Жаңалықтар

Қызылордада жастар денсаулығы орталығы ашылды

Қызылордада жастар денсаулығы орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. «Орталық «Шағат» деп аталады, ол қалалық №3 емхана базасында ашылды. Мұндай орталықтар қазірдің өзінде Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз қаласында табысты жұмыс жүргізуде. Қызылорда жастар мен қыздар денсаулығы орталығынан кешенді медициналық-психологиялық, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық көмек алуға болады, — деп хабарлады департаменттен. — Тікелей медициналық көмекке қатысты айтсақ, гинеколог, уролог, тері венеролог, психологтан тегін кеңес алу жағы қарастырылған». Сонымен қатар «Шағат» орталығының мамандары студенттер және жеткіншектермен алкоголизм, нашақорлық, темекі шегу, күйзеліс жағдайы проблемаларын, отбасын жоспарлау, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу мәселелерін талқылауға әзір.
06.12.2012 03:19 5399

Қызылордада жастар денсаулығы орталығы ашылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

«Орталық «Шағат» деп аталады, ол қалалық №3 емхана базасында ашылды. Мұндай орталықтар қазірдің өзінде Астана, Алматы, Талдықорған, Қарағанды, Тараз қаласында табысты жұмыс жүргізуде. Қызылорда жастар мен қыздар денсаулығы орталығынан кешенді медициналық-психологиялық, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық көмек алуға болады, — деп хабарлады департаменттен. — Тікелей медициналық көмекке қатысты айтсақ, гинеколог, уролог, тері венеролог, психологтан тегін кеңес алу жағы қарастырылған».

Сонымен қатар «Шағат» орталығының мамандары студенттер және жеткіншектермен алкоголизм, нашақорлық, темекі шегу, күйзеліс жағдайы проблемаларын, отбасын жоспарлау, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу мәселелерін талқылауға әзір.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға