Жаңалықтар

Қорғалжын қорығы

ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ – Қорғалжын ауд-нда орналасқан мемл. Астана қ-нан оңт.-батысқа қарай 120 км жерде, Теңіз – Қорғалжын ойысында, Егіндікөл және Қарағанды обл-ның Нұра аудандарында орналасқан. 1957 ж. жеде, Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін қорық ұйымдастырылды. 1962 ж. орман-аң ш. болды, тек 1968 ж. ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен қайта құрылды. 1974 ж. қорық Рамсор Халықар. конвенциясы тізімінің А дәрежесіне енгізілді. Жер аум. 177,2 мың га, оның ішінде су айм. 147,6 мың га, қазір 258,9 мың га жерді алып жатыр. Жер бедері Теңіз к-не қарай аласара беретін – жазықтық. Теңіз деңгейінен абс. биікт. 304 – 426 м. 20 ғ-дың басында бұл жерлерде 130 шақты көлдер болды. Бірақ қарқынды жүрген шаруашылық іс-әрекеттердің салдарынан, қазір 60-тай көл қалды. Оның ішінде Сұлтанкелді, Есей, Қоқай, Асаубұлақ тұщы көлдер, ал Теңіз, т.б ащы көлдер қатарына жатады. Қорық орналасқан аумақта қыста ауаның темп-расы – 41 – 42ӘС суық болса, шілдеде темп-ра 38 – 39ӘС-қа жетеді. 125 – 130 күндей аязсыз жайма шуақ болады. Жылына 200 – 350 мм шамасында жауын-шашын түседі. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 418 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, тобылғы, бидайық, бозшөп, т.б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық аумағында қорғауды қажет ететін, сирек кездесетін және эндемик өсімдіктердің 45 түрі белгілі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 41 (оның 8-і қорғауға алынған) түрі, құстардың 321 (оның 39-ы қорғауға алынған), бауырымен жорғалаушылардың 5, қосмекенділердің 2, балықтардың 14 түрі тіршілік етеді. Қорғалжын к-не 32 мыңдай қасқалдақ, 10 – 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т.б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызылжемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Мұнда ұя салатын қанаттылардан гөрі мамырлауға келген құстар саны бірнеше есе көп болғандықтан қорықты Құс базары деп те атайды. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін – қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз к-нде ұя салып, жұмыртқа басады. Түсі қызғылт қанатты қоқиқаздар топталып аспанға көтерілген кезде бүкіл көл айдыны қызыл алау өрттей лаулап, ерекше шұғылаға бөленеді. Сондықтан оны кейде «Қызылқанат» деп те атайды. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 – 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 – 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты-сулы жерлердің тізіміне (№19) Қорғалжын, Теңіз көлдері енгізілген. 2007 ж. бұл көлдерге халықар. деңгейдегі орнитол. регион дәрежесі (ІBA) берілді. Қорықтағы фауна мен флора толық есепке алынған. Көп жылдан бері «Табиғат шежіресі» күнделігі жазылады. Қазір қорықта экол. туризм саласы дамып келеді. 1998 ж. ҚР қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар Мин-гі Германияның табиғат қорғау одағымен (NABU) бірігіп, «Адам және биосфера» атты конференция өткізді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақ елінің ең қымбат, әрі сұлу, кербез өлкелердің бірі NABU – Қорғалжын ғажабы. Бұл қорықты қастерлеу, табиғи байлықтарға еш зиян келтірмеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің борыш», деп баға берді.  
05.12.2012 13:41 27658

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға