігін айтты. Алдымыздағы бес жылда бүкіл Қазақстан мен Үкі­мет бірлесе жұмылдырылып, таза энергетикалық қуат алу бойынша инновациялық секіріс жасайтын болсын. Сондықтан да, мен осы бағыттағы кешенді әрекеттерді үйлестіретін 2013-2017 жылдарға арналған жоспар дайындауды тап­сы­рамын, деді Нұрсұлтан Әбіш­ұлы.

Екінші басты міндеттер Астана қаласын дамытуға жаңа көз­қарас қалыптастыруға арналды. Бұл арада қала әкімдігіне де ұшы-қиырсыз жауапкершілік жүкте­ле­тіндігі айтылды. Елбасы көрмені өткізуге ұсыныс жасалғанда ин­фрақұрылымдық нысандарды, темір жол вокзалын, әуежай және тұрғын үйлерді жақсартамыз деп айтқан едік, сол жұмыстарға осы күннен кірісу керек, деді. Осы орайда 5 млн.-ға жуық қонақ­тар­ды қабылдауға үйлестіріп, қала­ның даму жоспарын қайта қарау қажеттігі атап көрсетілді. Қазір­дің өзінде қандай қуаттылықтағы үйлер салынып, оларға қажетті инфрақұрылымдар, коммуникациялар, т.б. сәйкестігі анық­тал­сын. Бұл арада ЕХРО-2017 өт­кізілетін аумақтың соңынан ша­ғын қалашыққа айналатындығы да ескерілуі керек, деді Президент.

Елбасы көрме өткізілетін ау­мақтан түрлі себепті сылтау етіп жер үлестерін алуға тырысатын пысықайлар табылатынын ескертті. Олардың мақсаты – кейін осы үлестерді Үкіметке бірнеше есе бағаға сату. Сондықтан, Елбасы Премьер-Министрге Астананың айналасынан, тіпті жалпы облыс­тан ешкімге де ешқандай жер үлесі сатылмасын деген нақты тапсырма берді.

Сонымен бірге, Елбасы ЕХРО-2017-нің артынан әлемдік архи­тек­туралық жәдігерлер қата­ры­на енетін символын жасауға сәулетшілер мен суретшілер ара­сында конкурс жариялау қажет­тігін айтты. Бұл арада бізге Париждегі көрменің сим­волы ретінде салынған «Эй­фель мұнарасы» үлгі болып, арты­нан ол жалпы қа­ла­мыздың мақтан тұтарлық нышаны қатарына енетіндей болсын, деді Мемлекет бас­шысы.

Өзінің сөзінде Президент Ас­та­надағы қалтафон байланысының жұмысын қатты сынап өтті. Осы­ған байланысты Көлік және коммуникация министрі А.Жұма­ға­лиев­ке арнайы тапсырма беріп, ол­қылықтарды болдырмауды тап­сыр­ды.

Астананың өзі де көрменің та­қы­рыбына сәйкес келетіндей бо­лып күрделі өзгеріске түсуі керек. Бұл іспен әкімдік айналысып, ма­ған ұсыныс жасасын, деді Президент.

Одан кейін Елбасы қаражат мәселесіне тоқталып, бюджеттен бөлінген қаражаттың тиімді жұм­салуы қатты қадағалануын тап­сыр­­ды. Ең алдымен, жуық шамамен, қанша қаражат қажеттігі есеп­­теліп, оның әр жылдың бюд­же­тіне түсетін үлесі анықталсын. Тартылатын жекеменшік инвес­ти­цияның көлемі де белгіленсін. Жалпы, көрмені өткізуге барлық қаражат көздері тартылсын. Бүкіл көздерден жұмсалған қаражат кө­лемі барынша мөлдір болуы керек. Сонымен бірге, ЕХРО-2017 қорын қолдауды жалғастыру қа­жет­тігі айтылды. Салынатын ны­сан­дар­дың бәрі де артынан халық­қа пә­тер ретінде сатылатындай болып жоспарлануы керек. Сонда жұм­сал­ған қаражатты орнына келтіруге болатындығы ескертілді.

ЕХРО көрмесінің экономи­ка­ның түрлі саласын дамытуға тигізетін игі ықпалын барынша тиімді пайдалану қажеттігі де атап өтілді. Осы орайда, ең бірінші кезекте, көрменің туризм саласына тигізетін пайдасы атап көрсетіліп, үш айда келетін 5 млн.-дай қонақ үшін жалпы Қазақстан бойынша туристік маршруттар дайындау қажет. Олардың көлік жолдары жоғары деңгейде, жергілікті авиа­цияның дамуы да қалыпты бо­луын қамтамасыз етуіміз керек, деді Президент. Сонымен бірге, тіл білетін, елдің тарихын айта алатын мамандар дайындалып, оларды идеологиялық тұрғыдан ұстамды болуға дайындау қажет­тігі ескертілді. Баратын жерлерде қонақтар түсетін үйлер болып, олардың инфрақұрылымдары жо­ға­ры деңгейде болсын. Бұл қатар­да Малайзия, Біріккен Араб Әмір­ліктері секілді елдердің тәжіри­бесін үйренген жөн. Міне, осы тапсырмалар Мемлекеттік комиссияда бөлек-бөлек қарастырылып, әрқайсысына тиісінше жауапты адамдар белгіленсін, деді Н.Назарбаев.

Сонымен бірге, Астанада жа­ңа­дан бірнеше қонақүй салына­тын­дығы, қаланың маңындағы 30-50 шақырым радиуста «олим­пия­лық ауылдар» үлгісімен «ЕХРО-ауылдар» бой көтеретіні белгілі болды. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, біздің халқымызға жаңа жұмыс орындары ретінде пай­да­сын келтірмекші.

Орта және шағын бизнестің да­муын да ЕХРО-мен байла­ныс­тыру тапсырылған міндеттер­дің бірі болды. Олардың көрмеге қанша­лық­ты дәрежеде, қандай ұсыныс­тар­мен қатыса алатынды­ғын анық­тау Мемлекеттік комис­сияға тап­сы­рылды. Қала қонақ­тардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету, жалпы тәртіп бұзушылықты болдырмау үшін қажетті құрал-жабдықтар, бейнекамералар және басқа да қа­жеттіліктермен қам­та­масыз етілуі керек. Туристердің жо­ғалған, ұмы­тылып кеткен зат­тары осы­лардың көмегімен дер кезінде табылып отырса, бұл да еліміз ту­ра­лы жақсы пікір қалып­тас­ты­ра­ды.

Кеңесте көрменің елімізге әке­летін экономикалық тиімділігі ту­ра­лы да айтылды. Осыған бай­ла­нысты барлық тура және жанама табыс көздерін қарастыру ту­ралы Мемлекеттік комиссияға жүк­телді. Сондай-ақ, Президент ЕХРО-ның ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуі туралы да нақ­ты тап­сыр­ма­лар берілуі керектігін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға